Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


ХV­ғасырдағы­Көшпелі­өзбектер­мемлекеті



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет35/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

ХV­ғасырдағы­Көшпелі­өзбектер­мемлекеті


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
78
Арада бір жыл өтер-өтпестен уақытта Әбілқайыр хан өз әскерін қайта жи-
нап, Хорезмді басып алу үшін соғысқа дайындалады. Көп ұзамай Хорезм де 
Әбілқайыр ханға бағынады. Бірақ ол бұл өлкені ұзақ ұстап тұра алмады. Б. Ахме-
дов Әбілқайыр әскерінің Хорезмнен кетуінің себептері туралы ортағасырлық ав-
торлар мен кейінгі зерттеушілердің пікірлерін талдай келе, Хорезмнің климаты, 
мұнда көп ұзамай тараған жұқпалы ауру, Әмір Темір ұрпағы Шахрухтың әскер 
аттандыруы ғана емес, Шығыс Дешті Қыпшақтың өзіндегі бүлік те ханның атба-
сын кері бұруына бірден-бір себеп болды деп көрсетеді.
Осыдан кейін Әбілқайыр хан 1431-1446 жылдары аралығында үлкен 
соғыстар жүргізген жоқ. Тек 1446 жылы ол өзінің қарсыласы Мұстафа хан-
мен ұрыста ірі жеңіске жетті. Осы кезде Әбілқайыр Сыр бойындағы қала-
бекіністер: Ақ-қорған, Аркук, Үзгенд, Сығанақ пен Созақты басып алды.
Бұл кезде Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікке ұмтылған Орда Ежен, 
Тұқай-Темір ұрпақтары Әбілқайырға қарсы күресін тоқтатқан емес еді. Ал
осы кезеңде дала тайпаларының басшылары бірте-бірте жеке билігін күшейте 
бастаған Әбілқайырдан іргелерін бірте-бірте ажыратып, басқа Жошы ұрпақ-
тарына қолдау жасай бастайды. Жалпы, қорыта айтқанда, XIV ғасырда «ша-
руашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында 
жергілікті түркі және түркіленіп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы 
күшейе түсті. Халық бұқарасының моңғолдар тәртібіне наразылығын пай-
далана отырып, Жошы мен Шағатай ұлысында түркі шонжарлары Шығыс 
Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздерінің саяси биліктерін орнату жолында күрес 
жүргізді». Әбілқайыр хан Ақ Орданың оңтүстік өңірі, Қаратау маңын басып 
алғанға дейін мұнда Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Ке-
рей сұлтандар иелік еткен еді. Нақ осы өңірлерде XV ғасырдың 20-жылда-
ры Барақ ханның билігі күшейген еді. Сондықтан аталған сұлтандар өздерін 
қолдаған ру-тайпалармен бірге бұл аймаққа XV ғасырдың 40-жылдарына дейін 
Әбілқайырды жібере қойған жоқ. Сондықтан да болар Әбілқайыр хан 1431-
1446 жылдары аралығында өз мемлекетінің ішкі мәселелерімен айналысады. 
Әсіресе өзін қолдаған ру-тайпа көсемдерінің талаптарына ден қояды. Ал Ке-
рей мен Жәнібек сұлтандар өзге Жошы ұрпақтарына көмек көрсету арқылы 
Әбілқайырға қарсы күресін тоқтатпайды. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей, 
Ахмет және Махмұд хандарды талқандағаннан кейін Әбілқайыр Керей мен 
Жәнібек сұлтандардың одақтастарына үлкен соққы беру арқылы өз жағдайын 
біраз күшейтіп алған еді. Сондықтан әлі де болса Дешті Қыпшақтың берді 
тайпаларының көпшілігі Әбілқайырды қолдау саясатын жалғастыра береді. 
Сөйтіп, 1446 жылдан бастап Сығанақ қаласы Әбілқайыр ханның астана-
сына айналады. Әбілқайыр бұл аймақты жаулап алғаннан кейін, көрші мем-
ле кеттердің ішкі саяси жағдайын өз пайдасына шешіп қалуға ұмтылып, олар - 
дың істеріне қол сұға бастайды. Солардың бірі Мәуереннахрдағы Әмір Темір
ұрпақтары мемлекеті еді. Осы кезеңде Әмір Темір мемлекетінде оның ұрпақ-
тары арасында тынымсыз күрес жүріп жатқан еді. Әмір Темірдің ұрпағы Абу 
Са’ид мырза Самарқанды қоршайды. Бірақ көп ұзамай Шығыс Дешті Қып-
шақта қашып, Әбілқайыр ханнан қолдау табады. Осылайша, Бахтияр сұлтанның 
басшылығымен Әбілқайыр хан әскері Самарқандқа аттанады. Көп ұзамай 
Әбілқайыр әскерінің көмегімен Самарқанд тағына Абу Са’ид мырза отырып, 
Ұлықбек мырзаның қызы Рабиға Сұлтан-бегімді Әбілқайырға әйелдікке береді.


IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
79
Әбілқайыр Әмір Темір және оның ұрпақтарының мемлекетінде болып 
жатқан саяси күреске араласуын тоқтатпайды. Арада көп уақыт өтпей, Әмір 
Темірдің тағы бір ұрпағы Әбд әл-Латиф мырзаның ұлы Мұхаммед Жөкі 
Әбілқайырдан Абу Са’ид мырзаға қарсы көмек сұрап келеді. Әбілқайыр 
хан Жәдігер (Иадкар) ханның ұлы Бүрге сұлтанды шақырып алып: «Мырза
Мұхаммед Жөкі бізден көмек сұрайды, менің ұлдарым мен жақын інілерімде
бұл істі басқарағандай кісі жоқ. Сен де менің ұлымсың, өз әскеріңмен аттан, 
мен де әскер қосайын», – дейді. Осылайша, Бүрге сұлтан 30 мың әскерді 
алып Мәуереннахрға аттанады. Бұл кезеңде Хорасанға кеткен Абу Са’ид 
мырза Самарқанд қаласында өз орнына арғын руынан әмір Мәзитті қойып 
кеткен екен. Ол дер кезінде жағдайды Абу Са’ид мырзаға хабарлап үлгеріп, 
Самарқандты сақтап қалады. Бұл оқиға Бүрге сұлтанның Мәуереннахр 
өлкесін талан-таражға ұшыратып, кері қайтып оралуы мен Мұхаммед 
Жөкінің Абу Са’ид мырзаның қолына тұтқынға түсуімен аяқталады. 
Әбілқайыр хан әскер күшімен Шығыс Дешті Қыпшақты біріктіріп,
40 жыл хандық құрғанына қарамастан өз мемлекетіндегі ішкі алауыздық-
ты жоя алмады. Сондықтан Әбілқайырды хан көтерген кезде оны қолдаған 
200-дей ру-тайпа өкілдері бірте-бірте одан қол үзе бастайды.
Бұл Әбілқайыр хандығына ауыр соққы болып тиген 1457 жылы Сығанақ 
түбіндегі шайқаста айқын көрініс берді. Осы кезде өзінің қол астындағы 
көптеген ру-тайпа өкілдерінің қолдауынан Әбілқайыр хан қалмақтардың 
Үз-Темір тайшы бастаған әскерінен жеңіліп, масқара келісімшартқа қол 
қоюға мәжбүр болады. Жалпы Әбілқайырды қолдаған, кезінде оның билікке 
келуіне ықпал жасаған ру-тайпа өкілдерінің наразылықтары бұдан сәл ерте-
рек басталғанын байқауға болады. 
Әбілқайыр Икритуб маңында Махмуд хан мен Ахмед ханды жеңгеннен 
кейін кейбір тайпа басшыларының ханға деген наразылықтары ашық 
көрінді. Мәселен, бұған дейін Қадырғали Жалайыридің жазуынша екеуі 
«бір кеседен бал ішкендей» тату болған. Әбілқайыр хан мен маңғыт Оқас 
бидің арасы алшақтайды. Ол Шығыс Дешті Қыпшақ даласындағы келесі 
бір тәуелсіз билеуші Мұстафа ханмен бірігіп, Әбілқайырдан бөлініп кетеді.
Дерек авторының хабарлауынша қият, ийджан, құсшы, қоңырат, үйсін, 
жат, чимбай, қарлұқ тайпалары басшыларының әскеріне сүйенген Әбілқайыр 
хан бүлікшілерді басып, қуғынға ұшыратады. Шамамен көтерілісшілер 
4500-дей адамнан айырылады. Бірақ бұдан әрі қарайғы оқиғалар бары-
сында Оқас би қайтадан Әбілқайыр хан қасынан табылғанын көреміз. Бұл 
олардың арасында татулық келісім жасалып, нәтижесінде Үзгенд бекініс 
қаласы маңғыттар әмірі Оқасқа беріледі. Бұл оқиғалардың бәрі бізге өзінің 
жеке билігін күшейте бастаған Әбілқайыр ханның біраз тайпа көсемдерінің 
қолайына жақпай қалғаны туралы ой түюге мүмкіндік береді. Сондықтан 
олар бірте-бірте ханнан ақырындап іргелерін аулақ сала бастайды. Бұл 
жағдай арада біраз уақыт өткенде анық көрініс берді. Үз-Темір тайшымен 
болған шайқаста Әбілқайыр ханға бағынышты ру-тайпа әмірлерінің түгел 
қатардан табылмауы осының айғағы еді.
Зерттеуші А.А. Семенов ру-тайпа өкілдерінің наразылықтарының се беп-
тері туралы мынандай қорытынды жасайды. Тобыл мен Есіл бойынан оң түс - 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
80
тікке Сырдария бойына қарай жүріп өткен хан әскері өздері басып өткен 
аймақтардың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігіне нұқсан келтіреді. Осылайша, өзара 
туыс Шайбан және Орда Ежен ұлысының ру-тайпалары өзара қақтығысқа түсті.
Көріп отырғанымыздай, зерттеулердің көпшілігі Әбілқайыр ханның
40 жыл хан болғанына қарамастан өз мемлекетінің ішіндегі алауыздықты жоя 
алмаған билеуші болғанына назар аударады. Мәселен, Б. Ахмедов Бүреке 
сұлтан, Ибақ-хан, Керей мен Жәнібек сұлтан сияқты Ақ Орданың бұрынғы 
билеушілерінің ұрпақтары Әбілқайыр ханның бірде-бір әскери жорықтарына 
қатыспағандығын жазады. Бұл дегеніміз Орда Ежен, Тоқай-Темір сияқты 
Жошы ұрпақтарының Әбілқайыр хан билігіне қарсы болғандығын көрсетсе 
керек. Қазақстанның оңтүстік аудандарында Керей мен Жәнібекке рулар 
мен тайпалардың едәуір бөлігі бағынды, олардың төңірегіне көшпелі рулық-
тайпалық шонжарлардың айтарлықтай топтары, әсіресе үстем таптың Барақ 
ханды қолдаған және Сырдариядағы қалалармен байланысты бөлігі топтасты. 
Алтын Орда мемлекетінің ыдырау процесімен бірге сонау Шыңғыс 
дәуірінен қалыптасқан салт-дәстүрлер де өзгере бастады. Мұның бірден-бір 
себебі моңғол шапқыншылығынан бірнеше ғасыр өткен кезеңде жергілікті 
түркі және түркіленген моңғол тайпалары саяси билікке ие болып, ендігі 
жерде жергілікті жердегі бар билікті өз қолдарына шоғырландыра бастауы 
еді. Осы кезден бастап әлсіреген Шыңғыс ұрпақтарының номиналды билігі 
сақталып қалды. Жоғарыда айтып өткеніміздей дәл осы кезеңде 17 жасар 
Әбілқайырды 200-дей ру-тайпа өкілдерінің қолдауы мен оның қасынан 
Едіге ұрпағы Оқас бидің табылуының себебі де осыдан болса керек. Оқас би 
Әбілқайырдың маңында жиырма жылдай болды. Қадырғали Жалайыридің 
жазғанындай хан мен бидің «бір кеседен ішкен» тұсы осы кезең болса ке-
рек. Уақыт өте келе Әбілқайыр 17 жасар жас билеушіден бүкіл Шығыс 
Дешті Қыпшақты қамтыған күшті мемлекеттің тәжірибелі билеушісіне ай-
налды. Сондықтан 1440 жылдардан бастап Оқастың ұрпақтары өздеріне 
тиімді билеушіні іздестіруді бастап кетті. Бұл жағдай Әбілқайыр билігінің 
әлсіреуін одан әрі тездетті. Әбілқайыр билікке келген тұстан бастап оған 
қарсы оппозицияда болған ағайынды Жәнібек, Керей сұлтандар ендігі тұста 
ашық бас көтеруге мүмкіндік алды. 
«Көшпелі өзбектер» мемлекеті немесе Әбілқайыр хан билігі тұсында 
өмір сүрген, алғашқы кезеңнен-ақ оның саналы қарсыластарына айналған, 
Ақ Орданың заңды мұрагерлері Керей мен Жәнібек туралы тіс жармай-
тын, бірақ Әбілқайыр ханның тарихына арналған Усман Кухистанидің 
шығармасына сүйене отырып, Б. Ахмедов: «XV ғасырдың 40-жылдары 
Керей мен Жәнібек Сыр бойында болмаған, әйтпесе олар Әбілқайырға 
қарсылық көрсетер еді», – деп жазады. 
Негізінен шайбанидтер әулеті алғашқы кезінен-ақ Жошы ұлысының сол 
қанатына, яғни Ақ Ордаға қарасты болған. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы 
билеушісі Барақтың орнына Әбілқайырдың билікке келуімен Шығыс Дешті 
Қыпшақта билеуші әулет ауысты. Осылайша, Шығыс Дешті Қыпшақта
Орда-Ежен-Орыс хан ұрпақтарының орнына Шайбанидтер әулетінің билі - 
гі орнады. Бұл жағдай сол заманда қалыптасқан саяси-идеологиялық өл-
шемдер бойынша Ақ Орданың заңды мұрагерлік билік дәстүрінің бұзылуын 


IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
81
көрсететін еді. Осыған орай, Арғындар әуел бастан Ақ Орда билеушілерін, 
біз қарастырып отырған кезеңде олардың мұргерлері Керей мен Жәнібек 
сұлтандарды қолдағандары түсінікті. 
Жалпы алғанда, өздерін Шығыс Дешті Қыпшақтың заңды мұра гер - 
леріміз деп санаған бұрынғы Ақ Орда билеушілері, яғни Жошының үлкен
ұлдарынан тарайтын ұрпақтары Шайбанидтер билігіне қарсы тынымсыз 
күрес жүргізді. Бұрынғы Ақ Орда мемлекетінің негізгі халқын құраған 
«көшпелі өзбектерге» 40 жыл билік жүргізгеніне қарамастан Әбілқайыр 
хан мемлекеті саяси жағынан тұрақты, күшті мемлекет бола алған жоқ. 
Сондықтан да болар бұл мемлекет Әбілқайыр қайтыс болысымен бірден 
ыдырап кетті. Керей мен Жәнібек сұлтан бастаған топ ата-баба жұртындағы 
билікті қайтарып алуға ұмтылды. Дерек тілімен айтсақ «бүлік пен бұзақы-
лық туын көтеріп, бағынбау және құлақ аспау жағында тұрған» Жошы ұр - 
пақтары Ахмад хан, Махмұд хан Әбілқайырға көп қарсылық көрсетті. 
Бұл жағдай ең соңында Әбілқайыр хан қайтыс бола салысымен ол құрған 
мемлекеттің ыдырап кетуіне әкеліп соқты. 
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағ-
дайында аталған кең байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды 
көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы 
арқылы қамқоршы іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының 
біртұтас мемлекет құру мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін 
қолдады. Сондықтан қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 
40-50 жылдардың өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде – Қаратау 
баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік 
бөлігінде Керей мен Жәнібектің маңына топтасқан еді. 
Ал Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көпте ген 
Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған басшы-
ларының қарсылығын басумен әлек болып жүргенде Ақ Орда хандарының 
мұрагерлері өздеріне қарасты ру-тайпаларға сүйене отырып бұл аумақта 
тұрақты билігін қамтамасыз етіп алды.
Керей мен Жәнібек бөлініп көшіп кетісімен Әбілқайыр хан олардың 
қарсылықтарын басуға ұмтылғаны белгілі. Бірақ ол өз мемлекетінің ішінде 
орын алған Жошы ұрпақтарының, атап айтсақ Орда Ежен, Тоқа Темір, Шай-
бан ұрпақтары мен ықпалды ру-тайпа басшыларының өзіне қарсы күресін 
басумен әлектеніп жүрді. Сондықтан ол (Әбілқайыр хан) қайтыс бола са-
лысымен, оның мемлекеті үлкен дағдарысқа ұшырады. Қазақ билеушілері 
Керей мен Жәнібек Шығыс Дешті Қыпшаққа ұмтылды.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау