Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту


       10 тарау    ДЭЕМ ПАЙДАЛАНУ



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет100/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107

309 
 
   10 тарау 
 
ДЭЕМ ПАЙДАЛАНУ 
 
 
 
 
   10.1.  
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ 
 
Ресей  ФедерациясындаДЭЕМ-де  жұмыс  істеуде  еңбекті  қорғау  жəне 
қауіпсіздік техникасын келесі стандарттар регламенттейді: 
  электрлік,  механикалық  жəне  өрт  қауіпсіздігі  бойынша  «Ақпараттық 
технологиялар жабдықтарының қауіпсіздігі»—МЕМСТ Р М
Э
К 60950 — 
2002;
  индустриялық  радиокедергілер  бойынша  —  «Техникалық  құралдардың 
электрмагниттік  үйлесімділігі.Ақпараттық  технологиялар  жабдығынан 
индустриялы радиокедергілер. Сынақтардың нормалары мен əдістері»— 
МЕМСТ Р 51318.2299;
  электрмагниттік кедергілердің ықпалына төзімділігі бойынша  —
«Техникалық  құралдардың  электрмагниттік  үйлесімділігі.  Ақпараттық 
технологиялар  жабдығының  электрмагниттік  кедергілердің  ықпалына 
төзімділігі. Сынақтардың талаптары мен əдістері»МЕМСТ Р 51318.24 — 
99; 
  санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер бойынша —
«Дербес 
электрондық-есептеу 
машиналарға 
жəне 
жұмысты 
ұйымдастыруға 
қойылатын 
гигиеналық 
талаптар» 
 
СанЕжН 
2.2.2/2.4.1340 — 03». 
Стандарттардың  талаптары  ДЭЕМ  шарттары  жəне  жұмыстың 
шарттарына;  отандық  жəне  шетел  ДЭЕМ-ға,  мониторларға,  принтерлерге, 
сканерлерге,  пернетақтаға,  модемдерге,  желілік  құрылғыларға,  үздіксіз 
қоректену құрылғыларына жəне т.б. қатысты. 
СондықтанДЭЕМжəне  шеткері  жабдық  осы  нормативті  құжаттардың 
орындалуын  растайтын  сертификаттар  бар  болғанда  ғана  пайдалануға 
рұқсат беріледі. 
Көрсетілген  стандарттарға  сəйкес  пайдаланушылардың  дербес  есептеу 
құралдарында  қауіпсіз  жұмысына  қойылатын  басты  талаптарды  Ресей 
Федерациясы Байланыс жəне ақпараттандыру министрлігінің 02.07.2001 ж. 
бекіткен  №  162  «Дербес  компьютерде  жұмыс  істеуде  еңбекті  қорғау 
бойынша типтік нұсқаулық ТОИ Р-45-084-01» анықтайды. 


310 
 
Аталған  талаптар  ДЭЕМ-мен  жұмыс  жасау  барысында  өндірістік 
ортаның  жəне  еңбек  процесінің  зиян  факторларының  адам  денсаулығына 
жағымсыз ықпалдарының алдын алуға бағытталған. 
Нұсқаулыққа  сəйкес  дербес  компьютерде  жұмыс  істеуге  еңбектің 
қауіпсіз  əдістерін  оқыған,  кіріспелік  нұсқамалықтан  жəне  жұмыс 
орнындағы  бастапқы  нұсқамалықтан  өткен  тұлғалар  жіберіледі.    Жоғары 
оқу  орындарының  студенттері,  орта  арнайы  оқу  орындарының  білім 
алушылары,  мектепке  дейінгі  жəне  мектеп  жасындағы  балалар  да  ДЭЕМ- 
мен  жұмыс  жасауда  қарсы  көрсетімдерді  анықтау  үшін  медициналық 
куəландырудан өтулері тиіс. 
220  В  кернеумен  айнымалы  тоқ  желісінен  жұмыс  істейтін  ДЭЕМ 
құрылғылары  жəне  электрон-сəулелі  түтікшелерде  қуат  көзі20000  Васатын 
ЭСТ-мониторлар  дұрыс  емес  пайдаланған  жағдайда  адам  өмірі  үшін 
шынайы қауіп тудырады. Бұл аппараттық құралдардың жануымен, монитор 
кинескопы түтікшесінің жарылуымен жəне əсіресе, пайдаланушыны электр 
тоғының  зақымдануымен  байланысты,  ашық  тоқжіберуші  бөліктерге  
немесе  оқшауланануы  бұзылған  электр  жабдығы  мен  электр  сымдарына 
тиген жағдайда тоқ пайдаланушының денесінен өтуі мүмкін. 
ДЭЕМ  пайдаланудаэлектр  қауіпсіздігінің  келесі  негізгі  талаптарын 
сақтаған жөн: 
  ДЭЕМқұрылғыларының  желілік  электр  қуат  беруі  жерлендіруші 
контактілері бар розеткалардан ғана жүргізілуі тиіс;
  барлық  желілік  розеткалардыңқабырғада  розетканың  қасында  ашық 
бояумен  жəне  ірі  белгілермен  (биіктігі  50  мм  кем  емес)  жазылған  «220 
В» таңбалары болуы керек;
  розеткалардың  жерлендіруші  контактілерінің  бөлменің  (жайдың) 
жерлендіруші  контурымен  сенімді  жалғаулары  болуы  немесе 
нөлдендірілуі,  яғни  электр  қуат  беру  желісінің  нөлдік  шинасымен 
тұйықталуы тиіс;
  жерлендіру  ретінде  жылыту  радиаторларын,  су  құбырларын, 
жайтарқыштарды қолдануға тыйым салынады.
ДЭЕМпайдалануда өрт қауіпсіздігінің келесі талаптары сақталуы шарт: 
  ДЭЕМ  жабдығы  орналастырылған  əрбір  бөлмеде  (жайда)  өрт  сөндіру 
құралдары болуы тиіс жəне оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен 
қамтамасыз етілуі керек;
  ДЭЕМқұрылғыларын жылытқыш жəне қыздырғыш аспаптардан алыс, 1 
метрден кем емес қашықтықта жəне олардың желдетілуі қиын емес жəне 
тіке күн сəулелері жоқ жерлерде орнатқан жөн.


311 
 
Өрт  сөндіру  құралдары  ретінде  көмірқышқылды  өрт  сөндіргіштерді 
қолдануға  рұқсат  беріледі.  Көбікті  өрт  сөндіргіштерді  қолдануға  тыйым 
салынады, себебі оларда тоқ өткізетін сұйықтық қолданылады. 
Дербес  компьютерді  пайдалануда  пайдаланушыағ  келесі  қауіпті  жəне 
зиян  өндірістік  факторлар  ықпал  етулері  мүмкін:  электрмагниттік 
сəулеленудің,  статикалық  электрдің,  шудың  жоғарылатылған  деңгейлері; 
статикалық аса жүктемелер жəне көзге артық күш жұмсау. 
Жоғарыда  тізілген  факторларды  бейтараптандыру  үшін  санитарлық 
нормалар мүлтіксіз орындалулары қажет. 
ДЭЕМ-мен  жұмыс  орындары  бір  монитордың  экранынан  екінші 
монитордың  сыртжағына  дейінгі  қашықтық  кем  дегенде  2,0  м,  ал 
мониторлардың  бүйірлік  беттерінің  арақашықтығы  —  кем  дегенде  1,2 
мболатындай  етіп  орналастырылуы  керек.  ЭСТ-мониторменбір  жұмыс 
орнының  ауданы  кем  дегенде  6  м
2
  (көлемі  —20  м
3
төмен  емес),  алСК- 
монитормен  —  4,5  м
2
құрауы  тиіс.  Монитор  экраны  пайдаланушы  көзінен 
600...  700  ммқашықтықта,  бірақ  көрсетілетін  əліпбилік-цифрлық 
символдардың  өлшемдерін  ескере  отырып,  500  мм  жақын  емес 
орналастырылуы керек. 
Мониторды  бас  немесе  кеудені  бұрмай,  экраннан  оқу  мүмкіндігі 
болатындайетіп  орналастырады.  Бұл  сала  шамамен  70°  құрайды.Монитор 
экранының  жоғарғы  шеті  пайдаланушы  көздерінің  деңгейінде,  ал  оның 
жазықтығы  X  >  90°  бұрышының  шегінде  жəне  үстел  бетіне  қатысты 
реттелуі тиіс (10.1-сур). 
 
 
 
10.1 
-сур. Пайдаланушы мен монитордың ұсынылатын орнала- 
суы: а > 90° 
 
 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау