С.Сейфуллиннің
120
жылдығына
арналған
«Сейфуллин
оқулары–10:
Мемлекеттің
индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау
келешегі мен ғылымның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының
материалдары
=
Материалы
Международной
научно-теоретической
конференции
«Сейфуллинские чтения–10: Новые перспективы подготовки конкурентоспособных кадров и
роль науки в формировании индустриально-инновационной политики страны», посвященная
120-летию со дня рождения С.Сейфуллина. – 2014. – Т.І, ч.3. – Б.20-23
СУРЕТ ЖӘНЕ КЕСКІНДЕМЕ ПӘНДЕРІНЕН ОҚУ ҚОЙЫЛЫМЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ахметов С.
Жоғарғы оқу орындарындағы дизайн мамандықтары бойынша сурет
және кескіндеме пәндерінен сағаттар қысқарғанмен білімгерлердің өзіндік
жұмысы және білімгерлердің оқытушымен өзіндік жұмысына байланысты
сағаттар қарастырылған. Бұл аудиториядағы алынған тәжірибенің үй жұмысы
және шығармашылық жұмыстарының бірегей байланысының сақталуы болып
табылмақ.
Суретші шығармашылық жұмыс жасау үшін өмірді танып білуі керек,
өзбетінше ойластырып, салыстыра білу, бақылай білуі керек. Осының бәрі
үнемі нобай, суреттемелер салудың нәтижелерінде қалыптасады. Бірақ
аудиториядағы оқу қойылымы, оның күрделі ұйымдастырылуы білімгерді
енжарлыққа әкеліп соқтырмау үшін, үнемі оқу қойылымын жаңартып тұру
қажет. Білімгерлер аудиторияны жұмыс орны емес, шығармашылыққа
ұмтылуға арналған орын ретінде қабылауы тиіс. Ол үшін оқу қойылымын
қызықты етіп ұйымдастыру қажет, өйткені ол аталған пәндердің әдістемелігі
бойынша негізгі өзегі болып табылады. Басқа әдістемеліктер, көрнекіліктер,
дәрістер т.б. жұмыстарды екінші кезектегі іс-шара десекте болады. Ең
алғашқы сурет салуды бастаған білімгер, жұмысын ертерек аяқтауға
талпынады. Бұл оның өз жұмысына деген ешбір қызығушылығының жоқ
екендігін дәлелдейді. Сондықтан жұмысты асықпай, қойылымның бір бөлігін
орындасада сапалы орындаса, сонда ғана бір нәтиженің барын байқауға
болады.
Оқу нобайларын орындаудың алғашқы кезеңі бейнелеу сауаттылығын
меңгеру процесінде маңызды роль ойнайды. Әртүрлі заттарды жүйелі және
көптеген суреттемесі көзмөлшерді дамытуды, пропорцияны сезінуді және
көптеген кәсіби сапалылыққа тәрбиелейді.
Сурет салуды үйренуші алғашқы рет сурет салуды бастағанда тезірек
күрделі фигураға көшуге талпынады. Шынында да, бұл қызықты жұмыс.
Бірақ оны қарапайым заттарды салу нәтижесінде алынған белгілі
дәрежеде білім мен біліктілікті меңгергенде ғана сәтті орындауға болады.
Сондықтан да үйренудің алғашқы кезеңін әртүрлі тұрмыстық заттарды,
өсімдік
әлемінің
элементтерін,
құрылысты,
интерьерді
және
т.б.
тапсырмаларды салумен күрделендіруге болмайды.
Ең алдымен оның қағаздағы бір немесе бірнеше суреттегі композициялық
құрылымын шешіп алу қажет.
Әр түрлі тұрмыстық заттарды салу барысында ең алдымен жалпы
құрылымы мен перспективасын дұрыс орналастырып, пропорциясын беру
қажет. Геометриялық заттарға жақын қарапайым формадағы заттар (орындық,
шкаф, шелек, тостаған). Оның қандайда болмасын кеңістіктегі қалпын
горизонт сызығындағы жағдайын дұрыс бейнелеу керек. Кейбір жағдайда осы
заттардың суреттемесі жарық көлеңкені беруінен ғана іске асып жатады.
Қазіргі
заман техникасы
әртүрлі объектілерінің
нобайлары мен
суреттемелерін салғанда ең алдымен негізге құрылымын орналастырып алған
жөн. Мысалы автокөлікті салу барысында жалпы ең басты пропорциясын
анықтай отырып; ұзындығы, ені, биіктігі, соңынан майда бөлшектерін салуға
көшу керек. [1]
Нұсқаны салуға жалпылама тұтас көру қабілетінің үлкен маңызы бар.
Егер тұтас көруді жақсы меңгерсе, немесе жалпылама ойлау қабілеті жақсы
жетілсе онда сурет ойдағыда шығады.
Бұл жалпы педагогикалық талап жеңіл натюрморт қойылымына бас
немесе адам тұлғасының оқу суреттеріне қойылады.
Ұзақ мерзім қойылымды орындау процесі өте күрделі: Ол жеткілікті
дағдысы жоқ білімгерлерге үлкен қиындық туғызады.
Нұсқадан салуды бастағанда білімгер сурет салуда екі өлшемді қағазға
үш өлшемді денені қалай неден бастау керектігін ол әдеттегідей білмейі. Өз
мүмкіндігін пайдалана алмай, ең бастысы неге көңіл бөлу керектігін білмей,
көріп тұрған нұсқасын түгел көшіріп салуды бастайды. Нұсқаның әрбір
бөлшегі салған суретімен дәл келеді екен деп көшіруге әуестенеді. Осылайша
ол нұсқаның негізгі формасын көрмейді нәтижесінде салған суреті қате болып
шығады.
Қазіргі заманғы нұсқадан сурет салуға үйрету әдістемесі сурет салу
жұмысының үш негізгі кезеңін қамтиды: Жазықтық бетіне бейненің
композициялық орналасуын және форманың жалпы пішінін анықтау; жарық
көлеңкемен форманы пластикалық модельдеу және нұсқаның әрбір бөлшегін
анықтап салу; жасалған жұмысқа қорытынды шығару
Қағаз бетінде суретші қойылым нұсқасының бейнесін салады, салған
жұмыстан көрермен пішінді, көлемді, кеңістікті көреді. Суретішнің мұны
әбден сәтті шығаруы үшін, ол көргенінің бәрін кеңістіктік және аумақ
тұрғысынан қабылдай білуге үйренуі, яғыни, басқаша айтқанда, бір жағын
ғана қарап салып жатқан затты барлық жағынан көріп тұрғандай болуы қажет.
Суретші ой елегінен өткізбей тұрып, контурларды, ашық және кара дақтарды
«көшіріп сала салмай», заттың құрылымын, оның құрылысын заңдылықтарын
саналы түрде көз алдына айқын елестетуге тиіс.
Өзімізге көрінетін аумақтық пішіндер біз үшін оларға түскен жарық —
жарық пен көлеңке арқылы аңғарылады, яғни форманың жарық өзіне қалай
түсіп тұрғанына байланысты пішін бетіне жарық түсу сипаты бойынша
байқалады. Жарық пен көлеңке суретшілерде белгілі бір атауларға ие болған
бірнеше салаларға тарайды. Неғұрлым көбірек жарық түскен бетке жарық
орналасады, ал ең жарық нүкте «жылт» деп аталады. Жарық түскен бетке
жартылай көлеңке, ал ең қараңғыланған бетке негізгі көлеңке орналасады.
Соңғысына қайсыбір дәрежеде басқа заттардан шағылысқан жарық түсіп
тұрады. Жарықтың бұлайша түсуін рефлекс деп атайды; Ақырында, зат өзінен
көрші заттарға көлеңке түсіреді, ол
түспе көленке
деп
аталады.
Мұндай-көлеңке әдетте меншікті көлеңкеден қоюырақ болады. Сурет
салушының міндеті — осы жарық ағындарының дұрыс арақатынасын табу,
әрбір өң-түсті дәл өз орнына қою. [2]
Суретті
қағаз
бетіне
орналастыруға
кірісе
отырып,
суретші
натюрморттың бүкіл сұлбасы қандай жалпы пішінге енетінін, парақты қалай
орналастырған дұрыс екенін суреттің үлкендігі қандай болуы керектігін,
композицияның жалпы тепе-теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай жаққа
және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алу керек. Заттар
ауада асылып тұрмауы керек, оларды бін нәрсенің үстіне қою, яғни олар
тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті
көрсету керек. Түсіп тұрған қара көлеңкелерді де ескерген жөн: олар суреттің
қайсыбір бөлігін «ауырлатуы» мүмкін.
Натюрморт салу кезіндегі жұмыс шын мәнінде қызықты да пайдалы болу
үшін, оның жас суретшіні еліктіруі үшін, натюрморт жақсы жасалған және
дұрыс орналастырылған болуы керек. Ал бұл шығармашылықтың бастамасы
және де, сырт қарағандай онша оңай жұмыс емес. Осы арада суретшінің
талғамы мен композициялық сезімі көрінеді.
Қағазға орындалатын кез келген жұмыстың композициялық орталығы —
ойластырылған, тақырыпқа сай келетін, үлкен немесе ашық немесе барынша
әсерлі зат болуы керек.
Натюрморт қойылымын ұйымдастырғанда, қойылымдағы заттардың
тепе-теңдік заңдылықтарының сақталғандығы білінетіндей, композиция
құрамына енетін заттардың ештеңені алғың, қозғалтқың немесе қосқың
келмейтіндей етіп топтастырылуы керек.
Натюрмортты ұйымдастырудағы қойылымды топтастырудың тағы бір
ережесі — салыстырмалы түрде алғанда бос, жеңіл алдыңғы план. Көзбен
көруге мейлінше ауыр, ірі заттар артқа таман; неғұрлым жеңіл заттар — оның
алдында тұруға тиіс, ал ең алдыңғы план мүлдем бос, ашық болуға тиіс. Бұл
арада, мысалы, тек перделер ғана болуы мүмкін. Мұндай оңайлатылған
алдыңғы план біздің көзімізге кеңістікте орналастырылған заттарды жақсы
қабылдауға мүмкіндік береді.
Натюрмортты орналастырып қою - көрермен бұл зат шын мәнінде де өте
үлкен екен деп еріксіз ойлайтын болады. Әдеттегідей, заттардың бейнесін
олардың шын мәніндегі көлемінен үлкен жасамағаны жөн.
Суретші заттың өзіне көз тастаған кезде, ол өзі беруге тиісті нәрсенің
бәрін көреді. Мұны, фотоаппарат жасайтындай, қас қағым сәтте, жасай қою
мүмкін емес. Суретші мұны қандай да бір уақыт аралығында ғана жасай
алады. Бұл үрдісте қатаң бірізділік бар — неден бастау керек, оны қалай алып
бару, немен аяқтау керек. [3]
Ең алдымен суретші заттың өзінің барлық бөліктерін аса қарапайым және
сипатты формаларға келтіреді, яғни оларды жалпылайды. Таңдап алынған
затты бақылай отырып, олардың пішінін оңайлата, жалпылай отырып, өте
қарапайым геометриялық денелерге — призмаға, пирамидаға, цилиндрге,
конусқа, шарға дейін жеңілдетуге болады.
Әдебиеттер тізімі
1. Барочай Е. «Анатомия для художников» Будапешт. 2001.
2. Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. Рисунок. Живопись.
Композиция. М., 1989.
3. Төлебиев Ә. Сурет сала білесің бе? Алматы. 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |