Дисульфидті байланыс
– күкірттің екі атомы арасында пайда болатын
коваленттік байланыс айтылады.
Детерминация
– (анықтау, шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде
дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардың пайда
болуы. Детерминация үдерісі ооплазмалық сегрегация жəне бластомерлерге сапалық
айырмашылығы бар ядро мен циптоплазма арасындағы қарым-қатынастарға,
сонымен бірге жеке жасуша топтарының бір-біріне əсеріне негізделген
автономиялық өзгерістерден тұрады.
Дифференциация
(ағ. cell differentiation) – жасушалардың (өсімдіктер,
жануарлар, т.б) басқа жасушалардан ерекшеленіп, маманданған жағдайға көшуі.
Дифференциялану
(ағ. cell differentiation) – даму үдерісінде біртекті
жасушалардан морфологиялық белгілері жəне атқаратын қызметі əртүрлі
жасушалардың түзілуі (жасушалардың мамандануы).
Достарыңызбен бөлісу: |