Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ



жүктеу 5,05 Mb.
бет90/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ

Ибн-Халдун (1332-1406жж.) - Шығыс философиясының жұлдыздарының бірі, сонымен қатар тарихшы, мемлекет қайраткері.

Солтүстік Африкадағы біршама елбасыларын тәрбиелеп, сол елдерде мемлекет тарабында жұмыс істеген. Ибн-Халдун бірнеше реттей философ-елбасының басшылығымен «әділетті қоғам» орнату жоспарларын жасап, бірақ сәтсіздікке ұшыраған. Тағы бір айта кететін мәселе, Ибн-Халдун бірнеше рет Ақсақ Темірмен кездесіп, оған өзінің ақылын айтқан.



Негізгі еңбегі - көптомды «Араб, парсы, берберлердің тарихынан алынған өнеге болатын мысалдар кітабы». Бұл еңбекке ол кісі әдейі ерекше кітап ретінде «Кіріспе» (Аль-Муккадима) жазады, онда негізінен қоғамға деген ұлы ойшылдың әлеуметтік философиялық көзқарастары көрсетілген.

Енді Ибн-Халдунның философиялық көзқарасына келер болсақ: «Дүние ретке келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген заттардан тұрады. Барлық заттардың негізінде алғашқы 4 элемент жатыр (су, от, ауа, жер). Олар әртүрлі бөлшектік өлшемде бір-бірімен қосылғаныменен, біреуі басым болуы қажет, әйтпесе зат өмір сүре алмайды. Заттың өмір сүруінде шешуші орынды «туа біткен жылу» алады, ал оның қайнар көзі - отта».

Ибн-Халдун табиғатта болып жатқан үрдістердің адамға тәуелсіз екенін білген. Ал табиғатта өрлеу бар ма? - деген сұраққа ол кісі былай жауап береді: «Дүниедегі күрделі субстанцияларға қараңызшы - ол минералдардан басталып, одан кейін өсімдіктер, жануарлар бірінің артынан бірі Дүниеге келеді. Ең күрделі минералдар ең тұрпайы өсімдіктерге - мүктерге, ұрықсыздарға айналады. Ең жоғарғы дәрежедегі өсімдіктер, мысалы, жүзім, пальма сияқтылар, тұрпайы жануарларға, мысалы моллюскілерге, айналады. Жануарлар әлемі көбейіп және көптүрлі болып, ақырында ойлау қабілеті бар адамға әкелді. Маймылдың түйсіктері мен қабылдау қасиеттері бар, ал ойлау жэне түсіну мүмкіндіктері жоқ». Сонымен Еуропа топырағында XIX ғ. дүниеге келген Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының түп-тамыры осыдан 400 жылдай бұрын тұрпайы түрде Шығыстағы араб топырағында пайда болған.

Ибн-Халдунға философ ретінде адам және коғам мәселесін шешу қажет болған. Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін (онсыз өмір жоқ) бірігеді. Екіншіден, олардың бірігуіне себеп болған - ол айнала ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші, тағы жыртқыштардан, екінші, адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі құралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек.



Сонымен адам табиғаттан шыққанымен жүре келе, оның шеңберінен асып, әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан, адам «табиғаттың туғызған пендесі» ретінде толығынан айнала қоршаған ортадан тэуелсіз бола алмайды.

Табиғаттың қоғамға тигізетін негізгі әсері - ол ауа райы (ик-лим). Ол жердің бетіндегі ауа райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық жерлер (7-6), ең ыстық (1,2) және қоңыржай (4) аймақтар. Ал 3-ші жэне 5-ші аймақтар - өтпелі, қоңыржайға жақын аймақтар. Ең суық және ең ыстық аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен түсінің өзі осыған байланысты. Африкадағы адамдардың қаралығы ыстықпен, солтүстіктегі адамдардың актығы, суықпен байланысты деген пікірге келеді.

Табиғат халықтардың мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін тамақтары - дене-құрылысына әсерін тигізеді. Қазіргі ұғымдармен айтқанда, мұндай көзқарастарды «Географиялық себептікке» (детерминизм) жатқызамыз. Оны уақытында Кеңес заманында маркстік тұрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең мән-мағынасына келер болсақ, онда «оның түйіні бар ма» деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық үлкен мағынасы бар. Мысалы, Қазақстан коғамының ерекшеліктері: оның ауа райының қаталдығы (7 ай қыс) судың аздығы, жер көлемінің адамдардың санымен салыстырғанда кең-байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа барысында бұл ерекшеліктерімізді ескеріп, басқа елдердің жинаған тәжірибслеріне үстірт еліктемей, нақтылы саясат жүргізгенде ғана көп мәселелерді дұрыс шешуге болады.

Ибн-Халдун коғамдағы жағдайдың бәрі деген табиғатқа байланысты еместігін айтады. Бір ауа райы аймағында өмір сүріп жатқан әртүрлі халыктар біркелкі өмір деңгейінде емес. Біреулері бай болса, екіншілері - кедей.

Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып коюында емес, сонымен катар оның себебіне жету болды. «Біл, ұрпақтардың өмір сүру айырмашылыктары олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша табатынына байланысты», - дейді Ибн-Халдун. Бұл қоғам өміріне деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы да ашып, теорияға айналдырған болатын.

Сонымен ұлы ойшыл коғам өмірінің дамуын экономика саласымен тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселелерімен тығыз байланысты. Адамдар бәрінің емір сүру қажеттігі жолында бірігіп, айнала коршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның негізінде өздері де ғасырдан - ғасырға жетіле береді.

Ибн-Халдун қоғамдағы дамудың негізгі екі сатысын керсетеді. Оны ол екі ұғым арқылы береді: бірінші сатысы - «Бидави», екіншісі «Хидари». Бұл сөздердің этимологиясын (алғашқы берілген мағынасын) карасақ, онда Бидави көшіп-қону, ауылдык, алғашқы деген мағына береді. Ал Хидари болса, ол — калалык, астаналық деген мағнада.

Егер бидави сатысында адамдар мал бағу және егін егумен айналысса. Хидари сатысында оларға колөнерлік, сауда, ғылым мен өнер ұсынылады.

Алғашқы бидави сатысынан Хидари (цивилизациялық) сатысына өтудің негізгі себебі - өндіріс дамып, қажеттіліктен артық заттардың пайда болуы. Қажеттіліктен артык өңдіру қымбат бағалы заттарды тудырып, соған ие болуға тырмысуды әкеледі. Қымбат киім, тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал соңғылардың өзі колөнерді әрі қарай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі (Теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әр түрін жасау, алтынды, қымбат бағалы тастарды өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.)

Сонымен қатар молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, ғылым тез дами бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.

Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектсліп коймай, мәселенің екінші жағын көрсетеді. Ол - алғашкы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке көшу мәселесі. Бұл процесті ол екі ұғыммен (қосымша) береді. Олар - «асабийя» және «мульк». Бұл ұғымдар арқылы ойшыл коғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне көтеріледі.

«Асабийя» ұғымынын. этимологиясын ғалымдар «рух», «бірігу», «ұлттық сезім» ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден
Ибн-Халдунға философ ретінде адам және коғам мәселесін ешу қажет болған. Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін (онсыз өмір жок) бірігеді. Екіншіден, олардың бірігуіне себеп болған - ол айнала ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші, тағы жыртқыштардан, екінші, адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі кұралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек.

Сонымен адам табиғаттан шыққанымен жүре келе, оның шеңберінен асып, әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан, адам «табиғаттың туғызған пендесі» ретінде толығынан айнала қоршаған ортадан тәуелсіз бола алмайды.



Табиғаттың қоғамға тигізетін негізгі әсері - ол ауа райы (иклим). Ол жердің бетіндегі ауа райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық жерлер (7-6), ең ыстық (1,2) және қоңыржай (4) аймақтар. Ал 3-ші жә2не 5-ші аймақтар - өтпелі, қоңыр-жайға жақын аймақтар. Ең суық және ең ыстық аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен түсінің өзі осыған байланысты. Африкадағы адамдардың қаралығы ыстықпен, солтүстіктегі адамдардың актығы, суықпен байланысты деген пікірге келеді.

Табиғат халықтардың мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін тамақтары - дене-құрылысына әсерін тигізеді. Қазіргі ұғым-дармен айтқанда, мұндай көзқарастарды «Географияльқ себептікке» (детерминизм) жатқызамыз. Оны уақытында Кеңес заманында маркстік түрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең мән-мағынасына келер болсақ, онда «оның түйіні бар ма» деген сұрақ туады. Бүл сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық үлкен мағынасы бар. Мысалы, Қазақстан коғамының ерекшеліктері: оның ауа райының қаталдығы (7 ай қыс) судың аздығы, жер көлемінің адамдардың санымен салыстырғанда кең-байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа барысында бүл ерекшеліктерімізді ескеріп, басқа елдердің жинаған тәжірибелеріне үстірт еліктемей, нақтылы саясат жүргізгенде ғана көп мәселелерді дұрыс шешуге болады.

Ибн-Халдун коғамдағы жағдайдың бәрі деген табиғатқа байланысты еместігін айтады. Бір ауа райы аймағында өмір сүріп жатқан әртүрлі халыктар біркелкі өмір деңгейінде емес. Біреулері бай болса, екіншілері - кедей.

Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып коюында емес, сонымен катар оның себебіне жету болды. «Біл, ұрпактардың өмір сүру айырмашылыктары олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша табатынына байланысты», - дейді Ибн-Халдун. Бұл қоғам өміріне деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы да ашып, теорияға айналдырған болатын.

Сонымен ұлы ойшыл коғам өмірінің дамуын экономика саласымен тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселелерімен тығыз байланысты. Адамдар бәрінің өмір сүру қажеттігі жолында бірігіп, айнала коршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның негізінде өздері де ғасырдан - ғасырға жетіле береді.

Ибн-Халдун қоғамдағы дамудың негізгі екі сатысын көрсетеді. Оны ол екі ұғым аркылы береді: бірінші сатысы - «Бидави», екіншісі «Хидари». Бұл сөздердің этимологиясын (алғашқы берілген мағынасын) карасақ, онда Бидави көшіп-кону, ауылдык, алғашқы деген мағына береді. Ал Хидари болса, ол — қалалық, астаналық деген мағынада.

Егер бидави сатысында адамдар мал бағу және егін егумен айналысса, Хидари сатысында оларға колөнерлік, сауда, ғылым мен өнер ұсынылады.

Алғашқы бидави сатысынан Хидари (цивилизациялык) сатысына өтудің негізгі себебі - өндіріс дамып, қажеттіліктен артық заттардың пайда болуы. Қажеттіліктен артык өңдіру қымбат бағалы заттарды тудырып, соған ие болуға тырысуды әкеледі. Қымбат киім, тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал соңғылардың өзі колөнерді әрі карай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі (Теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әр түрін жасау, алтынды, қымбат бағалы тастарды өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.)

Сонымен қатар молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, ғылым тез дами бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.

Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектеліп коймай, мәселенің екінші жағын көрсетеді. Ол - алғашкы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке көшу мәселесі. Бүл процесті ол екі ұғыммен (косымша) береді. Олар - «асабийя» жэне «мульк». Бұл ұғымдар арқылы ойшыл коғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне көтеріледі.

«Асабийя» ұғымының этимологиясын ғалымдар «рух», «бірігу», «ұлттық сезім» ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден құрылған. Біріншісі - «асаба» (топ) және «асаб» (байлау). Ибн-Халдун бұл ұғымды «ру бірлігі», «тайпа бірлігі» ретінде колданды. Екінші мағынасы - сол белгілі әлеуметтік топтағы адамдарды бір-бірімен қосатын байланыстар.

Ибн-Халдун алғашқы әлеуметтік байланыстар рулық-қандық екенін мойындағанмен, оның сыртындағы материалдық қажеттіктер, қауіп-қатерден сақтанудың маңызын көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік топтардың құрамы рулық, туысқандық шеңберден шығып, әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір руға, басқа жерден келген адам кабылдануы мүмкін, кейбір топтар сол тайпаның қарамағына бассауғалап, жан сақтап кіруі мүмкін т.с.с.

Алғашқы сатыдағы адамдардың қарым-қатынастары теңдікке негізделген, өйткені онда материалдық игіліктерді бөлу мәселесі күн тәртібінде жок, артық құндылықтар әлі өндірілмейді. Тайпаның көсемдері басқару ісімен айналысады. Ибн-Халдунның ойынша, басқарудың өзегінде болашак теңсіздіктің ұрығы жатыр. «Өйткені бір-бірімен тең адамдарды тайпа көсемі өз еркіне көндіріп, тыңдамағандарға зорлык-зомбылық жасауы қажет. Сонымен басқарудың өзегіндегі ұрық бірте-бірте өсіп, күш ала бастайды. Ең алғашқы көсемнің ізімен бірге ерікті жүру бірте-бірте соның еркіне көнуге айналады. Ол пайда болған биліктен алдағы уақытта көсем ешқашанда бас тартпайды, керісінше, оның мәртебесін өсіруге тырысады», - дейді Ибн-Халдун.

Жоғарғы айтылған үрдістер жаңа мүлікке негізделген қатынастардың пайда болуына әкеледі. Біз бұл жерде бізге жақсы таныс арабтың «мүлік» деген сөзінің этимологиясын ашуымыз керек. Бұл сөз біздің сөздікке араб тілінен енген. Бізге таныс мүлік, байлық, меншік деген мағынасынан тыс араб тілінде бұл сөздің екінші мағынасы бар. Ол - билік. Түрік тілінде де бұл сөздердің мағынасы бір-біріне жақын: «бай», «би»; орыс тілінде де «власть», «владеть» деген сөздердің түп-тамыры бір. Сонымен Ибн-Халдун «мүлік» деген сөздің екі мағынасын «байлык-билік» ретінде бірге колданады. «Мүліктің иесі адамдарды өз еркіне көндіріп, қазынаға ақша жинайды, басқа елдерге елшілік жіберіп, шекараны қорғайды». Мүлік қатынастары, қорыта келе, байлықтың қайнар көзі ашылып, артық нәрселер пайда болған кезде келеді. Ол артық байлықты бөлу кезінде тайпаның көсемі қолындағы билікті өзінің мүддесіне жаратып, толығымен пайдаланады, жанындағы туыстарын алыстата бастайды, өйткені олардың жүрегінде көреалмаушылық пайда болса, көсемде қызғанушылық сезімі пайда болады.

Тайпалық шенберінде пайда болған теңсіздік сыртқа қарай бағытталып, басқа ру-тайпаларды соғыс, я болмаса қорқытып көндіру арқылы жүре бастайды. Ал мұның өзі мемлекеттің пайда болуына жағдай жасайды.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау