|
Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2биотехнология кітап (2)Л
Ламинарлы бокс
– гаметалар жəне эмбриондармен жұмыс істегенде олардың
толықтай оңашалануы мен стерилдігін қамтамасыз етуге арналған қондырғы.
Лапоратомия
– көбею мүшелеріне еркін қол жеткізу мақсатында теріні қарын
тұсынан арнайылап жару (тілу).
ЛГ
– овуляцияны жəне одан кейінгі сары дененің қалыптасуын, сүт бездерінің
дамуын қамтамасыз ететін гормон
Линия
(желі) (ағ. line) – құрамында гендік (маркерлік) белгілері бар штаммды
сұрыптау немесе бір жасушаны көбейту арқылы алынған жасушалар тобы.
Липосомалар
(гр. lypos – май, soma - дене) – жасанды түрде алынған
фосфолипидтердің шар тəрізді денешіктері.
Локус
(лат. locus - орын) – хромосоманың генетикалық немесе цитологиялық
қартасындағы белгілі бір геннің (аллельдердің) орналасқан жері.
Лютеалдық фаза
– овуляцияны қамтамасыз ететін ЛГ гормонының əсер ету
кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|