Хоспис деген атауды естігенде, құлаққа түрпі, санаға жат бір мекен келеді көз
алдымызға. Ол түсінікті де. Өйткені қазақ - жақынын қай уақытта да жатқа қалдырмаған халық. Ауыр науқасты болса да ақырғы демі үзілгенше күтіп, жағдайын жасаған, ақтық сапарға өз шаңырағынан аттандырған. Десек те, бүгінде елімізде хосписке деген қажеттілік бар және ол жыл өткен сайын артып келеді. Себебі ол кезгі сана мен бүгінгіні қайтсек те салыстыра алмаймыз. Жалпы, хоспис дегенде, әйтеуір жоғарыда атап өткеніміздей, сұрықсыз мекен ойымызға оралғанымен, оның шын мәнінде, қандай қызмет атқаратынын көпшілік біле бермейді. Жалпы, паллиативтік көмек дегеніміз не? Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының 2002 жылы берген анықтамасы бойынша, ол - емделмейтін ауруға шалдыққан науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің өмірін жеңілдету, оларға психоәлеуметтік және моральдық қолдау көрсету болып табылады. Батыс Еуропада хоспистің саны емдеу мекемелерінен де көп шығар, сондықтан олар үшін паллиативтік көмек таңсық емес. Ал Қазақстанда алғашқы хоспис тек 1999 жылы ғана салынған болатын. Ол 2007 жылы Алматы қалалық паллиативті көмек орталығы болып атауын өзгертті. Паллиативтік көмек орталығында төсек-орындық 30-дан 70-ке көбейтілді, бұл жұмысты барынша жеңілдетті. Өйткені науқастар еркіндікті қалайды, оның үстіне орталыққа көмек сұрап келетін сырқаттар саны көбейді. Бүгінде орталықтағы 9 дәрігер мен 40-тан аса мейірбикенің жұмысы - науқастардың өмірден ырзалықпен өтуіне бағытталған. Сол үшін қолайлы жағдай туғызылуда. Ақтық сапарға дайындалған жандар өткен өміріндегі күнәларынан кешірім сұрауы үшін дінге жақындайтыны белгілі. Бұл орайда мешіт пен шіркеумен тығыз байланысты орнатуды маңызды деп есептедік.
Паллиативтік көмектің негізгі мақсаты - емделушілердің соматикалық, психикалық және рухани жағдайларын жеңілдету, дерт азабынан жаны қиналған пендеге тән азабын сездірмеу, ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін тигізу болып табылады. Әлемдегі барлық хоспис орталықтарының жұмысы осы ережелер мен міндеттерге негізделген. Өмір мен өлімнің өзара философиялық қарым-қатынасы бар. Оған хоспис мамандары араласпайды. Олар тек ауруын емдеп, өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріп, мейірім сыйлауға міндетті. Мамандар науқастарға қамқорлықпен және толық құқылы азамат ретінде Ал хоспис - емдеу мекемесі емес қой, мұнда ақтық сапарын күткен жандар келеді. Біздің қолдан келетіні - науқасты емдеу емес, оның өмірдегі соңғы күндерін бақытты, өзін де, жақындарын да қинамай, өткізуіне қолдау көрсету, жағдай жасау болып табылады» дейді дәрігерлер. 2 жыл бұрын «Сорос - Қазақстан» қорының қолдауымен «Кредо» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсетілуінің жалпы жағдайы жөнінде есептік еңбек жазып шығарған болатын. Еңбек авторларының айтуынша, Қазақстандағы хоспистердің дамыған елдердегі орталықтардан үлкен айырмашылығы бар. Өйткені біздің елде мұндай орталықтарды мемлекет қаржыландырады. Бұл жағынан алғанда, ел экономикасына тиімділігі төмен, дегенмен моральдық тұрғыдан оның маңыздылығы жоғары. Өйткені паллиативті көмек орталығына түсетін науқастардың дені онкологиялық сырқаттарға ұшырағандар боп келетін болса, Қазақстанның бұл жағынан жағдайы мәз емес екені белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әрбір айықпас онкологиялық дертке шалдыққан жанның қасында 10 шақты адам қызмет етеді екен. Отбасы мүшелері, туыстары, жақындары, достары, әріптестері - әйтеуір, бір науқастың қызметі үшін бірнеше адам жұмыстан қалады. Ал хоспис осы бір келеңсіздіктен құтқаратын бірден-бір мүмкіндік. Әлбетте, ол үшін орталықта науқастарға жағдай жасалуы қажет. «Кредо» қоғамдық бірлестігінің зерттеуінше, науқастардың сұрау салынған 75 пайызы үйінде көз жұмуды артық көрген. Алайда жалғызбасты қарттарда мұндай мүмкіндік жоқ. Соған орай, қазіргі таңда елімізде паллиативті орталықтың жаңа жоба-жоспары жасалуда. Онда орталықтарды мүмкіндігінше үй жағдайына жақындату көзделген. Қарияларға уақытын үйіндегідей өткізу үшін балаларымен, туысқандарымен кездесу уақыты белгіленген, үй тағамдарын қолдануға мүмкіндік бар. Жалпы, паллиативтік көмек - елімізде қажеттілікке ие болып тұр. Бастысы, оны дұрыс түсіну қажет. Бүгінде Қазақстанда хоспистер Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар.
Тест
1. Адамның өмірі өтіп жатқан рухани, психологиялық және әлеуметтік жағдайының жиынтығы .. деп аталады:
А) қауым
В) денсаулық
Г) этика
Д) деонтология
Е) қоршаған орта
2. Медбике ісі философиясына сәйкес медбике ісінің анықтамасы:
А) адам өмірімен байланысты кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған өнер және ғылым
В) науқастармен тіл табысып қарым – қатынас жасау өнері
Г) науқасты күту туралы ғылым
Д) медбике және науқас арасындағы өзара қарым – қатынас туралы ғылым
Е) аурудың алдын – алу және денсаулықты қайта қалпына келтіру
3. Хоспис мекемесінде емделетін науқастар контингенті .. болып табылады.
А) босанатын әйелдер
В) ересектер
Г) ем қонбайтын науқастар
Д) жүкті әйелдер
Е) балалар
4. Жанұялық дәрігерлік амбулатория қызметіне .. басшылық етеді.
А) аға медбике
В) директор
Г) бас дәрігер
Д) аға фельшер
Е) төраға
5. Жаңа типтегі хосписті .. ашты.
А) 1954 ж АҚШ Флоренс Найтингейл
В) 1967 ж Англияда Сесилия Сандерс
Г) 1978 ж Канадада Амандой Моррис
Д) 1981 ж Францияда Моника Клиш
Е) 1956 ж АҚШ Вирджиния Хендерсон
6. Медбике ісі философиясының көз қарасы бойынша «медбике» түсініктемесі:
А) медбике ісі философиясын түсінетін және медбикелік жұмысқа құқығы бар, білімді маман
Г) ағасының жақын туысқаны
Д) науқасты жалпы күтетін медициналық қызметкер
Г) науқасты күтетін және бақылайтын әйел
Е) дәрігер тағайындауын орындайтын медициналық қызметке
7. Онкологиялық аурумен ауыратын науқастар мен сөйлесу кезінде медбике тарапынан абай болу:
А) науқас туысқандарына телефон арқылы мәліметтерді таратпау
В) ауру тарихында диагнозды нақтылаған әр-түрлі анализдер және тексерулер нәтижесінің науқас қолына түспеуі
Г) диагнозын науқасқа хабарлау
Д) ауру тарихын, тексеру нәтижелерін науқас қолына беру
Е) анықталған диагнозды жасыру
8.Ятрогения дегеніміз – .. .
А) емдік – сақтау тәртібін бұзған кезде пайда болатын ауру
В) аурудан кейінгі асқыну
Г) операциядан кейінгі кезең
Д) дәрі – дәрмекті қабылдағаннан кейін туындайтын ауру
Е) мед.қызметкерінің жіберген қателіктерінен және абайсызда аңдамай сөйлеуі
9. Ауруханадағы медбикенің функционалдық міндетіне жатады:
А) ауру тарихын толтыру, дәрігер тағайындауын уақытылы орындау
В) науқасқа өзінше тағайындау жасау, бөлімшедегі емдік – сауықтыру тәртібін сақтау
Г) тағайындалған дәрілік зат болмаған жағдайда өзбетінше басқа дәрілік затпен алмастыру
Д) бөлімшеде емдік – сауықтыру тәртібін сақтау, дәрігер тағайындауын орындау, науқастарды күту
Е) науқастарға күтім жасау, науқасты ауыру тарихымен таныстыру
10.Паллиативтік көмектің негізгі мақсаты –
А) емделушілердің соматикалық, психикалық және рухани жағдайларын жеңілдету, дерт
азабынан жаны қиналған пендеге тән азабын сездірмеу, ажалды саналы түрде қарсы
алуға септігін тигізу болып табылады
Б) емделмейтін ауруға шалдыққан науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің өмірін
жеңілдету, оларға психоәлеуметтік және моральдық қолдау көрсету болып табылады
В) оның өмірдегі соңғы күндерін бақытты, өзін де, жақындарын да қинамай, өткізуіне
қолдау көрсету
Г) өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін науқастар
ллиативті Көмек. Онкологиялық Қызметтерге Паллиативті
Жыл сайын, ондаған миллион адам әлемінде өледі. Осы түрлершігерлік азап кезінде бастан. Паллиативті созылмалы аурулары әр түрлі зардап шегетін адамдардың өмір сүру қызметін жақсартуға бағытталды, жантәсілім барлық жағдайды мамандандырылған емдеу таусылып кездесті. Қоғамдық денсаулық сақтау Бұл аймақты қысқартып ұзақ мерзімді ремиссияның немесе мерзімді ұзарту, оларды қолдану үшін тағайындау. денсаулық сақтау қызметкерлерінің Этикалық баж - жұмыскердің азап жеңілдетуге. белсенді және прогрессивті ауру бар әркім өмір кезегін жақындап, паллиативті көмек береді. басты принципі: қызмет, ауру болған қаншалықты кеңейтілмейді, сіз әрқашан қалған күндері өміріңізді жақсарту жолында таба аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |