Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 147,32 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі147,32 Kb.
#23746


 

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын 

бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 

бұйрығы.  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2015  жылы  26  желтоқсанда  №  12533  болып 

тіркелді 

 

 

 



      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 22) 

тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  

      1. Қоса берiлiп отырған Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары бекiтiлсiн. 

       2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек 

және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:  

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi; 

      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi 

баспа басылымдарында және «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық 

актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi; 

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 

       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында 

кӛзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.  

      3. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі 

№ 567 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11855 

болып тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 

жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми 

жариялануға тиіс. 

      Қазақстан Республикасының 

      Денсаулық сақтау және  

      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова 

      КЕЛІСІЛДІ 

      Қазақстан Республикасының 

      Қаржы министрі 

      _______________ Б. Сұлтанов 

      2015 жылғы 4 желтоқсан  

      КЕЛІСІЛДІ 

      Қазақстан Республикасының 

      Ұлттық экономика министрі 



      _______________ Е. Досаев 

      2015 жылғы 7 желтоқсан 

  Қазақстан Республикасы     

 Денсаулық сақтау және     

әлеуметтік даму министрінің 

 2015 жылғы 30 қарашадағы   

№ 908 бұйрығымен бекітілген 



   Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары 

   1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 

жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек 

кодексі) 16–бабы 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің 

бірыңғай тәртібін айқындайды. 

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

      1) ай – тиісті айдың 1–нен бастап 30–күніне (31-күніне) дейін қоса алғандағы (ақпанда – 

28-күніне (29-күніне) дейін қоса алғандағы) кезең; 

      2) есеп айырысу кезеңі – тӛленуі тиіс ақымен (тӛлеммен) байланысты оқиғаның 

алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең не егер қызметкер жұмыс берушіде он 

екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген жағдайда, орташа жалақыны есептеу үшін 

пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең; 

      3) жұмыс уақытының балансы – 36 сағаттық, 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі (бес 

күндік, алты күндік) жұмыс күндерін (сағаттарын) ескере отырып, тиісті күнтізбелік жылға 

арналған жұмыс уақытының нормаларын ай бойынша бӛлу кӛрсеткіштерінің кестесі. 

      4) күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін жалақы; 

      5) орташа жалақы – қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін 

жұмыс беруші есептейтін және қызметкерге тӛленетін ақша қаражатының сомасы; 

      6) орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін орташа жалақы; 

      7) оқиға – Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе тӛленуімен, 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін 

ӛтемақымен байланысты жағдайлар; 

       3. 

Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 04.03.2016 

№ 

177


 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен.

 

      4. Орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт 



және осы кезеңде Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерге орташа жалақысы тӛленген немесе 

сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.  

      5. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа 

жалақыны есептеудің ӛзге кезеңдері кӛзделуі мүмкін. 



   2. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі 

      6. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 

азаматтың ӛмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ӛтеу мақсатындағы айқындалған 

орташа айлық жалақыны қоспағанда, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында 

орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, 

сыйлықақылар және еңбекақы тӛлеу жүйесінде кӛзделген тұрақты сипаттағы басқа да 




ынталандыру тӛлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) 

жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. 

      Орташа жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада кӛрсетілген тӛлемдер 

ескерілмейді. 

      7. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне 

сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына кӛбейту жолымен есептеледі. 

      8. Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген 

жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бӛлу 

жолымен айқындалады. 

      9. Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық ӛтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) 

жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істелген 

уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс 

күндерінің (сағаттарының) санына тиісінше бӛлу жолымен айқындалады. 

      10. Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа 

күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы 

жұмысы не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген 

уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес 

күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына 

тиісінше бӛлу жолымен жүзеге асырылады. 

      11. Толық емес жұмыс аптасы (жұмыс күні) кезінде орташа күндік (сағаттық) жалақы осы 

Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес есептеледі. 

      12. Егер қызметкер жұмысқа орналасқан кезде есептелген жалақы сомасы болмаса не 

оқиға алдындағы 24 ай бойы жалақысы болмаған жағдайда, онда оқиға орын алған жағдайда 

орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік мӛлшерлемесін 

(лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі. 

      Қызметкердің күндік (сағаттық) мӛлшерлемесі тарифтік мӛлшерлемесін (лауазымдық 

жалақысын) тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының балансына сәйкес бес күндік 

немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі ағымдағы айдағы жұмыс күндерінің 

(сағаттарының) санына бӛлу жолымен есептеледі. 

      


Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрінің 04.03.2016 

№ 177

 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 



ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      13. Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру 



коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі: 

      1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін 

орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі; 

      2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп 

айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі; 

      3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бӛлігі лауазымдық 

жалақы (мӛлшерлеме) арттырылған күнінен бастап кӛрсетілген кезең аяқталғанға дейін 

арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі. 

      Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген тарифтік мӛлшерлемені (лауазымдық 

жалақыны) арттыруға дейін белгіленген тарифтік мӛлшерлемеге (лауазымдық жалақыға) бӛлу 

жолымен есептеледі. 



       Арттыру коэффициенті негізгі персоналдың азаматтық қызметшілері (В2, В3, В4 

буындардағы) үшін арттыру айында белгіленген лауазымдық жалақыны, егер орташа 

жалақыны есептеу кезінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген жалақы сомасы қосылған 

жағдайда, біліктілік санаты үшін қосымша ақыны есепке ала отырып арттыруға дейін 

белгіленген лауазымдық жалақыға бӛлу жолымен есептеледі.  

      Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген 

жалақының жалпы сомасына қолданылады. 

      Арттыру коэффициенті: 

       1) қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде;  

      2) лауазымдық жалақысының мӛлшерін есептеу кезінде ескерілетін қызметкердің 

мамандығы бойынша жұмыс ӛтілінің немесе жұмысшының біліктілік разрядының артуы 

кезінде қолданылмайды. 

      

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 



министрінің 04.03.2016 

№ 177


 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 

ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      14. Ӛткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша тӛленетін жылдық сыйлықақыларды, 



сыйақыларды қоспағанда, тұрақты сипаттағы және жұмыс берушінің еңбекақы тӛлеу 

жүйесінде кӛзделген сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін тӛленетін басқа да 

ынталандыру тӛлемдері орташа жалақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша 

қосылады. 

      Жұмыс берушінің еңбекақы тӛлеу мен сыйлықақы беру жүйесінде кӛзделген жұмыс 

қорытындысы бойынша тӛленетін тоқсандық, жарты жылдық сыйлықақылар есеп айырысу 

кезеңінің әрбір айына тиісінше 1/3, 1/6 мӛлшерінде есептеледі; айлық сыйлықақылар – есеп 

айырысу кезеңінің әрбір айы үшін біреуден аспауға тиіс. 

      Ӛткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша тӛленетін жылдық сыйлықақылар, 

сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде, есеп айырысу кезеңі шегіндегі жылдық 

сыйлықақыны, сыйақыны нақты тӛлеу айының алдындағы әрбір айға 1/12 мӛлшерінде нақты 

тӛлеу сәтінен бастап есептеледі. 

       Есеп айырысу кезеңіне келетін уақыт жұмыспен толық ӛтелмеген жағдайларда, орташа 

жалақыны есептеу кезінде сыйлықақылар, сыйақылар есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс 

істеген уақытқа барабар есептеледі.  

      Орташа жалақыны есептеу кезінде акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі 

ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің жылдық 

сыйлықақылары ескерілмейді. 

Орташа жалақыны есептеудің 

бірыңғай қағидасына қосымша 



   Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер 

      Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін тӛлемдерге мыналар: 

      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бӛлігі үшін ӛтемақы; 

      2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс 

беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мӛлшеріне қосымша тӛлемдер; 

      3) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге тӛленетін 

сауықтыруға арналған жәрдемақы; 

      4) қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін ӛтемақы; 




      5) тұрақты жұмысы жолда ӛтетін немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет кӛрсететін 

учаскелері шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда берілетін 

ӛтемақы тӛлемдері; 

      6) дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым; 

       7) қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа  

ауыстыру немесе кӛшіру кезіндегі ӛтемақы тӛлемі; 

      8) қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін тараптардың келісімі негізінде жұмыс 

берушінің мүдделері үшін пайдаланған кездегі шығыстарды ӛтеу; 

      9) Еңбек кодексіне сәйкес берілген сүттің немесе оған теңестірілген басқа да азық-түліктің 

емдеу-профилактикалық тағамдардың, арнайы киімнің және басқа да жеке қорғану 

құралдарының құны; 

      10) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның ӛмірі мен денсаулығына келтірілген 

зиянды ӛтеу бойынша тӛлемдер (жоғалтқан жалақысы бӛлігіндегі тӛлемдерден басқа); 

      11) қызметкерлерге жұмыс беруші (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын тӛлеу 

үшін, жерлеуге және басқа да жағдайларда) кӛрсететін материалдық кӛмек (ақшалай 

жәрдемақы), сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) 

жұмыс берушінің актісінде қосымша кӛзделген ӛтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер 

тӛлемдері; 

      12) біржолғы кӛтермелеу тӛлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда); 

      13) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жалақы тӛлемдері кешіктірілген 

кезде және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан 

Республикасының кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны 

үшін жұмыс берушінің қызметкерге тӛлейтін ӛсімақылары; 

      14) қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің 

шығыстары; 

      15) спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін 

ақшалай наградалар; 

      16) Еңбек кодексінің 124-бабына сәйкес қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық 

міндеттерді орындайтын жері бойынша тӛленген жалақы; 

      17) Еңбек кодексінің 72-бабына сәйкес қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс 

ауысымын) бӛліктерге бӛлу кезіндегі жұмысы үшін ӛтемақы тӛлемдері; 

      18) үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге тӛленетін ӛтемақы тӛлемдері; 

      19) Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған 

үзілістер уақыты үшін сақталған орташа жалақы жатады. 



 

 

 



 

жүктеу 147,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау