Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 3,31 Mb.
бет47/49
Дата15.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#38147
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып.

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Дүниежүзі тарихы

Бөлім:

«Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтардың бейнесі ретінде» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

10D.3. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.3.5-ұлттық-мәдени дамуға жаһанданудың әсерін талдау;
10.4.3.6-болашақ адамның адамгершілік бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының мүмкін жолдарын болжау

Сабақтың мақсаты

1-ші кіші бөлім: рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамның дамуына ықпал етуі.

Құндылықтарға баулу

Құндылықтар:

-өзгенің еңбегін құрметтеу

-патриотизм

-ұлттық сана-сезім

-ынтымақтастық


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру




Ой шақыру:

-Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы қандай мәліметтер білесіздер?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



Мұғалім презентациясы

Жаңа білім

Мәтінмен жұмыс

Зерттеу мен талдау

Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)


Тарихы

Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық» ([1]). Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша, өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төңдіріп түр.


Алғашқы баяндамаларда адамзат дамуының болашағы жөнінде пессимистік сарындар басым болса («даму шектері», «нөлдік даму», «болашақтық шок»), кейін қазіргі адамзат дамуын-дағы бағыттарды өзгертетін кең көлемді бағдарламалар түйінделді ([2]). Осы және басқа да еңбектерде адамзаттың «бүкілғаламдық тепе-теңдік» пен «орнықты дамуға» қол жеткізе алатындығы дәлелденді. Бұл тек қана өндірісті жаппай дамытумен шектелмейтін, адамдық дамуды алдыңғы қатарға шығаратын және жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың негізгі талап-мұқтаждықтары мен құндылықтары өтелетін, әркім өзінің тұлғалық адами мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын (Д. Медоуз) өркениеттілік қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Осындай орнықты және тұрақты, үйлесімді дамуды жүзеге асыру үшін қажет мөлшердегі ауылшаруашылық өнімдерін өндіре алатын, жан басына шаққандағы ресурстарды қамтамасыз ететін минималдық деңгейінен аспайтын даму және демографиялық шектерді анықтау қажет. Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік:
1 - қағида

«Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»


2 - қағида

«Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек».


3 - қағида

«Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек».


4 - қағида

«Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді»





жүктеу 3,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау