2 Басқарудың негізгі функциялары
Басқару үрдісі ортақ немесе дербес сипаттағы белгілі бір функциялармен жүзеге асады.
Басқарудың негізгі функцияларына жоспарлау, ұйымдастыру, еңбекке ынталандыру, реттеу
және қадағалау жатады.
Жоспарлау басқару шешімін дайындар үрдісін көрсетеді және ол басқарудың мақсаттары
мен міндеттерін анықтау, оларды шешудің жолдарын қалыптастыру кіреді. Бұл функция
кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің барлық салаларында: өндірісті, еңбек ресурстарын,
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, қаржыны және басқаларды басқаруда жүзеге
асады.
Басқарудың ұйымдастыру функциясы өндірісті басқарудың құрылымын, құрылымдық
бөлімдердің арасындағы қатынасты, басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы өзара
қарым-қатынастарды анықтайды. Ол басқару органдарының функциялық міндеттерін бөлуді,
олардың басқару шешімдері үшін жауапкершіліктерін қалыптастырады.
Еңбекке ынталандыру шаруашылық қызметке қызығушылығын, еңбекке құлшына кірісу
ынтасын, кәсіпорын өміріне белсене араласуын қамтамасыз етеді. Ол жұмыскерлерді
материалдық және моральды ынталандыру арқылы жүзеге асады.
Реттеу басқару жүйесіндегі мүмкін болатын ауытқуларды (басқару құрылымдарының
элементтері арасындағы қатынастарда, басқару шешімдерін жүзеге асыру кезінде, басқару
қағидалары бұзылған кезде және басқа қайшылық туғызатын жағдайларда) болдырмау
міндеттерін шешеді.
7
Қадағалау функциясы орнатылған қағидалар мен қабылданған басқару шешімдеріне
сәйкес өндірістің барлық саласындағы қызметтерді ұдайы тексеріп отыруды білдіреді. Ол нақты
жағдайды жоспармен салыстыру болып табылады, пайда болған ауытқулардың негізділігін
көрсетеді және өндірісті басқарудағы болатын мәселелерді дер кезінде анықтауға қызмет етеді.
Басқарудың ерекше (дербес) функциясы
ортақ функцияларға негізделеді, және белгілі бір
саланың және олардың кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін
көрсетеді. Олар маманданған –салалық функцияларға жатады және жоспарлы-экономикалық,
иженерлік-технологиялық,
оперативтік-өндірістік,
есептік-аналитикалық
және басқа
функциялар кіреді. Оларды сол нақты бөлімшелерге енгізу өндірістің салалық ерекшеліктерін
есепке ала отырып жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |