ОқУ Үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалаудың пайда болуы


Қалыптастырушы бағалау және оқушы реттейтін оқу



жүктеу 47,8 Kb.
бет3/13
Дата21.01.2022
өлшемі47,8 Kb.
#34429
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Инф 3к 4ҮМ Оқу.үд.қал.бағ. каз

Қалыптастырушы бағалау және оқушы реттейтін оқу

Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, көптеген авторлардың қалыптастырушы бағалауға оқушылар үшін жоспарланған оқудың орын алуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдер басқаратын үдеріс ретінде назар аударуына қарамастан (Эйнсворт және Вигут, 2006) кем дегенде ширек ғасырдан бері кейбір авторлар басты рөлді оқушыларға беріп келе жатқаны құпия емес. Уильям (1999a; 1999b, 2000) қалыптастырушы бағалауға мұғалімнің сұрақтарын, кері байланысын және оқушының рөлін (атап айтсақ, табыс критерийлерін түсіну, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау) кіргізуді ұсынды. Сондай-ақ басқа авторлар оқу үшін бағалау немесе қалыптастырушы бағалауды түсінудің басқа ұқсас тәсілдерін ұсынған. Мысалы, Стиггинс, Артер, Шапюи және Шапюи (2005), оқу үшін бағалау төмендегі 7 әдістен тұрады деп болжам жасаған:

1. Оқушыларға нақты және түсінікті тұжырымдалған оқу мақсаттарын ұсыну.

2. Жақсы және нашар жұмыстарды үлгі ретінде пайдалану және модельдеу.

3. Жүйелі түрде көрнекі кері байланыс ұсыну.

4. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға және мақсат қоя білуге үйрету.

5. Бір ретте бір ғана сапа аспектісіне немесе оқу мақсатына арналған сабақтарды әзірлеу.

6. Оқушыларға мәселені мақсатты түрде қайта қарауға үйрету.

7. Оқушыларды өз бетінше рефлексия жасауға тарту және оларға өз оқуының есебін жүргізіп, білімімен бөлісуге мүмкіндік беру.

5 және 6-тармақтар бағалауға нақты шоғырланбағандығы туралы дау туындауы мүмкін, бұл ретте қалыптастырушы бағалауды зерттеген бірқатар авторлар (Брукхарт, 2007; Бэйли және Хэритейдж, 2008; Попхэм, 2008) «қалыптастырушы бағалау» деген аумақты түрліше бөліп алып, бір тұжырымдамалық негіздің шешімін әр қырынан таппақ болған сияқты.

Әрине, қалыптастырушы бағалау бірқатар әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде көрсетілген кезде, тізімнің толық па екенін анықтау мүмкін емес. Осыған қатысты Лейхи, Лион, Томпсон және Уильям (2005) қалыптастырушы бағалауды сыныптағы 3 орындаушы (мұғалім, оқушы, сыныптастары) қатысатын үш үдерісті (оқушы неге талпынады, оқушы қазір қай сатыда және қойылған мақсатқа қалай жетуге болады) сыйыстыру нәтижесіндегі «5 негізгі стратегия» ретінде тұжырымдауды ұсынды. Бұны 1-суреттен көруге болады. Бұл модельді де стратегиялардың тек бағалау үдерісімен ғана байланысты еместігіне қатысты сынға алуға болады. Соған қарамастан, оқушы және сыныптастарымен байланысты екі стратегия (Оқушыларды бір-бірін оқытатын ресурс ретінде қолдану және оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту) оқу үдерісін реттеудегі ықтималдық сәттеріне ерекше назар аударатын мәселелер деп түсіндіріледі, осылайша 1-суретте көрсетілген сызбада қалыптастырушы бағалаудың тұжырымдамалық негізі ұсынылады.
1-сурет. Қалыптастырушы бағалаудың бес «негізгі стратегиясы»






жүктеу 47,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау