229
3. Коучинг, тәлімгерлік, сабақты зерттеу үдерістері және кәсіби қоғамдастық
бойынша мұғалім жұмысын эвалюациялау.
4. Осылайша ұсынылып отырған Модель мектеп мұғалімдерінің жұмыстарының
тиімділігін бақылау арқылы табыстылығы туралы қазіргі түсінікке сай ауқымды білім мен
тәжірибелік дағдыларды игеруіне, сондай- ақ енгізілген өзгерістерді бағалау, үнемі кәсіби
өсуіне назар аудартуға бағытталған эвалюациялық үдерісті қамтиды.
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында
тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептің әдістемелік
жұмысының алатын орны ерекше. Мектеп мұғалімдері арасында өтілетін түрлі әдістемелік
отырыстар жаңаша түрде ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдыру керек. Әдіс –
тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс,
шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған
міндеттердің ең өзектісі бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге
сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңартудың куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім
беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде
қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру – педагог ғалымдар мен тәжірибелі
мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс
қорытындысы дегім келедеді.
Білім беру ұйымдары менеджерлердің басқару мәдениетін дамыту жолдары
Омарбекова Ғ. Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім сапасын
басқару және менеджмент» бөлімінің жетекшісі
Біз әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесінің
қалыптасуына куә болып отырмыз. Барлық білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың
күшеюіне байланысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –
«Ұлтымыздың әлеуетін
оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет»,
деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық
міндет жүктеп отыр.
Көз алдымызда білім парадигмаларының ауысуы жүріп жатыр: баcқаша мазмұн,
басқаша көзқарастар, басқаша қатынастар, басқаша педагогикалық менталитет ұсынылуда.
Бүгінгі күннің сұраныстары әр маманнан білімді игерудің барысында жалпы білім беретін
мектеппен және кәсіптік оқу орындарымен шектелмей, білім мен дағдыларды өмір бойы алу
мен жаңалау үдерісіне қарай бет алуды талап етеді. Сонымен қатар білім беруді басқаруға
ғылыми көзқарастың, басқару мәдениетінің өзектілігін қамтамасыз ету мен негіздеуге,
басқаруды ғылыми негізде ұйымдастыруға объективті және субъективті сұраныс саланы
басқарудың барлық деңгейлерінде өткір сезіліп отыр. Білім беру ұйымдарын басқару
деңгейінде бұл сұраныс
«Нәтижеге бағытталған сапалы білім» моделі арқылы,
жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында басқару объектісі ретінде орта мектептер
алдына қойылатын міндеттердің түбегейлі өзгеруімен, оның дербестігінің өсуімен, оны
инновациялық үрдіс негізінде ұйымдаcтыру көмегімен ұдайы жаңарту қажеттілігімен,
басқаруға зерттеушілік көзқарасты игерумен, мектепке және оны басқаруға әлеуметтік
талаптардың күшеуінің талаптары ұсынылып отыр.
Осы орайда, білім беру ұйымдарының әдістемелік бағытта сапалы қызмет атқаруына
әдістемелік қолдау көрсетуге облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім сапасын басқару
және менеджмент» бөлімі тарапынан келесі бағыттар жүзеге асырылуда.
Негізгі бағыттары: