Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет149/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   189
стратегиялық менеджмент

прагматикалық
 (ұйымдық) шуыл пайда болады. 
Сонымен, 
ақпарат
 дегеніміз – белгілі міндеттерді шешу үшін 
пайдалылар ретінде бағаланылған, қабылданылған және түсінілген 
жаңа  мәліметтер  болып  табылады  немесе  қандай  да  бір  оқиға 
туралы, біреулердің қызметі туралы, т.б. жағдайлар туралы хабардар 
болуды, мағлұматты түсіну керек.
Деректердің  ішінен  ақпарат  алынуы  үшін,  олар  үш  қабатты 
сүзгіден (фильтр) өтуге тиіс:
1.  алдын ала белгіленген өткізу қабілеті бар, табиғи байланыс 
жолы;
2.  семантикалық  (мазмұндық)  фильтр-тезаурус  (білім 
қазынасы), яғни түсініктер осында туады.
3.  прагматикалық  (ұйымдастырушылық)  фильтр  –  мұнда 
деректердің пайдалылығы бағаланады. 
Әрбір қабат деректердің бір бөлігін сипаттай отыра, шуылдарды 
жоюға тырысады.
Егер  табиғи,  семантикалық  және  прагматикалық  шуылдар 
неғұрлым  көбейген  сайын  немесе  басқаша  айтқанда,  басқару 
органының техникалық жағынан жарақтану дәрежесі мен беріктігі, 
қызметкерлердің  кәсіби  дәрежесі  төмен  болған  сайын  және 
деректерді тіл тәртібі жеткіліксіз болған сайын, басқару органының 
атқаратын  қызметтеріне  ешқандай  қатысы  жоқ  деректер  оған 
неғұрлым көптен түскен сайын, басқару органының өткізу қабілеті 
соғұрлым  төмендей түседі.
Шын  мәнінде,  ақпараттық  тұрғыдағы  басқару  жүйесін  оқып 
үйренудің  міндеті,  әр  түрдегі  шуылдардың  табиғаты  мен  шығу 
көздерін зерттеп, оларды жоюдың шараларын жасау деп есептеген 
жөн.
Қазіргі  кезеңде  ақпаратты  зерттеу  негізгі  үш  тұрғыда  жүруде. 
Олардың  біріншісі, 
синтактика
  деп  аталады,  ол  оның  мазмұны 


254
мен  құндылығын  ауытқи  отырып,  деректерді  қайта  өңдеу  мен 
жеткізу құралдарының өткізу қабілеті мен табиғи шуылдарды жою 
тұрғысынан зерттейді. 
Екінші, 
семантика
  –  ақпараттың  мазмұны  мен  оның  көріну 
формасын зерттейді. 
Үшіншісі, 
прагматика
  –  ақпараттың  пайдалылығы  мен 
тиімділігін зерттеумен байланысты түрі.
Өндірісті  басқару  ақпараттың  жоғарыда  көрсетілген  жақтар 
бойынша  талдағанда,  ол  мазмұндылық  (семантикалық)  және 
ұйымдық (прагматикалық) белгілер бойынша топқа бөлінеді.
Мазмұндық
 белгілер ақпаратты былай бөледі:
- бейнеленетін объектілер бойынша (халық, еңбек ресурстары, 
табиғи  ресурстар,  өндіріс  құрал-жабдықтары,  өнім  және  қызмет 
көрсету, ақша қаражаттары және т.б.);
-  ұдайы  өндіріс  сатылары  мен  процестері  бойынша  (өндіріс, 
айналым, бөлу, тұтыну туралы ақпарат);
- халық шаруашылығының салалары бойынша (өнеркәсіп, ауыл 
шаруашылығы, транспорт, құрылыс және басқалары).
Мазмұндылық 
белгілері 
ақпаратта 
бейнеленілетін 
технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. қатынастардың 
түрі бойынша оны бөлетін маңызды белгі де жатады. 
Өндірістің  әр  түрлі  факторларының  арасындағы  техникалық, 
технологиялық  қатынастарды  қоғамның  өндіргіш  күштерінің 
элементтері  ретінде  бейнелейтін  ақпаратты 
техникалық-
технологиялық
 деп атауға болады.
Қоғамдық өнімді өндіру, бөлу және тұтыну жөніндегі адамдар 
арасындағы  қатынастарды,  яғни  экономикалық  қатынастарды 
бейнелейтін  ақпарат  – 
экономикалық  ақпарат
  болып  табылады. 
Әлеуметтік  ақпарат
  –  қоғамдық  қондырма  шеңберінде 
адамдар  арасында  қалыптасатын  экономикалық  емес  әлеуметтік 
қатынастарды бейнелейді.
Ұйымдастыру
  тұрғысынан  алып  қарағанда,  ақпарат  жүйеге 
келтірілген  және  жүйеге  келтірілмеген  немесе  жүйеленген  және 
жүйеленбеген (ықтимал) болып бөлінеді.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау