Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002
2.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А. 1989
3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –А., 1975.
№6 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Екпін туралы түсінік. Екпіннің түрлері.
Мақсаты: Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмашылығы. Сөз екпіні оның түрлері. қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Екпін (акцентуация).
2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.
3.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны.
4.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың пікірі.
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок (құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.
2.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны.
3.Сөз екпіні оның түрлері.
Әдебиеттер:
1.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).- А., 1962.
2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1986,1986,1993.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.- А., 1992.
4.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –А.,1999.
№7 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер.
Мақсаты:Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері:(игерулі, шектік, игерусіз)жайлы айта келіп, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз.
2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері.
3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.
Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекр т.б. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Игерулі, шектік, игерусіз өзгерістер туралы түсінік.
2.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері.
3. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004.
2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988.
3.Қазақ граматикасы.- А., 2002.
4.Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы.-А.,2004.
5.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 20
№8. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Сингармонизм заңы. Тіл үндестігі.Ерін үндестігі.
Мақсаты: Түркологияда ертелі – кеш айтылып келе жатқан ұлы заң сингорманизм мәселесіне ерекше назар аударту, айтылған пікірлерді сипаттап қорытынды шығару, қазақ тіліндегі және өзге тілдердегі сингармонизм заңына шолу жасау.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Үндестік заңы туралы түсінік.
2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері.
3. Ерін үндестігі жайлы көзқарастар.
4.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері.
Сингармонизм (грек. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылып барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады.
Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады.
Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз.
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик
I.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1.Сингармонизм заңы туралы түсінік.
2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері.
3. Ерін үндестігі жайлы көзқарастар.
4.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. -А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А.,1989
4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
№9 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Ықпалдың түрлері. Ассимиляция құбылысы.
Мақсаты:Студенттерге дыбыстардың өзара үндесуі және ықпалдың түрлері туралы айта келе, ассимиляция құбылысы жайлы түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Ықпалдың түрлері.
2.Ассимиляция құбылысы туралы түсінік.
Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Дыбыс үндестігінің түрлері.
2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі қалай аталады?
3.Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
№10. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетикалық басқа үдерістер.
Мақсаты: Фонетикалық басқа үдерістердің басты түрлері жайлы айта келіп, олар туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Фонетикалық басқа үдерістер туралы.
2. Диэреза, эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза т.б. құбылыстар туралы.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық басқа үдерістердің бірсыпырасы ассимиляция мен диссимиляцияға негізделеді.Оларға мыналар жатады:
Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.
Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.
Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.
Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.
Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.
Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.
Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда
болуы. Мысалы: кровать – кереует.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Фонетикалық басқа үдерістер туралы.
2. Диэреза, эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза т.б. құбылыстар туралы.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
№11 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ орфоэпиясының жай-күйі.
Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қоюды игерту.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны.
2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердің терең меңгерілуі.
Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды.
Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық), сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады.
Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала қарға - алағарға т.б. Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білудін маңызы зор. Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны.
2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердңі терең меңгерілуі.
Әдебиеттер:
1.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. -А., 1977.
2.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
№12 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Орфография және оның ұстанымдары. Қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты А.Байтұрсыновтың еңбектері.
Мақсаты: Орфография туралы түсінік,орфографияның ұстанымдары жайлы айта келіп, ХХ ғ. қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың сіңірген еңбегіне жан-жақты тоқталу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Орфография туралы түсінік.
2. Орфографияның ұстанымдары.
3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі.
Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады. Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан.
Ахмет Байтұрсынов «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25-августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары.
3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі.
Әдебиеттер:
1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. -А., 1973
2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. -А., 1968.
3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10
5.Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. -А.,1993.
6.Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. -А.,2010
№13 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
Мақсаты: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінен үзінді келтіріп, жан-жақты талдау жүргізу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
2. Орфографиядағы жазба тілдің нормалары.
Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар: Күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері. Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Ережелер жүйесі:1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге , бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары.
2. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
3. Орфографиядағы жазба тілдің нормалары.
Әдебиеттер:
1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. -А., 1973
2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. -А., 1968.
3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10
№14 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Транскрипция және транслитерация мәселелері.
Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері туралы жан-жақты түсіндіру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.
Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз.
Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз.
Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.
Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі. Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, -А.,1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.-А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975
№15 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетикалық талдау.
Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Сөздерді фонетикалық талдау туралы қысқаша түсінік.
2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет.
Талдау реті:
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)
2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.
3.Тасымал.
4.Екпін.
5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.
7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.
Мысалы, кітабым сөзін талдап көрейік:
К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс.
А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А.,1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.-А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Көне түркі жазба мұраларындағы дауысты дыбыстар жүйесі
5.2 Көне түркі мұралары мен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар
5.3 Көне түркі жазба мұраларындағы бір буынды сөздердің мағынасы
5.4 Көне түркі мұраларындағы сөз таптарының жіктелу сипаты
5.5 Көне түркі мұраларындағы етістік
5.6 Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы
5.7 Сөз мағыналарының тарихи дамуы
5.8 Сөзжасамдық процестің тарихи сипаты
5.9 Сын есімнің дамуы
Реферат тақырыптары
1 Сан есімнің таңбалық сипаты
2 Есімдіктің жіктелуі
3 М.Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі
4 М.Қашқари сөздігіндегі географиялық атаулар
5 М.Қашқари сөздігіндегі кісі аттары
6 М.Қашқари сөздігіндегі атаулардың мағыналық құрылымы
7 Ж.Баласағұн дастанының дүниетанымдық маңызы
8 А.Иассауи шығармасының дүниетанымдық маңызы
9 «Кодекс Куманикус» шығармасының тілі
Достарыңызбен бөлісу: |