Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет214/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   610
Экономикалык теория

Жетілген бәсеке жағдайында
 фирманың өніміне деген сұраныс 
абсолютті  икемді  болып  табыла  отырып,  оның  сұраныс  қисығы 
шекті  табыс  қисығымен  сәйкес  келеді,  бұл  өз  кезегінде  фирманы 
нарықтық  бағаны  басшылыққа  ала  отырып  шығарылым  көлемі 
туралы шешім қабылдауға итермелейді. Фирма өз пайдасын шекті 
шығындар  нарықтық  бағаға  тең  болғандағы  шығарылым  көлемі 
кезінде  максималдайды.  Қысқа  мерзімде  жетілген  бәсекелес 
фирманың  ұсыныс  қисығы  өндірістің  қысқа  мерзімді  шекті 
шығындарының  орташа  өзгермелі  шығындармен  қиылысуындағы 
жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді:
- өндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма 
экономикалық пайда алады;
-  бағаның  өндірістің  орташа  шығындарына  тең  болуы  кезінде 
фирма нөлдік пайда ала отырып, өзін-өзі өтеу жағдайында болады;
-  фирма  шығындарды  ең  аз  деңгейге  жеткізе  отырып  бағаның 
минималды  орташа  өзгермелі  шығындарымен  тең  болғандағы 
шығарылым көлемін жүзеге асыруы қажет. Жетілген бәсекелестік 
жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. 
Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық 
фирмаларының  шығындары  бірдей  болуы  керек  деген  парадокс 
туындайды. Жетілген бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауыл-
дарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық ұсыныстың ұлғаюы 
есебінен  экономикалық  пайданың  жоғалуына  себепші  болып 
табылады. Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі 
тепе-теңдік  жағдайы  нарықтық  баға  өндірістің  ұзақ  мерзімдегі 
минималды орташа шығындарына тең болған уақытта орындалады, 
яғни  фирмалар  нөлдік  экономикалық  пайданы  ғана  ала  алады. 


116
Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке 
деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін 
көлденеңінен қосу арқылы анықталады. Салалық ұсыныстың ұзақ 
мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне 
байланысты  қалыптасады  және  оның  көлбеулігі  мынадай  болуы 
мүмкін:  а)  көлденең  түзу  сызықты,  егер  өндіріс  факторларының 
бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз 
қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлар-
дың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде 
болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін 
болса. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының 
орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы 
фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі 
минималды  орташа  шығындарына  тең  болғандағы  сату  көлемін 
таңдайды. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса 
тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды 
аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі 
ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау