төрт бармақпен үстайды, он саусақты жүзінің түйық жағына орналастырып
пышақты басыңқырап кесу керек.
Қағазды қыр бойынан пышақпен кесу:
Қағаз парағын бүктеп, қырын ысқышпен шығарады. Бүктеген парақтың
түйық жағын оң жаққа қаратып оқушы пышақтың жүзін жатқызып өзінен
ілгері қарай парақты кеседі.
Қағазды қыр бойымен кесуді екі жүзді пышақпен орындайды.
Қагаз бен картонды пышақпен кесу:
Егер де қағаз бен картонды нақты, үқыпты, тегіс сызықтың үстімен кесу
қажет болса, (мысалы, парақталған дəптерді, кітапты, блакнотты немесе
безендіруге керекті жолақтарды), оларды тақтайшаға орналастырып
сызғыштың бойымен өткір пышақпен кеседі.
Сызғыш металдан жасалған салмақты болуы тиіс. Бірақ, ең ыңғайлы
сызғыштың түрі- фальцлинейка .
Тақтайшаны аққайыңнан дайындаған дүрыс. Тақтайшаны сақтау үшін,
ескі, қажеті жоқ картонды немесе қағазды тақтайшаның үстіне төсегені жөн.
Сызғышты сызыктан таймау жəне кесілетін қағазды бастыру үшін, сол
қолмен қатты басып тұру керек.
Картонды пышақпен кескенде пышакты тігінен үстап кеседі.
4. Түрлі тəсілдермен біріктіру:
- желіммен біріктіру;
- саңылау арқылы біріктіру;
- өру арқылы біріктіру;
- тігістер арқылы біріктіру;
- жылжымалы біріктіру(мысалы, машинаның дөңгелектерін біліктерге
(оське) кигізіп біріктіру немесе жылжымалы ойыншықтардың бөлшектерін
бірікті.
Домбыра
кескінін
жапсырмалау
2
кл.
(Аппликация)
Папье-машеден жасалынган бүйымдарды өңдеу. Бүйым кептіріліп жəне
оның бөліктері өзара желімденгеннен кейін, бүйымның бетіндегі барлық
жіктерімен оның сыртындағы ақауларына арнаулы ағаш, болат қалақшалар-
шпатель, не қарапайым пышакпен шпаклевка (бітеу) жасалады.
Шпаклевкаланған бүйым қайтадан жақсылап кептіріледі. Жіктері мен
керексіз шығыңқы жерлері пышақпен не зімпарамен тазартылады. Осыдан
соң оның беті түгелдей зімпара қағазбен, не пемза кесегімен өнделеді. Жеке
ақаулар мен жіктерді бітеуден гөрі бүйымдардың бетін тұтас өңдеу тиімді.
Шпаклевка қою болу керек.
Папье-машеден балалар даярлайтын бұйымдарды бояу жəне əдемілеу үшін
майлы бояулар пайдаланған дұрыс.
Бақылау сұрақтары:
- қағазды алу технологиясы;
- қағаздың түрлері;
- қағаздан бұйым алу технологиясы мен əрлеу техникалары
Əдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва
«Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных
мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен
практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция 5. Тақырыбы: Ағаш материалынан бұйым жасау технологиясы.
Мақсаты: ағаш материалынан өңдеп бұйымды безендіру технологиясы мен
техникасы туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Ағаш материалын өңдеуде мынандай технологиялық процесстер қолданады:
кесу, өлшеу мен белгілеу, сүргілеу, тазалау, біріктіру жəне əрлеу(олифтеу,
майлау). Бастауыш мектепте бұл процесстерді қолдануға пышақ, ара, лобзик,
тескіш, сүргі, тазалағыш(шкурка), шуруп, шеге сияқты аспаптар. əрлеуде
ағаштың бетін тазалап алып, оның бетіне олифа, кепкеннен кейін сырмен
майлап тастайды. Олифа, лак немесе сыр майын жазық немесе домалақ
(кисть) жаққыштарды қолданады.
Бастауыш сынып оқушыларына төмендегі техникада бұйымдар жасауға
мүмкіндік бар: селдірлі кесу, лобзикпен, ағаштың бетіне бейне кескінін
күйдіргіш парибормен орындау, мозайка, бояу, кесіп ою техникасы,
инкрустация жəне т.б..
Оқушының жұмыс орны.
Ағаштың кесінділерін өңдеген кезде (фанера мен рейка) жеке жəшіктен
келесі аспаптарды шығарып, оларды үстел үстіне орналастыру қажет:
сызғыш, бүрыштық, цир- куль, желім жаққыш, қысқыш, пышақ, біз. Тік
көтеріліп түрған үстағышта сызбаны немесе технологиялық картаны бекіту
қажет. Үстелдің алдыңғы оң жақ бүрышында егеуішті, ал сол жағында
электрокүйдіргішті қояды. Қажет болса жүмыс үстелінің оң жақ
бүрышында орыңдау үшін астына қой-ғыш бекітіледі. Күйдіру кезінде
электрокүйдіргішті барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Жүмыс жасамаған кезде электрокүйдіргіштің инесі алынып жəне ол
үстелдің шетіне, оның бетіне тигізілмей қойылуы тиіс.
Пластмассамен жүмыс
Пластмасса — жасанды материал, белгілі бір өзіне қатысты өңдеу барысында
оны керекті формаға келтіруге болады. Мысалы, пленка, парақ, тұрба,
ойыншықтар, ыдыс-аяқтар т.б. Пластмассаның қүрамында жасанды смола,
қосылғыштар, пластификатор (ағарту материалы), бояу т.б. компоненттері
бар.
Бастауыш мектеп оқушылары еңбек сабағында мынадай пластаассаның
түрлерінен бұйымдар жасай алады:
1. Полиэтилен пленкасынан;
2. Поролоннан;
3. Фото жəне кино пленкасынан;
4. Целофаннан;
5. Линолеумнан;
6. Пенопластан.
Бүл пластмассаның түрлерін өңдегенде қарапайым қүрал-саймандарды
қолдануға болады (пышақты, қайшыны).Ал, құрастырғанда, ПВА желімін.
Бақылау сұрақтары:
- ағаш материалын өңдеу жұмыс орны;
- ағашты безендіру техникалары;
- жұмыс орнындағы аспаптар.
Əдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва
«Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных
мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен
практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция 6. Тақырыбы: Метал материалынан бұйым жасау технологиясы.
Мақсаты. Метал материалынан бұйым жасау технологиясы мен техникасы
туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Металлды қолмен өңдеуге қолданатын технологиялық процесстер: кесу,
тазалау, түзету, өлшеу жəне белгілеу, ию, бүгу, біріктіру жəне т.б.. бұл
процесстерге қолданатын аспаптар: металл кесетін қайшы, балға, кемпір
ауыз, кескіш, металдан жасаған сызғыш, белгілегіш сызғыш жəне кернер,
қысқыш жəне т.б.. жасалған бұйымды əрлеуге химиялық еріткіштер, лактар
жəне сыр майлары жатады.
Түсті металдардан жасалған бұйымды əсемдеу техникалары: чеканка,
металлопластика, зергерлік жұмыс техникасы, инкрустация жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |