Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет12/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 24-беті 
 
24 
 
2.6  Төрағаның  ұсынысы  бойынша  Қамқоршылық  кеңесінің  жауапты  хатшысы 
сайланады жəне ол Қамқоршылық кеңесінің іс-қағаздарын жүргізеді. 
2.7  Қамқоршылық кеңесінің отырысы оның жұмыс жоспарына сəйкес жылына бір рет 
өткізіледі.  Қажет  болған  жағдайда  Қамқоршылық  кеңесінің  төрағасы  ұсынысымен  немесе 
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің төрттен бір бөлігінің талабымен өткізіледі. 
2.8  Қамқоршылық  кеңесі  мүшелерінің  2/3  қатысуымен  шешім  қабылдауға  құқылы. 
Қамқоршылық кеңесінің шешімі оның мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады.  
 
3 Қамқоршылық кеңесі қызметінің мақсатына мыналар жатады: 
3.1 АƏИУ-дің жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету; 
3.2  Білім  беру  бағдарламаларын  табысты  орындау  мақсатында  білім  алушыларға 
профессор-оқытушылар  құрамы  тарапынан  сапалы  білім  берілуін  ұйымдастыруға  қажетті 
жағдай жасау; 
3.3  АƏИУ  материалдық-техникалық  базасын  жақсартуды,  қаржылық  көмек  көрсетуді 
қамтамасыз ету; 
3.4 АƏИУ-дің білім  беру, ғылым жəне тəрбие бағыттары бойынша қарыштап дамуына 
ықпал ету. 
3.5 Қамқоршылық кеңесі қызметінің негізгі бағыттары:  
-  АƏИУ-ге  əлеуметтік-мəдени,  денсаулық  жəне  дамытушылық  іс-шараларды  өткізуге 
көмек көрсету; 
- білім  беру жəне тəрбие саласында  халықаралық əріптестікті орнатуға жəне дамытуға 
ықпал ету; 
-  халықтың  əлеуметтік  осал  жіктерінен  шыққан  білім  алушылардың  білім  алуына, 
тұрмыс жағдайларын жақсартуына жəне еңбекпен қамтылуына ықпал ету; 
- АƏИУ-дің кемшіліктерін жою бағытында ұсыныстар енгізу болып табылады. 
 
4 Қамқоршылық кеңесінің қызметін тоқтату: 
- Қамқоршылық кеңесінің ұсынысы бойынша; 
- АƏИУ таратылғанда жəне қайта құрылғанда; 
- құрылтайшының бастамасы бойынша жүзеге асырылады. 
 
 
 
1.10  АКАДЕМИЯЛЫҚ  ҰТҚЫРЛЫҚ  БАҒДАРЛАМАСЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
Академиялық  ұтқырлық  –  білім  алушының,  оқытушының  жəне  ғылыми  зерттеу 
жұмысын  жүргізушінің  белгілі  бір  уақытқа  басқа  білім  беру  мекемесінде  (өз  елінде  немесе 
шет  елде)  білім  алу,  іс-тəжірибеден  өту,  сабақ  беру  жəне  ғылыми  зерттеу  жұмысын жүргізу 
үшін жіберілуі. Білім алушы, оқытушы жəне ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуші белгілі бір 
мерзімі  аяқталған  соң  өзінің  негізгі  оқу  орнына  оралады.  Академиялық  ұтқырлық 
эмиграциямен жəне ұзақ уақыт білім алумен байланысты болмайды.  
Университетте  академиялық  ұтқырлық  төмендегі  құжат  нормаларына  сəйкес  жүзеге 
асырылады:  
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының өзгертулері жəне толықтырылулары 
(  ҚР  «Білім  туралы»  27.07.  2007  жылғы  заңы,  ҚР  «Ғылым  туралы»  18.02.  2011  жылғы 
заңына); 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 25-беті 
 
25 
 
-  Кредиттік  технология  бойынша  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  ережелеріне  (БҒМ 
20.04.2011 жылғы  №152 бұйрығы) (ҚР БҒМ енгізілген өзгерістері №198 02.06.2014ж жəне № 
90 28.01.2016ж ); 
- 1999 жылғы 18-19 маусымдағы Болон Декларациясына; 
-  Қазақстан  Республикасы  жоғары  оқу  орындарындағы  академиялық  ұтқырлық 
тұжырымдамасына  (Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  кеңейтілген 
коллегиясының ректорлар кеңесінде талқыланып жəне бекітілген 19 қаңтар 2011 ж.); 
-«Аймақтық    əлеуметтік-инновациялық  университетте  кредиттік  оқыту  технологиясы 
бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесіне». 
 
2 Университетте академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру механизмі 
2.1  Осы Ереже  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетте  (ары  қарай  АƏИУ) 
академиялық  ұтқырлықтың  негізгі  ұғымдарын,  ұйымдастыру  тəртібі  мен  жүзеге  асыру 
шарттарын белгілейді. 
2.2 Академиялық ұтқырлықтың мақсаттары: 
-  білім сапасы мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру;  
-  ішкі  жəне  сыртқы  интеграциялық  байланыстарды  орнату  жəне  əлемдік  білім  беру 
ресурстарын пайдалану; 
-  еуропалық  аймақта  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  туралы 
қазақстандық  дипломдардың  конверсиялануын  қамтамасыз  ету  үшін  жағдай  жасау(қос 
диплом беру - Double Major); 
-  ішкі  жəне  халықаралық  еңбек  нарығында  студенттердің  бəсекеге  қабілеттілігін  
қамтамасыз ету; 
-  білім нарығында АƏИУ мəртебесін нығайту. 
2.3  Академиялық  ұтқырлық  -  оқыту  немесе  зерттеу  жүргізу  үшін  студенттерді  немесе 
оқытушы-зерттеушілерді белгілі академиялық мерзімге: басқа жоғары оқу орнына (мемлекет 
ішінде  немесе  шетелге)  өзінің  жоғары  оқу  орнындағы  кредиттер  түрінде  меңгерілген  оқу 
бағдарламаларын  міндетті  түрде  қайта  сынақтан  өткізу  арқылы  немесе  басқа  жоғары  оқу 
орнында оқуын жалғастыру үшін семестрге немесе оқу жылына ауыстыру.  
2.4  Сыртқы  (халықаралық)  академиялық  ұтқырлық  -  университет  студенттерінің 
шетелдік  ЖОО-да  оқуы,  сондай-ақ  оқытушылар  мен  қызметкерлердің  шетелдік  білім  беру 
немесе ғылыми мекемелерде жұмыс істеуі. 
2.5  Ішкі  (ұлттық)  академиялық  ұтқырлық  –  қазақстандық  ЖОО-да  жəне  ғылыми 
орталықтарда университет оқытушылары мен қызметкерлерінің жұмыс істеуі, студенттерінің 
оқуы. 
2.6  Академиялық  ұтқырлықты  жүзеге  асыру  ережелері  мен  процедуралары  АƏИУ 
студенттеріне, магистранттарына, штаттық оқытушылар мен қызметкерлерге қатысты. 
2.7  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университеті  студенттері,  профессор-
оқытушылар  құрамы  мен  қызметкерлер  егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарына,  ҚР 
Еңбек  Кодексіне,  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  нормативтік  құжаттарына, 
университет  Жарғысына  қайшы  келмесе,  осы  Ережеге  сəйкес  академиялық  ұтқырлық 
бағдарламаларына қатысуға құқылы. 
2.8 Академиялық ұтқырлық: 
- мемлекетаралық келісімшарттар аясында; 
- ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің бағдарламалары бойынша; 
- келісімшарттар, контрактілер, гранттар, жобалар аясында; 
- білім беру, ғылыми ұйымдардан түскен арнайы шақыртулар негізінде; 
- академиялық ұтқырлыққа қатысушылардың өз ынтасы бойынша жүзеге асуы мүмкін.  


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау