Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 252 Kb.
бет3/4
Дата15.01.2020
өлшемі252 Kb.
#26632
түріКонкурс
1   2   3   4

Мемлекеттік сатып алу үдерісінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткізушілерін анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның қызметіне қатысу; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алда болатын мемлекеттік сатып алу конкурстары жөнінде конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру; мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу; конкурс, тәсілімен, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткізушілерімен шарттардың жасалуын бақылау, бір көзден алынатын баға ұсыныстарын келісу; орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес мемлекеттік тапсырыстың қаржыландырылуын қамтамасыз ету; ведомствоға қарасты ұйымдардың мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердің мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); құқық (құқықтану) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Заң басқармасының бас сарапшысы, С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Комитет қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, оларды тиісті органдардың қарауына енгізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын қалыптастыруға қатысу. Қабылданған заңдарды іске асыру үшін қажет нормативтік құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын қамтамасыз ету; Басқарманың құзіреті шегінде Комитет әзірлейтін заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, өкімдерінің және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері Басқармаға келісуге ұсынған нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің, сондай-ақ бірлескен бұйрықтардың жобаларына сараптама жүргізеді. Заңнаманы қолдану тәжірибелерін жинақтау. Комитет әзірлеген Қазақстан Республикасының заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптаманы және нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары бойынша олардың заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық қорытынды беру. Шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану бойынша құжаттардың жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының сот, өзге де мемлекеттiк органдарында Комитеттің құқықтарын және мүдделерiн қорғау. Комитеттің қатысуымен болатын даулар бойынша талап арыз жұмыстарының, сот тәжірибесінің жағдайын, тиісті сот ісін қарауға итермелеген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында талдау жүргізу және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу. Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде барлық сот инстанцияларына құжаттардың жобаларын, сондай-ақ прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштердің жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика жүйесін нығайту жобасы бойынша Дүниежүзілік Банк қарызы шеңберінде құжаттардың жобаларын қарау және қорытынды шығару. Өз құзыреті шегінде респонденттер және әкімшілік дереккөздер шағымданатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға қатысу. Тіркелген НҚА-ны құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және де мерзімді баспасөз басылымдарына уақытылы жолдауды қамтамасыз ету. Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық).

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

9. Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу басқармасының бас сарапшысы, С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика және ұлттық санақ саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Комитеттің және Басқарманың жоспарлы құжаттарын әзірлеу және есепті құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингіні жүзеге асыруға, ұлттық санақты өткізу бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Ұлттық санаққа дайындықты ұйымдастыру және оны өткізу бойынша қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық және нұсқаулықты сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру.

Ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытылы қалыптастырылуын, сонымен бірге ұлттық санақтың қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті атынан Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа уәкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, демография, әлемдік экономика, әлеуметтану); ауыл шаруашылығы (агрономия); жаратылыстану ғылымдары (математика); техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, мұнай газ ісі); құқық (құқықтану) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

10. Тұрақты даму мақсаттарының статистикасы басқармасының бас сарапшысы, С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Комитеттің және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыруға, ТДМ, гендерлік статистика және балалар статистикасы бойынша көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Гендерлік статистика зерттеулерін ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық және нұсқаулық сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру.

Гендерлік статистика бойынша зерттеу әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытында қалыптастырылуын, сонымен бірге зерттеу қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті атынан Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа уәкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, демография); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім (математика) салаларында, құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
III. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес m.konkurs@mic.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры, С-1 санаты, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: Департаментке жалпы басшылық жасауды жүзеге асыру және Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінің тиімділігін талдау, мониторинг жасау және бағалау, ақпарат саласындағы Министрліктің стратегиялық жоспарын іске асыруды талдау және мониторинг жасау, Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде ақпарат саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Департаменттің қызметін ұйымдастыру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің басым бағыттары бойынша, ақпарат саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты, халықаралық ынтымақтастықты іске асыру бойынша ұсынымдарды дайындау мен талдауды жүзеге асыру ұсыныстар әзірлеу, БАҚ саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын қалыптастыру және үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл ету, тұрғындардың ақпараттық тапсырыстары мен күтілімдеріне болжам және талдау жасау. Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне жалпы басшылық жасау, үйлестіру және бақылау. Ақпарат саласындағы Министрліктің мәселелері бойынша талдау, анықтамалық және ақпараттық құжаттарды Министрге дайындауды қамтамасыз ету, Министрлік қызметінің бағыттарындағы жұмыс жағдайы бойынша министр және Министрлік басшыларын ұйымдастыру және талдау жағынан қамтамасыз ету. Министрліктің алқа, аппараттық және жедел отырыстарын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты, департаменттің жедел жиналыстарын өткізуді ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Департамент, Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының құзыреттері мәселелері бойынша министрге ұсыныстар енгізу, департамент қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының құзыретіне кіретін министрдің тапсырмалары, Министрліктің алқа, аппараттық және жедел отырыстарының шешімдерін орындауға бақылауды жүзеге асыру. Департамент құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдармен іс-қимыл ету, Министрліктің басшыларымен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен байланысты қамтамасыз ету, Министрлік басшыларының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ғарыш техникасы және технологиялары) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, менеджмент, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, журналистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, қоғамдық байлыныс, аймақтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (география) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі, құқық және экономика негіздері). «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. «Электронды үкімет» және мемлекеттік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жасау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру; Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер сапасына жүйелік талдау жүргізуді қамтамасыз ету және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу; Мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша жұмыс топтарына, кеңестерге қатысу; сапалы мемлекеттік қызметтер ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру бөлігінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру; даму жоспарларын, олардың орындалуының есептерін қарастыру және келісу; орындалуына бақылау жүргізу, анықталған бұзушылықтарды жоюды талап ету; «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша мемлекеттік корпорациясының дамуын және тиімді жұмысын бақылау мақсатында тексерулерді ұйымдастыру; Мемлекеттік қызметтерді мониторингін және бақылауды жүзеге асыру, заңнамалық нормативтік құқықтық актілер мониторингін бақылауды жүзеге асырады. Мемлекееттік қызмеетерді оңтайландыру басқармасы, «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердікөрсетуді ұйымдастыру басқармасының жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, стандарттау, сертификаттау және метрология, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), немесе құқық (құқықтану), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, есеп және аудит), немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі). «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын білуі және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

3. БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: Басқарманың қызметіне басшылық жасау және үйлестіру. Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және ұйымдардан түскен кіріс хат-хабарлардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, министрдің блог-тұғырнамасына түскен мәселелердің Басқарма қызметкерлері тарапынан орындалуын және уақтылы қаралуына бақылау жүргізу. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министрлік басшылығының және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды және тұжырымдамаларды дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ олардың тиісті түрде орындалуына бақылау жүргізу. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу кезінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Министрлік жұмысының бағыттары бойынша жинақтық-талдамалық қызметіне, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді дайындау барысында Басқарма жұмыстарын үйлестіру. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл ету бойынша Басқарма жұмысын үйлестіру, тұрғындардың ақпараттық тапсырыстары мен күтілімдеріне болжам және тұрақты талдау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Семинар-практикумдарды, ғылыми-әдістемелік конферецияларды, шығармашылық конкурстарды әзірлеуді және өткізуді ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ғарыш техникасы және технологиялары) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, менеджмент, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, журналистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, қоғамдық байлыныс, аймақтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (география) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі, құқық және экономика негіздері). «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

4. Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: Құпия ақпараттың машиналық тасығыштарын сақтау және есеп жүргізу, есептеу техникасының құралдарында құпия құжаттардың дайындалуын бақылау; жұмыс дәптерлерін, істерді, түгендеу есебінің құжаттарын есепке алу, сақтау және рәсімдеу; құпия техникалық құжаттамалармен жұмыс істеуді ұйымдастыру; маңызы жойылған құпия құжаттарды, істерді бағалауға сарапшылық комиссияның жұмысына және олардың жоюына қатысу; құпия құжаттарды орындаушылардың жұмыс орнына тексеру жүргізуге журнал жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттармен қамтамасыз ету). «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
IV. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 4-ші кіреберісі, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 75-02-69, kadry@minfin.gov.kz

  1. Бухгалтерлікесеп, аудит жәнебағалауәдіснамасыдепартаментідиректорыныңорынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері жөнінде департаменттің жұмысын ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік органдармен және шет елдер ұйымдарымен, халықаралық және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыру, департаментке түскен хат-хабарларды орындалуын қамтамасыз ету, департамент бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, атқарушылық және еңбек тәртіп талаптарын сақтау бойынша бақылау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласында (құқықтану немесе халықаралық құқық).Бухгалтерлік есеп, аудит саласында ғылыми дәрежесінің, және (немесе) аудитордың біліктілік куәлігінің, және (немесе) кәсіби бухгалтер куәлігінің  болғаны жөн.

2. Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Денсаулық сақтау бюджеті басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Басқарманың құзіреті шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңдардың жобаларын әзірлеуде, сондай-ақ оны түзетуде, секвестрлеуде, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларын әзірлеуде, үш жылға арналған бюджет параметрлері болжамын әзірлеу бөлігінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, тиісті есепті жыл бойынша республикалық бюджетті атқару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебінің жобасын қалыптастыруда, бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауды іске асыру бойынша жұмыста, бюджет заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін жүргізуде қатысу. Басқарманың құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қарауды, олар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Басқарманың құзіреті шегінде Стратегиялық жоспарлардың, бағдарламалық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және келісу. Басқарманың құзіреті шегінде қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап ететін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін қорытындылар дайындау.

Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамалаық материалдарды, баяндамаларды дайындау. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: экономикалық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша. Негізгі қызмет бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болғаны жөн.

3. Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Білім беру бюджеті басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Басқарманың құзіреті шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңдардың жобаларын әзірлеуде, сондай-ақ оны түзетуде, секвестрлеуде, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларын әзірлеуде, үш жылға арналған бюджет параметрлері болжамын әзірлеу бөлігінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, тиісті есепті жыл бойынша республикалық бюджетті атқару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебінің жобасын қалыптастыруда, бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауды іске асыру бойынша жұмыста, бюджет заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін жүргізуде қатысу. Басқарманың құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қарауды, олар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.


жүктеу 252 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау