№ 1, 2008
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстыќ сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жаќын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттері өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туысты қ тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстыќ жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық– осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасыныњ берекесі, аќылшысы болып келеді. Олардың әрќашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дєстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тєрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата- әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының ќара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анаѓұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тєжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағайындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындаѓы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылыќ, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өµмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондыќтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген ќалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасыныњ, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкенніњ атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете бақрады. Күйеуқ қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса ќұда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудіњ де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтыњ «Күйеуді ќызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
М.Әуезов Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлѓасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарыќқ жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дұниеге танылмас еді. «Абай жолы» халќымыздыњ ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.
ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ.
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпќақ түсіретін ішкі рухани реттеуші, ќқадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына мінез - құлыќ жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғмбар Мұаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», - деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен. Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: «Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед пайғамбар), - деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран»,- деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Ќазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қзынасы үшін өлмес өсиет қалдырѓан Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жањғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да «иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында»:
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды», немесе
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын,- деген екен.
Г.Сандыбаеваның «Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана» кітапшасында мұсылман қыздары үшін ғибраты мол хадис тағылымдары сөз етіледі. Сыры мол хадистердің құпия астарын талдап түсіндіріп, салиқалы оқырманға исламның інжу – маржанын шашады. Ислам өнегесінен тәлім алуға асыққан, имандылықты жаны қалайтын қыздарға арналған.
«Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын» деген қате көзқарастан аулақ болу керек. Дін деген – сенім. Алла тағаланың Жаратушы күш екеніне, Құран Кәрім мұсылман қауымның Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс.
Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты. Алайда әйелдер хұқығы исламға дейін мүлдем адам төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қажет десеңіз қыздарын тірідей жерге көмді: әйелдер хұқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтары арасында мәз болмай, ар-намысы тапталып жатты.
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мұндай өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп отырѓан. Оның үстіне жесір қалған әйелдерге тұрмыс құруға тиым салу заңы тағы болды. Осындай тағылық заң тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана күшін жойды.
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын орындарда табынуға тиым салынған. Қтайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген: Рим Заңы бойынша әйел еріне басыбайлы болып, өзіне тиісті дүние-мүлікке де ие бола алмаѓан. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам єйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштыќ пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды Әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мєн береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мєселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда.
Исламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып, қабысып кеткен, әрі ұзақ жылдар бойы өмірде қолданылып келген. Өз ата бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған осынау қағида ережелерді есте ұстаған ләзім.
Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіру әрі парыз, әрі сауабы мол іс. Міне, белгілі шығыстанушы М.Өсерұлының «Мұсылмандық қағидалары» кітапшасында мұсылмандықтың қағида – ережелері қарапайым да әсерлі түрде жан – жақты әңгімеленеді.
Ал, «Құран хикаялары» атты кітапта пайғамбарлар өмірбаянына, дін тарихына байланысты сан алуан оқиғалар іріктеліп алынған.
Ислам дінінің негізгі мәліметтеріне қоса, бұл кітаптыњ танымдық, тәрбиелік маңызы да өте зор.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін жєне саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар.
Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
«Ұяда не көрсењ, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мєн бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.
Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларыныњ ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналыќ борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қ имылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудыњ үстіне, олардыњ жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шєкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұран оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасыныңњ маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН,
ӨТЕУ - СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың ќадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусєр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады
«Баланы – жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.
Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.
Ал нәресте өмірінің нєрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондыќтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанѓа опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.
Ал ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:
…Ертеде сұлу қыза болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.
Қыз атын айтса, ауыздан зар
шығыпты,
Құс жасты аққан жасқа
малшыныпты.
Дертіне сағыныштың шыдай
алмай,
Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпты.
Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О, сұлу неткен қатал керемет ең?! «Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын»,
- деген екен.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып
күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы
ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып
түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол, міне, қыздың шартын
орындады.
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы
Анаңның кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған…
Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.
Ал біздің бала кезімізде «Ана тілі» оқулығында Ы. Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлеңі болды. Осы өлеңді оқығанда, сол кезде кішкентай бала болсақ та, қатты тебіренуші едік. Бала ұғымына лайық тілмен ананың қадір-қасиетін жүрекке жылы етіп жеткізген өлең шумақтары әлі күнге дейін есімде. Онда былай деуші еді:
Кім сендерді балалар сүйе -тұғын,
Қуанышыңа ќуанып, қайғыңа күйе -тұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре –тұғын.
Кім сендерді, балалар
тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар,
жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар
шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніњше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас
дер өле-өлгенше.
Барша аналарға тән қасиет осындай деп ойлаймын.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.
«Алты аға бірігіп - әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,
- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!
Қазақтар – «Түріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нєр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін аќтау - өµз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке-шешесі:
- Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сүйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, ќазір де жоқ емес.
Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті - баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігініңң бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-ана
сының мерейін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Балалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын қауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар үнемі алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан кірбің кетпейді.
Бұған қарама-қарсы еңбекқор, кең пейіл, жарқын мінезді болып өскен ұл-қыз ата-ананың қас-қабағына қарап, хал-жағдайларын айтқызбай аңғарып, олардың көңілін тауып, мерейін өсіреді. Демек, балалары ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен, әдепті болулары керек, өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарып, отбасына кіріс кіргізіп, әке-шешенің қарттығын қажетті тыныштықпен жєне дәулетпен қамтамасыз етулері қажет.
Ата-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін, жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Әдепті бала ондай кезде зіркілдеп, дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді балағаттау – бала тұрмақ жасы кіші адамның ісі емес.
Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі жаныңа қатты батса да, сабыр етіп, өзіңді дүниеге әкеп, зор мехнатпен әлпештеп өсіргенін есіңе түсіруің, кешірімді болуың міндет. Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!
Ата-аналар, сіздер үшін
1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік жєне рухани мєдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тєтті тұруға ұмтылуы.
8. Үй ішіндегі татулыќ күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
9. Сыпайылық жєне әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек. Құрастырушы: Қазақстанның С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы
|