Тарих философиясы
Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылык, жолмен шешеді. Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) - тарихи дамудың қайнар көзі, аныктамасы жэне мақсат мұраты. Тарих дегеніміз - ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың іс-әрекеттері мен шығармашылың шабыты арқылы жүзеге асады.
Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның еріктігінің де өрісі кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мүраттарын іске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделі қарым-қатынасқа түсіп, оның қойған қиын кедергілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, еріктік өрісінің кеңеюі білімнің өсуімен тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», - деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы - тарихтың өзегін құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын сыртқы құрал — ол мемлекет пен құқ.
Достарыңызбен бөлісу: |