|
Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. ДоғаловЭкономикалык теорияКоммерциялық банктер
– халықтың уақытша бос ақша-
қаражаттарын тартып несие берумен айналысатын және банктік
операцияларды жүргізуге үкіметтен рұқсаты бар фирмалар.
Коуз теоремасы
– сыртқы әсерлердің мәселесін мемлекеттің
қатысуын-сыз өзара мүдделі жақтармен белгілі бір келісімдерге келу
арқылы шешуге болатындығын дәлелдейтін теория.
Көлденең кесінді
– өндіріс көлемінің өзгеруіне қарамастан бағалар
деңгейінің тұрақтылығы сақталатын жиынтық ұсыныс қисығының
көңденең бір бөлігі.
«Үміт үзген» жұмысшылар
– жұмыс таба алмағаны үшін жұмыс
күші құрамынан шыққан жұмысшылар.
Көлденеңінен бірігу
– өндірістің белгілі бір кезеңін жүзеге
асыратын және бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар
тобы.
Көлденеңінен қосылу
– өнімнің белгілі бір түрін өндіретін
бірнеше фирмалардың бір фирма болып толығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|