Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2011 жыл, пилоттық жыл болады, екінші кезең – 2012 – 2015 жылдар –Бағдарламаны енгізу кезеңі, 2016 – 2020 жылдар бағдарламаны толық ауқымда іске асыру кезеңі.
Бірінші кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары барлық өңірлерде пилоттық режимде енгізілетін болады. Үшінші бағыт (экономикалық өсу нүктелеріне қоныс аудару) жергілікті атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тиісті нормативтік құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды экономикалық даму орталықтарына көшіру механизмі пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды ҮИИДМБ жобаларын іске асыруға тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңіне дайындалу үшін облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалардың тізбесін, қатысушылардың санаттарын, олардың белсенділігін арттыру шаралары мен тәсілдерін (Бағдарлама операторымен келісім бойынша) айқындайды;
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесін ескере отырып, Бағдарламаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынады.
Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдері Республикалық бюджет комиссиясында қаралатын болады, онда мемлекеттің қаржы мүмкіндіктері ескеріле отырып, Бағдарламаны қаржыландырудың 2012 – 2015 жылдарға арналған лимиті айқындалатын болады.
Екінші кезеңде: 2012 – 2015 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындала бастайды, әлеуметтік қолдау көрсету шарттары мен тәртібіне өзгерістер мен толқтырулар енгізілетін болады.
Үшінші кезеңде (2016 – 2020 жылдары) еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған механизмдер мен құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға 2011 жылы республикалық бюджеттен 40,2 млрд. теңге, оның ішінде:
еңбек нарығында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге – 14,6 млрд. теңге;
ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге – 5,3 млрд. теңге;
еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 18,2 млрд. теңге, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйді салуға және (немесе) сатып алуға – 11,5 млрд. теңге және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, абаттандыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға – 5 млрд. теңге;
жұмыспен қамту қызметі органдарының қызметін жетілдіру және ақпараттық қолдауға – 2,1 млрд. теңге көзделген.
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шеңберінде, жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге мөлшерінде жүзеге асырылатын болады.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
№
|
Іс-шараның атауы
|
Шығыстар
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
| 1. Ұйымдастыру іс-шаралары |
1.1
|
«2011 – 2013 жылдарға арналған республика-лық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Қаржымині, ЭДСМ, Еңбекмині
|
Заң жобасы-ның тұжы-рымдамасын Қазақстан Республика-сы Үкіметі-нің жанында-ғы заң жоба-лау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-қа енгізу
|
2011 жылғы
наурыз
|
1.2
|
«2011 – 2013 жылдарға арналған республика-лық бюджетті іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсан-дағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу
|
-
|
Қаржымині, ЭДСМ, Еңбекмині
|
ҚР Үкіметінің қаулысы
|
2011 жылғы
наурыз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.3
|
«Қазақстан Республикасы-ның кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымда-масын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині,
Қаржымині,
ҚТҮКШІА,
Әділетмині
|
Заң жобасының тұжырым-дамасын Қазақстан Республи-касы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-қа енгізу
|
2011 жылғы
сәуір
|
1.4
|
«Еңбек нарығы» автоматтан-дырылған ақпараттық жүйесінің бағдарлама-лық тұғырнама-сында ағымдағы және перспектива-лық жұмыс орындары дерекқорын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету
|
2011 ж.
РБ – 22 млн. теңге
|
Еңбекмині, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушілердің бірлестіктері (келісім бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
Дерекқор
|
2011жылдың 2-тоқсаны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.5
|
Ағымдағы және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметті ұсыну нысандарын әзірлеу және бекіту
|
-
|
Еңбекмині, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушілердің бірлестіктері (келісім бойынша)
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
2011 жылғы мамыр
|
1.6
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Ведомство-аралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, Қаржымині, Әділетмині
|
ҚР Үкіметі қаулысы-ның жобасын ПМК-ға енгізу
|
2011 жылғы сәуір
|
1.7
|
Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік, аудан-дық (қалалық)
Комиссиялар-дың үлгі ережелерінің жобаларын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині,
Қаржымині,
Әділетмині
|
Еңбекмині-нің бұйрығы
|
2011 жылғы сәуір
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.8
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік, аудандық (қалалық)
комиссиялар-ды құру
|
-
|
Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкімдері
|
Облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар (қалалар) әкімдіктері-
нің қаулылары
|
2011 жылғы мамыр
|
1.9
|
Бағдарламаны
(бағыттары бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде республика-лық бюджет-тен қаржылан-дырудың жалпы лимиттерін және республика-лық бюджет-тік бағдарлама-лардың әкімшілерін белгілеу
|
-
|
Еңбекмині,
Қаржымині, БҒМ, ҚТҮКШІА,
Әділетмині, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
ВАК шешімі
|
Жыл сайын
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.10
|
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен республика-лық бюджет-тік бағдар-ламалардың әкімшілері арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасау
|
-
|
Еңбекмині, БҒМ, ҚТҮКШІА, АШМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
Келісім
|
2011 жылғы мамыр
|
1.11
|
Аудандардың (қалалардың) Жұмыспен қамту орталықтары-ның үлгі жарғысын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
«Қазақстан Республика-сының кейбір
заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы қабылданған-нан кейін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.12
|
Аудандардың (қалалардың) Жұмыспен қамту орталықтарын құру
|
2011 ж.
РБ – 2115 млн. теңге
|
Аудандардың, қалалардың әкімдері
|
Аудандар-дың, қалалардың әкімдіктері-нің қаулылары
|
2011 жылғы маусым
|
1.13
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу-дің белсенді шараларын іске асыру кезінде азаматтарды өз бетінше жұмыспен айналысушы-лар, жұмыс-сыздар және табысы аз адамдарға жатқыру критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині,
облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
2011 жылғы маусым
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.14
|
«Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсан-дағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
|
-
|
Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
ҚР Үкіметі қаулысы-ның жобасын ПМК-ға енгізу
|
«Қазақстан Республика-сының кейбір
заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған-нан кейін
|
1.15
|
«Мемлекеттік атаулы әлеу-меттік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ереже-сін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекмині
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
2011 жылғы қазан
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына
жәрдемдесу
|
2.1
|
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды табысы аз адамдарды оқытуға, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, БҒМ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
«Қазақстан Республика-сының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы қабылдан-ғаннан кейін
|
2.2
|
Бағдарламаның ережелерін ескере отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
ЭДСМ, «Даму КДҚ» АҚ, Қаржымині, Еңбекмині
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
2011 жылғы маусым
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу
|
3.1
|
Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, «Даму» КДҚ» АҚ
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
«Қазақстан Республика-сының кейбір
заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабыл-данғаннан кейін
|
3.2
|
Микроқаржы ұйымдарына конкурстық негізде кредит беру қағидасын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, «Даму» КҚД» АҚ
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
«Қазақстан Республика-сының кей-бір заңнама-лық актіле-ріне жұмыс-пен қамту және халық-ты әлеумет-тік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабыл-данғаннан кейін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
|
4.1
|
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларға мемлекеттік қолдау көрсетудің басқа да шараларын көрсетудің қағидасын әзірлеу
|
-
|
Еңбекмині, ҚТҮКШІА, Қаржымині, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
«Қазақстан Республика-сының кей-бір заңнама-лық актіле-ріне жұмыс-пен қамту және халық-ты әлеумет-тік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабыл-данғаннан кейін
|
4.2
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2011 жылға тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру қағидасын әзірлеу
|
РБ – 11538,2 млн. теңге
|
Еңбекмині, ҚТҮКШІА, Қаржымині, Әділетмині
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
«Қазақстан Республика-сының кей-бір заңнама-лық актіле-ріне жұмыс-пен қамту және халық-ты әлеумет-тік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабыл-данғаннан кейін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
4.3
|
Бағдарлама шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй салуға үлгі жобаларды әзірлеу және бекіту
|
РБ – 245,0 млн. теңге
|
ҚТҮКШІА, Еңбекмині, Қаржымині, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
ҚТҮКШІА бұйрығы
|
2011 жылғы желтоқсан
|
4.4
|
Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді айқындау критерийлерін әзірлеу
|
-
|
АШМ, ЭДСМ
|
ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ПМК-ға енгізу
|
2011 жылғы маусым
|
4.5
|
Өңірлер бөлінісінде экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесін айқындау
|
-
|
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, ЭДСМ
|
Тізбе, ВАК шешімі
|
Жыл сайын
|
5. Ақпараттық жұмыс
|
5.1
|
Халықтың мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру:
- ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, халықпен кездесулер өткізу;
- БАҚ-та сөз сөйлеу;
-ақпараттық материалдарды Еңбекминінің веб-сайтына орналастыру
|
-
|
Еңбекмині, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
|
Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияла нымдар
|
Үнемі
|
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ҚТҮКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
«Даму» КДҚ» АҚ – «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлiк қоғамы
ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия
__________________
Достарыңызбен бөлісу: |