230
Жоғарғы атқарушы биліктерден келген түрлі нұсқаулар, қаулылар,
шешімдер жəне ұжымның ішіндегі ұйымдастыру жəне жарлық беру,
бұйрық, шешімдер мен өкімдердің орындалу барысы, өндірістік
жұмыстар мен түрлі есеп берулер жиынтығы. Əрине, əкімшілік-
жарлықтық жұмыстарға тым үйір болу да менеджердің шығармашылық
қабілетін шектеп, ұжымның өзіндік жұмыс істеу мүмкіндігіне тежеу
жасауы мүмкін екенін есте ұстаған жен.
Экономикалық əдіс менеджер үшін экономикалық стимул
қызметін атқарады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің еңбек ақысы
педагогикалық еңбек өтілі (стаж) мен оқу-тəрбие жұмысына, сіңірген
еңбегіне қарай, атағы, санаты мен біліктілігіне қарай төленетіні -
олардың экономикалық қызығушылығын арттырады. Əрбір бригада
мүшесіне қосымша коэффициентті өндірістік кəсіпорын төлейді. Бұл
əдіске оларды ақшалай, заттай сыйлыққа ұсыну да жатады.
Қоғамдық əсер ету əдісі оқытушылар мен студенттерді оқу-тəрбие
жұмысы мен ұжымды басқаруға кеңінен жұмылдыру болып табылады.
Бұл ұжымды басқаруда демократиялық принципке негізделген,
бəсекеге қабілетті жастардың өсіп-жетілуіне жол ашады. Əрбір
тапсырылған іске мұқият, асқан жауапкершілікпен қарап, тындырымды
етіп істеуге тырысады. Олардың құқықтары мен еркіндігіне кең жол
ашылып, бір-біріне деген, басшыларға деген сенімді көзқарастың,
ұжымда шығармашылық қабілеті жоғары белсенді топтың арта түсуіне
ықпал жасайды.
6.3. Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттырудағы
менеджер тұлғасының рөлі
Көптеген елдер өзінің даму стратегиясын білім беру саласындағы
жетістіктермен байланыстырады. Қазақстан Республикасында да
білім беру жүйесінің дауының басымды бағыттары ҚР «Білім туралы»
Заңында (2011.24.10. берілген өзгерістермен толықтыруларымен)
қабылданғандай білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің
қажеттіліктеріне
сəйкестігін
белгілеудің
институционалдық
құрылымдары, рəсімдері, нысандары мен əдістерінің жиынтығы
болып табылатын білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
əлеуметтік əріптестердің кəсіптік білім беру проблемаларын ше-
шуге қатысуын қамтамасыз етеді жəне республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер,
231
басқа да əскерлер мен əскери құралымдар үшін мамандар даярлауды
жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары жəне
жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік,
орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік
білім беру тапсырысын бекітеді жəне кəсіптік даярлықты бағалау –
техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары
түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кəсіптік қызмет түрі
шеңберінде жұмысты орындауға сəйкестігі дəрежесін айқындайды.
[ҚР «Білім туралы» Заңында (2011.24.10. берілген өзгерістермен
толықтыруларымен) Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. №
319-ІІІ ҚРЗ].
Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы білім сапасын
жоғарылату проблемаларын отандық зерттеушілер М.Ш.Алинова,
Б.Ə.Əбдікəрімов, С.А.Əбдіманапов, Ю.В.Баталов, В.К.Бишимбаев,
Г.Н.Гамарник, В.А.Жексембекова, Б.Иманбекова, Ж.А.Кулекеев,
Ш.М.Қаланова, Г.Ж.Меңлибекова, Г.М.Мұтанов, Т.М.Мұхаметқалиев
қарастырған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мəселелері
де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны респу-
блика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары
оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару
Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру
жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Əбішев, К.Д.Қарақұлов, кəсіптік-
техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев,
К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек жəне
экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов,
Г.Т.Хайруллин жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары арасында педагогикалық
менеджмент
проблемаларын
зерттеуге
қызығушылықтың
артқандыңы байқалады. Білім саласындағы педагогикалық менед-
жмент бойынша сындарлы идеяларды республикадағы жетекші
педагогтар мен мамандардың жəне осы мəселені арнайы зертте-
ген ғалым-педагогтар Қ.Ж.Қарақұловтың, Т.М.Баймолдаевтың,
З.А.Исаеваның, Е.Ш.Қозыбаевтың, З.М.Садвакасованың жəне
т.б.еңбектерінен кездестіруге болады.
Қазақстанның білім саласында білім сапасын жақсарту бойын-
ша көлемді шаралар жүзеге асырылуда. Мəселен, 2011 жылы ҚР
БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Білім беру жүйесін
232
əдіснамалық жасақтау» 008 бағдарламасы аясында дайындалынған
Ұлттық ақпараттандыру орталығының Ғылыми кеңесі ұсынған
«Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-əрекетке педагог кадрлар-
ды дайындау бойынша Мектеп директорлары мен директордың
орынбасарларының тренингтік курстарының оқу бағдарламасы»
жарық көрді. Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-əрекетке пе-
дагог кадрларды дайындау бойынша Мектеп директорлары мен
директордың орынбасарларының тренингтік курстарының оқу
бағдарламасы – Алматы: «ҰАО», АҚ 2011. – 19 б.
Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-əрекетке педа-
гог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу
бағдарламасы
Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-əрекетке педа-
гог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу
бағдарламасы – e-learning электрондық оқыту жағдайындағы іс-
əрекетке білім беру ұйымдарының директорлары мен директор
орынбасарларының дайындығын жасақтайтын негізгі білімдерді,
біліктер мен машықтарды ұсынатын нормативтік құжат.
Мектепті басқару жүйесі (School Management System мектеп
əкімшілігін SMS-пен жұмыс істеудің білімдерімен, біліктерімен
жəне машықтарымен қаруландыру педагог, оқушылар жəне ата-
аналар ұжымдарының ынтымақтастық негізінде басқарушылық
қызметті тиімді ұйымдастыруға, мектепті басқару процесін
автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Бағдарламаның
мазмұнына
«Білім
беруді
ақпараттандыру
саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты», «ҚР-ның жалпы
білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі»,
«ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын
талаптар», «SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-əрекетті оқыту»,
«Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-əрекетті оқыту»,
Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-əрекетті оқыту»,
«Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-əрекетті оқыту» сияқты
тақырыптар жоспарланған.
Соңғы жылдары Қазақстанның оқу орындарында сапа
менеджменті жүйесі белсенділікпен ендірілуде. СМЖ көрсетілетін
қызметті қамтамасыз етуі, тұтынушылардың осы үмітін ақтауы ке-
рек. СМЖ басты мақсаты əрбір қызметті бақылау емес, қызметтің
төмендеуіне жол бермейтін қателіктерді болдырмау.
Нəтижесінде СМЖ түлектердің мемлекеттік білім стандарты-
Достарыңызбен бөлісу: |