Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу



жүктеу 1,12 Mb.
бет3/3
Дата25.11.2017
өлшемі1,12 Mb.
#1856
түріСабақ
1   2   3

6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Жүректiң жиырылу жиiлiгi 75-ке тең болғанда жүрек циклiнiң ұзақтығы ... тең болады.



  1. 0,8 сек.

  2. 0,4 сек.

  3. 0,6 сек.

  4. 1,0 сек.

  5. 1,1 сек.

2. Жүрек бұлшықетiне сипатты жиырылу...

  1. жеке дара

  2. тоникалык

  3. тетаникалык

  4. пластикалык

  5. фазалык

3. Инотропты әсерден жүректің ... өзгередi.

  1. күшi

  2. жиiлiгi

  3. қозушылығы

  4. өткiзгiштiгi

  5. жиырылғыштығы

4. Электрокардиограмма сипаттайды:

  1. қозу мен өткiзгiштiктi

  2. қақпақшалардың жабылғанын

  3. жиырылғыштық пен өткiзгiштiктi

  4. жиырылғыштық пен тонусты

  5. тонус пен жүрек дүрсiлiн

5. ЭКГ Р тiсшiсi ... көрсетедi.

  1. екi жүрекшенiң қозғанын

  2. қарыншаларда қозу процесiнiң аяқталуын

  3. қарыншаларда қозудың басталуын

  4. сол жак жүрекшенiң қозғанын

  5. қозудың жүрекшеден қарыншаға ауысуын

6. Жүрек қызметiн ... тежейдi.

  1. К- иондары

  2. Са- иондары

  3. адреналин

  4. тироксин

  5. глюкокортикоидтар

7. Атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуына байланысты ... пайда болады.

  1. 1 тон

  2. 2 тон

  3. 3 тон

  4. 4 тон

  5. I және II-тондар

8. Жүрек бұлшықеттерiнiң қызметтерi ... бағынады.

  1. «бәрi немесе ештеңе емес» заңына

  2. күш заңына

  3. жекелеп өткiзу заңына

  4. аккомадация заңына

  5. конвергенция заңына

9. Фонокардиограмма ... сипаттайды.

  1. жүрек дыбыстарды

  2. кеуде бөлiгiнiң ығысуын

  3. электрлiк құбылыстарды

  4. механикалық құбылыстарды

  5. контрасты зат енгiзгенде жүрек көлемiн

10. Жүрек қарыншалары диастоласының ... кезеңдерi болады.

  1. босаңсу және қанға толу

  2. ширығу және айдап шығару

  3. ширығу және босаңсу

  4. қанға толу және айдап шығару

  5. қанға толу және босаңсу


Әдістемелік нұсқау №2

1. Тақырыбы: Гемодинамиканың негізгі заңдары.

2. Мақсаты: гемодинамика, гемодинамика параметрлері түсініктерін оқып үйрену, АҚ және тамыр соғысын зерттейтін әдістерді меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Коротков әдісі бойынша АҚ өлшеуді үйрену, тамыр соғысын анықтау және оның көрсеткіштеріне сипаттама беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гемодинамика түсінігі.

2. Гемодинамиканың негізгі заңдылықтары.

3. Қанның минуттық көлемі.

4. Қанның сызықтық жылдамдығы.

5. Қан айналымының көлемдік жылдамдығы.

6. Көлемі әртүрлі қантамырларындағы қан ағысының жылдамдығы.

7. Артериялардағы және венадағы қанның қозғалысы.

8. Ағзадағы қанның қозғалысын реттейтін артериолалардың маңызы.

9. Артериялық қысым, АҚ нықтайтын әдістер.

10. Артериялық пульс және оның параметрлері.

11. Микроциркуляторлық ағымдағы қан айналу.

12. Артериовенозды анастамоздар.

13. Транскапиллярлық зат алмасу.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері - клиникалық-физиологиялық әдістерді игеру.

Лабораториялық жұмыс №1.

Адамның артериялық /күре тамырындағы/

қан қысымын Коротков әдісімен өлшеу

Жұмыстың мақсаты: Адамның /артериялық/ қан қысымын өлшеу әдісін игеріп алу.

Жұмысқа қажетті заттар: сфигмоманометр, фонендоскоп.

Жұмысты орындау: Зерттелуші адам бір бүйірін тоса отырып,бір қолын столға салады. Дәрігер /студент/ адамның қарына манжеткамен орап /онша қыспай/ танып тастайды. Ауа осы жүйеден сыртқа шығып кетпес үшін грушаның винтті бұрап, оның клапанын бұрап оны мықтап жуып тастайды. Шынтақ буынындағы /артерияны/ тауып алады да оның үстіне фонендоскоп мембранасын тақап қояды да тыңдайды. Бұл мезетте ешқандай дыбыс естілмейді. Манжеткадағы үрленген ауа қысымын 150-160 мм-ге дейін жеткізеді де винтті клапанды ақырындап манжеткадағы қысымды біртіндеп азайтады. Манжеткадағы қысым сөйтіп, қан тамырдағы қысыммен теңескенде тамырдан «туп-туп» деген айқын дыбыс естіледі. Естісімен міндетті түрде манометрдің бетіне көрсеткіш тұсындағы санды алу керек. Бұл /артериядағы ең жоғарғы максимальды қан қысымы, манжеткадағы қысымды одан әрі төмендеткен сайын дыбыс күшейе түседі де, біраздан кейін жойылып кетеді. Осы сәтте манометр көрсеткіші ең төменгі минимальді қан қысымына сәйкес келеді. Ең жоғарғы қысымнан ең төменгі қысымды алып тастап, пульстік қысымды табуға болады. Қара күш жұмсап, қиналған кезде қан қысымында елеулі өзгерістер туады. Оны өлшеу үшін манжетканы манометрден босатады да зерттелуші адам 20-30 рет отырып тұрады. Содан кейін тағы да оның қан қысымы өлшенеді. Еңбек еткеннен кейін қан қысымы да пульстік қысым да өзгергені байқалады.



Жұмыс нәтижесін көрсету:

1. Рива-Роччи аппаратының схемасын салыңыздар.

2. Тыныш отырған, тұрған сәттерде еңбек өткеннен кейін / систолалық, диастолалық және пульстік қысымдардың мөлшерін жазып алыңыздар./

Тексеру сұрақтары:

1. Артериядағы қан қысымы қандай жағдайларға байланысты?

2. Систолалық, диастолалық және пульстік қысым дегеніміз олардын қалыпты деңгейі қандай?

3. Адамның қан қысымын қандай әдістермен өлшеуге болады?

Лабораториялық жұмыс №2.

Артериалдық пульсті анықтау.

Артериалдық пульс деп артериалық қысымның өзгеруіне байланысты, артерия қабырғасының ритмді тербелісін айтады. Артериалдық пульс жүрек қызметін, қан-тамырлардың жағдайын және артериалық қысымның деңгейін көрсетеді. Пульстың негізгі 4 қасиетін ажыратады: оған жиілігі, күші, жылдамдығы және серпімділігі жатады. Зерттелушінің білек артериясына төрт саусақты қойып лүпілдек нүктесін анықтайды.

Ал пульсті жазатын аппаратты сфигмограф дейді. Сыналушының білезік артериясының бойымен төрт саусақты қойып, анығырақ соғатын (пульсацияланатын) нүктені табады.

Қалыпты жағдайда тамыр соғысы – 60-80 соққы/мин.



6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Ренниннiң бөлiнiп шығуы жоғарылағанда қан қысымы ... .



  1. жоғарылайды

  2. өзгермейдi

  3. төмендейдi

  4. кенет төмендейдi

  5. фазалық түрде өзгередi

2. Қан қысымының кенет төмендеуi ... байқалады.

  1. артериолаларда

  2. артерияларда

  3. веналарда

  4. капиллярларда

  5. венулаларда

3. Флебограмма әдiсi деген – бұл ... тiркеп жазып алу.

  1. веналардың пульстiк толқындарын

  2. артериялардың пульстiк толқындардың

  3. жүректiң биопотенциалдарын

  4. көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын

  5. қан қысымының қисығын

4. Қанның қысымын... әдістерімен анықтауға болады.

    1. Фик, реография

    2. Рива-Роччи, флебография

    3. Коротков, сфигмография

    4. Грольдман, капилляроскопия

    5. Вальдман, осциллография

5. Систолалық қысым деген-бұл ... .

  1. жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кезде пайда болатын максимальдi қысым

  2. веналармен қолқа қысымының айырмасы

  3. диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы

  4. қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы

  5. айшық қақпақшалар жабылған кездегi пайда болатын қысым

6. Тамырлар бойымен қан жылжыған кезiнде қан қысымының төмендеуi ... байланысты.

  1. қан тамырлар кедергiсiне

  2. қан тамырларды созылуына

  3. қан тұтқырлығының жоғарлауына

  4. плевра қуысының терiс қысымына

  5. қанның осмостық қысымына

7. Реограмма арқылы ... баға берiледi.

  1. қанның толуына және тамырлардың тонусына

  2. қанның толуына және систолалық қысымға

  3. қанның толуына және диастолалық қысымға

  4. қанның толуына және пульстiк қысымға

  5. қанның толуына және ортаңғы қысымға

8. Қанның қысымы ... төмен болады.

  1. веналарда

  2. венулаларда

  3. артериолаларда

  4. капиллярларда

  5. қуысты веналарда

9. Қан қысымы ең жоғары капиллярлар ... кездеседі.

  1. бүйректе

  2. мида

  3. өкпелерде

  4. бауырда

  5. терiде

10. Веналар ... атқарады.

  1. тасымалдауды, сыйымдылықты

  2. қоректенуді, бөлiп шығаруды

  3. тыныстықты, алмасуды

  4. бөлiп шығаруды, тасымалдауды

  5. қоймалықты, тыныстықты


Әдістемелік нұсқау №3

1. Тақырыбы: Зəр түзілудің негізгі үдерістері. Соңғы несеп, оның құрамы. Жыныс функцияларының реттелуі. Жыныс циклінің фазалары.

2. Мақсаты: несеп түзілудің негізгі үрдістерін, соңғы несептің құрамын, жыныстық циклдің фазаларын жыныстық қызметтердің реттелуін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты: сүзілу, реабсорбция және секреция, соңғы несеп, жыныстық цикл фазаларын және жыныстық қызметтердің реттлу үрдістерін әдістемелік нұсқаулар, сызбалар жәнемуляждармен оқып үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бүйректің құрылымдық-функционалдық қызметтері.

2. Шумақтық ультра фильтрация үрдісі.

3. Өзекшелік реабсорбция үрдісі.

4. Өзекшелік секреция үрдісі.

5. Соңғы несептің құрамы.

6. Адамның өрбу қызметі және жыныстық құлқы.

7. Жыныстық даму физиологиясы.

8. Еркектер жыныс ағзасының қызметтері.

9. Әйел жыныс ағзаларының қызметі.

10. Жыныстық циклдің фазалары (гипоталамустық-гипофизарлық-жұмыртқалық және жатырлық).

11. Жыныстық қызметтердің реттелуі.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері – электронды жүйедегі оқу құралымен, муляждармен және бақылау кестелермен жұмыс істеу. Шағын топтарда жұмыс істеу.

6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Сұрақтары

1. Қандай шығару ағзаларын білесіз?

2. Бүйректің құрылымдық-функционалдық бірлігі қалай аталады?

3. Несеп түзілу қалай жүреді? Тәулігіне несеп қанша көлемде түзіледі? Оның құрамы қандай?

4. Алғашқы несеп дегеніміз не? Тәулігіне қанша түзіледі? Құрамы қандай?

5. Соңғы несеп дегеніміз не? Тәулігіне қанша түзіледі? Құрамы қандай?

6. Несеп түзілуді реттеудің қандай жолдары бар?

7. Өрбу дегеніміз не?

8. Жыныстық өрбу дегеніміз не?

9. Алғашқы жыныстық белгілер дегеніміз не?

10. Екіншілік жыныстық белгіліер дегеніміз не?

11. Жыныстық қызметтерді реттеу қалай іске асырылады?

12. Гипоталамустық-гипофизарлық-жұмыртқалық цикл дегеніміз не?

13. Етеккір циклі дегеніміз не?


Әдістемелік нұсқау №4.

1. Тақырыбы: ОЖЖ организмнің бейімделу қызметіндегі рөлі. Вегетативті нерв жүйесінің физиологиясы.

2. Мақсаты: ОЖЖ организмнің бейімделу қызметіндегі рөлін және вегетативті нерв жүйесінің морфо-функционалды ерекшеліктерін оқып білу. 3. Оқыту мақсаты: жұлынның, артқы, ортаңғы, аралық және соңғы мидың құрылымдық және қызметтік ұйымдастырылумен кестелер мен сызбалар бойынша оқып үйрену, адамның самабиқалық жұлын милық және вегетативті рефлекстерінің клиниқалық маңызды әдістерін жүргізуді меңгеру, электроэнцефалография әдісі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Рефлекторлы теория және принциптері.

2. Соматикалық рефлекстің рефлекторлы доғасының сызбасы.

3. Вегетативті рефлекстің рефлекторлы доғасының сызбасы.

4. Жұлынның құрылымы. Жұлының қызметтері.

5. Жұлынның ОЖЖ басқа бөлімдерімен байланысы.

6. Артқы мидың құрылымы. Артқы мидың қызметтері.

7. Артқы мидың ОЖЖ басқа бөлімдерімен байланысты.

8. Ортаңғы мидың құрылымы. Ортаңғы мидың қызметтері.

9. Ортаңғы мидың ОЖЖ басқа бөлімдерімен байланысты.

10. Аралық мидың құрылымы. Аралық мидың қызметтері.

11. Аралық мидың ОЖЖ басқа бөлімдерімен байланысты.

12. Үлкен жарты шарлар қыртысының құрылымы.

Үлкен жарты шарлар қыртысыныңқызметтері.

13. Үлкен жарты шарлар қыртысының ОЖЖ басқа бөлімдерімен

байланысы.

14. Жұлын қызметтерін зерттеу әдістері.

15. Ми қыртысының қызметтерін зерттеу әдістері.

16. ВЖЖ симпатикалық бөлімінің құрылысы.

Функционалды сипаттамасы.

17. ВЖЖ парасимпатиқалық бөлімінің құрылысы.

Функционалды сипаттамасы.

18. ВЖЖ метасимпатикалық бөлімінің құрылысы.

19. ВЖЖ қызметтерін зерттеу әдістері.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері – сызбанұсқалармен және бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу. Шағын топтарда жұмыс істеу.

Лабораториялық жұмыс №1.

Адамның соматиқалық жұлынмилық рефлекстері.

Жұлында саны өте көп рефлекторлы доғалар тоғысады, олардың көмегімен организмің соматиқалық және вегетативті қызметтері бірдей реттеліп отырады. Сіңірлік рефлекстер және созылу рефлекстері қарапайым рефлекторлы реакциялардың қатарына жатады, бір бұлшықеттің рецепторларын тітіткендірумен шақырылатын созылуы, рефлекторлы түрде қысқаруды дамытады.





Рефлекстің атауы

Қолданылатын тітіркендіру

Рефлекторлы реакциялардың сипаты


Рефлекске қатысатын нейрондардың локализациясы

Сіңірлік проприоцептивті рефлекстері:
Шынтақ

Тізелік

ахилл

Құрсақ рефлекстері:



жоғарғы

ортаңғы


төменгі

Табан рефлексі



m. вiceps вrachii сіңірі бойымен балғамен ұру (қол шынтақ буынында жеңіл бүгілген )
Тізе қақпақшасынан төмен m. guadriceps сіңірі бойымен балғамен ұру.
Ахилл сіңірі бойымен ұру
Терінің штрихті тітіркенуі

төменгі қабырғалармен параллель


кіндік дейінде (горизонталды)
шап сызығына параллель

табанның штрихті әлсіз тітіркенуі табанның штрихті күшті тітіркенуі



m. вiceps вrachii қысқаруы және қолдың бүгілуі.

m. guadriceps қысқару және тізенің бүгілуі


табанның бүгілуі

құрсақ бұлшықеттері

нің сәйкес бөлімдерінің жиырылуы

Саусақтар мен табанның бүгілуі



Жұлынның V-VI бел сегменттері

ІІ-ІV бел сегменнтері


І – ІІ сегізкөз сегменттері


VІІІ – ІХ кеуде сегменттері.


ІХ – Х кеуде сегменттері.
ХІ – ХІІ кеуде сегменттері.
І –ІІ сегізкөз сегменттері.


Орталық жүйке жүйесі мен жүлының фукционалды жағдайын бағалау үшін адамның соматиқалық жүлын милық рефлекстері үлкен диагностиқалық маңызға ие.



Лабораториялық жұмыс №2.

Электроэнцефалография әдісі.

Электроэнцефалография – бас миының электрлік потенциалын тіркеу әдісі.

Электроэнцефалограммабас миының электрлік потенциалын жазып алу.
Электроэнцефалограмманың параметрлерін және әртүрлі ритмдерін тіркеу жағдайының сипаттамасы.


Ритмдердің атауы

Жиілік, Гц

Амплитуда, мкВ

Ритмді тіркеу жағдайы

Альфа ритм

Бета-ритм

Гамма-ритм

Тета-ритм

Дельта-ритм



8-13

13-30


›35

4-8


0,5-3,5

50

20-25

100-150

250-300


тыныштық күйдегі жағдайда
эмоциялық қозу, ақыл-ой және физикалық іс әрекетте, тіркендіргіш әсер еткенде
ұйқы, наркоз, гипоксия және әртүрлі аурулар кезінде.
үлкен ми сыңарларының қыртысы зақымданғанда, қатты ұйқы, наркоз және гипоксия.

Электроэнцефалография орталық жүйке жүйесінің функционалды жағдайын бағалау үшін үлкен диагностикалық маңызға ие.


Лабораториялық жұмыс №3.

Қонырауға адамның шартты вегетативті Қарашық рефлексінің жасалуы және жоғалуы.

Құрал – жабдықтар: қонырау, қара, тығыз қағаз.

Жұмыс барысы: жұмысқа топтың барлық студенттері бірдей қатысады. Студентердің бір тобы – зерттелушілер, екіншісі – экспериментаторлар. Экспериментаторлар көздің қарашығын жарыққа қонырауды қосқанда тексереді. Сонымен вегетативті қарашық рефлексін қонырауға қосуға кіріседі. Қонырауды қосарда тексеру барысында көзді қатты қағазбен жауып қояды. Қонырауды өшіргенде көздін ашқаның тексереді. Экспериментаторлар жайлап қарашықтың жарыққа жиырылуын тексереді. Егер қонырауды 10 рет қараңғылықта жарияласа, онда 11 рет. Тек қонырауды қосқанда көленкесіз шартты рефлекторлық көздің көздің қарашығын шақырады. Шартты вегетативті көздің қарашығың рыфлекстарың зайырлау қоздырушымен – қараңғылаумен тоқтатылады. Әр түрлі зерттеулі – шартты вегетативті көз қарашығың рефлекс қонырауы арқылы шартты қоздырғышының әр сонының оңаша әрекетімен сөнеді. Шартты рефлекстің әлсіреуінің жылдамдығы ішкі тежеудің үдерісінің күшімен анықталады.

Жұмыстың жасалуы: Шыққан қорытындыны мына кестеге енгізіңіз.




Тітіркендіргіштің

реттік көмірі



Қонырау-тітіркендіргіш

Шартсыз тітіркендіргіш

Шартсыз жауап

Шартты жауап

1.

+

-







2.

+

+







.













.













.













10.

+

+







11.

+

+







12.

+

-







13

+

-







14.

+

-







15.

+

-






Қоздырғыштың ұйқасын қай сан тіркесінен кейін - қоңырауға шартсыз зайырлы нығаюдың, шартты вегетативті көз қарашығының рефлексі, сонымен қатар оның сөну шартын белгілеңіз.


Лабораториялық жұмыс №4.

Көз-жүректік рефлекс (Ашнер рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін санайды. Содан кейін адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 10-30 с бойы ауыртпай басып тұрып, жібергеннен кейін тамыр соғысын тағы да санайды. Жұмысты 3-4 рет қайталайды. 10-30 с кейін, көз алмасын басып тұрғанда, рефлекстік әсерден кейін ЖЖЖ минутына 8-10 ретке сирейді.

Көз-жүректік рефлекс оң нәтижелі болуы мүмкін (пульстің сиреуі); теріс (көз алмасын басу жүрек қызметі ешқандай өзгермейді); бұрмаланған (пульс жиілігі 15-20 рет мин).

Вегетативтік рефлексті орындау кезіндегі алынған мәліметтер ВЖЖ–нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.


Лабораториялық жұмыс №5.

Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді (дискомфорт сезіміне дейін). Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.

Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.

Вегетативтік рефлексті орындау кезіндегі алынған мәліметтер ВЖЖ–нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.



6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Жұлынның қозғалтқыш жолдары-бұл:



  1. жұлынды-қыртысты, таламикалық, церебеллярлы, проприорецептивтi жол.

  2. вестибуло, тектожұлынды, жұлынды-қыртысты, таламикалық жол.

  3. қыртысты-, рубро-, вестибуложұлынды, жұлынды-қыртысты, таламикалық жол.

  4. қыртысты-, рубро-, вестибуло-, ретикуложұлынды жол.

  5. церебеллярлы, жұлынды-таламикалық, ретикуложұлынды, қыртысты жол.

2. Рефлекторлы доғаға ... кiредi.

  1. сезгiш нейрон, рецептор, орталық, синапс

  2. сезгiш нейрон, рецептор, орталық, қызмет ететiн мүше

  3. рецептор, қозғалтқыш нейрон, синапс, қызмет ететiн мүше

  4. жүйке орталығы, мотонейрондар, синапс

  5. рецептор, сезгiш нейрон, орталық, мотонейрон, қызмет ететiн мүше

3.Тiзе рефлекстi қамтамасыз ететiн нейрондар ... орналасады.

  1. жұлынның сегiзкөз бөлiмiнде

  2. II-IV бел сегменттерiнде

  3. жұлынның кеуде сегметтерiнде

  4. Х-ХII кеуде сегменттерiнде

  5. жұлынның мойын сегменттерiнде

4. …тiтiркендiрсе, терең ұйқыдан ояу күйге ауысу байқалады.

  1. Қызыл ядроны

  2. Торлы құрылымды

  3. Сопақша миды

  4. Таламусты

  5. Базальды ядроларды

5. ОЖЖ-iндегi тежелудi алғаш рет... ашқан.

  1. Павлов И.П.

  2. Анохин П.К.

  3. Сеченов И.М.

  4. Декард Р.

  5. Шерингтон Ч.

6. Құсу орталығы ... орналасады.

  1. ортаңғы мида

  2. гипоталамуста

  3. Варолиев көпiрiнде

  4. сопақша мида

  5. торлы құрылымда

7. Қыртыс жарты шарларында тежелу мен қозудың таралуы ... деп аталады.

  1. иррадиация

  2. концентрация

  3. идукция

  4. окклюзия

  5. конвергенция

8. Шартты тежелуге ... жатады.

  1. кешiктiрiлетiн, ажыратылатын, өшетiн, шартты тежелу

  2. кешiктiрiлген, шектен тыс ,ажыратылатын, синаптикалық тежелу

  3. ажыратылатын, сыртқы, шектен тыс,пресинаптикалық тежелу

  4. ажыратылатын, шектен тыс, өшетiн, сыртқы тежелу

  5. өшетiн, қорғайтын, шекен тыс, iшкi тежелу

9. Қыртыстың үлкен жарты шарларының синтетикалық қызметiне … жатады.

  1. динамикалық стереотиптi қалыптастыру, шартты рефлекстi түзу+

  2. хабар алу, динамикалық стереотиптi қалыптастыру

  3. шартты рефлекстi түзу, ажыратпалы тежелу

  4. өшетiн тежелу, динамикалық стереотиптi қалыптастыру

  5. хабар алу, кешiктiрiлетiн тежелу

10. ЭЭГ дельта ырғаққа дәл келетiн жиiлiк пен амплитуда ... .

  1. 0,5-3,5 сек., 250-300 мв+

  2. 4-8 сек., 100-150 мв

  3. 8-13 сек., 20-75 мв

  4. 15-25 сек., 10-20 мв

  5. 26-35 сек., 50-100 мв

11. ОЖЖ қызметiн сипаттаушы негiзгi жүйкелiк үрдістерге ... жатады.

  1. қозу, тежелу

  2. функциональды тыныштық, лабильдiлiк

  3. қозушылық, рефрактерлiк

  4. тежелу, тепе-теңдiк

  5. тепе-теңдiк, парадоксальды

12. ЭЭГ белсендi ми әрекетiн көрсететiн ... ырғағы.

  1. бета

  2. альфа

  3. гамма

  4. тета

  5. дельта

13. Сөйлеу мен сөйлемдердi құрастыратып жүзеге асыратын Брок орталығы ... орналасады.

  1. қыртыстың үшiншi қатпаларында

  2. қыртыстың алдыңғы орталық қатпаларында

  3. бас-ми жүйкелерінің қозғалтқыш ядроларында

  4. қыртыстың шүйде аймағында

  5. қыртыстың самай аймағында

14. Ағзаның өзiндiк реттелуi ... негiзделген.

  1. керi афферентацияға

  2. жағдайлық афферентацияға

  3. афференттi синтезге

  4. басты мотивацияға

  5. пайдалы бейiмделу нәтижесiне

15. Қыртыстың үлкен жарты шарларының қызметтерi ... заңдылықтарына бағынады.

  1. концентрация, иррадиация, индукция

  2. концентрация, адаптация, индукция

  3. иррадиация, доминанта, лабильдiлiк

  4. индукция, жинақталу

  5. иррадиация, реверберация, конвергенция

16. Сөйлеудi қабылдайтын Вернике орталығы ... орналасқан.

  1. қыртыстың самай аймағында

  2. қыртыстың үшiншi маңдай қатпаларында

  3. қыртыстың алдыңғы орталық қатпаларында

  4. қыртыстың шүйде аймағында

  5. бас-ми жүйкелерiнiң қозғалтқыш ядроларында


Әдістемелік нұсқау №5.

1. Тақырыбы: Анализаторлар туралы түсінік. Көру жəне жанасып сезу анализаторлары. Дəм сезу анализаторы. Есту анализаторы. Вестибулярлық анализатор. Сезу анализаторы. Соматосенсорлық жүйе. Қимыл анализаторы. Жылу сезу анализаторы.

2. Мақсаты: көру жəне жанасып сезу, дəм сезу, есту, вестибулярлық, сезу, соматосенсорлық, қимыл, жылу сезу анализаторын құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты: Сивцев кестесімен көздің өткірлігін және Форстер периметрінің қөмегімен көру алаңын анықтауды үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көру анализаторының құрлысы мен қызметі.

2. Көру өткірлігі. Зерттеу әдістері.

3. Көру алаңы. Зерттеу әдістері.

4. Жанасып сезу анализаторларының құрлысы мен қызметтері.

5. Дәм сезу анализаторының құрлысы мен қызметтері.

6. Есту анализаторының құрлысы мен қызметтері.

7. Вестибулярлы анализатордың құрлысы мен қызметтері.

8. Сезу анализаторы құрлысы мен қызметтері.

9. Соматосенсорлы анализатордың құрлысы мен қызметтері.

10. Қимыл анализаторларының құрлысы мен қызметтері.

11. Жылу сезу анализаторының құрлысы мен қызметтері.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері – клиникалық-физиологиялық әдістерді игеру. Аспаппен жұмыс істеу және зерттеу нәтижелерін талқылау.
Лабораториялық жұмыс №1.

Көздің өткірлігін анықтау.

Көздің өткірлігін анықтау әдісі көз ауруларын емдеу жұмысында қолданады.Сырттағы заттардың бейнесін анықтау үшін оларды түсі мен реңіне қарай бөлумен қатар, сол заттардың жеке бөліктерін де анықтайды. Көзге көрінген зат неғұрлым ұсақ болса, көздің өткірлігі соғұрлым жоғары болады. Көздің өткірлігі деп көздің бір- біріне өте жақын орналасқан нүктелердің әрбіреуін қабылдау қабілетін айтады. Орталық көру аймағы, яғни көру ағзасының кеңістіктегі заттың пішінін анықтау қабілеті сары дақ қызметіне байланысты.

Жұмыстың мақсаты: Көздің өткірлігін анықтау әдісін үйреніп алу.

Жұмысты орындау: Көздің өткірлігін анықтау үшін доктор Сивцевтің 12 түрді жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. Әдетте 1 жолдағы әріптер 50 м. 10 жолдағы әріптер 5 м жерден көрінеді. Еестенің сол жағында әр жлдың тұсында әріптердің қалыпты жағдайда қандай қашықтықтан (д) көрінетіні жазылған. Көздің өткірлігін анықтау үшін кесте жерге іліп қойылады да, көз тексерілетін адам сол кестеден 5 м қашық жерге отырғызылады. Егер зерттелуші адам 10 жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көздің өткірлігі 1-ге тең деп саналады. Ал ол 1- ші жолдағы әріпті ғана көрсе көздің өткірлігі 0,1 ге тең болады: 5 м: 50 м : 0,1. Көздің өткірлігі (ү) кестенің оң жағында жазылған.



Лабораториялық жұмыс №2.

Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.

Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек.



Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.


Форстер периметрі.

1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;

2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.

Лабораториялық жұмыс №3.

Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.

Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.

Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.

Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.



Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Көздiң максимальды өткiрлiгi ... болады.



  1. сары дақта

  2. соқыр дақта

  3. торлы қабатының шеткi аймағында

  4. орталық шұңқырда

  5. көру жүйкесiнде

2. Көру өткiрлiгiн анықтау үшiн ... қолданылады.

  1. Сивцов-Головиннiң кестесi

  2. Форстер периметрі

  3. Анфимов кестесi

  4. офтальмоскоп

  5. Рабкиннiң кестесi

3. Соқыр дақ деген – бұл ... ең үлкен жиынтығы.

  1. көру жүйкесiн құрайтын ганглиозды жасушалардың аксондарының

  2. сауытшалардың

  3. таяқшалардың

  4. пигменттi жасушалардың

4. Астигматизм пайда болғанда көздiң рефракциясының коррекциясына ... шыны қажет.

  1. цилиндрлiк

  2. екi жағы ойыс

  3. екi жағы дөңес

  4. горизонталды

  5. квадратты

5. Көру алаңын анықтау үшiн ... қолданылады.

    1. Форстер периметрі

    2. аудиометр

    3. эстезиометр

    4. Вебердiң циркулi

    5. офтальмоскоп

6. Көру өткiрлiгi деген – бұл ... көру мүмкiндiгi.

  1. әр түрлi ара қашықтықта әр түрлi объектiлердi максимальді ажыратуды

  2. объектiлердi әр түрлi ара қашықтықта

  3. жақын тұрған объектiлердi

  4. нәрселердi тесiрейiп қараумен

  5. қараңғыда

7. Қараңғыда фоторецепторлардың сезiмталдығы ... .

  1. жоғарлайды

  2. өзгермейдi

  3. жойылады

  4. төмендейдi

  5. фазалы өзгередi

8. Анализаторлардың орталық бөлiмi болып ... саналады.

  1. қыртыс оталығы

  2. таламикалық ядролар

  3. ортаңғы ми

  4. мишық

  5. лимбиялық құрылыс

9. Фоторецепторлардың сезiмталдығы өте жарық жағдайда ... .

  1. төмендейдi

  2. өзгермейдi

  3. жойылады

  4. жоғарлайды

  5. фазалық түрде өзгередi

10. Торлы қабықта жарық әсерiнен таяқшаларда фотохимиялық процесте родопсин ... ыдырайды.

  1. ретинол мен опсинге

  2. йодопсин мен ретинольға

  3. эритролаб және вит.А

  4. хлоралаб және опсинге

  5. вит. А және йодопсинге


Әдістемелік нұсқау №6.

1. Тақырыбы: Ішкі сөл бөлетін бездердің жалпы физиологиясы. Эндокриндік жүйенің құрылымдық-функциялық бірлігі. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі. Күйзеліс. Қалқанша без және қалқаншамаңы безі және оның рөлі. Жыныс бездері. Ер және әйел адамдардың жыныс гормондары, олардың заттек алмасуын реттеудегі рөлі және функциясы. Эпифиз. Айыршабез.

2. Мақсаты: эндокриндік жүйенің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуын оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты: түрлі-түсті нұсқадағы фотографиялармен, муляждармен, сызбанұсқалармен гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің, эпифиздің, қалқанша безінің, айырша безінің, қалқаншамаңы безі, жыныс бездерінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуын оқып үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Эндокринді жүйеге жалпы сипаттама.

2. Гормондар, олардың жіктелуі және қасиеттері.

3. Гипоталамустың құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

4. Гипофиздің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

5. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

6. Эпифиздің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

7. Қалқанша безінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

8. Қалқанша маңы безінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

9. Айырша безінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

10. Ерлердің жыныс бездерінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.

Ішкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

Гипоталамус

Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин







Эпифиз

Мелатонин,

адреногломерулотропин

Гипофиз

Тропты гормондар



Қалқанша бездері

Тироксин, үш йодты тиронин, тириокальцитонин



Айыршық безі

Тимозин


Қалқанша маңы безі

Паратгормон



Бүйрек үсті безі

Кортикостероидтар, адреналин, норадреналин



Қарын, ішек жолдары

Гастрин, секретин



Бүйрек

Эритропоэтин,

Ренин,простогландиндер

Ұйқы безі

Инсулин, глюкагон



Аталық бездер

Андрогендер аз мөлшерде эстрогендер



Плацента

Эстроген, прогестерон

Хориондық гонадотропин


Аналық бездер

Эстрогендер, прогестерон


11. Әйелдер жыныс бездерінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері – түрлі-түсті нұсқадағы фотографиялармен, муляждармен, сызбанұсқалармен және бақылау сұрақтармен жұмыс істеу. Шағын топтарда жұмыс істеу.

Сызбанұсқалармен жұмыс.

Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Полипептидті гормонға ... жатады.

А) глюкогон

B) инсулин

С) тироксин

D) паратгормон

2. Стериодты гормонға ... жатады.

А) эстрогендер

В) прогестерон

С) гидрокортизон

D) катехоламин

3. Тирозиннің туындыларына ... жатады.

А) катехоламиндер

В) тироксин

С) трииодтиронит

D) инсулин

4. Қандағы қанттың деңгейін ... гормоны реттейді.

А) ұйқы безінің

В) бүйрекүсті безінің қыртысы қабатының

С) бүйрекүсті безінің милы қабатының

D) қалқанша маңы безінің

5. Бүйрекүсті безінің милы қабатында ... өндіріледі.

А) окситоцин және АДГ

В) инсулин және глюкоза

С) адреналин және норадреналин

D) АКТГ, ТТГ, СТТ

6. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатында ... өндіріледі.

А) окситоцин және АДГ

В) инсулин және глюкогон

С) минералокортикоидтар және глюкортикондар

D) АКТГ, ТТГ, СТГ

7. Гипофиздің алдыңғы бөлігі ... бөліп шығарады.

А) окситоцин және АДГ

В) инсулин және глюкогон

С) адреналин және норадреналин

D) АКТГ, ТТГ, СТГ

8. Гипофиздің артқы бөлігі ... бөліп шығарады.

А) окситоцин және АДГ

В) инсулин және глюкогон

С) адреналин және норадреналин

D) АКТГ, ТТГ, СТГ

9. Қалқанша безі ... гормондарын өндіреді.

А) либериндер және статиндер

В) триоксин, тринодтрионин және тиреокальцитонин

С) тироксин және прогестерон

D) паратгормон және кальцитоник

10. Қалқанша маңы бездерiнiң гормонына ... жатады.

А) паратгормон+

В) тирокальцитонин

С) инсулин

D) глюкагон

Е) альдестерон

11. Айырша безі ... гормонын өндіреді.

А) тимозин

В) тироксин

С) тестостерон

D) паратгормон

12. Эпифиз ... гормонын өндіреді.

А) тимозин

В) тироксин

С) мелатонин

D) пататгормон

13. Әйел жыныс бездері ... гормондарын өндіреді.

А) либериндер және статиндер

В) тироксин, трииодтиронин және тиреокальцитонин

С) эстрогендер және тестостерон

D) андростерон және тестостерон

14. Еркек жыныс бездері ... гормондарын өндіреді.

А) либериндер және статиндер

В) тироксин, трииодтиронин және тиреокальцитонин

С) эстрогендер және тестостерон

D) андростерон және тестостерон

15. Гипоталамус рилизинг- факторларын ... өндіреді.

А) либериндер және статиндер

В) тироксин, трииодтиронин және тиреокальцитонин

С) тестостерон және прогестерон

D) паратгормон және кальцитонин
Қосымша №1.

Әдебиет

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Сәтбаева, Х. Қ. Адам физиологиясы: оқулық. – 2 бас. түзетілген және толықтырылған. – Алматы: Эверо,2005, 2007, 2010.

2. Миндубаева, Ф.А. Физиология пәнінен практикалық сабақтарға арналған нұсқау: оқу-әдістемелік құрал . – Алматы : Эверо, 2012. – 186.

3. Дүйсембин Қ. Жасқа сай физиология және валеология: оқулық.- А., 2007. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары: студенттер үшін.-Шымкент, 1993.



қосымша:

1. Атлас анатомия және физиология: оқу құралы/Т. Ә. Ізмұхамбетов [ж.б.] –Алматы, 2007. -170 бет.

2. Нұрмұхамбетұлы Ғ. Орсыша – қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік: словарь = Русско –казахский медицинский (физиологический) словарь: сөздік. – А., 2007..

Орыс тілінде

негізгі:

1. Физиология человека. Compendium: учеб. пособие / под ред. Б. И. Ткаченко. -3-е изд. испр. и доп. –М.: - Медиа, 2010. -496 с.

2. Агаджанян, Н.А. Нормальная физиология: учеб. Для студентов мед. вузов. –М.: ООО “ Изд-во медицинское информ . агентство”, 2009. – 520 с.

3. Миндубаева, Ф.А. Руководство к практическим занятиям пофизиологии по физиологии: учеб.- методическое пособие.- Алматы: Эверо, 2012. – 194 с.

4. Нормальная физиология: Практикум: учеб. Пособие / под ред. К.В. Судакова. – М.: МИА, 2008.

5. Чеснокова, С.А. Атлас по нормальной физиологии: учеб, пособие.- 2-е изд., испр. и доп. –М.: МИА, 2007.-496 с.

6. Нормальная физиология человека: учеб. / под ред. Б. И. Ткаченко.- М., 2005.

7. Руководство к практическим занятиям по норьмальной физиолигии: учеб. Пособие/под ред. С. М. Будылиной.-М., 2005.

8. Физиология человека: учебник. / под ред. В. М. Покровского, Г. Ф.1,2 том Коротко. -2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.- 656 с.

9. Основы физиологии человека. Т. 1,2: учеб./ под ред. Б.И. Ткаченко.- СПб., 1994.



қосымша:

1. Физиология человека:учебник / Н.А. Агаджанян [и др.] ; под ред. Н. А. Агаджаняна. –М., Медицинская книга; Н. Новгород: Изд – во НГМА, 2005. – 526 с.

2. Пушкарев Ю. П. Трудные вопросы физиологии: учебное пособие / Ю.П. Пушкарев, Г. И. Лобов. – СПб., 2007.

3. Физиология в рисунках и таблицах: вопросы и ответы: учебное пособие / под ред. В. М. Смирнова.- М., 2007.

4. Нормальная физиология. В 3 т. Т. 1, 2. Общая физиология: учеб. пособия для вузов / под / ред. В.Н.Яковлева. – М., 2006.

5. Жакипбекова Г. С. Физиология высшей нервной деятельностеи. Условный рефлекс его нейрофизиологические механизмы: учеб. пособие. – А., 2006.

6. Кузина С.И. Нормальная физиология: конспект лекций.- М., 2006.

7. Методические указания для студентов к лабораторным занятиям по курсу нормальной физиолгии: Физиология дыхания: лечебный педиатрический фак. 1-2 курс / сост. Н. М. Мурина. – Ш., 2006. – 23 с. + эл. опт. диск (CD­ROM).

8. Мозговая К . В. Шпаргалка по возрастной анатомии, физиологии и гигиене: ответы на экзаменационные билеты. – М., 2006.

9. Орлов Р. С. Нормальная физиология: учеб. – М., 2005.

10. Основы физиологии человека: учеб. / Н. А. Агаджанян [и др.].-М., 2005.

11. Лот К. Основы физиологии почек: пер. с англ./науч. ред. Ю.Г. Аляев- 4-е изд.-М., 2005.

12. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: учеб. пособие / под ред . К. В. Судакова. – М., 2002.

14. Физиология: Основы и функциональные системы: курс лекций / под ред . К. В. Судакова.- М., 2000.



Ағылшын тілінде:

1. Sperelakis, Nikolas Essentials of Physiologi = Основы физиологии: монография / Nikolas Sperelakis . – Boston: New York: Toronto, London, 1996. -722 c.

2. Bullock Barbara L. Pathophisiology: adaptations and Alterations in Function.- Fourth Edition.- Neue York, 1996.+1=эл. гиб. дис. – Перевод заглавия: Патофизиология. Адпатация и повреждение функций.

3. West J. B. Respiratory Physiologi – the essentials: моногр.- 5 th ed.- Baltimore, 1995.- Перевод заглавия: Респираторная физиология.

4. Willms Janice L. Physical Diagnosis: bedside Evaluation of diagnosis and Function.- Baltimore, 1994.- Перевод заглавия: Физиологическая диагностика.

5. Plaut D. C. Connectionist Modelling in Cognitive Neuropsychology: a Case Study.- Lawrenge Erlbaum Associates, Publichere. - [S. I.] : Hove (UK), 1994.- Перевод заглавия: Моделирование связи в познавательной нейрофизиологии (исследование).



Электронды ресурстар:

1. Методические указания для студентов к лабораторным занятиям по курсу нормальной физиологии. Физиология дыхания. [Электонный ресурс]: лечебный педиатрический фак. 1-2 курс / сост. Н.М. Мурина. – Электрон.текстовые дан. (150 Кб).- Шымкент: Б. и., 2006.

2. Агаджанян Н.А. Основы физиолгоии человека[Электонный ресурс]: учеб. -2-е изд., испр.-М., 2001.-1 эл. опт. диск (CD­ROM).

3. Основы физиолог человека. В 2 т. Т.1 [Электонный ресурс]: моногр.- М., 2002.- 1 эл. опт. диск. (CD-ROM).

4.. Основы физиолог человека. В 2 т. Т.2 [Электонный ресурс]: моногр.- М., 2002.- 1 эл. опт. диск. (CD-ROM).

5. Физиология высшей нервной деятельности [Электонный ресурс]: методические рек. для студентов мед. фак./сост. Д.А. Адильбекова.- Электрон. текстовые дан. (388 Кб)7- Шымкент:Б. и., Б. г.- эл. опт. диск. (CD-ROM).

6. Физиология пәнінен электронды оқу құралы [ Электронный ресурс] : медициналық колледждерге арнлған оқу құралы. – Электрон. текстовые дан. (22,3Мб). –Түркістан: ОҚО, 2012. –эл. опт. Диск (CD-ROM).

7. Сәтбаева Х. Қ. Адам физиологиясы [Электонный ресурс]: оқулық.- А., 1995.- эл. опт. диск. (CD-ROM).

8. Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы [Электонный ресурс]: моногр.- А., 2001.- эл. опт. диск. (CD-ROM).-

9. Анатомия и физиология человека. В 4 вып. [ Видеозапись, кинофильм, микроформа]: видиоэнцикл. Для народного образования.- М., Б. г.- 1 вк.

12. Лехак В. А. Ключ к пониманию физиологии [Электонный ресурс]: моногр.- М., 2002.- 1 эл. опт. диск. (CD-ROM).- Всего 2 экз.

14. Федюкович Н.И. Анатомия и физиология [Электонный ресурс]: учеб. пособие / Н.И. Федюкович. – Ростов н/Д., 2002.- 1 эл. опт. диск. (CD-ROM).

15. Шульговский,В.В.Основы нейрофизиологии [Электонный ресурс]: учеб. пособие-Электрон. текстовые дан.(5,96 Мб) .-М.:Б. и., 2003. - 1 эл. опт. диск. (CD-ROM).

16. Дубынин, В.А. Регуляторные системы организма человека [Электонный ресурс]: учебное пособие.- Электрон. текстовые дан.(12,9 Мб) .-М.: Дрофа, 2003. - 1 эл. опт. диск. (CD-ROM).






жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау