95
Жер шарының бетіндегі қысқа жол ортодромия бойынша
анықтауға негізделетіні белгілі (3.1 тақырыпты қара). Бірақ орто-
дромиямен қозғалу кеменің курсын (бағытын) тұрақты түрде
өзгертіп отыруды қажет етеді. Сондықтан ортодромиямен есеп-
телген жол жеке телімдерге бөлініп, олардың əрқайсысында кеме
локсодромия бойынша қозғалады.
Картографиялық проекцияны графиктік əдіспен құру. Мер-
катор дың тең бұрышты цилиндрлі проекциясымен кар то гра фия лық
торының жиілігі ∆φ=∆λ=5º; φ
0
=0º; φ
N
=φ
S
=25º; λ
орт
=120º; λ
ω
=100º
λ
0
=140º болатын Индонезияның 1:10 000 000 мас штаб ты карта-
сын құру төменде көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1. құрастыратын картаның сұлбасын (макетін) жасау;
2. меридиандар мен параллельдер аралықтарының өлшемдерін
есептеу;
3. құруға қажетті бастапқы деректері бар кесте дайындау;
4. қағаз бетіне картографиялық торларды құру жəне олардың
аралықтарын есептеу;
5. монтаждау жəне картаны құру.
Құрастыратын картаның сұлбасын (макетін) жасау. Құрас-
тыру сұлбасын көбінесе проекциясы бірдей жəне масштабы жа-
қын картада құрады. Сұлбаға картада кескінделген аумақты шек -
тей
тін шеткі меридиандар мен параллельдерді түсіреді. Орта
-
лық ме ри диан мен бұрыштамаға қатысты алғанда бағдар бола-
тын с тан дартты параллельдерді бұрыштамалардың түрлерін
көр се те ді.
Меридиандар мен параллельдер аралықтарының өлшемдерін
есептеу. Мұғалімдерге арналған атластағы А. В. Гедыминнің
картографиялық кестесі бойынша 5º меридиандар мен парал-
лельдер доғасының аралықтарын есептейді. Параллельдердің
аралықтарын ендік бойынша экватордан бастап 5º(556605,0 м)
бөледі. 5º меридиандар доғаларында экватордан шеткі парал-
лельге (30º) дейінгі əр бір нүктеде тең бұрыштылық жағдайды
сақтау үшін ендіктерге сəйкес меридиандар қиып өтетін көршілес
параллельдердің аралықтары белгіленген өлшемде созу арқылы
бұрмалануына түзету енгізіліп келеді.
Құруға қажетті бастапқы деректері бар кесте дайындау.
Картографиялық проекциялардың əртүрлі сандық мəндерін
96
есептеп шығарып, олардың жеке көрсеткіштері мен деректерін
есептелінген кестеге енгізу біршама күрделі болуымен
ерекшеленеді. Кестелер картаны құру барысында əртүрлі іс-
əрекеттерді жылдам əрі дұрыс орындауға, құру заңдылықтарын
анықтап оның ретін бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, 5º
доғаның экватордағы өлшемі-556605,0 м, ал картаның мас-
штабындағы көршілес параллельдердің аралығы 5,57 см-ге
тең.
Қағаз бетіне картографиялық торларды құру жəне
олардың аралықтарын есептеу. Бастапқы деректер бар кестені
дайындағаннан кейін картографиялық торды төмендегі ретпен
құрады: қарындашпен бір-біріне перпендикуляр түзу сызық
орталық меридиан мен экваторды жүргізеді. Экватордың бойын-
да аралықтары 5,57 см-ге болатын орталық меридианға бағыттас
меридиандар доғасын жүргізеді. 3.5-кестеде көрсетілген
өлшемдерге сəйкес аралықтары бірдей емес орталық меридианға
перпендикуляр параллельдер жүргізеді. Бұрыштамаларын сызып
меридиандар мен параллельдердің градус сандарын белгілейді
[2.5 кесте].
Картаны құру жəне монтаждау. Көбінесе географиялық
карта суретке түсіру жолымен масштабы қажетті мөлшерге
дейін кішірейтілген біршама ірі масштабты карталар
негізінде құрылады. Сəйкес келетін нүктелері белгіленген
картографиялық негізі дайындалғаннан кейін алдымен ватман
қағаздың бетінде кішірейтілген көк жарық көшірмесі жасала-
ды. Сапалық монтаждау жүргізгеннен кейін əр түрлі масштаб-
ты карталарды құру ережелеріне сəйкес көк көшірме бойын-
ша карта мазмұнының барлық құрамдасбөліктері бар жарық
көшірмені құрады. Жоғарыда жанасатын параллель ретінде
экватор таңдап алынған ортасында бұрмалану көрсеткіші 1-ге
тең болатын жанасатын цилиндрдегі Меркатордың проекция-
сы қарастырылды. Меркатордың проекциясын көбінесе қиып
өтетін қалыпты цилиндрде жиі қолданады. Бұл жағдайда ци-
линдрмен жанасатын нөлдік бұрмалану сызығы екі жағында
орналасатындықтан, экватордағы ұзындық масштабы п<1,
аумақтың екі шеткі ендіктерінде п
2
=п
1
=1 жағдайына ие болады.
97
2.5 кесте.
Проекцияны құруға арналған деректер берілген кесте
Ендік
тері,
º е
с
ебімен
1º пара
ллельдер
доғасының ұзынд, м
Экв
ат
о
р
дағы 1º
доғаға қа
тысты
ал
ғанде бұр
м
ал
ану
, м
Экв
ат
о
р
дағы 5º доғаға
қа
тысты а
л
ғанда
бұр
м
ал
ану
, м
Ендік
тер, φ
5º доғаның меридиандар
бойынша өлшемі, м
5º доғаның меридиандар
бойынша бұр
м
ал
ану
д
ы
е
ск
ерг
ендегі (пара
ллельдер
бойындағы) өлшемі, м
М
еридиандар бойындағы
5º доғансының м
асшт
аб
бойынша өлшемі, см
0º
111 321 0,00
0,00
0-5º
552,893 554,998
5,55
5º
110 901 421
2105
5º-10º
552,984 561,384
6,61
10º
109 641 1680
8400
10º-15º
553,144 571989
5,72
15º
107 552 3769
18 845
15º-20º
553,386 586,746
5,87
20º
104 649 6672
33 360
20º-25º
553,699 605,544
6,06
25º
100 992 10 369
51 845
25º-30º
554,091 628,256
6,28
30º
96 488
14833
74 165
Цилиндрлі проекциямен құрылған картографиялық
тордың тоғысу нүктелерін есептеудің математикалық
əдістері. Жанасатын жəне қиып өтетін цилиндр үшін 3.6-кестеде
берілген формула бойынша есептелінеді.
Натуралдыдан ондық логарифмге өту үшін mod=0,43429448
өту модулі қолданылады. Сонда К=
0
0
(45
)
2
mod
Intg
ϕ
+
.
2.6 кесте жанасатын жəне қиып өтетін цилиндрлі проекцияның
картографиялық торларының тоғысу нүктелерін есептеу кестесі
болады.
Жанасатын цилиндр үшін
Қиып өтетін цилиндр үшін
бұрмалану
сипаты
X
Y
бұрмалану
сипаты
X
Y
теңаралық
х=2πR
0
0
360
ϕ
Δ
у=2πR
0
0
360
λ
Δ
тең аралық
х=2πR
0
0
360
ϕ
Δ
у=2πR
0
0
360
λ
Δ
cosφ
0
7–1171