Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет50/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

143
Бұхара, Жызақ облыстары мен Қарақалпақстан Республикасының мемлекет 
өнеркәсібі құрамындағы үлестері айтарлықтай өсті. Қысқасы, Өзбекстан ау-
мағында өнеркәсіп орталықтарының саны күн санап көбейіп барады.
Өзбекстанның ауыл шаруашылығында да үлкен өзгерістер болды. Ауыл 
шаруашылығында жүзеге асырылған бастапқы реформалардың үстем мақ-
саттары мақта дақылының дара билігін жою, астық тәуелсіздігіне қол жет-
кізу, жеке фермерлік және диқан шаруашылықтарын өркендету еді. Мақта 
алқаптарының  шұғыл  қысқартылуы  есебінен  астық  алқаптары  1,5  есеге 
ұлғайды.  Сол  себепті  Өзбекстанда  бидайдың  жалпы  өнімі  3,5-4  есе  көбе-
йіп, қысқа уақыттың ішінде республика астық тәуелсіздігіне қол жеткізді. 
Бұдан тыс мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды 
рөл атқаратын көкөніс пен картоп өндіру, бағбаншылық, жүзімшілік, ет-сүт 
шаруашылығы  секілді  ауыл  шаруашылық  салаларын  өркендетуге  де  баса 
назар аударылды. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында мақта өнімі 
5,5 млн тоннадан 3,4 млн тоннаға төмендеп, көкөніс өндіру 2,5 есе, картоп 
6 есе, жеміс 4 есе, жүзім 2,5 есе көбейді, ет және сүт өндіру көлемі де 2 есе 
өсті.
Қазір Өзбекстан жүзім, бақшалық егіндер, жемістердің кейбір түрлерін 
өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттер қатарына 
қосылды.  Сонымен  қатар  Өзбекстанның  ауыл  шаруашылығында  дәстүрлі 
маманданған салалар – мақташылық, жібекшілік, қаракөлшілік те өз маңы-
зын жойған жоқ. Атап айтатын болсақ, 2016 жылы Өзбекстан жалпы мақта 
өнімі  бойынша  әлемде  6-орынды,  экспорттау  бойынша  3-орынды,  жібек 
талшығын өндіру бойынша 2-орынды иеледі.
Көлік  саласын  өркендетуде  де  салмақты  нәтижелер  иеленді.  Олардың 
арасынан ең маңыздысы – республика теміржол көлігі жүйесінің біртұтас-
тығына  қол  жеткізу  болып  табылады.  Өзбекстан  аумағы  солтүстік-батыс-
тан  оңтүстік-шығысқа  қарай  жүздеген  километрге  созылып  жатқандығы, 
мемлекеттік шекараларының тау жоталары мен ұшы-қиырсыз шөл далалар 
арқылы өткендігін ескерсек, бұл мәселенің көкейтесті стратегиялық маңы-
зы бар екендігіне көз жеткіземіз. Сұрхандария облысының аумағы Ташгу-
зар-Байсын-Құмқорған, Хорезм облысы мен Қарақалпақстан Республикасы 
Үшқұдық-Міскін-Нүкіс,  ал  Ферғана  ағары  Ангрен-Пап  теміржолдарының 
құрылысы  арқылы  Өзбекстанның  бірыңғай  теміржол  жүйесіне  қосылды. 
Осының  арқасында  еліміздің  көлік  қауіпсіздігі  мен  тәуелсіздігі  қамтама-
сыз  етілді.  Бүгінгі  таңда  Науаи  және  Бұхара  облыстарын  Қарақалпақстан 


144
Республикасымен қысқа қашықтықпен байланыстыратын Кенимех-Міскін 
теміржолы және Үргеніштен халықаралық туризм орталығы болып санала-
тын Хиуа қаласына баратын теміржол құрылысы жүріп жатыр.
Жоғарыда айтылғандардан тыс Өзбекстанда теміржолдарды электрлен-
діру  және  жылдам  жүретін  жүрдек  пойыз  бағыттарын  салу  бойынша  да 
салмақты істер жүзеге асырылды. Мысалы, Ташкент-Самарқант бағыты бо-
йынша “Афросияб”, Ташкент-Қаршы бағытында  “Насаф”, Ташкент-Бұхара 
бағытында  “Шарқ” жүрдек пойыздары қатынап жатыр. Қазір Қаршы-Тер-
міз, Қаршы-Китаб бағыты мен басқа да бағыттардағы теміржолдарды элек-
трлендіру  жүріп  жатыр.  Бұл  істер  аяқталған  соң,  республикадағы  жүрдек 
пойыздар бағыттарының географиялық аясын кеңейте түсу көзделіп отыр.
Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы теңіз порттарына бірнеше бағыттар 
бойынша сенімді шығу жолдарына ие болу, Еуразияның түрлі бөліктерінде-
гі аймақтық көлік жүйелерімен байланысу арқылы экономикалық-географи-
ялық орнының транзиттік мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатымен көлік 
саласында Түркіменстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қытай, Əзербай-
жан, Грузия, Иран және Омман секілді мемлекеттермен кең ауқымды өзара 
ынтымақтастықты  қолға  алды.  Өзбекстанның  көмегімен  құрылған  Ауған-
стан  аумағындағы  бірінші  Терміз-Мазари  Шариф  теміржолы  Өзбекстан-
нан оңтүстік бағыт бойынша дүниежүзілік мұхит порттарына шығатын ең 
қысқа көлік жолын қалыптастырудың алғашқы кезеңі болды. Өкінішке орай 
Ауғанстанда  геосаяси  жағдайдың  тұрақсыздығы  бұл  мемлекет  аумағынан 
Үнді  мұхитына  шығуы  жоспарланған    көлік  магистральдары  құрылысын 
дүдамал мерзімге тоқтатып қойды.
Көлік  жүйесінде  жүзеге  асырылып  жатқан  кең  ауқымды  жұмыстар 
еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын одан әрі дамыту саласын-
дағы іс-қимылдарының бөлінбес бөлігі болып отыр.  Əлемнің 140-қа жуық 
мемлекетімен  сыртқы  экономикалық  байланыстар  орнатуды  қолға  алған 
Өзбекстан  Республикасының  ең  маңызды  сауда  серіктері  қатарына  Ресей 
Федерациясы, Қытай, Қазақстан, Корея Республикасы, Түркия және Еуро-
па мемлекеттері кіреді. Көлік жүйесінің дамуы еліміздің сыртқы экономи-
калық қызметін жаңа географиялық бағыттар бойынша кеңейтуіне даңғыл 
жол ашады.
Тәуелсіздік жылдарында республика экспортының тауар құрамында елеу-
лі өзгерістер болды. Тәуелсіздікке ие болған кезде республика экспортында 
мақта талшығының үлесі 60 пайызға тең болған. Соңғы жылдарда бұл цифр 


145
тұрақты төмендеп, 2016 жылға келгенде 5 пайызға түсті. Өз кезегінде энер-
гия көздері (ең алдымен, табиғи газ), түсті металдар, азық-түлік және тоқы-
ма, химия өнеркәсібі өнімдері, автомобиль өндірісінің республика экспорты 
құрамындағы орны елеулі деңгейде өсті.
Соңғы  жылдарда  аумақтардың  өнеркәсіп  өндірісін  және  экспорттық 
әлеуетін арттыру, ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияларды көбірек 
көлемде  тарту  мақсатымен  республика  үкіметінің  бастамасы  бойынша 
елімізде бірқатар еркін экономикалық зоналар (ЕЭЗ) ұйымдастырылды. Ал-
дымен “Науаи”, “Ангрен”, “Жызақ” (Сырдария облысындағы филиалымен), 
одан  соң  Хорезм  облысында  “Хазорасп”,  Бұхара  облысында  “Ғыждуан”, 
Самарқант облысында “Үргіт” және Ферғана облысында “Қоқан” ЕЭЗ-лары 
құрылды. Қазір бұл аумақтарда ішкі және сыртқы инвестициялардың қаты-
суымен жүздеген жаңа өндірістік жобалар жүзеге асырылып жатыр. 
Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық даму болашағы республиканың 
әрбір ауданы мен облысының мүмкіндіктерін жалпымемлекеттік және ау-
мақтық мүдделерді көздей отырып, ұқыпты пайдалана білуге байланысты 
болмақ. 
Əлеуметтік-экономикалық даму, өсу қарқындары, реформалар, экономикалық әлеует, 
тармақтық және аумақтық құрам, өнеркәсіптену, азық-түлік, энергетика және көлік қа-
уіпсіздігі (тәуелсіздігі), сыртқы экономикалық байланыстар, еркін экономикалық зона-
лар, негізгі экономикалық аумақтар.
1.  Өзбекстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық 
дамуының ең маңызды нәтижелері нелерден тұрады?
2.  Республикада қандай еркін экономикалық зоналар ұйымдастырылған?
3.  Дәптеріңе тәуелсіздік жылдарында Өзбекстанның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, 
көлігі мен сыртқы сауда байланыстарында орын алған ең маңызды өзгерістерді жаз. 
§ 33. ӨЗБЕКСТАННЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Геоэкологиялық  проблемалар  табиғи  үдерістерге  және  адамның  қыз-
метіне  байланысты  түрде  туындауы  мүмкін.  Геоэкологиялық  проблема-
ларды  туындататын  табиғи  себепшарттар  мен  үдерістердің  ең  бастылары: 
жанартаудың  атқылауы,  жер  сілкіну,  опырылу,  көшкін,  сел,  су  тасқыны, 
күшті  дауыл,  өрт  және  басқалар.  Бұндай  себепшарттар  тікелей  әрбір  ге-


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау