Қостанай облысы Қазақстан Республикасының солтүстік
бөлігінде орналасқан және батыс жағында Орал және оңтүстік-
шығыс жағында Орталық Қзақстан аудандарымен көршілес
орналасқандықтан, тиімді экономикалық-географиялық орын алады.
Облыс құрамына 16 аудан мен облыстыққа бағынышты 4 қала
бар.
Әкімшілік орталығы — Қостанай қаласы, оның нешізі 1879
жылы қаланған, Тобыл өзенінің бойында орналасқан.
ХХ ғасырдың басында қала ірі сауда орталығы және Азия мен
Ресейді байланыстыратын маңызды жол болған. 1950 жылдары тың
игеруге байланыст қала мен облыс тұрғындарының саны елеулі
түрде артқан. Соғыстан кейінгі уақыттан бастап осы уақытқа дейін
Қостанай облысының аумағында астық мәдениеттерін ірі егіндері
жиналып келеді.
Қостанай облысының дамыған көлік инфрақұрылымы, көрші
қалалар мен облыстармен берік және тұрақты дамып келе жатқан
туристік байланыстары бар.
Қостанай облысында табиғи және мәдени мұралардың бай
әлеуеті бар. Қостанай облысындағы туризм қонақжайлылықтың
өңірлік индустриясын дамытудың мультипликативті әсерді құруға
мүмкіндігі бар сала ретінде қарастырылады, ал жеке аумақтарда
әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының негізі бола алады.
Қостанай облысының туризмі
Барлық әлемде ыңғайлы жіне пассивті демалыс кезінде біздің
өңір өзінің бай мәдени мұрасымен, көрнекі орындардың көп
болуымен,
бірегей
табиғи
ландшафтарымен
баламалы
экстремалды, экологиялық және емдік-сауықтыру демалысын ұсына
алады.
Қостанай облысында туризмді дамыту
Мәдени-танымдық
•726 тарих пен мәдениеттің ескерткіштері
•514 тарихи-мәдени мұралардың объектілері
Экстремалды
• Аңшылық
• Балық шаруашылығы
Экологиялық
• Науырзым мемлекеттік қорығы
• Аманқарағай қарағай орманы
• Торғай геоглифтері
Емдік-сауықтыру
• 4 санаторий
• 2 профилакторий
А.ж. 3 ай ішінде орналастыру орындары көрсеткен
қызметтердің көлемі 26,2% артқан және 281,8 млн. теңгені құраған.
Орналастыру орындары объектілерінің саны 123 бірлікті құрайды, ол
2017 жылдың сәйкес кезеңінен 2,5% артық. Аталған объектілердің
қызметтерін 37,4 мың ҚР азаматы және 3816 шетелдік туристер
пайдаланған, 2017 жылмен салыстырғанда өсім 24,8% артқан және
сәйкесінше 22,7% құрайды.
Туристерді ыңғайлы орналастыру үшін туризмнің жаңа
объектілерін салу және жұмыс істеп тұрғандарын қайта салу
жүргізіліп жатыр.
2018 жылы облыста 300 млн. теңге сомасына туризм
саласындағы 7 жоба іске асатын болады, 40 жаңа жұмыс орны
құрылады.
Анықтама үшін: жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша екі
жоба (Қостанай, Әулиекөл аудандары), орналастыру орындарын қайта салу
бойынша бес жоба (2 жоба Денисов ауданында, 2 жоба Меңдіқара ауданында, 1
жоба Амангелді ауданында).
Денисов және Амангелді аудандарының қонақ үйлерін қайта
құру бойынша 2 жоба а.ж. 1 жарты жылында жүзеге асырылды.
Облыста ақпараттық туристік бюро әрекет етеді (туристік
маршруттар бойынша экскурсияларды ұйымдастыру, туристік
топталмаларды іске асыру), ол облыстың көрнекі орындары
бойынша 30 турмаршрут әзірлеген.
Қонақтар мен тұрғындарға қызмет көрсету үшін қазақ, ағылшын
және қытай тілдерін білетін экскурсия жүргізуші гидтер дайындалған
(42 адам оқудан өткен).
Туристік саланы дамытудың негізгі бағдарламалық құжаттары
Қостанай облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға
арналған бағдарламасы мен Қостанай облысында туристік
индустрияны дамытудың 2022 жылға дейінгі мастер-жоспары болып
табылады.
2018 жылдан бастапшығу және кңрме туризм түрлерін
жоспарлы дамыту мақсатында Қостанай облысында туризм
индустриясын дамытудың 2022 жылға дейінгі мастер-жоспары,
сондай-ақ Қостанай облысын туристік дестинация ретінде ілгерілету
және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген.
Туризмнің басым түрлеріне сәйкес, туристік кластерлік
учаскелер анықталды, оған:
экологиялық кластерлік учаске;
мәдени-танымдық кластерлік учаске;
емдеу-сауықтыру (санаториялық-курорттық) кластерлік учаске;
аңшылық олжалық кластерлік учаске;
туризмнің демалыс күн кластерлік учаске;
оқиғалы кластерлік учаскесі кірді.
Ағымдағы
жылы
Мастер-жоспар
бойынша
туристік
индустрияны дамытуға бағыттан 25 іс-шара көзделген.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес жолдарды жөндеу, ақпараттық
сілтемелерді, көрсеткіштерді орнату, жаңа туризм объектілерін салу
және жұмыс істеп тұрғандарын қайта салу және оларға қажетті
инфрақұрылымды салу жоспарланған.
Аталған іс-шараларға, оның ішінде туризм саласындағы
цифрландыруды қоса алғанда облыстық бюджеттен 18,8 млн. теңге
бөлінген (халықаралық және өңірлік туристік іс-шараларды
ұйымдастыру және қатысу, ақпараттық турларды өткізу, имидждік
және ақпараттық өнімдерді дайындау, сайт-порталды, интерактивті
бағдарламаларды, ақпараттық дүңгіршектерді әзірлеу).
Ағымдағы жылғы сәуірде бюджеттік қаражаттардың бөлігі
«Туризм және саяхаттар» 18-ші Қазақстан халықаралық көрмесіне
Қостанай облысының делегациясының қатысуына шығындалған.
Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның күнделікті
өмірінің барлық салаларына цифрлық технологияларды барлық
өңірде
бірдей
енгізу,
сондай-ақ
«Цифрлық
Қазақстан»
бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау
шеңберінде туризм саласында цифрландырудың 3 жобасын іске
асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
1) Облыстың көрнекі орындары бойынша 3D турларды, Android
және IOS нұсқаларына келетін мобильдік қосымшасы бар сайт-
порталды әзірлеу. 3D турлары бар сайт-портал біздің өңірдің
сұлулығын көрсетуге және отандық, шетелдік ықтимал туристерді
тартуға арналған;
2) Әуежайда, авто және т/ж вокзалдарында ақпараттық
дүңгіршектерді орнату туристерді максималды түрде облыстың
көрнекі орындары мен туристік объектілері туралы қажетті
ақпаратпен жабдықтауға мүмкіндік береді;
3) «Туристің зияткерлік көмекшісі» бағдарламасын (чат-бот)
әзірлеу туристер үшін навигация мен орындарға бағдарлануын
оңтайландырады.
Туристік бизнесті цифрландыру бойынша іс-шараларға тарту
жөнінде белсенді жұмыстар Еуропа қайта құру және даму банкімен
бірге жүргізіліп жатыр, ол консалтингілік қызметтердің жаңа
технологияларды енгізу, персоналды оқыту, аудит жүргізу, өндірісті
басқаруды
автоматтандырудың
шығыстарының
50%
өтеуге
гранттарды алу бағдарламасын іске асырады.
Осылайша, қазіргі уақытта «Тобыл» өонақүй кешені мен
«Золотой
фазан»
қонақүй
ауласы
өндірісті
басқаруды
автоматтандыру бойынша жаңа технологияларды енгізуге аталған
грантты алу үшін құжаттар топтамасын дайындап жатыр.
Одан басқа, «Тобыл» қонақүй кешені Қостанай облысының
Кәсіпкерлер палатасына жаңғырту 4.0 бағдарламасы шеңберінде
мейрамхана жәнеқонақүй бизнесіне персоналды оқыту үшін
шетелдік консультанттыу тарту үшін өтінім берген.
Одан басқа, «Сосновый бор» шипажайына кірме жолдың
ағымдағы жөндеуіне облыстық бюджетте 92 млн. теңге көзделген.
Осылайша, туризм саласындағы қаржыландырудың жалпы
көлемі ағымдағы жылы 110,8 млн. теңгені құрайды.
Емдік-сауықтыру бағыты Алтынсарин ауданының көркем
курорттық аймағында орналасқан, онда біздің өңірдің сауықтыру
орын «Сосновый бор» шипажайы орналасқан. Бұл жерде:
«ДжайляуКЗ» ойын-сауықтыру кешені, «Селена», «Деревенька в
бору» демалыс базалары мен балаларға арналған 3 ірі сауықтыру
лагерлері орналасқан.
Туристер үшін аса көп қызығушылықты «Сосновый бор»
шипажайы тудырады, оған облыс тұрғындары ғана емес, сонымен
қатар барлық республикадан және ТМД елдерінен турситер келіп
тұрады.
Егер көрнекі орындарға және мұражайларға, тарих пен мәдени
ескерткіштерге баруды көздейтін мәдени-танысдық туризм туралы
айтатын болсақ, олардың басым бөлігі облыс орталығында
шоғырланған.
Сонымен
қатар,
облыстың
қалалары
мен
аудандарында туристердің қызығушылығын тудыратын объектілер
бар.
Мысалы, Лисаков қаласынан 30 шақырым радиустағы жерде
археологиялық кешен орналасқан. Қазбалар кезінде мың жарымға
жуық жерлеу құрылымдары (тас қошаулары мен қорғандар), сондай-
ақ қол дәуірінің тайпаларының ірі қоныстары табылған.
Облыстың оңтүстік аудандарының аумағында Амангелді
ауылындағы кесенелер мен мазарлар, Сатыбалды-Ишан кесенесі,
Діңдер, Жәуке-Батыр мазараы, «Кыз-Тама» және т.б. сияқты қазақ
халқының тарихи және мәдени ескерткіштері бар.
Денисов ауданының аумағында мерзімі б.д.д. 17-17 ғасырға
жобаланған бірегей археологиялық кешендер орналасқан.
Ескерткіш «Қаз.АРК» – Қазақстандық Арқайым деп аталады, ал
халық ішінде Арқайым-2 деп аталады, себебі ол ескерткіш мерзімі
бойынша да мәдениеті бойынша Челябі облысындағы ескерткішке
ұқсайды.
Қостанай облысының ең қызықты көрнекі орындарының бірі –
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы, ол ЮНЕСКО объектісі болып
табылады.
Адам қолы тимеген жабайы табиғаттың көртүрлілігі мен
байлығы аталған өңірде экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік
береді.
Қорық аумағында 6 экскурсиялық соқпақ бар, 2 экскурсиялық
маршрут әзірленген. Туристерді қабылдау үшін орман нақышындағы
үй, 11 төсек-орынға арналған 3 шағын қонақ үй бар. 2012 жылы
«Науырзым – жұмбак жер» визит-орталығы ашылған, онда мұражай
экспозициялары мен конференц-зал және шағын кафе орналасқан.
2017
жылы Науырзым ауданында туристерді орналастыру үшін
нөмірлік қоры 6 нөмір болатын 12 төсек-орыннан тұратын ыңғайлы
қонақүй салынған.
Облыс аумағында 25 жуық аң шаруашылықтарының
пайдаланушылары (103 аң шаруашылығы) және 128 су айдындарын
ұстаушылар бар, олар бойынша қазіргі уақытта ақпараттық-таратпа
материалдары әзірленіп жатыр және тиісті туристік топтамалар
жасалуда.
Қостанай облысына қош келдіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |