«Үлкен сегіздік» – экономикалық мәселелерді шешу және
экономикалық саясатты үйлестіруге талпыныстар жасау үшін
басшылары үнемі бас қосып отыратын өнеркәсібі дамыған елдер
(АҚШ, Жапония, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада
және Ресей) тобы.
Ішкі қарыз – мемлекеттің өз елі ішіндегі азаматтарына,
фирмаларына және мекемелеріне деген борышы.
Филлипс қисығы – жұмыссыздық деңгейі мен бағалар деңгейінің
өсуінің жылдық қарқыны (инфляция) арасындағы байланысты
сипаттайтын қисық сызық.
Фискалдық саясат (бюджет-салық) – толық жұмысбастылықты
және инфляциясыз ұлттық өнім өндірісін қамтамасыз етуге
352
бағытталған үкіметтің мемлекеттік шығындар мен салық салу
тәртібіне заңдық тұрғыдан саналы түрде өзгерістер енгізу шаралары.