Оқу жылының соңындағы 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген ата-ана жиналысының хаттамасы



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#13271
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: «Кім неден күшті?»
Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың есте сақтау, қабылдау  процестерін дамытып,өз ойын жүйелеп жеткізуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын кеңейтіп,ой-өрісін дамыту, сөздік қорын  молайту. 3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қызығушылығын  арттырып, сүйіспеншілік сезімге баулу.
Әдіс-тәсілдер: Сахналау, жаттату, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

 Сабақ барысы: І Ұйымдастыру

Балаларды сабаққа даярлау, назарын аудару, жинақтау

Жаңа сабақ

Ертегіні түсіндіру.

Сұрақ арқылы талдау.

1.Ертегі қалай басталды?

2.Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

3.Олар барлығы қандай сұраққа жауап іздеді?

4.Сұрақтарына жауап тапты ма?

Сұрақ-жауапты қорытындылау:

Еңбектің арқасында көп нәрсеге қол жеткізуге болады.Енді балалар бізде өз еңбегімізбен жұмыс жасайық, біз қазір осы ертегіні, мына суреттерді пайдаланып, көрініс қояйық.

Көріністі біз ұйымдасқан түрде сәтті қойсақ біз өзіміздің күштілігімізді көрсетеміз.

Ол үшін балалар менің айтқанымды жақсылап тыңдап, тапсырманы дұрыс орындауымыз керек.

Балаларға өз мүмкіндіктеріне қарай рольдерді бөліп беру.

-Балалар біз өзіміз көрген ертегіге қарап, өзіміздің бұрыннан білетінімізді еске түсіре отырып, ертегі кейіпкерлеріне сипаттама жасайық

-Қане балалар кім көп біледі екен?Сұраққа жауап алу барысында байқаймыз.

Сұрақтар: -Ешкі қандай болды?

-Ешкі, оны біз қайда көреміз?

-Үйімізде бар ма?

-Мұз неден пайда болады?

-Күнді көріп жүрміз ба?

-Күн қайда орналасқан?

-Жусан деген шөпті көрдіңдер ме?

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатса жұмысқа

Допты алып қолына

Қоя салды жолына

Оң жағына қарады

Сол жағына қарады

Тау екен деп ойлады

-         Қасқыр қандай жануар?

-         Ол жабайы жануар біз қорқамыз.

-         Мерген дегеніміз кім?

-         Ол өйткені дәл тигізеді, ол яғни аңшы адам.

-         Тышқан неден қорқады?(мысық)

-         Тышқан қандай жерлерде жүреді?

-         Ал қане балалар, бәрінен неге күшті болды құмырсқа, өйткені ол тынбай еңбек етеді, біз құмырсқаның жаз бойы тынбай, ініне азық тасып жүргенін көреміз.

Біз енді осы сабаққа байланысты «мақал» айтайық:

«Еңбек етсең ерінбей,

Тойады қарның тіленбей»

«Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті»

«Еңбек бәрін де жеңбек»

«Еңбек түбі- береке»

«Кім еңбек етсе, сол-тоқ»

Сабақты қорытындылау:Балаларды мадақтау арқылы сабақты                                              қорытындыла



25.12.14ж

1 «в» сынып Математика

Сабақтың тақырыбы: Есеп. + 2 ;-2

Сабақтың мақсаты:1. Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту.
2.  2 санын қосу кестесін және санның құрамының сәйкес жағдайын білуді бекіту. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре  отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту.
3.Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ:   Математикалық диктант: (ерекше жағдайлардағы.  қосу мен азайту туралы білімді бекіту)
5 + 2             9-2                4 + 2                  3 + 2                 2 + 2                 2 — 2
7 – 2             6+2               6 — 2                   5 – 2                 5+ 2                    2+7
IY. Жаңа сабақты пысықтау.
а) Ауызша сұрау:
— бір қосылғышы 2 болатын екі санның қосындыларын ата;
— азайтқышы 2 болатын айырмаларды ата;
— азайғышы 2 болатын айырмаларды ата;
— 2 санын қосу кестесін айтып бер.
1-мысыл Есепті шығару :
Шарты – 4,2 машина
Сұрағы — ? машина
Шешуі:    4+2 =6(м)
Жауабы: 6 машина
ә)  Өзіндік жұмыс: 
Азайғышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.
2 — 2                            2 — 1                      2 — 0
Y.    Сергіту сәті
YI.Тақтада жұмыс.
Бір қатарға тура теңсіздіктерді, ал екінші қатарға тура емес теңсіздіктерді жаз.:
0 >2              9<8               10>3                  7<9            5>6                4<3            2>1
YI. Қорытындылау.      

YII. Үйге тапсырма беру.  

«Мамандығым-мақтанышым»
Мен Берсугирова Мирамкул Файзурахманқызы 1982 жылы

13 мамырда Арал ауданы,Жақсықылыш кентінде дүниеге келдім.

1989 жылы №19 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып,1999 жылы

11 сыныпты бітіріп шықтым. Өмірге адам болып келген соң,алдыңа мақсат қоятының айдан анық екені белгілі. Мен де мектеп бітірген соң

2000 жылы арман қуып, сыр өңірі болған Қызылорда облысына келіп М.Маметова атындағы педегогикалық гуманитарлық колледжге түсіп, аталған колледждің «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығын алып 2003 жылы бітіріп шықтым. 2003-2004 оқу жылынан бастап осы өзім білім алған білім ошағы № 19 орта мектебіне мамандығыма сәйкес жұмысқа орналастым. Бұрынғы алған білімімді толықтыру мақсатында 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетіне түсіп 2007 жылы осы университеттің сырттай оқу нысанасындағы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавориантының толық курсін бітіріп шықтым. Міне содан бері ұстаздық еңбек етіп келе жатқаныма он жыл болды.

Ұстаз. Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші ! Осындай ұлы есімді таңдағаныма еш өкінбеймін. Себебі, ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектерде, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз. Ұлы данышпан атамыз Ыбырай Алтынсарин «мұғалім мектептің жүрегі, өйткені ол бәріне де қымбат» деген екен. Мен де ұстаз болғаныма, шәкірт тәрбиелеп, оларды бойымдағы бар біліміммен тәрбиеленгеніме қуанамын.

Өз мамандығымды мақтанышпен айта аламын, өйткені менің жүрегімнің қалауы да осы ұстаздық еді. «Ұстаз» деген мәңгі өшпейтін, мәңгі жасайтын есім. Ол қай жерде жүрсе де әрбір шәкірт болған адамның жүрек түкпірінде болуы тиіс деп ойлаймын.

Ұстаз- адам өміріндегі қымбат жандардың бірі.Ол шәкірттерінің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге және адамгершілікке тәрбиелейді. Осы мамандықты таңдар алдында ұстаз атану менің қолымнан келерме екен деп ұзақ ойланасың. Бірақ көңілің шын ұстаздықты қаласа, оған қол жеткізе де аласың. Шын мұғалім болу деген сөз: шәкіртіңді аялау, уақытынды аямау. Өзің білім берген шәкірттерің үмітіңді ақтап үздік оқыса, үлкен жетістіктерге жетсе, биіктерден көрінсе, ол ұстаз еңбегінің ақталғаны, ұстаз болсам деген арманыңның орындалғаны. Ең бастысы мұғалім өз жұмысына
қойылатын талаптарды терең түсініп, өзін психологиялық жағынан даярлауы міндет. Меніңше әрбір ұстаздың бойында ұстамдылық, өз ойын еркін жеткізе білуі, эмоциялық тұрақтылығы, элеуметтік қарым-қатынас жиынтығын меңгеруі керек. Өз мамандығын мақтан ететін мұғалім қандай болу керек деген сұраққа мен былай деп жауап берер едім:

Біріншіден: мұғалімнің ары таза,адал,

инабатты,сыпайы,парасатты,байсалды,ұстамды,төзімді және кешірімшіл болуы шарт.

Екіншіден: мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін өз ойын шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

Үшіншіден: мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Егер осы қасиеттер ұстаз бойынан табылса онда сен өз мамандығыңмен мақтануына болады. Қазіргідей жаңа техналогия заманында мұғалім болу оңай жұмыс емес. Меніңше, ешбір басқа мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қойылмайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалауда өте қиын нәрсе. Бірақ жақсы ұстазды бала да, ата-анада тани біледі. Өзімнің аз уақыт ұстаздық еткен жылдарымда ойға түйгенім оқушыға әсіресе мұғалімнің сөйлеу мәдениеті көбірек әсер етеді екен. Мұғалім қанша білімді болса да, оның сөйлеу және өзін-өзі күту, ұстаз мәдениеті төмен болса, ондай мұғалімдерді оқушылар да сыйламайды. Сондықтан мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек.

«Мамандығым-мақтанышым» деген ойымды қорытындылай келе менің айтарым: Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін, мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі шығармашылық іс-әректіне, ізденісіне байланысты. Әр мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа заманға сай жаңалықтармен білімін толықтырып отырса, онда мамандығын еш ойланбастан мақтанышпен айта алады. Өйткені «Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі». Олар барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында да одан жоғарғы нәрсе болмақ емес. Сондықтан да мен дәл осындай мамандық иесі болғаныма мақтанамын.Өмірім әлі алда.Талай шәкіртті білім нәрімен қаруландырып,биіктерден көрінетініме сенемін. Ол үшін шаршамай,ізденуім керек деп ойлаймын. Сонда ғана нағыз ұстаз боласың.
жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау