I. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес m.konkurs@mic.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Персоналды басқару департаменті Персоналдың тиімділігін бағалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 04.12.2018 ж.).
Функционалды міндеттері: Орталық мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау мәселелері бойынша іс-қимыл ету; Министрлік қызметкерлерінің бағалау парағын жинақтауын және тексеруін жүзеге асыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру; Министрліктің конкурстық іріктеулерін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне есептер құрастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау) немесе гуманитарлық ғылымдар. Қазақстан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
II. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: 75-45-30, электрондық адрес: konkurs.kirpb@mid.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-7-7.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; Басқарманың Жол картасын, алдағы кезеңге арналған операциялық және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысу; оларды іске асыру қорытындылары бойынша есептер ресімдеу; лицензиялау және экспорттық бақылау саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және әдістемелік ұсынымдарды, соның ішінде үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, белгіленген тәртіппен әзірлеу; экспорттық бақылауға және лицензиялауға қатысты басқа мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындылар дайындау; өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге транзитіне, реэкспортына, қайта өңдеуге рұқсат беруді, кепілдемелік міндеттемелерді (түпкілікті тұтынушы сертификаттарын) беру кезінде біліктілік және рұқсат талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу; тауарлардың, өнімдердің және жекелеген қызмет түрлерінің экспорты мен импортын лицензиялау; лицензиаттардың және екінші санатты рұқсат иелерінің белгіленген біліктілік және рұқсат талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру; лицензиаттардың Қазақстан Республикасының рұқсаттама және хабарлама саласындағы заңнамасын бұзғандығы туралы хаттамалар толтыру; экспорттық бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу; рұқсат құжаттары саласындағы комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысы үшін есептер, баяндамалар және өзге де құжаттар дайындау; экспорт және импорт кезінде лицензиялауға жататын өнімнің тізімін әзірлеуге қатысу; тауарларды, жұмыстарды, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар беру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (биотехнология, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау; көлік, көлік техникасы және технологиялары; авиациялық техника және технология; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), мұнай-химия, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыштық техника және технологиялар, тау-кен ісі, металлургия, математикалық және компьютерлік модельдеу, жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы (қолдану салалары бойынша), наноматериалдар және нанотехнологиялар, техникалық физика, аспап жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы саласы, технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), ғарыштық техника және технологиялар, мұнай-газ ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі).
2. Заң басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-8-2.
Функционалды міндеттері: Өтініштерді және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де құжаттардың қаралуын бақылау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; Комитеттің құзыреті шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және оларға сараптауға қатысу; Комитеттің басшылығына қол қоюға берілетін хаттарды және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды сараптау; Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа да мемлекеттік органдарында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша құрылатын жұмыс топтарына қатысу; талап арыздар, талап арыздарға, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарына пікірлер дайындау және беру; мемлекеттік органдардың заң қызметтері туралы үлгілік ережелерімен көзделген және Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).
3. Салааралық үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-10-2, негізгі қызметкердің 30.05.2021 жылға дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне.
Функционалды міндеттері: Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу. Индустриялық саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Құзыреті шегінде Комитеттің, Министрліктің жұмыс жоспарларына ұсыныстар дайындау; Министрліктің Стратегиялық, Операциялық жоспарларына ұсыныстар дайындау. Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне және ЕАЭҚ кеден аумағына еркін қоймалардан және арнайы экономикалық аймақ аумағынан әкелінетін және өндірілетін тауарларды жеткілікті өңдеу өлшемдерін анықтау; Қазақстанның Экспортерлар кеңесі жұмысының шеңберінде ұсыныстар дайындау; Министрліктің басшылығын Үкіметтің отырыстары мен селекторлық кеңестері және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының өңірлерге сапарлары шеңберіндегі материалдармен қамтамасыз ету; Министрліктің және Комитеттің құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге қатысу. Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, көлік, көлік техника және технологиялары, техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (сала бойынша), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), фармацевтикалық өндіріс технологиясы), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, есеп және аудит, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), білім (тарих), ауыл шаруашылық ғылымдар (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы)
4. Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы, С- 3 санаты, 1 бірлік, № 23-3-1.
Функционалды міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша Басқарманың жұмысын ұйымдастыру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамасын келісу бойынша, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; бақылаудағы өнеркәсіп салалары кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуына тексерістер ұйымдастыру және оларға қатысу; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша алқалық және ведомствоаралық мәжілістер өткізуге арналған материалдардың дайындалуын бақылау; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету; жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, пайдалы қазбаларды байыту, металлургия, технологиялық машиналар мен жабдықтар, жару жұмыстарының технологиясы).
III. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-99-21, электрондық адрес konkurs.moap@mdai.gov.kz, сайт www.mdai.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік, 15-2-2
Функционалдық міндеттері: Департамент қызметінің жалпы басшылығын жүргізу, көп жақты, екі жақты және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді. Министрлік құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру жұмысын үйлестіру. Министрліктің құзыретіне кіретін салаларда шетел мемлекеттерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарды дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырылуын үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын, сондай-ақ Министрліктің Департамент құзыретіне енетін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жазбаша және ауызша тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Департамент жұмысын үйлестіру және бақылау, сондай-ақ Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) және (немесе) құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.
Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
Шет тілдерін білгені жөн.
2. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту департаменті 2 Басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 11-4-1
Функционалдық міндеттері: ҚӨК кәсіпорындары салааралық және зауытаралық кооперациясын үйлестіруді жүргізу («Әуе және ӘШҚК» бағыты бойынша). Басшылықтың халықаралық сапарларын және әскери мақсаттағы өнім көрселерін дайындауға қатысу. Әскери және қос мақсаттағы өнімге тапсырыс берушілердің ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру. ҚӨК кәсіпорындарының құрамы, жай-күйі және өндірістік мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ олар шығаратын өнім туралы есеп жүргізу («Әуе және ӘШҚК» бағыты бойынша). ҚР қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпарат жинауды және қорытуды, оның ішінде іс жүзінде зерделеу, кәсіпорындарды дамыту бойынша ұсыныстар жасап шығару жолымен ақпарат жинауды және қорытуды жүзеге асыру. Әскери мақсаттағы өнімді стандарттауға қатысады. ҚР ҚК мұқтаждықтары үшін қаруландыру және әскери техника өндірістерін құру жөніндегі жобаларды үйлестіру («Әуе және ӘШҚК» бағыты бойынша). Нормативтік құқықтық актілерге ҚӨК кәсіпорындары үшін жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар жасап шығаруға қатысу. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын отандық өніммен жарақтандыру, жаңа өндірістерді игеру бойынша ұсыныстар жасап шығаруға қатысу. Бағыт бойынша өнім жасау, жөндеу және жаңғырту бойынша отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері туралы ақпаратты жүйелеу. Осы саладағы өнім бойынша меншік нысанына қарамастан, отандық кәсіпорындарды дамыту жоспарларын әзірлеуге қатысу. Кәсіпорындар қызметтерін іс жүзінде тексеруді, жұмыстар өндірісі жоспарларын бақылауды жүзеге асыру. Әскери өкілдіктермен өзара іс-қимылға қатысу («Әуе және ӘШҚК» бағыты бойынша). ҚАӨМ-нім ҚР ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын үйлестіру. Әскери және қос мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындарды дамыту саласындағы өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу. Лауазымдық нұсқаулыққа енетін құзыреттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) және (немесе) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, ядролық физика, химия, биология) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар, жәңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, құрылыс, стандарттау, сертификаттау және метрология, материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.
Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
3. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту департаменті 3 Басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 11-5-1
Функционалдық міндеттері: ҚӨК кәсіпорындары салааралық және зауытаралық кооперациясын жүргізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Басшылықтың халықаралық сапарларын және әскери мақсаттағы өнім көрмелерін дайындауға қатысу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Әскери және қос мақсаттағы өнімге тапсырыс берушілердің ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚӨК кәсіпорындарының құрамы, жай-күйі және өндірістік мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ олар шығаратын өнім туралы есеп жүргізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚР қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпарат жинауды және жалпыландыруды, оның ішінде іс жүзінде зерделеу, кәсіпорындарды дамыту бойынша ұсыныстар жасап шығару жолымен жүзеге асыру(«Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Әскери мақсаттағы өнімді стандарттауға қатысу. ҚР ҚК қажеттіліктері үшін қаруландыру және әскери техника өндірістерін құру жөніндегі жобаларды үйлестіреді. Нормативтік құқықтық актілерге ҚӨК кәсіпорындары үшін жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар жасап шығаруға қатысу. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын отандық өніммен жарақтандыру, жаңа өндірістерді игеру бойынша ұсыныстар жасап шығаруға қатысу. Бағыт бойынша өнім жасау, жөндеу және жаңғырту бойынша отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері туралы ақпаратты жүйелеу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Осы саладағы өнім бойынша меншік нысанына қарамастан, отандық кәсіпорындарды дамыту жоспарларын әзірлеуге қатысу(«Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Кәсіпорындар қызметтерін іс жүзінде тексеруді, жұмыстар өндірісі жоспарларын бақылауды жүзеге асыру. Әскери өкілдіктермен өзара іс-қимылға қатысу. ҚАӨМ-нім ҚР ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын үйлестіру. Әскери және қос мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындарды дамыту саласындағы қзге мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу. ҚӨК ғылыми-технологиялық даму саласындағы негізгі мәселелерді анықтау жөнінде талдау жүргізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚӨК ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Лауазымдық нұсқаулыққа енетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) және (немесе) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, ядролық физика, химия, биология) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар, жәңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, құрылыс, стандарттау, сертификаттау және метрология, материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік. Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі
4. Әкімшілік жұмысы департаменті Ақпараттандыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, № 10-5-2
Функционалдық міндеттері: Ақпараттандыру саласындағы стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі есептерді дайындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті материалдарды, анықтамаларды дайындау. Пошталық серверлерді тексеру, Министрліктің қызметкерлеріне интернет желісін қосу, локальды-есептеу желісінің қауіпсіздігін мониторингілеу, профилактикалық іс-шаралар жүргізу мен ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру. Министрліктің АЖ осалдықтарын жою бойынша жұмыстарын анықтау және үйлестіру. Министрліктің қызметкерлеріндегі ЭЦҚ (P-card) уақтылы ауыстыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (реестр жүргізу, кілттерді жинау және ауыстыру, ҚР ҒБО өтінімдер ресімдеу, ҚР ҒБО кілттерді беру және қабылдау). Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің Интернет-ресурстың тиімділігі, ведомстволық ақпараттық жүйенің нәтижелігі, бойынша қызметін үйлестіру. Басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу конкурсын дайындау және қатысу. Ақпараттық жүйелерге қатысты мемлекеттік сатып алулардың техникалық ерекшеліктері мен номенклатураларын дайындау. Басқарманың іс қағаздарын жүргізу. Министрліктің ведомстволық мұрағатына тапсыру үшін істерді ресімдеу. Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің үздіксіз жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету. Компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларының сақталуы үшін толық жеке материалдық жауапкершілікте болу. Компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын тіркеу, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларына, серверлік жабдықтарға жоспарлы түгендеу жүргізу, материалдық құралдарды дефектациялау және есептен шығару. Ақпараттық талдамалық материалдарды дайындауға қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойлатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кедендік іс) немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары.
Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
5. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту департаменті 3 Басқарма бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, № 11-5-4
Функционалдық міндеттері: Әскери және қос мақсаттағы өнімге тапсырыс берушілердің ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру. («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Бағыт бойынша өнім жасау, жөндеу және жаңғырту бойынша отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері туралы ақпаратты жүйелеу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Осы саладағы өнім бойынша меншік нысанына қарамастан, отандық кәсіпорындарды дамыту жоспарларын әзірлеуге қатысу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Кәсіпорын қызметтерін іс жүзінде тексеруді, жұмыстар өндірісі жоспарларын бақылауды жүзеге асыру («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Әскери өкілдіктермен өзара іс-қимылға қатысу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Бағыт бойынша жарнама-көрме қызметін ұйымдастыруға қатысу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚАӨМ-нің ҚР ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын үйлестіру («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Әскери және қос мақсаттағы кәсіпорындарды дамыту саласындағы басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Шетелдік компаниялардың Министрлікке сапарларын дайындауға және өткізуге қатысу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚӨК ғылыми-технологиялық даму саласындағы негізгі мәселелерді анықтау жөнінде талдау жүргізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚӨК ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚӨК ғылыми-технологиялық дамыту саласында негізгі проблемаларды анықтауға талдау жүргізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). ҚӨК ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытуға ұсыныстар енгізу («Су және оқ-дәрілер» бағыты бойынша). Лауазымдық нұсқаулыққа енетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |