Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Трансгенді хайуандардан алынатын дəрмектік өнімдер



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет81/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   216
биотехнология кітап (2)

5. Трансгенді хайуандардан алынатын дəрмектік өнімдер
Трансгенді хайуандар
 дегеніміз – ағзасына жат текті ДНҚ ендірілген тірі жан
иелері. Адамдардың көптеген ақуыздары тек жоғары сатыда дамыған ағзаларда ғана
дұрыс  түзіле  алады. Сондықтан  ақуыз  синтездейтін  қандай  да  бір  түр  неғұрлым
Homo sapiens
-ке  жақын  туыс  болған  сайын, солғұрлым  ақуыз «дұрыс» түзілетіні
белгілі болды. Генді хайуандар жасушасына ақуыз өндіру мақсатымен бірге, оларды
қанға  бөлу  қызметінде  атқара  алатындай  етіп  дұрыс  кіргізу  əдістерін  меңгерудің
нəтижелері, трансгенді  хайуандар  жасап шығаруға  қол  жеткіздірді. Əзірше мұндай
жолмен  өндірілген  қолданысқа  дайын  дəрмектер  болмағанымен, жақын  аралықта
олардың пайда болуы мүмкін деген болжамдар жасалады.
Осындай жолмен жасалған трансгенді тышқан, үй қояндары, шошқа, қой, ешкі
жəне  сиырлардың  сүтінен, қанынан, несептерінен  адамдардың  ақуыздары  бөлініп
алынған. Қазіргі  кезде  клиникалық  сынақтардан  өткізіліп  жатқан  мұндай
ақуыздардың  қатарында  қойлардан  алынған  антитромбин  ІІІ  пен  альфа-
антитрипсин, козамидің құрамдастары, альфа -1 антитрипсин жəне үй қояндарынан
алынған  адамның  С1 ингибиторы  бар. Трансгенді  хайуандармен  жұмыс  істеудің
басты  кедергілері – олардың  мал  топтарын  құрып, көбейтуге  көп  уақытты  қажет
ететіндіктерінде. Бірақ  та, биодəрмектерді  өндірудің  басқа  да  белгілі  əдістерімен
салыстырғанда, мұндай  жолмен  өндірілетін  дəрмектерді, құны  бойынша  бəсекеге
қабілеттілеу  деп  есептеуге  болады. Екінші  бір  басты  кедергі  ретінде, трансгенді
хайуандарда өндірілетін кейбір биодəрмектердің, хайуандардың өз ағзасына зиянын
тигізу мүкіндігін айтуға болады.
Аталған кемшіліктерді шығарылатын өнімдердің көлемі жаба алады. Өйткені
салыстырмалы түрде аз  санды  малдармен жұмыс істеу жəне оларға  кететін шығын
көлемін  кеміту  нəтижесінде, көп  мөлшерде  жұмыртқа  немесе  сүт  өнімдерін  алуға
болады. Бұдан  басқа  артықшылық, жасуша  өсіру  əдісімен  салыстырғанда  алынған
дəрмектің ластану қауіпі азаяды. Мысалы, теория бойынша, Гоше ауыруын емдейтін
дəрмек  шығаратын  құны 10 млн. долларлық
Genzyme
фирмасының  қондырғысын,
небəрі 12 бас ешкі алмастыруы мүмкін.
Қазіргі  нарықтық  заманында  сүтке  айналатын  өнімдерге  сұраныс  артуда.
Соңғы зерттеулер нəтижелеріне қарағанда, осы мақсатта құс жұмыртқалары негізгі
өндіріс  көзі  бола  алады  екен. Өйткені  тауықтың  жетілуі  тез  жəне  күтіп-бағылуы
оңай  болуы  себепті, дəрмек  өндіруге  кететін  уақыт  пен  шығын  мөлшері  азаяды.
Тауықтардың  өте  жылдам  көбеюге  қабілеттілігі  арқасында, олардан  көп  мөлшерде
жұмыртқа  алу  мүмкін. Алынған  жұмыртқаларды  өте  əсерлі  дəрмектер  жасауға
қолдануға  болады. Жұмыртқа  құрамындағы  ақуыздардың  гликолиздену  үдерістері,
адам ағзасы ақуыздарынікі сияқты жолмен өтеді.
Осы 
мақсатта 
тауықтарды 
пайдалану 
үшін, олардың 
геномын
трансформациялаудың  ерекше  тəсілдерін  қолдану  қажет. Себебі, ұрықтанған
жұмыртқаны  трансформациялау  мүмкін  емес. Өйткені  ұрықтанған  жұмыртқаның


120
тауық  ағзасындағы  жыныс  түтікшесі  бойымен  жылжуына 24-25 сағаттай  уақыт
кетеді  екен. Сол  уақыттың  ішінде  олар  ақуыз  жəне  қатты  жұмыртқа  қабығы
(скорлупа) қабаттарымен  қапталып  үлгереді. Туылған  жұмыртқа  ішіндегі  эмбрион
шамамен, 30-60 мыңдай  жасушадан  тұрады. Соңғы  уақытта  бөгде  ДНҚ-ын  тауық
геномына  ендіру  əдісі  жасалынды. Сондай  бір  трансперонды  қолданып  жасаған
тəжірибелер барысында алынған генетикалық материал өте тұрақты болып шыққан
жəне тауық ДНҚ-на сорылу немесе тіркесу қабілеттілігі тиесілі екендігін көрсеткен.
Бұл тəжірибелер, трансгенді тауықтар жұмыртқаларында бөгде ақуыздардың  пайда
бола 
алатындықтарын 
дəлелдеп 
берді. Сондықтан, болашақта 
тауық
жұмыртқаларынан 
рДНҚ-технологиясы 
арқылы 
дəрмектер 
дайындау,
биотехнология  саласында  еңбек  ететін  ғалымдар  тарапынан  зор  қызығушылық
тудырады.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау