28
тəжірибе жұмыстарының нəтижелері көрсеткендей, ересек діңгек жасушалары
олардың шектеулі мүмкіндіктері жөнінде қалыптасқан пікірге қарсы, көптеген басқа
да жасушалар қатарына бастама бола алатындықтарын көрсеткен. Мысалы,
гематопоэтикалық діңгек жасушаларын, тері қабаттары жоғары дозадағы радиация
сəулелерімен зақымданған тышқандарға жіберген. Нəтижесінде, гематопоэтикалық
діңгек жасушаларының сүйек жасушаларына бармай, басқа, атап айтқанда бауыр,
бүйрек жəне өкпе сияқты зақымданған мүшелердің қалпына келуіне ат салысқаны
анықталған. Алайда мұндай зерттеулер нəтижелерінің əлі де нақтылануы қажет.
Себебі тышқан мен адамдардың жасушалары арасындағы айырмашылықтар өте
үлкен болуы мүмкін. Мысалы, адамдармен салыстырғанда тышқан жасушалары
құрамындағы белсенді гендер саны анағұрлым аз екендігі жөнінде мəліметтер бар.
Қазіргі кезде науқас адамдарды емдеу үшін тек қана ересек діңгек
жасушалары пайдаланылады. Алайда оларды қолдану мүмкіндіктері шектеулі
екендігі анық. Эмбриональдық діңгек жасушалары мұндай мақсатта мүлде
пайдаланылмайды десе де болады. Қазіргі кезде сүйек кеміктеріндегі діңгек
жасушаларын қан ісігі мен ақ қан (гемофилия) ауруларын
емдеу мақсатында кеңінен
қолданады. Сонымен бірге діңгек жасушалары, əртүрлі дəрежедегі күйік шалған
адамдардың терісін пластикалық хирургия əдісімен қалпына келтіру мақсатында да
кең қолданысқа ие болған. Бұл үшін адамның күйік шалған тері үлескісі алынып,
арнайы дайындалған ортаға салынады. Нəтижесінде діңгек жасушаларының тікелей
əсерінен жаңа тері қабаттары түзіліп, оның көлемі де біршама арта түседі. Осы
үдерістің барысында түзілген тасымалдауға (трансплантация) арналған тері қабаты,
оның зардап шеккен ағза мүшелерінен түзілуі себепті – аутологиялық деп аталады.
Клиникалық сынақтан өткізу кезінде, сүйек кеміктерінен алынған діңгек
жасушалары жүрегі науқас адамдарға ендірілген. Клиницистердің тұжырымдары
бойынша жүректің зақымданған жасушаларының біртіндеп қалпына келе бастағаны
айтылады. Бірақта, бұл оң үдеріске шынымен дəл діңгек жасушаларының əсер
еткені жөнінде нақты мəліметтер жоқ. Діңгек жасушалары өсу факторларына əсер
ететін шырышты заттар бөлуге жəне жаңа қан тамырларының қалыптасуына да
қатысуы мүмкін. Май жəне сүйек ұлпаларынан алынған діңгек жасушалары, жылқы
малының шеміршек ұлпаларын қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.
Қазіргі кезде діңгек жасушаларын сүт бездерін (мастопатияда) қалпына келтіру
бағытындағы терапияда қолдану мəселесі бойынша ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
Клиникалық сынақтар барысында уимбикалды қаннан алынған діңгек
жасушаларын, гематопоэтикалық діңгек жасушалары түзілетін қайнар көз ретінде
қарастыруға болатындығын көрсеткен. Бұл жасушалар, ересек ағзалардан алынған
гематопоэтикалық
діңгек жасушаларына қарағанда, емделушілерде
қарсы иммундық
жауап əсерінің туындауына өте аз дəрежеде себеп болады.
Осыған ұқсас клиникалық сынақ жұмыстары шараналық ұлпалардан алынған
діңгек жасушаларын Паркинсон жəне сусамыр (қант диабеті) ауруларын емдеу үшін
жүргізілген. Сынақ жұмыстарының табыстары əртүрлі болды деп айтылады.
Сондықтан, адамзаттың жасушалардың мамандануы жөніндегі мəліметтері
неғұрлым толық болған сайын, солғұрлым ересек діңгек жасушаларын
пайдаланудың нəтижелілігі де арта түсетіні белгілі.
29
6-сурет. Ересек
діңгек жасушалары
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Ғалымдар арасында ересек діңгек жасушаларын зақымданған ағза мүшелерін
қалпына келтіру мақсатында пайдалануға болады деген үміт бар. Теория бойынша,
діңгек жасушаларынан бүтіндей ағза мүшелерін өсіріп, онымен зақымданған
мүшелерді алмастыру мүмкін. Алайда, бұл терапияның орындалуы техникалық
жағынан бірнеше кедергілерге ие. Бірінші басты кедергілер қатарына, мұндай
жасушалардың өте аз кездесуін жəне оларды бөліп алудың қиындығын жатқызуға
болады. Сіздер мұндай жасушаларды тауып, оларды таза күйінде бөліп алып,
соңынан зертханада өсіруге жағдай жасадыңыз деп есептейік. Енді, осындай
жағдайда да ең басты кедергіден өтуіңіз керек болады, яғни бұл жасушаларды
арнайы қоректік ортада өсіру өте күрделі болып табылады. Сондықтан, қазіргі кезде
діңгек жасушаларын таза күйінде бөліп алып, арнайы мақсатта көбейту əзірше
мүмкін болмай отыр.
Ересек діңгек жасушаларын терапиялық мақсатта қолданудың бұдан басқа да
қиындықтары бар. Мысалы, бір аурумен ауыратын адамның бауырынан алынған
діңгек жасушаларын, сондай ауруы бар адамды емдеу үшін қолданған жағдайда,
бұрынғы генетикалық кемшіліктің қайтадан көрініс беру ықтималдығы жоғары
болады.
Мұнан басқа, егерде бөгде адамның (донордың) ересек діңгек жасушаларын
пайдаланған жағдайда, оны еккен адамның (реципиент) иммундық жүйесі
қабылдамай қоюы да мүмкін. Мұның басты себебіне, осы жасушалардың ағзамен
бірге көп жасауына байланысты, көбінесе ересек діңгек жасушалары құрамындағы
ДНҚ-на кəрі ағзада жиналатын уытты заттардың əсер етуі жатады. Сонымен бірге,
зерттеушілердің мəліметі бойынша, жастары ұлғайған сайын адам ағзасындағы
діңгек жасушаларының да тіршілікке қабілеттілігі төмендейді екен.