16
топлазма бір бағытпен қозғалады, яғни жасушаның түрлі
бөліктеріндегі қоректік заттар мен оттегінің қозғалу ба-
ғытына қарай жылжиды. Жасушалар қабығында өте ұсақ
тесіктер бар, цитоплазманың қозғалысы кезінде бір жа су-
шадағы қоректік заттар мен оттегі екінші жасушаға осы
тесіктер арқылы өтеді. Бұл қозғалысты бақылау үшін
жасуша қабығының міндетін атқаратын майда (көзге
көрінбейтін) тесіктері бар шағын целлофан дорбаға бидай
ұнынан дайындалған қамыр бөлегі салынып, аузы байла-
нады да, стақандағы йод суға батырылады. Шамалы уақыт
өткен соң қамыр көкшіл түске боялады. Бұдан шығатын
қорытынды сол, қоректік заттар жасушаның қабықшасы
арқылы жасушаның ішіне өткен.
Өсімдіктердің əрбір тірі жасушасы тыныс алады жəне
қоректенеді. Бұл үдеріс жасушаларда күн сəулесінің
əсері, су жəне онда еріген түрлі заттар мен оттегі болған
жағдайда ғана жүзеге асады.
Қажетті заттар жасушалардың ішіне сыртқы ортадан
қалай кіреді деген сұрақ туылатыны заңды, əрине. Жасуша-
лардың қабықшасы мен цитоплазма барлық зат тарды
өздері арқылы өткізе бермейді. Мысалы, жасу шаның ішіне
топырақтан су мен онда еріген заттар ғана өтеді.
Өсімдік
жасушаларының ішіне сырттан кірген түрлі ерітінділер
қайта өңделіп, тіршілікке қажетті заттарға айналады.
Жасушалардың өсуі жəне бөлінуі. Жасуша ларға тəн
маңызды био логиялық ерекшеліктер дің бірі – олардың
өсуі мен бөлінуі болып саналады.
Жас жасушалар өте ұсақ болғанмен, өскен са йын ірі-
лене береді. Əрбір жасуша белгілі бір мөлшерге дейін
12-сурет. Элодея
өсімдігі жəне оның
жапырақ жасушасы
цитоплазма
жасуша қабығы
ядро
пластидалар
вакуоль
өседі. Жасуша қабықшасы жасына қарай қалыңдай береді.
Қартайған жасушаларда цитоплазмаға қарағанда ваку-
оль көбірек орын алады. Уақыт өткен сайын қартайған
жасушаларда цитоплазма мен ядро түгелдей жойылып,
олардың орнын су немесе ауа иелейді. Соның нəтижесінде
қартайған жасуша өмір сүруін тоқтатады.
Сендер енді ғана тұқымнан өніп шыққан өскіннің
уақыт жылжып өткен сайын өсіп, өркенге айналатынын,
бірте-бірте одан жапырақ, сабақ, дің, бүршік, гүл, жеміс
пайда болатынын білесіңдер. Алып жаңғақ, шынар, терек
жəне басқа ағаштардың барлық мүшелері жасушалардың
бөлініп көбеюінен пайда болған.
Жасушалар бөліну жолы-
мен көбейеді. Бірақ жасу шалардың барлығы бірдей бөліне
бермейді. Тек өсу нүктесіндегі жасушалар ғана бөлінеді.
Жасушалардың бөлінуінде ядро елеулі рөл атқарады.
Бөлі нетін жасушалардың ядросы алдымен іріленеді,
сосын екіге бөлінеді де, арнайы пердемен оралады. Бұл
кезеңде цитоплазмада да жарғақша пайда болып, ана жа-
сушаны тең екі
жас жасушаға бөледі. Жасуша бөлінген
сəтте ондағы пластидалар да тең екіге бөлініп, жас
жасушаларға өтеді. Пайда болған жас жасушалар өзіндегі
қоректік заттардың есебінен өсуін одан əрі жалғастырады.
Олар да
ана жасуша деңгейіне жеткен соң, тағы жас
жасушаларға бөлінеді. Осылайша жасушалардың бөлініп
көбеюі мен өсуі нəтижесінде өсімдік өсе береді.
1. Элодея жапырағы жасушаларындағы цитоплаз маның
қоз ғалысын қалай бақылауға болады?
2. Заттар жасушалардың ішіне қалай өтеді жəне олар қандай
өзгерістерге ұшырайды?
3. Жасушалар өсу кезеңінде қалай өзгереді?
4. Жас жасушаның ана жасушадан қандай айырмасы бар?
5. Жасушалар бөлінген кезде ядрода қандай өз герістер болады?
Элодея өсімдігіндегі цитоплазманың қоз ғалысы темпера-
тураның əсерімен қалай өз геретінін бақылаңдар.
17
2 – Биология, 6-сынып