Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет479/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   610
Экономикалык теория

Коммерциялық банктер. 
Бастапқыда коммерциялық банктердің 
қызметі тек саудада ғана орын алды. Ал қазір «коммерциялық» тер-
мині банктің іскерлік сипатын білдіреді және ол пайда табуға ұмтыла 
отырып, экономиканың барлық салаларына қызмет көрсетеді. 
Коммерциялық  банктер
  –  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын 
жұмылдырып, оларды мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымды-
лығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға бағытталған несиелік 
институттар.  Коммерциялық  банктер  несие  беру,  салымдарды 
қабылдау, төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сату-
сатып алу, сенім бойынша мүлікті басқару, мемлекеттік қарыздарды 
орналастыру, қаржылық-несиелік мәселелер бойынша кеңес беру, жал 
операцияларын жүргізу сияқты қаржылық-несиелік операциялардың 
үлкен көлемін нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке (мемлекеттік 
емес) банктер ретінде сипатталады. Батыстың қазіргі заманауи банк-
тері операциялардың 250 жуық түрлерін орындайды. Коммерциялық 
банктердің  мемлекеттік  банктерден  басты  айырмашылығы  болып 
оларда ақша басып шығаруға деген құқығының болмауы табылады. 


288
Коммерциялық банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың 
үлкен  көлемін  іске  асыратын 
әмбебап  банктер
,  және  бір  немесе 
бірнеше  банктік  операцияларды  орындайтын 
мамандандырылған 
банктер
 (мысалы, жинақ банкі).
Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып 
табылады. Банктердің функционалдық мамандануы бойынша банктер 
инновациялық,  инвестициялық,  есептік,  жинақтық,  ипотекалық, 
депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы бойынша 
банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық, 
сыртқы саудалық, ауыл шаруашы-лықтық және т.б. болып бөлінеді. 
«Клиенттік» мамандануы бойынша банктер биржалық, тұтынушы-
лық,  коммуналдық,  сақтандырушылық  болып  ажыратыла-ды. 
Сондай-ақ территориялық мамандануы бойынша банктер аймақтық, 
аймақаралық, халықаралық болып бөлінеді.
Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық 
банктер акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді.
Банктік тәжірибеде банктік операциялардың негізгі түрлері бөліп 
көрсетіледі: активтік және пассивтік операциялар, банктік қызмет 
көрсетулер.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау