Ц
Цитокинин
( гр. kytos – клетка, kynesis – қозғалу) – фитогормон, химиялық
тұрғыдан пурин туындылары, табиғи түрі зеатин, аналогтары: кинетин (6 –
фурфуриламинопурин), БАП (6 – бен зиламинопурин).
Цитоплазма
– сұйық негізді зат – гиалоплазма мен онда орналасқан ядро
жəне əртүрлі органоидтар, қосындылардан тұратын жасушалық зат.
Цитопласт
(ағ. cytoplast) – ядросы жоқ протопласт.
Ш
Шауқат флотациясы
– қозғалғыштығы жақсы сперматозоидтармен
байытылған шауқат фракциясын алуға бағытталған əдістер жиынтығы.
Шəует қабылдағыш
– қоңырау пішінді, ұш жағы пробиркаға ұқсап келген,
екі қабатты шыны əйнекшеден жасалынған ыдыс.
Шпигельмерлер
– қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L- формалы көшірмесі.
Штамм
(нем. Stamm – діңгек, негіз) – жасушаларды бірінші рет жаңа қоректік
ортаға көшіріп отырғызған соң түзілген жасушалар тізбегі. Олар бірнеше жасушалар
желісінен тұрады, барлығы да алғашқы өсірілген жасушалардан пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |