Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет51/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

Стоицизм (Стоя) философиясы

Стоя философиясын (stоа - Афина қаласындағы философтардың жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыкқан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген. Оны Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы Стоя (1-2 ғ.ғ.) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен кұлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.

Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.



Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуін, рухани өмірдің тайызданып, азғындауын, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысын сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.

Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да, сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің «ортаңғы жолын» қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан құмартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген кұмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету. Соңғы стоиктер оны даналық - София дейді.

Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол акымақ адам, өйткені ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар халықтың көпшілігін кұрайды.

Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру - керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, көңіл аудармау керек.



Сондықтан тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені ол адамның жан дүниесін түтіндетуі мүмкін.

Бірақ адамның өзіне қарамастан, сырткы қолайсыз жағдай адамның жан дүниесінің тьшыштығын бүзып, өне бойы зардап экеле берсе, ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл Дүниеден кетуі.



Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылык алғашқы оттан пайда болып, уакыты өткеннен кейін, лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол — мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады..


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау