Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Спорт құрылыстарының емдеу-сақтандыру, оңалту-қалпына келтіру орталықтарын ұстау тәртібі



жүктеу 4,92 Mb.
бет3/22
Дата20.05.2018
өлшемі4,92 Mb.
#14475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

9-тарау. Спорт құрылыстарының емдеу-сақтандыру, оңалту-қалпына келтіру орталықтарын ұстау тәртібі
      167. Спорт объектісінде денешынықтыру диспансерлері, спортшылардың және денешынықтырумен айналысатындардың физикалық жағдайын тексеруге арналған үй-жайлар, сондай-ақ медициналық тексеруге арналған үй-жайлар болған кезде оларда осы Қағидалардың ауруханалар, клиникалар, емханалар, дәріханалар, дәріханалық қоймалар және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне арналған талаптары сақталады.
      168. Спорттық объектілерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын емдік дәрі-дәрмектерді сақтау үшін бірге сақтауға болатын заттардың тізбесі бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф қарастырылады. Шкаф жылу беру және қыздыру аспаптарынан кемінде бір метр қашықтықта орнатылады.
      Шкафта әртүрлі өрт қауіпті қасиеттері бар дәрі-дәрмектерді бір сөреде сақтауға жол берілмейді.
      169. Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшін жабылатын қақпағы бар металл жәшік орнатылады. Объектінің жұмысы аяқталғаннан кейін жәшіктер қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға шығарылады.
      170. Спорттық объектілерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық аспаптарды бактериясыздандыру үшін сұйық және газ тәрізді (керогаз, керосин лампалары, примус) отынмен жұмыс істейтін қыздыру аспаптарын, сондай-ақ спиралі ашық электр плиталарын пайдалануға жол берілмейді.
9-тарау. Бассейндердегі суды зарарсыздандыру кезінде пайдаланылатын үй-жайларды ұстау тәртібі
      171. Хлор қоймалары (құятын орындар арасындағы газ шығынымен екі баллоннан аспайтын) спорттық құрылыста орналастырылады; бұл ретте қоймалық үй-жай басқа үй-жайлардан отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ 45 жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен оңашаланады және құрылыстың сыртқы қабырғасында орналастырылады.
      172. Хлор ыдыстарын және хлор қоймаларын едені ғимаратқа жапсарлас жер деңгейінен төмен жертөле немесе басқа үй-жайларға жайғастыруға жол берілмейді.
      173. Хлор ыдыстары және хлор қоймалары үй-жайларында жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.
      174. Хлор ыдыстарының және хлор қоймаларының есіктерінде «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес қауіпсіздік белгілері орнатылады.
      175. Адамдар келетін үй-жай (шешінетін орындар, гимнастика залдары) арқылы хлор құбырларын төсеуге жол берілмейді.
      176. Суды зарарсыздандыруға арналған натрий немесе кальций гипохлоридін, хлор әгін және басқа арнаулы өнімдерді пайдалану кезінде оларды сақтау үшін күн көзінен және атмосфералық ылғалдан қорғалған, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелеріне жауап беретін оңашаланған, жақсы желдетілетін үй-жай қарастырылады.
      177. Натрий немесе кальций гипохлоридін, хлор әгін және басқа арнаулы өнімдерді сақтау кезінде ерітінділердің кеуіп қалу, олардың 40ғС жоғары температураға дейін қызу, сондай-ақ қышқылдар және органикалық заттармен байланысу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар көзделеді.
10-тарау. Монша-хауыздарды ұстау тәртібі
      178. Монша-хауыздарды орналастыру кезінде:
      1) бу бөлмесінің сыйымдылығы 10 орыннан аспайтын етіп орындалады;
      2) тас пештің тұғыры жанбайтын материалдан орнатылады. Пештен құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстіңгі қабатының ағаш қаптауына дейінгі қашықтық кемінде бір метр етіп қабылданады.
      3) төбе астындағы тас пештің үстіне жанбайтын жылу оқшаулағыш қалқан орнатылады. Қалқан мен төбе қаптауының арасындағы қашықтық кемінде 5 сантиметр етіп орнатылады;
      4) отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІ дәрежелі ғимараттардағы бу бөлмесі мен хауыздар үй-жайы кешені 1-түрдегі өртке қарсы қалқалармен және 3-түрдегі далдалармен; отқа төзімділігі ІІІа, ІІІб, ІV, IVа дәрежелі ғимараттарда отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-45 өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлінеді;
      5) хауыз кешені үй-жайынан жекелеген эвакуациялау есігі орнатылады; адамдарды ғимараттан эвакуациялауға арналған вестибюльдерге, холлдарға, сатылы торларға тікелей шығатын есіктерді орнатуға жол берілмейді;
      6) бу бөлмесі зауытта дайындалған автоматты қорғалатын және үздіксіз 8 сағат жұмыс істегеннен кейін толық суығанға дейін өшетін пешпен жабдықталады;
      7) тас пештің басқару пульті бу бөлмесінің алдындағы құрғақ үй-жайда орнатылады;
      8) бу бөлмесінде ішкі су құбырына қосылған перфорирленген құрғақ құбырларды орнатып, бу бөлмесіне кіреберіске вентиль орнатылады;
      9) бу бөлмесін қаптау үшін ағаштың жапырақты түрі қолданады.
      179. Құрғақ ыстық камерасының жоғарғы аймағына, сондай-ақ тас пешке жақын жердегі құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстіңгі қабатының ағаш қаптауының жиектеріне температура 1100С дейін артқан жағдайда қондырғымен (термореттегішпен) бұғатталған, электр энергиясын тас пештің электр қыздырғышынан ажырататын температура тетіктері орнатылады.
      180. Тас пешті, электр қыздырғышты, электр желісіне қосу үшін пайдаланылатын электр сымдары, сондай-ақ шамшырақтар мен электр арматурасы жоғары температура кеңістігінде пайдалану жағдайына көзделеді. Жылу электр қыздырғыштарды электр желісіне қосу құрғақ ыстық камерасынан тысқары жүргізіледі.
      181. Құрғақ ыстық камерасының тас пештің астынан таза ауаның келу арнасы шаңнан және басқа да бөгде заттардан жүйелі түрде тазаланады.
      182. Құрғақ ыстық камерасының жабдығында ақаулық байқалған немесе жану белгілері (түтін, күйік иісі, құрғақ ыстық камерасы ағаш қаптауының көмірге айналуы) пайда болғанда оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл жөнінде объектінің әкімшілігіне хабарланады.
      183. Хауыздарды жертөле қабаттарына жайғастыруға жол берілмейді.
      184. Құрғақ ыстық камерасынан соратын ауа өткізгіш оңашаланады және тікелей сыртқа шығарылады.
      185. Ауыз үйлер мен шешінетін орындарды жанғыш материалдармен өңдеуге жол берілмейді.
      186. Хауыздардың үй-жайларында:
      1) желіге қосылып тұрған тас пештің электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға;
      2) талдан жасалған жылу электр қыздырғыштарын орнатуға;
      3) ажыратылған немесе ақаулы термо реттегіші бар тас пешті пайдалануға;
      4) хауыздардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол берілмейді.
11-тарау. Сауда объектілерін ұстау тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
      187. Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді сақтауға жол берілмейді. Олар күн сайын жиналуына байланысты алынып тасталып отырады. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелеріне жақын жинауға болмайды.
      188. Терезелік ойықтары жоқ немесе түтін жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берілмейді.
      189. Сіріңкелерді, одеколонды, иіс суларды, аэрозольді орамаларды және өртке қатысты басқа да қауіпті заттарды басқа заттардан бөлек арнайы лайықталған орындарда сақтау жүзеге асырылады.
      190. Сауда кәсіпорындарында:
      1) сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге;
      2) тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды (газ баллондарын, сырларды, лактарды, ерітінділерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозольді орамаларды, қару-жарақтар мен пиротехникалық бұйымдарды басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезінде оларды сатуға;
      3) эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрі-дәрмек, газет, кітап дүңгіршектерін орналастыруға;
      4) сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;
      5) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуациялау жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;
      6) 15000 мыңнан артық аэрозольді орамаларды сақтауға жол берілмейді.
      191. Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да іс-шараларды өткізу кезінде басшылар олардың қауіпсіздігін (келушілердің кіруін шектеу, қосымша кезекшілерді тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады.
      192. Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастыру кезінде мынадай өрт қауіпсіздігі талаптары орындалады:
      1) базардың ауданы 0,5 гектардан асқан жағдайда аумақ қоршалады және 2 кіретін жолы болады. Кіретін жолдың ені 3,5 метр және биіктігі 4,25 метр етіп қарастырылады;
      2) базардың аумағындағы өтетін жолдар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жолдармен қосатын кіреберістің жолдарының енін кемінде 3,5 метр етіп қарастырылады және қатты төсеммен қамтамасыз етіледі. Барлық ғимараттар, павильондар мен дүңгіршектердің топтары, автокөлік тұрақтары өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарымен қамтамасыз етіледі;
      3) тұйық жолдардың ұзындығы 150 метрден аспайтындай және 12х12 метр айналатын алаңдармен аяқталатындай етіп қарастырады;
      4) базарға жапсарлас аумақтарда сататын сауда орнының есептік сыйымдылығы үшін кемінде 15 % жеңіл автомобильдерді уақытша қою үшін алаңдар қарастырылады;
      5) жанғыш қалдықтарды жинауға, ашық от көздерін пайдалана отырып, тамақ әзірлеуге арналған алаңдар сататын сауда орнының ғимараттары мен құрылыстарынан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады;
      6) сауда жабдықтары эвакуация жолдарының жанынан ені кемінде 2 метр еркін өткел өтетіндей есеппен орналастырылады;
      7) сауда қатарларының арасында әр 30 метр сайын ені кемінде 1,4 метр көлденең өткелдер орнатылады;
      8) жабық сататын сауда орындарында сатылы торларда, холлда және дәліздерде сауда жүргізуге жол берілмейді;
      9) ашық сататын сауда орындары сауда қатарларының төбесі жанбайтын материалдардан жасалады;
      10) төбені жабатын торлар оттан қорғау құрамдарымен өңделген ағаштан жасалады;
      11) сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын матамен, қағазбен, үлдірмен жабуға жол берілмейді.
      193. Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлігіне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол берілмейді.
      194. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелер (егер нормативтік құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектерді жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгіршектер тобын отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІ дәрежелі етіп салынады.
      195. Жұмыс уақытында тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсіруді сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысты емес жолдар арқылы жүзеге асырылады.
      196. Шыны ыдыстарға бөлініп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ «От қаупі бар», «Отқа жақын шашыратпа» деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасысыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол берілмейді.
      Өрт қаупі бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.
      197. Оқ-дәрілер (оқтарды, капсюлдерді, оқталған патрондарды) мен пиротехникалық бұйымдар мамандандырылған дүкендерде сатылады. Бұл ретте оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдарды сату секциялары дүкендердің жоғары қабаттарында орналастырылады. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берілмейді. Дүкендерге жылу беру орталықтандырылады.
      198. Оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдар өртке қарсы қалқалармен бөлінген үй-жайларда орналастырылған металл шкафтарда сақталады. Көрсетілген шкафтарды жертөле үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді.
      199. Әрбір сауда орнында кемінде екі шкафпен жабдықталады: біреуі – оқ-дәрілерді сақтауға арналған; екіншісі – капсюлдер мен оқталған патрондарды сақтауға арналған. Оқ-дәрілер мен капсюлдерді немесе оқталған патрондарды бір шкафта сақтауға жол берілмейді.
      200. Оқ-дәрілерді тек зауыт орамасында сатуға рұқсат етіледі. Қойма бөлмелерінде оқ-дәрілері бар жәшіктердің зауыт орамасын алуға жол берілмейді.
      201. Дүкен ғимараттарында түтінді оқ-дәрілерді бір жәшіктен (50 килограмм), түтінсіз оқ-дәрілерді бір жәшіктен (50 килограмм) және 15 мың жабдықталған патрондарды сақтауға рұқсат беріледі. Дайындаушы кеңселерге 200 килограммға дейін сақтауға рұқсат беріледі.
2-параграф. Сауда павильондары мен дүңгіршектерін ұстау тәртібі
      202. Бөлінген аумақта дүңгіршектерді, сондай-ақ ауданы 20 шаршы метрге дейін қоса алғанда бір қабатты павильондарды орналастыру топтарымен жүзеге асырылады. Бір топта отқа төзімділік дәрежелеріне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастырылуы мүмкін.
      Топта олардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.
      203. Алдыңғы тармақта көрсетілген топтар арасындағы, ауданы 20 шаршы метрден астам павильондар мен дүңгіршектер арасындағы, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар мен газдарды (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
      Топта отқа төзімділік дәрежесі әр түрлі дүңгіршектер мен павильондар болған жағдайда топтан бастап көршілес ғимараттарға дейінгі қашықтық отқа төзімділік дәрежесі едәуір төмен құрылыс бойынша қабылданады.
      204. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгіршектер мен павильондардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасады.
      205. Орама материалдары мен құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етіп қарастырылады.
      206. Ауданы 20 шаршы метрге дейінгі сауда дүңгіршектері мен бір қабатты павильондар ғимараттарының отқа төзімділік дәрежесі регламенттелмейді.
      207. Жанғыш сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған павильондар мен дүңгіршектердің отқа төзімділігі әдетте, бөлек тұратын немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгіршектермен топта І, ІІ, ІІІ а етіп орындалады.
      208. Елді мекендерде орнатылатын дүңгіршектерге электр (майлы радиаторларды, сәйкестік сертификаты бар қыздыратын панелдерді қолдана отырып), бу немесе су арқылы жылу беруге болады.
      209. Елді мекендерден тыс орналастырылатын дүңгіршектерде осы Қағидалардың ережесіне сәйкес пешпен жылу беруді қолдануға болады.
      210. Дүңгіршектердің электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес орындалады.
      211. Қыздыру лампалары бар электр шамдары қорғағыш қақпақтарымен, ал люминесцент лампалары стартерсіз жасалады.
      212. Павильонның немесе дүңгіршектің және құрылыстар тобының электр желісін токтан ажырату үшін ажырату құрылғысы жанбайтын негізде орнатылады.
      213. Дүңгіршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетіне немесе тікелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылымен (автономды өрт хабарлағыштары) жабдықталады.
      214. Әр дүңгіршекте «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасына сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдары орналастырылады.
12-тарау. Емдеу мекемелерін ұстау тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
      215. Емдеу мекемесінің басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейін күн сайын өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректерді хабарлайды.
      216. Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.
      217. Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелері әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы сатылармен жабдықталады.
      218. Ауыр халдегі науқастар мен балалар көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастырылады.
      219. Ауруханалар мен өздігінен жүруге қабілетсіз адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бір зембіл есебінен зембілдермен қамтамасыз етіледі.
      220. Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 0,8 метр, ал орталық негізгі жолының ені кемінде 1,2 метр етіп қарастырылады. Эвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен, тумбалармен және басқа да жиһазбен үймелеуге жол берілмейді.
      221. Палаталарға оттегі жіберу, әдеттегідей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегі бекетінен (10 баллоннан көп болса) жүргізіледі және олар науқастар үнемі келетін ғимараттардан кемінде 20 метр қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастырылады.
      Орталықтандырылған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану тәртібі мекеменің бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттегі баллоны бар рампалар орнатуға болады.
      222. Мыналарға:
      1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу үдерісіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;
      2) кереуеттерді дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;
      3) емдеу мекемелерінің ғимараттарында оттекті баллондарды сақтауға және орнатуға;
      4) аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;
      5) ақаулы емдік электр жабдықтарын пайдалануға;
      6) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;
      7) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтік, электр плиталарын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
      223. Су қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ мен парафин озокеритті қыздыру тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда жүргізіледі. Аспаптар мен төсемдерді қайнату үшін жабық шиыршықтары бар бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керогазды, керосин ыдыстарын және примустерді қолдануға жол берілмейді.
      224. Зертханаларда, бөлімшелерде, дәрігерлер кабинетінде дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (тез тұтанатын сұйықтықтарға және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограммнан аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат беріледі.
      225. Сыйымдылығы 300 килограммнан асатын жанғыш рентген пленкасының мұрағат қойма бөлек тұрған ғимараттарда орналасады, ал сыйымдылығы 300 килограмм жетпейтін болса, 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғаларымен және жабындарымен оқшауланған ғимаратта сақтауға рұқсат беріледі. Рентген қоймасынан бастап көршілес ғимаратқа дейінгі қашықтық кемінде 15 метр болады.
      226. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасының бір бөлмесінде шамамен 500 килограмм пленка сақтауға болады. Әр секция дербес сорғыш желдеткішпен жабдықталады. Секцияның есіктері ЕІ-60 отқа төзімділік шегімен және сыртқа қарай ашылатындай етіп орындалады. Мұрағаттарда терезе ауданының еден ауданына арақатысы кемінде 1:8 етіп қарастырылады.
      227. Мұрағат қоймасының есігінде «Рентген мұрағаты», ал шығар есікте «Отқа қауіпті! Темекі шегуге болмайды!» деген жазу ілінеді.
      228. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасына орталықтан жылу беріледі. Оларда бу арқылы жылу беру, металл пештер, сондай-ақ металл құбырлы уақытша үй-жайдың болуына рұқсат берілмейді.
      Мұрағат қоймасының ғимараттарында электр қалқандарын, сөндірілген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдік байланысты орнатуға рұқсат етілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмайды.
      229. Үй-жайларда шкафты мұрағаттан тыс жылыту құралдарынан 1 метр қашықтықта орналастырып, рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда (жәшіктерде) 4 килограмға дейін сақтауға болады. Ғимаратта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекі шегуге және кез келген түрдегі қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.
      230. Жанғыш пленкалар және рентгенограммалар мұрағат қоймаларының тереңдігі мен ұзындығы 0,5 метрден аспайтын секцияларға бөлінген металл (асбест арқылы темірмен қапталған ағаш) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейінгі арақашықтық 0,5 метрден кем емес етіп қарастырылады. Әрбір секция металл немесе асбест арқылы темірмен қапталған ағаш есікпен мықтап жабылады.
      231. Қазына мен дәрі қоймалары бөлмелеріндегі материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтардан басқа материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.
      232. Оттегі мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрілік қоймаларда, сондай-ақ бірге сақтауға болмайды. Оттегі мен жанғыш газ баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерінен (жылу беру құралдары, күн сәулесі) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиіп кетуінен қорғалады.
2-параграф. Физиотерапия кабинеттерін, анестезиология және жан сақтау, жан сақтау және қарқынды терапия, операция жасау бөлімшелерін тәртібі
      233. Электрмен, сәулемен емдеу кабинеттерінің сыйымдылығы бір процедуралық кереуетке кемінде 6 шаршы метр есебінен анықталады. Кабинеттерге қосымша кереуеттерді орнатуға жол берілмейді.
      234. Барлық емдеу электр аппараттары ақаусыз күйде ұсталады, сенімді жерге қосумен, зауыттық электр сызбасымен және техникалық төлқұжатпен қамтамасыз етіледі. Оқшаулағышы зақымданған, қысатын және аппаратқа қосылатын жерлері бұзылған электр сымдарын пайдалануға жол берілмейді.
      235. Электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерінде қолданылатын, оның ішінде ауа қабатты стерилизаторлар тек зауытта дайындалғандары ғана қарастырылады және жанбайтын материалдардан жасалған үстіңгі қабаттарға орнатылады.
      236. Парафин мен озокеритті арнайы бөлінген үй-жайда зауытта дайындалған жылытқыштардағы сору шкафында немесе су моншасында қыздырылады. Қыздырғыштар орнатылатын үстел жылуға төзімді материалмен қапталады. Парафин мен озокеритті ашық жалынмен қыздыруға жол берілмейді.
      237. Үй-жайлардың жергілікті желдету жүйелерінің аппараттары мен қондырғылардан шығару шатырдың жоғарғы нүктесінен кемінде 2 метр биіктікте жүзеге асырылады.
      238. Аппаратураны алдын ала байқау анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
      239. Әрбір электрлік сәулемен емдеу бөлімінде (кабинетінде) қызмет етуші тұлғалармен жүргізілген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тіркеу журналы жүргізіледі.
      240. Кабинеттердегі электр розеткалары кернеуі (200, 36, 12 Вольт) көрсетіліп таңбаланады.
      241. Операциялық кабинеттерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары орындалады.
      242. Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларындағы кабинеттердің есік орындары мен өтетін жолдары арқылы сүйретпелерде науқастарды еркін тасымалдау қамтамасыз етіледі.
      243. Операциялық бөлмелердегі наркотикалық заттар мен препараттардың өздігінен тұтануын болдырмас үшін жұмыс аяқталғаннан кейін олар буландырғыштан жабылатын герметикалық ыдысқа құйылады. Осы сұйықтықтарды канализацияға құюға, сондай-ақ наркоз уақытында ақаулы немесе ұшқын шығаратын электр жабдығын қолдануға жол берілмейді.
      244. Операция үстелі, наркоз аппараты және барлық электрлік медициналық аппаратура қорғайтын танғыш қалақпен жерге қосылатын сымдарға қосылады.
3-параграф. Емдеу мекемелерінің зертханаларын ұстау тәртібі
      245. Зертханалар оңашаланған, 1-тұрпатты өртке қарсы қалқандары бар тұрақты ғимараттан бөлектелген үй-жайларда орналастырылады.
      246. Зертхана үй-жайына кіретін жерге олардың өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бойынша санаттарының көрсеткіштері ілінеді.
      247. Өндірістік қажеттіліктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргізіледі немесе тасымалдауға арналған арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тікелей берілетін заттарды пайдалану орнына төселеді.
      248. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс істейтін үй-жайларда ішіне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшікке салынған, қабырғасы қалың шынылы немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтауға рұқсат етіледі. Мұндай сұйықтықтарды полиэтиленді сыйымдылықтарда сақтауға жол берілмейді.
      249. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргізіледі. Химиялық өзара әрекеттесуі өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.
      250. Зертханалық жиһаз және жабдық адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.
      251. Өрт, жарылыс қаупі бар сұйықтықтар және заттармен жұмыс істеуге арналған үстелдердің, сөрелердің, сору шкафтарының жұмыс істейтін үстіңгі қабаттары жанбайтын материалдардан жасалған жабын мен ернеулерден қарастырылады. Қышқылдармен, сілтілермен және басқа химиялық белсенді заттармен жұмыс істеу үшін үстелдер мен шкафтар тотығуға төзімді материалдардан жасалады.
      252. Зертханадағы уытты немесе өрт және жарылыс қаупі бар булар және газдарды бөлу мүмкіндігімен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиіс жанбайтын материалдардан жасалған сору шкафтарында жүргізіледі. Әйнектері сынық немесе желдеткіші ақаулы сору шкафтарын қолдануға жол берілмейді.
      Тартпалы шкафтардың жармалары, есіктері мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (тарту үшін төменгі жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсірілген) ұсталады.
      Егер онда орындалатын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар сақталатын болса, тартпалы шкафта жұмыс істеуге жол берілмейді.
      Тартпалы шкафтар өздігінен желдететін каналдары бар желдету жүйесімен жабдықталады.
      253. Қышқылдары, сілтілері және басқа химиялық белсенді заттары бар әйнек ыдысты ішіне асбест төселген арнайы металл немесе ағаш жәшіктерде тасымалдауға рұқсат етіледі. Күкірт немесе азот қышқылдарын сақтау үшін ағаш жәшіктерді, себеттер мен жоңқаларды пайдалануға жол берілмейді.
      254. Сұйық оттекті тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бір бөлмеде сақтауға жол берілмейді.
      255. Сығылған, сұйылтылған және ерітілген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшін ойықтар немесе жалюзи торлары қарастырылады.
      Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды беру орталықтан жүргізіледі.
      256. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорғыш желдеткішін жұмыс басталғанға дейін кемінде 5 минут бұрын қосу және жұмыс аяқталғаннан кейін сөндіріледі.
      257. Зертханаларда:
      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптардан, шілтерлерден және басқа да от көздерінен 1 метр жақын орналастыруға;
      2) жұмыс істелген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды канализацияға құюға;
      3) едендер мен жабдықтарды керосинмен, бензинмен, басқа да жанғыш сұйықтықтар және заттармен жууға;
      4) шілтерлер жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгілген сұйықтықтарды тазалауға;
      5) жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды қалдыруға;
      жұмыс орнында және жұмыс істейтін үй-жайларда белгісіз өрт қауіпті белгілері бар қандайда бір заттармен дәрі-дәрмектерді сақтауға;
      6) жұмыс орнын, жанып тұрған шілтерлерді және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға;
      7) ішінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол берілмейді.
      258. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы киімге тиіп кеткен жағдайда оны дереу ауыстыру шаралары қабылданады.
      259. Жарылыс және өрт, жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ зертханада (бөлмеде, бокста) түнгі сағаттарда жұмыс істеу кезінде кемінде екі адам болуы қажет, бұл ретте олардың біреуі аға зерттеуші болып тағайындалады.
      260. Газ плиталары жоба бойынша орнатылады. Газдың иісі байқалған немесе басқа ақаулықтар анықталған жағдайда плиталар сөндіріледі және оларды ақаулықтары жойылғанға дейін пайдаланылмайды.
      261. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды беруге арналған құбырлар жерге қосылады.
      262. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін зертхана үй-жайына жауапты қызметкер аспаптар мен аппараттарды, газ және су шүмектерін тексереді, ортақ электр ажыратқышты және желдеткішті сөндіреді, сондай-ақ зертхананың үй-жайынан артық жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар, заттар, реактивтер, жұмыс істелген сұйықтықтар, қалдықтар, қоқыс пен шүберек шығарылады.
      263. Пайдаланылған сұйықтықтарды еритін заттардың қасиеттерін ескере отырып, герметикалық жабылатын сынбайтын ыдысқа құю және жұмыс күнінің соңында қалпына келтіру немесе жою үшін зертхананың жұмыс істейтін үй-жайынан шығарылады. Осы сұйықтықтарды сақтауды осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып жүргізіледі.
жүктеу 4,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау