Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет30/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61

 
91 
Қызығушылықты  ояту.Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін 
және  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші  жаңа 
ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен 
толықтырады,  кеңейте  түседі.  Сондықтан  да,  сабақ  қарасты-
рылғалы  тұрған  мәселе  жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта 
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, 
ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады. 
Осы  кезеңге  қызмет  ететін  "Топтау”,  "Түртіп  алу”,  "Ойлану”, 
"Жұпта талқылау”, "Болжау”, "Әлемді шарлау” т.б. деген аттары 
бар  әдістер  (стратегиялар)  жинақталған.  Қызығушылықты  ояту 
кезеңінің  екінші  мақсаты  –  үйренушінің  белсенділігін  арттыру. 
Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-
әрекет  екені  даусыз.  Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді,  қағазға 
жазады,  көршісімен  бөліседі,  тобында  талқылайды.  Яғни  айту, 
бөлісу,  ортаға  салу  арқылы  оның  ойы  ашылады,  тазарады. 
Осылайша  шыңдалған  ойлауға  бірте-бірте  қадам  жасала 
бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, 
оны байырғы біліммен ұштастырады.  
Ойлау  мен  үйренуге  бағытталған  бұл  бағдарламаның  екінші 
кезеңі  мағынаны  тану  (түсіне  білу).  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа 
ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді, 
тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап, 
белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып 
бойынша  жұмыс  жасауына  көмектесетін  оқыту  стратегиялары 
бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен 
танысу барысында  V  –  "білемін”, ―  -  "мен үшін  түсініксіз”, +  - 
"мен  үшін  жаңа  ақпарат”,  ?  –  "мені  таң  қалдырады”  белгілерін 
қойып  отырып  оқу  тапсырылады.  INSERT  –  оқығанын  түсінуге, 
өз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін  ұтымды 
құрал.  Бір  әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау, 
мәнін  жете  түсіну  –  күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да,  оқушылар 
арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау  салдарынан  түсіне  алмау, 
өмірмен  ұштастыра  алмау  жиі  кездеседі.  Мағынаны  түсінуді 
жоғарыдағыдай 
ұйымдастыру 
– 
аталған 
кемшіліктерді 
болдырмаудың бірден-бір кепілі. 
Үйретушілер  білетіндерін  анықтап,  білмейтіндерін  белгілеп 
сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін 
бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар 
құруға дағдыландырады.  


 
92 
Тақырып  туралы  ой-толғаныс  –  бағдарламаның  үшінші 
кезеңі.  Күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын 
ұйымдастыру,  өзіне,  басқаға  сын  көзбен  қарап,  баға  беруге 
үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз 
сөздерімен  айта  алады.  Бұл  сатыда  оқушылар  бір-бірімен  әсерлі 
түрде  ой  алмастыру,  ой  түйістіру,  өз  үйрену  жолын,  кестесін 
жасау  мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. 
Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын 
кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру 
болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. 
Осы  кезеңді  тиімді  етуге  лайықталған  "Бес  жолды  өлең”,  "Венн 
диаграммасы”,  "Еркін  жазу”,  "Семантикалық  карта”,  "Т  кестесі” 
сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне 
қарай лайықтала қолданылады. 
Жоба  60-қа  жуық  стратегиялардан  тұрады.  Солардың 
кейбірімен таныстыра кетеміз. 
Джиксо  –  ұжымдық оқыту әдісі.  Мақсаты  –  жалпы мәселені 
алдымен  жұпта,  сосын  ұжымда  талқылау.  Бұл  жағдайда  әрбір 
оқушы  бір  сәт  өзін  мұғалім  ретінде  сезінеді,  оқуға  деген 
жауапкершілігі артады. 
Әдісті  қолдану  төмендегіше  ұйымдастырылады.  Алдымен 
ұжым 4 адамнан  тұратын топтарға бөлінеді. Бұл "жанұя” топтар 
деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 
2,  3,  4  өз  алдына  "жұмыс”  тобын  құрайды.  Оқуға  ұсынылатын 
материалдың  тақырыбы  талқыланған  соң  осы  мәтінді  түсіну 
қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 
1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға 
оқуға  тапсырылады.  Жұмысты  бастамас  бұрын  оқушыларға 
"жұмыс  тобында”  мәтіннің  тиісті  бөлігін  жақсы  меңгеру 
қажеттілігін,  өйткені  сол  бөлікті  "жанұя  топ”  оқушыларына 
түсіндіруге  жауапты  екенін,  мәтінді  тұтас  түсіну  әр  оқушының 
ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. 
Келесі  кезекте  ұжым  мүшелері  бастапқы  топтарымен  қайта 
табысып,  өздерінің  үйреніп  келген  бөліктеріндегі  мазмұнды 
ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол 
арқылы ойлауға үйренеді. 
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, 
оқығанды  есте  сақтау  үшін  өте  тиімді.  Оқушының  оқуға  деген 
қызығушылығы 
артады, 
ұжымда 
жақсы 
қарым-қатынас 


 
93 
қалыптасады,  саналы  тәртіп  орнайды.  Сондай-ақ,  мұғалімді, 
мектеп  қызметкерлерін  түсіну,  оларға  деген  дұрыс  көзқарасқа 
үйренеді. 
  Мұғалімдер  арасында  кеңінен  қолдау  тауып  жүрген  жаңа 
педагогикалық  технологиялардың  бірі  -  М.Жанпейсованың 
«Модульдің оқыту технологиясы». 
Модульдің оқыту технологиясы бойынша берілетін тапсырма 
шағын  бөліктерге  бөліп  оқытылады.  Әр  бөліктің  өз  алдына 
мақсаттары  болады.  Шағын  мақсаттың  нәтижесіне  тез  жетуге 
болады. 
Модульдік  әдіс  бойынша  оқушыға  мынадай  талап  қойыла-
тындай білу, тыңдау арқылы түсіну, диологты сөйлесу,оқу, оқуға 
дайындалу, жазу, монолгты сөйлесу. 
Оқытудың  интерактивті  әдісі  бойынша  мұғалім  оқушының 
жеке  өмірлік  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  оның  бойында  білім, 
дағды,  құндылық  жүйесін  қалыптастыруға  бейімдейді.  Мұнда 
мұғалім хабарлаушы міндетін атқарады. 
1.Диогностика  сәті.Сабақ  түсіндіруден  бұрын  оқушылардың 
білімін тексереді. Әр оқушы білгенін ортаға салады. 
2.Ізденіс  сәті.Оқушылар  жұппен,  топпен  жұмыс  істейді.Өз 
бетімен  сұрақтар  мен  қосымша  әдебиеттер  оқиды.  10-15  минут-
тан  соң  әр  топ  белгілі  –бір  сұрақтар  бойынша  өз  мәліметтерін 
оқиды, қорғайды. Мұғалім толықтырады, ақпарат береді. 
Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін  пікір сайыс, рөлдік 
ойындар  арқылы  сабақты  бекітуге  болады.  Нәтижесінде  45  ми-
нуттың  7-8  минуты  ғана  мұғалім  сөйлесе,  сабақтың  қалған 
уақыттың барлығында оқушылар жұмыстанады. 
Оқушылар  бұл  әдіс  бойынша  өзін-өзі  бағалауға,  өзгелерді 
бағалауға үйренеді 
1.Тақырып бойынша дайындығым: төмен, орташа, жақсы. 
2.Жаңа тақырып бойынша: төмен, орташа, жақсы. 
3.Бүгінгі сабаққа қатынасуым: төмен, орташа, жақсы. 
4.Топтар бірін-бірі бағалайды. 
Мұндай бағалаулар оқушылардың ерік-жігерін, намыс, еңбек 
сүйгіштік  қабілеттерін  дамытады.Бірін-бірінің  деңгейіне  жетуге 
ұмтылады. 
Кеңінен  тарап  кеткен  технологияларының  тағы  бір  түрі 
Қ.Ж.Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясы. 
«Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясының мақсаты: 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау