жылғы 19 шілдедегі №999 қаулысымен бекітілді [30].
туралы» Заң қабылданған [32].
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға
және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп
11
мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын
ұйымдас тыру бойынша 2001 жылғы 12 наурызда
№346 қағиданы бекітеді [34].
Аталған нормативтік құқықтық акт күні бүгінге
дейін қолданылып келеді, алайда тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы субъектілерінің ведом-
ствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін толық
қамтымай отыр.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі
әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысан-
дарын жою туралы конвецияның орындалуы
жөнінде БҰҰ-да Қазақстанның алғашқы есебін береді
[35]. БҰҰ сарапшылары Қазақстанды прогрессивті,
оның ішінде әйелдер құқықтарына қатысты
өзгерістердің үлгісі деп санауға болатынын атап өтті.
«Баланың құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясының
шеңберінде 2002 жылы Қазақстан Республикасында
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы» Заң қабылданады [35].
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға
арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру
мақсатында 2006 жылы Елбасының Жарлығымен
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық
комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат
жөніндегі ұлттық комиссия деп қайта ұйымдас-
тырылды [36].
Үкіметтің 2006 жылғы 28 ақпандағы №128
Қаулысымен облыстар, Астана мен Алматы
қалалары әкімдерінің жанындағы Отбасы істері
және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы
үлгілік ереже бекітілді. Осы Қаулыны орындау
үшін барлық өңірлерде облыстар, Астана мен
Алматы қалалары әкімдерінің жанынан отбасы
істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссялар
құрылады, комиссиялардың босатылған хатшылары
тағайындалады [37].
2006 жылғы 29 маусымда «Қазақстан Респуб-
ликасындағы 2006-2016 жылдарға арналған Ген-
дерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша
2006-2008 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
қабылданады. 2006 жылғы 16 ақпанда Қазақстан
Республикасында «Кейбір заңнамалық актілерге
адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бо-
йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Заң қабылданады, ал 2006 жылғы 1 шіл деден бастап
баланың және оның бір жасқа дейінгі күтіміне
байланысты мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі [38].
2007 жылы БҰҰ-да (Нью-Йорк қ., АҚШ), Қазақ-
стан оған 1998 жылы қосылған, Әйелдерге қатысты
барлық кемсітушілік нысандарын жою туралы
конвенцияның (СИДО конвенциясы) ере желерін іске
асыру туралы Қазақстан Республика сының екінші
кезеңдік баяндамасын қорғау өтеді.
БҰҰ Комитетінен алынған ұсынымдарды іске
асыру мақсатында Халықаралық және гуманитарлық
құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық
шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Ұсынымдарды іске асырудың 2007-2011 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, 2007 жылғы
7 қарашада №5 хаттамамен бекітті.
2014 жылы Қазақстан Республикасы, Қазақстан
оған 1998 жылы қосылған, Әйелдерге қатысты
барлық кемсітушілік нысандарын жою туралы
конвенцияны (СИДО конвенциясы) іске асыру
бойынша бірлескен үшінші және төртінші ұлттық
баяндамасын жасады.
2001 жылғы 11 маусымда ҚР Үкіметінің №789
Қаулысымен Кәмелетке толмағандардың істері мен
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
туралы үлгілік ереже бекітілді [39].
2006 жылғы 1 ақпанда ҚР Президентінің
Жарлығымен Отбасы істері және гендерлік саясат
жөніндегі ұлттық комиссия Әйелдер істері және
отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссия болып қайта құрылды [40].
2008 жылғы 13 желтоқсанда Заңнама жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның отырысында Нор-
мативтік құқықтық актілердің жобаларына гендерлік
сараптама жүргізуді басқару бекітілді. 2008 жылы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15
қаңтардағы №7 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан
Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын
іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді [41].
Гендерлік теңдік стратегиясы біздің елімізде
2006 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғандағы
кезеңде мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға
бағытталған негіз қалаушы құжат, оны іске асыру
және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан
мониторингіні жүзеге асыру құралы, демократияның
қалыптасуындағы маңызды фактор болып келді.
Қазақстан Стратегияны іске асыру барысында
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Бәрінен бұрын, бұл әйелдердің әлеуетін
мақсатты дамыту, ерлер мен әйелдердің еңбек
қызметінде, бизнесте, саясатта, мемлекетті басқа-
руда тең көрінуі үшін жағдай жасау, әйелдердің
сапалы білім алуы мен денсаулығын сақтауда
тең қолжетімділікті қалыптастыру, ананы жан-
жақты қорғау тұрғысынан көрініс тапты. Бүгінде
Қазақстанда Гендерлік және отбасы-демографиялық
саясаттың тұтас институционалдық жүйесі қалып-
тасты, маңызды құқықтық база құрылды.
Стратегия өз жұмысын аяқтағандықтан, оның
ор нына «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға
дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжы рым-
дамасы» әзірленді. Оны іске асыру үш кезеңге
бөлінеді:
Бірінші кезең (2017-2019 жылдар)
Екінші кезең (2020-2022 жылдар)
Үшінші кезең (2023-2030 жылдар) [7].
Тұжырымдаманың мақсаты Қазақстан Респуб-
ликасының Конституциясына және халықаралық
құқықтық актілерге сәйкес әйелдер мен ерлер
үшін тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерді толық
іске асыруды, олардың қоғамдағы барлық тіршілік
саласына тең қатысуын, отбасылық қатынастардың
үйлесімділігін, отбасы мен отбасылық өмірдің
құндылықтарына
қолдау
көрсетуді,
нығайту
мен қорғауды, оның функцияларын отбасының