Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет43/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68

138
талапты (талап қою мерзімінің өтуі) қанағаттандыруда материалдық 
құқығын жоғалтуына байланысты сот айып берушінің талабына теріс 
шешімін шығарды.
Есептен туындайтын сұрақтар: 
1. Бірінші инстанция соты азамат Дьяченконың ісін қарастырудан 
бас тартуы заңды ма?
2. Істі қарастырып, сот дұрыс шешім қабылдады ма?
3. Талап қою мерзімін қайта қалпына келтіру мүмкін бе?
8.4. Тестілер
1.  Алдау,  зорлық,  қорқыту  (кiрiптарлық  мəмiле)  ықпалымен 
жасалған мəмiлелерге қатысты талап қою мерзімі:
а) 1 жыл
b) 3 ай
с) 3 жыл
d) 10 жыл
2. Талап қою мерзімін есептеу тəртібі:
а) тараптардың келісімімен бекітіледі
b) тараптардың келісімімен өзгертілуі мүмкін
с) 10 жылды құрайды
d) заңмен бекітіледі
3. Талап қоюдың жалпы мерзімі:
а) 1 жыл
b) 3 ай
с) 3 жыл
d) 10 жыл
4. Жылдармен есептелетiн мерзiм:
а) мерзімнің соңғы күні бiтедi
b) мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде бiтеді
с) келесі жылдың бірінші күні бiтедi
d) мерзімнің соңғы жылында бiтедi 


139
5. Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура кел-
се:
а)  мерзiмнiң  аяқталған  күнi  болып  содан  кейiнгi  ең  таяу  жұмыс 
күнi саналады
b) мереке күндері туралы ережелер қолданылады
с) мерзім белгісіз уақытқа созылады
d) мерзім қайтадан басталады
6.  Егер  əрекет  ұйымда  жасалуға  тиiс  болса,  ол  орындалуы 
мүмкін:
а) мерзімнің соңғы күнінің 24 сағатына дейін
b) ұйымда жұмыс күнінің аяқталуына дейін
с) мерзімнің соңғы күнінің 18 сағатына дейін
d) осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар 
тоқтатылуына бір сағат қалғанша
7. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi:
а) соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз бо-
лады
b) соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз бол-
майды
с) талапты соттың қарауына негіз болады
d) соттың талапты қараусыз қалдыруына əкеп соқтырады
8. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi басталады:
а) оның басталуы белгіленген күнтiзбелiк күннен
b)  оның  басталуы  белгіленген  күнтiзбелiк  күннен  кейінгі  келесі 
күннен
с) бұл уақыт кезеңі ішіндегі кез келген күні
d) келесі айдың бірінші күні
9.  Почтаға,  телеграфқа  немесе  өзге  де  байланыс  мекемесiне 
тапсырылған жазбаша мəлiмдемелер мен хабарламалар мерзiмiн-
де жасалған болып саналады:
а) мерзiмнiң соңғы күнiндегi 24 сағатқа дейiн жасалған
b) байланыс бөлімінде жұмыс күнінің аяқталуына дейін жасалған
с) мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат 18-ге дейін жасалған
d) байланыс бөлімінде бекітілген ережелер бойынша осы опера-
циялар аяқталуына бір сағат қалғанша жасалған


140
10. Талап қою мерзімі таралмайды:
а) салымшылардың банкiге банктiк салымдарды беру туралы та-
лаптарына
b) меншік құқығын тану туралы меншіктің заңды иесінің талабы-
на
с) азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарға
d) меншік иесінің біреудің заңсыз иелігіндегі мүлікті қайтару ту-
ралы талабына
8.5. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР  Азаматтық  кодексі  (Жалпы  бөлімі) (өзгерістер  мен  толық-
тырулармен бірге)


141
9-тақырып. Меншік құқығы жəне өзге де заттық 
құқықтар
9.1. Меншік құқығы
9.1.1. Меншік құқығының ұғымы мен мазмұны
9.1.2. Меншік құқығының пайда болуы
9.1.3. Меншік құқығының жойылуы
9.1.4. Меншік нысандары мен түрлері
9.2. Ортақ меншік
9.3. Меншік иесі емес тұлғалардың заттық құқықтары
9.4. Меншік құқығын жəне өзге де заттық құықтарды қорғау
9.5. Тапсырмалар
9.6. Тест
9.7. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
9.1. Меншік құқығы
9.1.1. Меншік құқығының ұғымы мен мазмұны
Меншік  құқығын  объективтік  жəне  субъективтік  мағынада  қа-
растырады.
Объективтік  мағынада  меншік  құқығы  меншік  қатынастарын 
реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді (ҚР АК 188-267 
баптары).
Субъективтік мағынадағы меншік құқығы ол меншік иесінің өзі-
не тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жəне оған билік 
ету құқығы болып табылады.
Меншік құқығы дегенiмiз – субъектiнiң заң құжаттары арқылы 
танылатын жəне қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша ие-
лену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығы (ҚР АК 188-бап). 
Меншік  құқығының  мазмұнын  меншік  иесінің  өзіне  тиесілі  мү-
лікті  иелену,  пайдалану,  билік  ету  құқықтары  құрайды.  Осылардың 
əрқайсысы меншік құқығының міндетті элементі болып табылады.
Меншік құқығының мазмұны:
Иелену
Пайдалану 
Билік ету


142
Мүлiктi iс 
жүзiнде иеленудi 
жүзеге асыру-
ды заң жүзiнде 
қамтамасыз ету.
Мүлiктен  оның  пайда-
лы  табиғи  қасиеттерiн 
алудың, 
сондай-ақ 
одан пайда табудың заң 
жүзiнде 
қамтамасыз 
етiлуi. 
Мүлiктiң заң жүзiндегi 
тағдырын  белгiлеудiң 
заңмен 
қамтамасыз 
етiлуi.
Иелену  заңды  жəне  заңсыз  болуы  мүмкін.  Мүлікті  заңды  түр-
де  иелену  белгілі  құқықтық  негіздер  бойынша  жүзеге  асырылады. 
Заңсыз иеленудің құқықтық негізі болмайды, мысалы өзгенің затын 
зорлап иелену.
Заңсыз иеленуді адал жəне теріс пиғылды деп бөледі. Адал иелену 
деп иеленуші өз меншігінің заңсыз екенін білмегендігі жəне білмеуі 
тиіс  болған  жағдайда  туындайды.  Теріс  пиғылды  немесе  жосықсыз 
иелену керісінше иеленуші өз меншігінің заңсыз екенін біледі жəне 
білуге тиіс болған жағдайда орын алады.
Билік ету өкілеттілігі мүлікпен əр алуан мəмілелер жасай алудан – 
жалға беру, кепілге қою, мүлікті иеліктен шығарудан көрініс табады.
Меншік  құқығы  заңнамалық  актілермен  шектелуі  мүмкін.  Атап 
айтқанда, меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар 
мен  мемлекеттiң  құқықтарын  жəне  заңмен  қорғалатын  мүдделерiн 
бұзбауға  тиiс.  Құқықтар  мен  заңды  мүдделердi  бұзушылық  басқа 
нысандарымен  қатар,  меншiк  иесiнiң  өзiнiң  монополиялық  жəне 
өзге  де  басымдық  жағдайын  пайдаланып  қиянат  жасауынан  көрiнуi 
мүмкiн. Сондай-ақ меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде 
азаматтардың  денсаулығы  мен  айналадағы  ортаға  келтiрiлуi  мүмкiн 
зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
Меншiк  иесi,  өзiне  тиесiлi  мүлiктi  күтiп  ұстау  ауыртпалығын 
көтередi  жəне  бiржақты  тəртiппен  мұндай  ауыртпалықты  үшiншi 
жаққа ауыстыра алмайды.
9.1.2. Меншік құқығының пайда болуы
Меншік құқығы меншік құқығының пайда болу негіздері деп ата-
латын заңды фактілер арқылы пайда болады.
Меншік құқығының пайда болу негіздері алғашқы жəне туынды 
болып бөлінеді.
Меншік  құқығына  ие  болудың  алғашқы  негіздері  болып  заттың 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау