Кептіргіштің ошағын жөндеу.
Кірпіштен қаланған ошақ және жалын ұстағыш қондырғылардың
қабырғаларында пайда болған кемістіктерді жою үшін отқа төзімді кірпіштерді
отқа төзімді ерітінділермен жапсарлайды немесе сылайды. Қаланатын кірпіштер
арасындағы тігіннің қалыңдығы 3-4 мм, ал жинақтарда (свод) 1-2 мм.
Сұйық отынмен жұмыс істетін ошақтарда күйіп кеткен қақпаны және
қалқанды ауыстырады, ал ошақтың мұжылған жерлерін қалпына келтіреді
(кірпішті отқа төзімді ерітіндімен жапсарлайды немесе сылайды). Форсунканы
тексеріп сынаудан кейін отын беретін және ауа тасымалдағыш құбырларды,
сұйық отын ыдысын, айдағыштарды, желдеткішті, вентильдерді және басқа
түйіндердің жағдайларын тексереді. Ошақтың істен шыққан бөлшектерін
жөндейді немесе жаңасына ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |