Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39


Бесіншіден,  жасалған  бағдарламаның  жобасы  тиісті  билік  ор-



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет16/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68

Бесіншіден,  жасалған  бағдарламаның  жобасы  тиісті  билік  ор- 
гандарының қарауына жэне  бекітуіне ұсынылады.
Қазір  Қазақстанда  ел  экономикасын  дамыту  бағдарламаларын 
жасауда  үлкен  тәжірибе  жинақталған.  «Қазақстан  -   2030»  -  эконо- 
миканы  дамыту  стратегиясының  бағдарламасы  болып  табылады, 
ол  аз  мерзімге  жасалатын  салалық,  аймақтық  бағдарламалармен 
түзетіледі  жэне  нақтыланады.  «Қазақстан  Республикасын  2010- 
2014  жылдарға  қарқынды  индустриялық-инновациялық  дамыту 
жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламасы.»  осындай  бағдарламалардың 
бірі болып табылады.
Бағдарламаның  мазмұны  Қазақстандағы  ағымдағы  ситуацияны 
талдауды  қамтиды  жэне  мақсаттарды,  басымдықтарды,  міндеттер 
мен  принциптерді  айқындайды.  Бағдарламаны  іске  асырудың 
негізгі  бағыттарында:  диферсификация  мен  бәсеке  қабілеттіліктің 
артуын  қамтамасыз  ететін  экономиканың  басым  бағыттарын  да­
мыту  қаралады;  мұнда  тек  ғана  энергетикалық,  тасымалдық 
инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ғана емес, тарифтік, сауда саяса- 
ты, инвестицияларды тарту, қаржылық демеу тетіктері мен т.б. енетін 
экономиканы  дамытудың  басым  салаларын  дамыту;  экономикалық 
өсу  орталықтарын  құру;  экономиканың  басымдықты  салаларын 
дамытудағы  мемлекет  пен  бизнестің  тиімді  өзара  әрекеттесуі  де 
қарастырылады.  Соңғысы  Бағдарламаны  республикалық  жэне 
аймақтық деңгейлерде дамыту механизмдерін  (Бизнестің-2020 жол 
картасын),  бағдарламаны  іске  асырудың  сызбаларымен  тетіктерін, 
сондай-ақ оны қаржылай қамтамасыз етуді қамтиды.
3.3.  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің елдің әлеуметтік- 
экономикалық дамуына ықпалы.
Кеңес  экономикасында  мемлекеттік  жоспарлау  өндірілетін 
өнімнің  өндірісіне,  айырбасына,  бөлінуіне,  тұтынуына  реттегіш 
ықпалдың  негізгі  түрі  болатын.  Кеңестік  құрылыс  барысында  бұл 
жүйенің жағымсыз салдары орын алды. Алайда мұнда жоспарлаудың 
өзі  емес,  оны  жекелеген партиялық топтардың мүддесінде келеңсіз 
пайдалану  жазықты  еді.  Жоспар  кез  келген  қоғамда  мақсатты, 
қорды  жэне  шараларды  біртұтас  етіп  байланыстыру  үшін  қажет. 
Орталықсыздандырылған  шешім  қабылдау  жүйесі  басым  қазіргі 
қоғамдағы  нарықтық  қатынастардың  өзі  ресурстарды  барынша
49


аз  жоғалтуға  қол  жеткізуге,  экономиканың  дағдарысын  туында- 
татын  факторлар  ықпалын  азайту  үшін  өндіріс  құрылымының 
прогрессивті өзгерістерін қолдауға мемлекеттің ықпал етуіне түрткі 
болды.
Өндірісті  қоғамдастыру  мен  шоғырландырудың  жоғары  дең- 
гейі,  экономикалық  байланыстардың  күрделі  болуы,  мемлекеттің 
экономикалық жүйенің тепе-теңдігін, оның жоғары даму қарқынын, 
тек экономикалық тетіктермен, яғни бюджеттік, ақша-несиелік рет- 
теумен ұстап тұра алмайтын жағдайын туындатты. Бүл қысқа уақыт 
ықпал  ету  тетіктері  ғана.  Олар  негізінен  экономикалық  өсімнің 
болжамдық  немесе  жоспарлы  көрсеткіштерінен  ауытқуын  жэне 
сол  өсімді  қамтамасыз  ететін  пропорциялардың  бұзылуын  жою 
үшін  пайдаланылады.  Әзірленген  жоспардың  болуында  нарық- 
тық  механизмдерді  пайдалана  отырып,  осы  тепе-теңдікті  бұзатын 
факторларға жылдамырақ бейімделуге болады.
Осылайша,  жоспарлау дегеніміз  экономиканың тұрақты  қызмет 
етуі  мен  дамуы  үшін  бекітілген  кешенді  мақсатты  бағдарламаға 
сэйкес  экономикалық  қатынастарды  іске  асырудың  реттілігін, 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  ұтымды  күлқы  мен 
нарықтық  реттегішті  пайдалануды  үйлестіру  болып  табылады. 
Жоспарда  қорларды  сандық  жэне  сапалы  құрамда  пайдаланудың 
белгіленген реттілігі бекітіледі.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау функциясы:
1)  мақсат  пайымдаушы  функциядан,  яғни  ел  экономикасын 
дамытудың  тактикалық  жэне  стартегиялық  мақсаттарын  анык- 
таудан;
2)  таладамалық  функциядан,  ол  жоспарлау  басталған  кезеңдегі 
экономиканың  жай-күйін  талдаудан  жэне  оның  даму  болашағын 
негіздеуден;
3)  ақпараттық  функциядан,  яғни  өз  шешімдерін  қабылдауы 
және  өздерінің  дамуын  жоспарлауы  үшін  шаруашылық  жүргізуші 
субъектілерге жоспарлау деректерін үсынудан;
4)  елді  дамыту  жоспарына  енген  субъектілер  қызметінің 
ережелері  мен нормативтерін  анықтаудан түрады.
Жоспарлауды  жасағанда  мемлекеттік  билік  органдары:  атау- 
лы  болу,  оңтайлылық,  теңестірілу  мен  ғылыми  негізделу  сияқты 
принциптерді  басшылыққа  алады.  Жоспарлау  кезінде  нақты  орын-
50


даушылары  мен  орындалудың  нақты  мерзімдері  анықталады, 
мүмкіндіктер  мен  дамудың  белгіленген  мақсаты  арасындағы 
қалаулылық  арақатынасы  қамтамасыз  етіледі,  мақсатқа  жетудің 
едәуір  тиімді  нұсқасы  таңдап  алынады,  әзірленетін  жоспарлар 
объективті  экономикалық  заңдылықтарға  жэне  алдыңғы  қатарлы 
ҒТП жетістіктеріне негізделуі тиіс.
Көрініс беруі мен мазмұндық формасы бойынша директивалық, 
индикативті  жэне  стратегиялық  жоспарлау  айқындалады.  Жоспар- 
лау мерзімдері  бойынша  қысқа  мерзімді  (1  жылға дейінгі),  орташа 
мерзімді  (5  жылға дейінгі)  жэне  ұзақ мерзімді  (5-тен  астам)  болып 
бөлінеді.
Макроэкомикалық  жоспарлаудың  мэні  көрсеткіштерді  әзір- 
леуден  және  кәсіпкерлік  ортаға  дейін  жеткізуден  ғана  тұрмайды, 
алдымен  жоспарланатын  кезеңге  мақсаттарды  белгілеуден  жэне 
оған  шынымен  де  қол  жеткізетін  материалдық,  еңбек,  қаржы 
қаражаттарын  жасаудан  да  тұрады.  Экономикалық  үдерістерді 
үйлестіруді шарушылық жүргізудің таңдап алынған бағыты бойын­
ша  белгіленген  мақсатқа жету  үшін  мемлекеттік  және  мемлекеттік 
емес  институттар  жасайды.  Олар  мемлекеттік  шығындармен  жэне 
шаруашылық  үдерістеріне  ықпал  етудің  басқа  да  тетіктерімен 
манипуляциялар  жасамайды.  Жоспарлау  арқылы  ел  экономика- 
сын  дамытудың  алдағы  жолдары  айқындалады,  кәсіпкерлерге  қай 
нарықта  әрекет  ету  тиімді  болатынына,  мемлекеттің  қолдауына  ие 
болу үшін қандай техника мен технологияны пайдалану керектігіне, 
өз  қызметінде  қоғамдық  өндірістің  қай  салаларына  сүйенуі  жэне 
қалай бағыт түзеуі қажеттігіне кеңес  береді.
Жоспарлау  кезінде  ұлттық  экономиканы  біртұтас  қүбылыс 
ретінде  қарастыру  керек,  осыған  сэйкес  ағымдағы  жэне  страте- 
гиялық жоспарлау бойынша белгіленген жоспарларды іске асыру да 
біртұтас бірлікте қарастырылуы тиіс. Мысалы, қорлардың шектеулі 
болуы,  аймақтық  еңбек  бөлінісі,  табиғат  ресурстарын  өндіру  мен 
қайта  өңдеу  мемлекеттік  билік  органдарының  алдына  өндіріс 
күштерін  оңтайлы  дамыту  мен  орналастыру  мәселесін  қояды. 
Бұл  жағдайларда  мемлекеттік  билік  органдары  ықпал  етудің  түрлі 
тетіктерін және ең алдымен қоғамның басымдықты проблемаларын 
шешуге  жекеменшік  бизнесті  тарту  мақсатында  мемлекеттің  тап- 
сырыстар  мен  сатып  алулар  жүйесін  ұйымдастырудың  түрлі  фор-
51


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау