135
3.Түрлі типті астық кептіргіштерін есептеу ерекшеліктері
Астықты кептіру барысында шахталы кептіргіштерден басқа құрылымы
ерекше кептіргіштерді қолдануға тура келеді. Мысалы барабанды, қайталап
кептіретін пневмо құбырлы кептіргіштер. Бұл кептіргіштерді таңдау және
қуатын есептеу принципі алғашқы есептеулерге ұқсас. Бірақ осы кептіргіштер
типінің ерекшелігін есептеуде ескеру керек.
Барабанды кептіргіштерді есептеуде астықпен барабанды толтыру
коэффициентін ȵ (0,25 – 0,3) ескереді.
V
б
=
𝐺.𝑡
ȵƿ.60
м
3
,
мұндағы: G – барабанның қуаты, т/сағ.,
t – астықтың барабанда болу ұзақтығы, мин.,
p – астық массасының тығыздығы, т/м
3
,
ȵ – барабанды толтыру коэффициенті.
Барабанның көлемін біліп өлшемдерін есептейді, және де барабанның
ұзындығының оның диаметріне қатынасы 5 –ке тең.
Кептіру агентінің және ылғалды ұшыруға қажетті жылуды және дәнді
қыздыруға жұмсалатын шығынды есептеу үшін шахталы кептіргіштерде
келтірілген формулаларды қолданады.
Барабанды кептіргіштерге берілетін агенттің температурасы 150-200
0
С
аралығында болуы керек, астықтың барабанда болу ұзақтығы 10 – 20 мин.
Рецеркуляциялық кептіргіштерді есептеу зерттеу мәндеріне негізделген,
қазіргі уақытта нақты ұсыныстар жоқтың қасы.
Рецеркуляция негізінде жұмыс атқаратын кептіргіштер үшін рецеркуляция
еселігі К ұсынылған, мұндағы К қайталап кептіруге берілетін көлемнің жаңа
берілетін астық массасына қатынасы.
Кептіру камерасына берілетін қоспа (кептіруге қайта түсетін және жаңа
астық) массасы:
G
см
= G
сыр
+ G
рец
= G
сыр
(1 + К).
Осы теңдеуге тиісті ылғалды қолданғанда:
G
см
w
см
= G
сыр
w
сыр
+ G
рец
w
рец
.
Әрекеттерден кейін:
G
сыр
(1+К)w
см
= G
сыр
w
сыр
+ КG
рец
w
рец
., осыдан
К=
Wрец−
Wсм−
Wсм
Wрец
136
Астықты қайталап кептіретін кептіргіштердің ерекшелігі кептіргіштен өтетін
астық массасы, басқа кептіргіштермен салыстырғанда, бірнеше рет артық және
астықты бір рет кептіруде алынатын ылғал мөлшері көп емес.
Шахталы рецеркуляциялық кептіргіштерді есептеуде астық қоспасының
ылғалы 17-17,5 % аралығында, бір рет кептіруде алынатын ылғал мөлшері
2,5 – 3 %.
Осы жағдайда кептіру камерасынан алынатын астық қоспасының орташа
ылғалы 14,5 %, ал салқындату камерасынан кейін 14%.
Пневмогазды кептіргіштердегі кептіру агентінің шығынын пневмогазды
құбырда 1 сағатта араласып тасымалданатын астық қоспасының (ылғал және
қайта кептіруге берілетін астық) масса мөлшеріне есептейді.
Пневмогазды құбыр үшін G
см
= G
сыр
+ G
рец
теңдеуі ылғал және қайта кептіруге
берілетін нүктеде әрекет етеді. Жылу-алмасуға берілетін астық массасының
ылғалы:
W
1
см
= W
см
- ΔW
см
,
мұндағы: ΔW
см
– пневмоқұбырдағы ылғалдың төмендеуі.
Есептеу үшін ұсынылған техникалық көрсеткіштер:
-
құбырға енердегі агенттің температурасы 250
0
,
-
құбырдан шығардағы агенттің температурасы 70
0
,
-
құбырдан шығардағы астықтың температурасы 50
0
.
Пневмогазды құбырдың жоғарғы бөлігіндегі қалқу жылдамдығы
V
в
= 11 м/сек.
Құбырдың диаметрін есептеуде есепті жылдамдықты 50 % артық, сонда
газдың кептіру құбырынан шығардағы жылдамдығы: V
қ
= 11 х 1,5 = 16,5 м/сек.
Кептіру агентінің температурасы 250
0
және тығыздығы ƿ = 0,66 кг/м
3
жағдайда пневмогазды құбырдың төменгі бөлігіндегі жылдамдық:
V
1
= 16,5
273
273
+250
+70
=25 м/сек.
Пневмогазды кептіргіштің құбырына қайталап берілетін астықтың мөлшері,
ылғалына байланыссыз, тұрақты жағдайда болады. Осы жағдайда тек ылғалды
астықтың мөлшері реттеледі және бұл мөлшер ылғалды астыққа байланысты
өзгереді.
Эксперимент нәтижелері бойынша аралық салқындату зонасында астықтың
температурасы 8
0
С аумағында болады. Осы зонадағы жылудың бөлінуі: өзіндік
кебуі әсері 60 % -ға ие, салқындату ауасына - 40%.
Аралық салқындату зонасында ауаның температурасы 12
0
С–қа көтеріледі.
Аэродинамикалық есептеуде орташа жылдамдықты, газдың температурасын
және құбырдағы тығыздықты таңдайды.
Пневмогазды құбырдағы жалпы қысымды анықтауда келесі шығындарды
ескереді: құбырдағы кірердегі, үдемелеу, үйкеліс және астықты көтеру. Сонымен
137
қатар астық бөлгіштің (392 н/м
2
), инерционды жалюзды шаң тазалағыштың
(392 н/м
2
) кедегілерін және желдеткіштен шығардағы динамикалық қысымды
ескереді.
Соңғы салқындату камерасын есептеу шахталы кептіргіштермен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |