Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет125/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   216
биотехнология кітап (2)

2. Көмір өндірісінде қолданылуы
Биогеотехнологиялық  əдіспен  көмір  құрамын  күкіртті  заттардан  тазарту үшін
тионды  бактериялар  көптеп  қолданыла  бастады. Қоңыр  жəне  тас  көмірлері
құрамында  бірталай  мөлшерде  күкірт  болуы  мүмкін. Бұлардың  құрамындағы
күкірттің  жалпы  көлемі 10-12%-ға  дейін  жете  алады. Осындай  көмірлерді  жаққан
кезде  олардың  құрамындағы  күкірттер – күкіртті  газға  айналып, ауаға  тарайды  да,
ондағы  сутегілерімен  қосылып, күкірт  қышқылына  айналады. Атмосферадағы
күкірт  қышқылы  кейіннен «қышқыл  жауын» дейтін  атпен  белгілі  жаңбыр  ретінде
жерге жауады.
Алынған  мəліметтерге  қарағанда  кейбір  Батыс  Европа  елдерінде  жылына 1
гектар  жерге, жаңбырмен  бірге, 300 кг-ға  дейін  күкірт  қышқылы  түседі  екен.
Мұндай мəліметтерден күкірт қышқылы жаңбыры адамдардың денсаулығына, оның
шаруашылығына  жəне  жалпы  қоршаған  ортаға  қандай  зиян  келтіретінін  айтпасада
түсінуге  болады. Бұдан басқа, құрамында  күкірті  мол  көмірлер нашар  кокстелетіні
себепті, оларды  түсті  металлургияда  пайдалануға  жарамайды. Сондықтан,
мамандардың  пікірі  бойынша, көмір  құрамынан  күкіртті  заттарды  микробтар
арқылы  тазарту  экономикалық жағынан  тиімді болғандықтан, болашақта «қышқыл
жауын» мəселесін шешуде оған басты маңыз беріледі.
Көмір  құрамынан  микроорганизмдерді  пайдаланып  күкірттерден  тазарту
бағытындағы алғашқы жұмыстарды 1959 жылы орыс ғалымдары 3. М. Зарубин, Н.
Н. Ляликова  жəне  Е. И. Шмук  жасаған  болатын. Олардың
Th. ferrooxidans
бактерияларын  пайдаланып 30 күн  бойына  жүргізген  тəжірибелері  нəтижесінде
көмір  құрамындағы  күкірттердің 23-30%-ы  тазартылған  болатын. Сəл  кейінірек,
көмірлерді  микробиологиялық  жолмен  күкірттерден  тазарту  жөніндегі  бірнеше
жұмыс  нəтижелерін  америкалық  зерттеушілер  де  жариялаған  еді. Олар, өз
жұмыстарында тионды бактерияларды қолдана отырып, төрт тəулік ішінде тас көмір
құрамындағы  пиритті  күкіртін 50%-ға  азайта  алған. Бұл  əдіс  көмір  құрамында
кездесетін  түрлі  металдарды  сілтісіздендірумен  ұштасып  отырады. Көмір
құрамында  əжептеуір  мөлшерлерде  германий, никель, бериллий, ванадий, алтын,
мыс, кадьмий, қорғасын, мырыш, марганец элементтері болады. Сондықтан, көмірді
сулфиттерден  тазарту барысында одан  ілеспе өнім ретінде бағалы металдарды  алу,
қосымша  табыс  көзі болып табылады  жəне  осы саланың экономикалық тиімділігін
арттырады.
Қазіргі таңда көмір құрамындағы пиритті күкіртін микробиологиялық жолмен
тазарту мəселесімен көптеген елдердің ғалымдары айналысуда. Соңғы мəліметтерге
қарағанда, зертханаларда  жүргізілген  тəжірибелер  нəтижесінде, микробиологиялық
жолмен  сілтісіздендіру  əдісімен 5 тəулікте  көмір  құрамындағы  күкірттерден 100%
тазартуға қол жеткізілген. Сондықтан микробиологиялық сулфидсіздендіру əдісінің
болашағы зор деп саналады.


177

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау