Қосымша білім берудің, оның ішінде ғылыми-техникалық бағыттағы бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың жобалау технологиялары және зерттеу қызметі арқылы балалардың танымдық белсенділігі мен ойлау дербестігін қалыптастыру



жүктеу 160 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі160 Kb.
#25205


Қосымша білім берудің, оның ішінде ғылыми-техникалық бағыттағы бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың жобалау технологиялары және зерттеу қызметі арқылы балалардың танымдық белсенділігі мен ойлау дербестігін қалыптастыру
Естігенімді ұмытамын,

көргенімді есте сақтаймын,

өз істегенімді –меңгеремін.

Конфуций.


1-дәріс. Жобалау технологиясы

Негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

Негізгі міндеттер:

  • күнделікті өмірдегі құбылыстарды жобалау негізінде үйрену;

  • жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы оқушының жеке қасиеті мен қабілетін жетілдіру, дамыту;

  • әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйрену және ұжымда жұмыс істеу арқылы оқушының жеке қабілетіне орай танымдық, шығармашылық белсенділік іс – әрекетін қамтамасыз ету;

  • оқушы қажеттілігін қанағаттандыру.

Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен іс- қимылдар қолданылады

Қазіргі ХХІ ғасыр – жоғары индустриялды, ақпараттық қоғам. Қазақстан ашық, демократиялық қоғам ретінде қалыптасу, даму жолын таңдады. Қоғам дамуының бүгінгі заман үрдісі жаһандану үрдісіне негізделеді. Ал қазірдің өзінде Қазақстанда мәдениет интервенциясы басталды. Бұл жағдай қоғамдық өмірде іс жүзінде көрініс алуда. [ 1:53 – 54]

Бұл мәселеде білім беру жүйесі шешуші рөл атқармақ. Білім беру жүйесінде ұлттық тәлім – тәрбиені іске асыратын қазақ этнопедагогикасы. Сондықтан қазақ ұлтының төл тума мәдени құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіру, сол арқылы олардың ұлттық сана – сезімін, патриоттық сезімін ояту қажет. Мектеп жағдайында оқушыларға ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту керек. Осы тұрғыдан жүргізілген педагогикалық тәжірибеден жобалық оқыту технологиясы жетілді. Бұл жетілу үрдісі 6 жыл бойы қалыптасты. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «бірге үйрену» деген мағынаны білдіреді. [ 1:53 – 54 ]

Жобалап оқыту технологиясының алғашқы негізін салушы Карл Фрей. Ол жобалау әдісі туралы былай дейді:

- оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.

- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;

- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

- ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

- зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

- оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобалау технологиясы ХХ ғасырдың басында АҚШ – тың ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болды. Оның негізін салушы Джон Дьюй атты психолог және педагог, философ. [ 1: 53 – 54 ]

Д. Дьюйдің жобалық оқыту әдісі – оқыту үрдісінде өнімді оқыту идеясын жүзеге асыру құралы, онда оқушылар күнделікті өмірдегі құбылыстарды жобалау негізінде орындайды. Оқушылар тәжірибелік міндеттерді жобалауды өзіндік шығармашылық негізінде мұғалімнің көмегімен жүзеге асырады. Бұл жобалық оқытуды оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін, танымдық, шығармашылық белсенділік іс – әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді. Жобалау технологиясында негізгі ұстанымдар мыналар:



  1. Оқушының жеке қасиеті мен қабілетін жетілдіру, дамыту.

  2. Оқушының жеке қабілетіне орай танымдық, шығармашылық белсенділік іс – әрекетін қамтамасыз ету.

  3. Оқушы қажеттілігін қанағаттандыру.

Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен іс- қимылдар қолданылады. Ондай іс- қимылдарға мыналар жатады:

  1. Ғылыми таным әдістерін меңгеру (талдау, салыстыру, ой –пікірлерді негіздеу, жинақтау, ой қорыту, бақылау, ғылыми ойлау, ғылыми түсіндірме, т.б. )

  2. Оқушының өзіндік ізденіс іс – қимылдары (танымжорық, тәжірибелік іс – қимылдар, ғылыми әдебиеттер оқу, нормативтік құжаттармен танысу, талдау, қоғамдық өмірдегі құбылыстарды тану, бақылау, сөздіктермен жұмыс, эвристикалық әңгімелер, түрлі дарынды тұлғалармен кездесу, сұхбаттасу, ой – пікір бөлісу, жазба жұмыстары, эксперимент жүргізу және т.б.)

  3. Жобалық оқытуды ұйымдастырудың формасы ( пәндік үйірме, оқыту әдісі –жобалау, оқыту тәсілдері – ізденушілік, шығармашылық іс – әрекеттер, оқыту формасы – жеке – дара және топтық ) [2:110-111]

Демек, жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол.

Біріншіден, бұл технология – оқу жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Баланың өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді.

Екіншіден, жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Өз бетімен қосымша білім бағыттары бойынша берілетін түрлі жобаларды орындау барысында өмір бойғы білім алу дағдыларын дамытады.

Үшіншіден, бұл технологияның артықшылығы–қосымша білім беру ұйымдарында жоба жұмысын орындау арқылы бала өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды.

Төртіншіден,оқушының білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол сабақтан тыс уақытта қосымша білім алу барысында өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.

Бесіншіден, бұл технология бойынша бала өзіне жақын, қызығушылық танытатын ғылым негіздері, техникалық және басқа да бағыттарда тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады.

Алтыншыдан,жобалау технологиясы оқытушыға да, оқушыға да жұмысына, ғылыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни «эгофакторлық» сенім ұялатады [6, 63-65].

Қосымша білім беру ұйымдарының ғылыми-техникалық бағыттары бойынша оқытушы алғашқы кезінде баланың даралық қабілетін анықтап алады. Ол үшін психологиялық диагностика, сауалнама, шығарма жазу, эвристикалық әңгіме, бақылау т.б. жұмыс түрлері орындалады. Жоба жұмыстары бойынша тақырып таңдауға көмек және оқушы көтерген мәселеге орай әдістемелік нұсқау береді. Мақсатқа жетудің амал – тәсілдерін көрсетеді. Зерттеу жұмысына орай, зерттеудің кезеңдерін, мақсат пен міндеттерін, әдістерін ұғындырады. Зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, жұмыс жоспарын құрады, зерттеу көздерін көрсетеді, мерзімдерін бекітеді, ақпарат алу мен тасымалдау әдістерін үйретеді. [3:21 – 22]

Оқушылардың өз еркімен шығармашылық іс – қимыл жасауы олардың өзін – өзі тануына, өздігінен жетілуіне, өзінің ұнатқан білім негіздерін, сол бағыттағы қосымша білім негіздерін игеруге терең меңгеруге ықпалы зор.

Жобалау жұмысын ұйымдастыру барысы.





Жоба жұмысы кезеңдері

Жұмыстың мазмұны

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс - әрекеттер

Оқушылардың іс - әрекеттері

1


Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр оқушы өмірлік өз тәжірибесіне ( егер ол болса) сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2

Жоспарлау

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша күнделігін тексереді.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау, жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

3

Зерттеу жұмысы

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, сауалнама, бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке – жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, сауалнама сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым – қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4

Нәтижені талқылау

Ақпаратты талдау, шешім щығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушының еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір – біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио – бейне техниканы жабдықтайды.

Топ арасындағы әркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгісін белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындайды.

5

Жұмыстың тұсау кесері

Қорытынды дайындық жұмыстар

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыларды сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды бір-біріне қоя және жауап бере отырып, сөйлеуге дайындалады.

6

Бағалау және жоспарлау

Бағалау жұмыстарын жүргізеді

Алдағы жұмыстарын өзгерту және оқушы жұмысының жетілдіру тұстарын анықтау мақсатында бағалауды ұйымдастырады.

Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.

Ескертпе: ғаламтордан алынған.

Жобалау технологиясының классификациясы:



  • Практикалық (ғылыми-техникалықбағыттар бойынша)

  • Зертханалық (зерттеу ережелері бойынша)

  • Шығармашылық (бейнефильмдер, туындылар, т.с.с.)

  • Ролдік (әдеби, тарихи, көркем-өнер, өнертапқыш т.с.с. ролдік ойындар)

Жобалар бөлінеді:

- моножоба (қосымша білімніңбірбағыты бойынша)

- пәнаралық жоба (қосымша білімнің бірнеше бағыты бойынша)

- пәннен тыс жоба (үйірме, секциялар, курстар, т.с.с. сабақтарда)

Ұзақтығы бойынша:


  • Шағын-жоба (бір сабақта орындалады)

  • Қысқа мерзімді (4 – 6 сабақта -//-)

  • Жетілік (30 – 40 сағат керек)

  • Жылдық.

Жобаны көрсету түрлері:

  • Ғылыми баяндама

  • Іскерлік ойын

  • Бейнефильм

  • Ғылыми конференция

  • Сахналық көрініс

  • Спорттық ойын

  • Қойылым

  • Саяхат

  • Жарнама

  • Телехабар

  • баспасөз – конференциясы. [3:21 – 22]

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. [5.]

Міне, бұдан шығатын қорытынды: жобалық оқыту технологиясы оқушыларға белгілі бір таңдаған қосымша білім бойынша терең де, сапалы білім алуға кепіл бола алады. Бұған өз тәжірибеміз бен ізденістеріміз арқылы анық көзіміз жетті.



Бекіту сұрақтары:

1. Жобалап оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі қандай?

2. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы кім?

3. Оқыту әдістемесінің үлкен екі саласына тоқтал

4. Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты

қандай?



2-дәріс.Қосымша білім беру оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері

Мақсаты:Ойлау белсенділігі және зерттеуіс әрекеттері арқылы практикалық жұмыстарды орындау барысында білім мен икемділіктерін шыңдау жәнеміндеттерді өздігінен шеше алу, еңбексүйгіштік қабілетін дамыту, өнертапқыштық қасиетін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Қосымша білім алуға алғашқы кіріскен күннен бастап шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттыру.

  2. Олардың бойында өз ісіне деген берік сенімділік қалыптастыру.

  3. Жаңа ақпарат көздерін тауып, ғылым негіздерін өз бетінше жүйелі жинауға үйрету.

  4. Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын, оқушы қабілетіне лайық жаңа шеберлік көкжиегіне қарай бағыттау ізденіске жетелеу.

  5. Техникалық үйірмелердің конструкторлық қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, жобасын дәлелдеу.

  6. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, кез - келген бұйымды жетілдіру мүмкіндігі бар екенін ұғындыру.


Қосымша білім беру ұйымдары оқушыларының техникалық шығармашылығының мәні,міндеттері және түрі.

Шығармашылык жұмыс- адам қызметінің жемісі, ол материалдық жәнерухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі. Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағыбарлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен

практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе, қиял арқылы ойлау үдерісі шығармашылық жұмыста өз нәтижесін береді.

Техникалық шығармашылық - бұл тиімді әрі жаңашыл техникалықнысандарды жасау, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетіндамытып, оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген құралы.

Қосымша білім беру ұйымдары оқушыларының техникалық шығармашылығыныңнәтижелері - жеке тұлғаның саналы шығармашылық жұмыстарының кешендісипаты болып, оны дамытудың негізгі жолдары болып саналады.

Ойлаубелсенділігі практикалық жұмыстарды орындауда білім мен икемділіктішыңдауға апаратын жол және міндеттерді өздігінен шеше алуға;еңбексүйгіштік қабілетін дамытуға; өнертапқыштық қасиетінқалыптастырады.

Оқушылар мен үйірмежетекшілеріне әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігінің деңгейінанықтайтын мынадай көрсеткіш келтіріледі:

I- деңгей. Оқушылар техникалық құжат бойынша сызбаларға аздағанөзгерістер енгізу арқылы детальдар орнын өзгертіп бұйым дайындай алады.

II-деңгей. Техникалық құжат бойынша сызбаларға өзіншеөзгерту жасап, құрастыруды жетілдіріп, өнім жасай алады.

III- деңгей. Өнімді оқушылар технологиялық процестерді түпнұсқасынсақтай отырып, жетілдіре алады.

IV- деңгей. Окушы өз жетекшісінің ұсынысы бойынша технологиялықпроцестерді өзі құрастырып, өнім дайындай алады.

V- деңгей. Оқушы өздігінен бұйым сызбаларын негіздеп, идеяларынөнертапқыштық жолмен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Техникалық шығармашылық түрлері:


  • өнертапқыштар үйірмесі;

  • техникалық үйірме;

  • шығарманылық тапсырма;

  • оқушылар конструкторлық бюросы;

  • бітіру алдындағы өндірістік тәжірибе;

  • ғылыми жетістіктер көрмесіне топтық саяхат.

Қосымша білім беру орталықтарының оқушыларының техникалықшығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері мына бағыттарда жүргізілуітиіс:

1. Қосымша білім алуға алғашқы кіріскен күннен бастап шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттыру.

2. Олардың бойында өз ісіне деген берік сенімділікқалыптастыру.

3. Жаңа ақпарат көздерін тауып, ғылым негіздерін өз бетінше жүйелі жинауғаүйрету.

4. Жеке тұлғалық шығармашылық белсенділігінің көзін ашу, одан нәр алуғабаулу.

5. Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын, оқушы қабілетіне лайық жаңа шеберлік көкжиегіне қарай бағыттау ізденіске жетелеу.

6. Жағдаяттық қиындықтарды отбасымен бірлесіп шешу (материалдар,құралдар, қаражат көздері, уақыт т.б.).

7. Әрбір өзі жасаған жоба жұмысы бойынша дұрыс емес жерін немесетехнологиялық үдерісті жете білу, аңғару, оны өзінше ой елегінен өткізу.

8. Техникалық үйірмелердің конструкторлық қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, жобасын дәлелдеу.

9. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, кез - келген бұйымды жетілдірумүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өзінің білім кеңістігін, шеберлікдеңгейіне жеткізіп, өз ізденісін түпкі нәтижегедейін апару қасиетін қалыптастыру.

Жеке демек, тұлғаның саналық қасиеттері оны белгілі кәсіп саласыаймағындағы қызметінде айқындалып, ашыла түседі. Мысалырадиоэлектроника аспаптарын (РЭА) шеберінің бойына тән өзіндіккәсіби қасиеттері: тұрақтылық, жинақылық, ізденімпаздық дәл анықтай білу,білім тереңдігі, хабардарлығы, т.б.

Ал, педагогке, ғалымға тән сапалы қасиеттер:шыншылдық, әділдік,талап ете білушілік, адамгершілік, ұстамдылық, жұртпен тіл таба білушілік,т.б.

Соныменен жеке тұлға белгілі бір техникалықүйірмелерге қатысып, өз идеяларын жүзеге асыру үшін, ұдайы ізденісте, өзбілім қорын танымдық қабілетін ақпарат көздері арқылы үнемі толықтырыпотырғанда ғана шеберлік шыңына жете алады.
Бақылау сұрақтары:

1.Шығармашылық түрлері қандай?

2.Оқушылырадың шығармашылығын арттырудың жолдарын атаңыз.

3.Оқушылардың шығармашылық қабылетін қалыптастырудың әдістерін атаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – М: 2000.-310 с.

  2. Пахамова Н.Ю. Проектное обучения – что это? // Методист, №1, 2004 – 42 с.

  3. «Қазақстан мектебі», № 1, 2008 қаңтар – 80 б.

  4. А.А.Елизаров. Методика преподавания химии в школе.//Издательство « БИНОМ. Лаборатория знании» 2010

  5. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті

  6. 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

  7. «Химик анықтамалығы» журналдары. №1 (15),2010 жыл, №2 (16),

  8. 2010 жыл.

  9. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

  10. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж

  11. www.google.kz

  12. www.yandex.ru


Практикалық сабақ тапсырмасы 4 сағат

Мұғалімнің өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі


  1. Тақырып бойынша глоссарий құрастырыңыздар.

  2. Тақырып бойынша кластер құрастырыңыздар «Қосымша білім берудегі технологиялар».

  3. Жобалау технологиялары және зерттеу қызметі арқылы балалардың танымдық белсенділігі мен ойлау дербестігін қалыптастыру тақырыбында сабақ жоспарын құрастырыңыздар.

  4. «Оқушылардың жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру»,«Балалардыңтанымдық қабілетінзерттеу әрекеті арқылы дамыту» тақырыбында жоба жасаңыздар.


2-дәріс жалғасы

Балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын ізгілендіру кезеңінен байқалады, педагогтер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез-келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу әрекеті –балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Баланың ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, балаларға берілетін тапсырмалардан ерекше тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, дидактикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын үстемдеу, сұрақтармен мәселерді шешуді, өз бетімен іс істеуге үйрету, зерттеуге баулу.



Зерттеу ізденісінің мақсаты:

Балалардың таным белсенділігін, білімпаздығын, өз бетімен ізденіске талпындыру зерттеу арқылы дамыту.



Зерттеу ізденісінің міндеттері:

1.Балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру;

2.Балалардың танымдық қабілетін дамыту (саралау, талдау,жіктеу, топтастыру,салыстыру, жинақтау);

3. Зерттеу ізденісін жасау барысында талқылау, пікірін айту, болжам жасау, сауалдар таңдау арқылыбалалардың ой-өрісін, тілін дамыту.

4. Зерттеу өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Балалардың тәжірибе ізденісінің құрылымы:


  1. Проблеманың қойылуы (зерттеу тақырыбы);

  2. Болжам немесе гипотеза ұсыну;

  3. Шешім қабылдаудың іздестіружолдары;

  4. Мәліметтер жинақтау;

  5. Алынған деректерді түйіндеу.

Тәжірибе ізденісіне дайындалу және өткізу алгоритмі

  1. Тәжірибе ізденістерінің алдын алу жұмыстары (экскурсия, бақылау, әңгімелеу,көрнекіліктер);

  2. Балалармен өткізілетін жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін таңдау;

  3. Балалардың зейінін,қабылдау, еске сақтау, ой-өрісін және логикасын дамытатын ойындарын өткізу.

  4. Құрал-жабдықтар, оқу құралдары арқылы алдын ала ізденіс жұмыстарын өткізу(шағын-лабораторияда немесе ғылым орталығында);

  5. Ізденіс жұмыстарын таңдауда, оқу құралдары мен жабдықтарды жыл мезгіліне, баланың жас ерекшелігіне сай болуы қажет.

  6. Тәжірибенің қорытындысы әртүрлі формада қарастырылуы мүмкін (бақылау күнделігі, коллаж, мнемокесте, фотосурет, пиктограмма, әңгімелеу, сурет т.б.)

Ғылым орталығындағы зерттеу құралдары мен жабдықтары:

  • Лабораториялық ыдыстар: өлшеуіш, таразы, тірі және өлі табиғаттың заттары,әртүрлі көлемдегі су құйылатын ыдыстар, микроскоптар;

  • Медициналық заттар: пипеткалар, колбалар, шприц, өлшеуіш қасығы, резеңке грушасы т.б.

  • Қосымша материалдар: сым, жіп, қақпақтар, жүн, мата, айналар, мақта,боялған шынылар;

  • Пластикалық түтіктер;

  • Пластикалық контейнерлер;

  • Рулетка, сызғыш;

  • Алжапқыштар, щеткалар, қалақшалар, лупа,магниттер;

  • Дәнді дақылдар: арпа, бидай, бұршақ, үрмебұршақ, күріш, қарақұмық, қант, ұн т.б.

  • Табиғи заттар: тастар, құм, топырақ, саз балшық, жапырақтар, көмір, әктас, құстың қауырсыны т.б.

  • Йод, марганец, акварель, гуашь.

Зерттеу іс-әрекеттерінің ұзақтылығы:

1. Ұзақ мерзімдік

2. Қысқа мерзімдік

3. Маусымдық



Зерттеу іс-әрекеттерінің объектілері:

1. Тірі табиғат

2. Өлі табиғат

3. Адам


Зерттеу іс-әрекетінің түрлері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеті

- әңгімелесу

- дидактикалық және дамыту жаттығу ойындары

-сюжетті-рөлдік ойындар

- эксперимент тәжірибелері

- сурет, альбом, фотосуреттерді қарау

- серуен мен саяхат

- қайырымды істер акциясы

- сайыстар

- мерекелер мен ойын-сауық

- театр іс-әрекеті



Балалармен түрлі тәжірибелер жасап, зерттеу жүргізу

  • «Мұздан моншақ жасаймыз»

Шарты: мұздарды қатарлап қойып, олардың үстіне көлдеңнен жіпті қоямыз, үстінен шымшымдап тұз себелейміз, оның үстінен басқа мұздарды жапсырамыз. Тұз мұзды ерітеді де, олар бір-біріне жабысып қалады. Осылайша моншақ болып шығады.

  • «Жұмыртқа суға батады ма, жоқ па?»

Шарты: 2 стақанда бірдей мөлшерде таза су бар. Оларға екі бірдей жұмыртқа салды. Олар суға батып кетті. Кейін жұмыртқаларды алып шығып, бір стақанға үлкен қасықпен тұз салды. Тұзды суға жұмыртқа батпады. Себебі тұз судың қысымдылығын арттырады. Сондықтан адамдар тұзды көлдерде шомылғанда батпайды.

  • «Ғажайып қалта»

Шарты: суға толы полиэтилен қапшығын ұшталған қарындаштармен теседі де солай қалдырады. Осылайша бірнеше қарындашпен тесіп қалдырады. Балалар судың ағатынын күтеді, бірақ су ақпайды.

Қорыта келгенде, балалар сұрақ қойып және өздігінен жауап іздеу әдеті қалыптасады. Зерттеу, тәжірибе жұмыстары балалардың сұрақтарына нақты жауап алуға үлкен көмегін тигізеді және қолайлы жағдай туғызады. Балалар сауалдарына жауап алған сайын, талаптары күрделене береді. Осындай жағдайда міндетті түрде педагог тәжірибе жасауда балаларды қадағалап отыруы тиіс. Балаларға тәжірибе жасаудағы қауыпсіздік ережелерін әрдайым естеріне салып отыруы керек.

Балалар тәжірибе жасауға, өздігінен қорытынды жасауға, шешім қабылдауға, өз көргендерін әңгімелеуге үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Баланың төмендегідей іскерлігі дамиды:


  • Қоршаған ортаны, дүниені белсенді таниды;

  • Тану алгоритіміне сай жұмыс істейді;

  • Жаңа сұрақтар қойып, оған өз бетінше жауап іздейді;

  • Алынған нәтижні дәлелді түсіндіреді.

Өзектілігі. Балаларды зерттеу іс-әрекетіне араластыру – балаларды әрқашан жаңа білімді игеруге итермелейді. Балалар зерттеу арқылы әлемді, табиғатты танып біледі.

Бұл:

  • балалардың білімділік белсенділігін қанағаттандырады;

  • Шығармашылық қабілетін дамытады және жолынбіледі ;

  • Табиғаттың көпқырлы екенін түсінді;

  • Табиғатты қорғау іс-әрекеті арқылы тәжірибе алады.

Баланың өзімен өткізілетін зерттеу барысында алынған нәтиженің, құбылыстың моделін құруға әрі оларды салыстыруға, жүйелеуге көмегін тигізеді. Зерттеу ізденіс технологиясы өзіне дәстүрлі және дәстүрден тыс жұмыс түрлерін енгізе алады.

Оның негізгі идеясы –іс-әрекет жасау барысында бала өзі қарастырып жатқан объектісін жан-жақты тани біледі, оның сан-қырлы қызықтарын өзі үшін ашады.



Жаңашылдығы. Тәжірибе жұмыстары –балалардың танымдық қабілетін дамытудағы маңызды әдістерінің бірі. Әсіресе зерттеушілік қабілетін дамыту іс-әрекетінде көрінеді. Қосымша білім беру педагогінің негізгі міндеттерінің бірі баланыдамыта отырып,оны өзіндік ізденіске салу арқылы бала өзін- өзі дамытуға баулу. Зерттеу ізденіс әрекеті баланың қызығушылығын тәжірибе жасау ықыласын арттырады.

Бала өз көзімен көріп, қолымен ұстаған нәрсені ұмытпай, әрқашан есте сақтап жүреді. Тәжірибе жұмысының барысында балалар көптеген құрал-жабдықтармен танысады, оның не үшін қажет екенін, өмірде қалай дұрыс қолдану керек екенін біледі.



Баланың зерттеу жұмысының тақырыптары қандай бола алады? 

Осы сұраққа жауап беріп көрейік.

Барлық тақырыптарды үш топқа бөле аламыз:

Бірінші топ ол:Фантастикалық – бұл тақырыптар әлемде жоқ құбылыстар мен объектілерге бағдарланған. Мысалы: бала ғарыш кеменің жобасын жасап жатыр. Бұл сурет, я болмаса қағаздан, қораптан, және де тағы ба басқа материалдан жапсырып жасаған макет болуы мүмкін. Тіпті жаңа, ерекше мүмкіндіктері бар, әлемде кездеспейтін жануарды құрастырып шығаруы мүмкін.

Екінші топ ол:Эмпирикалық-(адамның практикалық әрекетінен алынған еңбегі)- өздерінің бақылауы мен эксперименттерін жүргізуді көздейтін тақырыптар. Балалардың эксперимент жүргізу және байқау объектілері ретінде өсімдіктер, жануарлар, жансыз табиғат құбылысы болуы мүмкін (су, тас, аспан денелері-күн, ай, бұлт). Мысалы: Балалармен бірге толқынды тотықұстармен тәжірибе жүргіземіз – тотықұстың жарыққа қарай қарайтынын, қатты дыбыстардан, музыканы ұнататындығын, кенеттен пайда болған қозғалыстан және т. б. қорқатындығын тексереміз. Өсімдіктер мен олардың гүлдері, тұқымымен де эксперимент жасай аламыз. Жансыз табиғатпен де өткізуге болады.

Үшінші топ ол:Теориялық –әртүрлі дереккөздердегі фактілерді, материалдарды зерттеу мен бөлісу бойынша жұмысқа бағытталған тақырыптар. Қазіргі таңда түрлі жастағы балаларға арналған өте жақсы энциклопедиялар мен анықтамалық кітаптар шығарылып, теориялық зерттеулер жүргізу үшін тамаша жағдайлар жасалуда. 

Мысалы: балалармен бірге ит тұқымдарының белгілі бір тобы туралы, жүзу кемелерін ұйымдастыру немесе музыкалық аспаптар тарихы әртүрлі дереккөздерден жиналған мәлімет жинастыру.

  Көптеген адамдар ерекше нәрсені ойлап тапқанды қызықтайды. Бірақ барлық балалар эмпирикалық зерттеулерді жүргізгенді жақсы көреді. Менің ойымша осы зерттеудің түрі, баланың қызықтыратын, дамуына жол ашатын бағыт. Біз педагогтар да осы тақытыптарда жұмыс жасауды ұнатамыз, бақылау жүргізу, нақты белгілі бір затты алып, сонымен зерттеу жұмысын жасауды. Балалар ересектермен бірге алғашқы жаңалықтарын жасайтын зерттеу сабақтарды ұнатады, түсіндіруге және дәлелдеуге үйренеді. 



Әдіс- тәсілдері:

  • Педагогтың сұрақтары.

  • Тәжірибенің схемалық модельдеуі.

  • «Бірінші үлгі» әдісі.

  • Жағдайяттар.

  • Табиғи құбылыстарды бақылау.

  • Энциклопедияны қолдану.

  • Ата-аналар жиналысы.

Қосымша білім беру орталықтарының балалармен бірлесіп жасалған эксперименттік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру техгнологиясы:

  • Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері.

  • Зерттеу жұмысының жоспарын анықтауы.

  • Құралдарды тандау, дайындаы.

  • Қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі.

  • Зерттеуді ұйымдастыруы.

  • Алынған нәтижелерге талдау жасауы

  • Нәтижелерді бекіту.

  • Балалардың сұрақтары.

Эксперименттік зерттеуге тақырып тандау үшін келесі ережелерді ұстанған дұрыс:

1. Алынған тақырып балаға қызықты, және оны қызықтыра әкету керек

2. Алынған тақырып орынды болуы керек, оның шешімі зерттеуге қатысушыларға нақты пайда әкелуі керек (баланың өз ақылының ең жақсы аспектілерін ашуы, жаңа пайдалы білімдер, дағдылар мен дағдыларды меңгеруі керек). Сондықтан педагог кез-келген оқу қызметін құрастырған кезде әрбір бала мұқият әрекет ете алатындай сұрақтарды, тапсырмаларды, іс-әрекеттердің дәйектілігін дұрыс тұжырымдай білу керек.

3 Тақырып бірегей, онда күтпеген, қызықты сәт болу керек. (Бұл жерде бір ерекше нәрсе табу емес, ал дәстүрлі нысандар мен құбылыстарға басқа бұрыштан қарау мүмкіндік ретінде түсіну керек ).

4. Тақырыпты алған кезде, жұмысты тез орындауға ыңғайлы болуы керек. Балалар табиғатының ерекшелігін ескере отырып, кіші, орта және жоғары буын балалары өздерінің алғашқы зерттеу тәжірибелерінің көп уақытты талап етпеуін қамтамасыз ету керек

«Педагог назарына» Ең маңыздысы – жұмысқа шығармашылдықпен қарау.Ол үшін:

1. Балаларды өздігімен және тәуелсіз әрекет етуге үйретіңіз, тікелей нұсқаулардан аулақ болыңыз 

2. Балалардың бастамаларын тоқтатпаңыз.

3. Өздері жасай алатын (немесе үйренуге болатын) нәрселерді өздеріңіз ол үшін жасамаңыз.



4. Мәнді бағалаулар жасамаңыз

5. Балаларға оқу үрдісін басқаруды үйренуге көмектесіңіз:- объектілер, оқиғалар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды іздеуге;- зерттеу мәселелерін дербес шешу дағдыларын қалыптастыруға;- талдау және синтездеу, жіктеу, ақпарат жинауға.
жүктеу 160 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау