Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер.
Сабаққа қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау;
2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру;
4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау;
Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі
қажет;
2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет;
3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау;
Сабақ мазмұнына және оқу процесіне қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тәрбиелік мәні болуы керек.Оқыту барысында оқушылар өздерін қоғамның жеке тұлғасы ретінде сезінуі қажет;
2.Сабақ мазмұны оқушы өмірімен тікелей байланыста болған жөн;
3.Әр сабақта оқушы шығармашылық ізденісте болуы қажет;
Сабақты өткізу әдісіне қойылатын талаптар:
1.Сабақ коңілді,тартымды өтуі керек;
2.Оқушыны сабақта білімнің керек екенін сезінуге тәрбиелеу қажет;
3.Сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;ол тездік пен сылбырлықты көтермейді.Сабақтың барысы дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті нәтижелі болады;
4.Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара түсінушілік,педагогикалық такт сақталғаны жөн /оқушылардың намысына тура немесе жанамалы түрде тиіп,жәбірлеу дұрыс емес/;
5.Оқушылар арасына өзара өзара түсінушілік жағдай туғызу және шығармашылық еңбек белсенділігін арттыру,өте қажет;
6.Сабақты әр түрлі оқу әдістерін қолданып,түрлендіріп өткізу керек.
Бағалау нормалары.
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін;
Ескерту:
Бағалау кезінде қатерлердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылды.Егер бір қате бір сөздіңқұрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есптеледі.
Диктант мәтініне қойылатын талап:
а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс;
ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;
б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ;
в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн;
Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:
а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)4-5минут.
ә)берілген тапсырманы орындату-4-5 минут.
б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу -30-35 минут.
в) тексеру, жинау-2-3 минут.
Белгілер мәні:
/- емле қатесі
V- тыныс қатесі
/-азат жол артық қойылған
?- түсініксіз
/- қайталанған ойлар, стилдік қателер, сөз қалдырған
/-жүйе үзілген
Диктанттың белгіленген нормасы төмендегідей:
Сыныптар
|
Сөздер саны
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Жылдық баға
|
Тест (бақылау жұмысы)
Бақ
|
|
15-20
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
|
20-25
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
2
|
|
30-35
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
40-45
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
50-55
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
60-65
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
70-75
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
80-85
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
90-95
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
100-105
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
|
105-110
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1
|
4
|
Сөз мөлшері:
2-сыныпта-15-20 сөз
3-сыныпта-20-30 сөз
4-сыныпта-30-40 сөз
5-сыныпта-40-50 сөз
6-сыныпта-60-70 сөз
7-сыныпта-70-80 сөз
8-сыныпта-90-100 сөз
9-сыныпта-90-100 сөз
10-сыныпта-100-110 сөз
11-сыныпта-110-120 сөз
Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:
фонетикалық талдауды білуі;
сөз құрамына талдауды білуі;
сөз табына талдауды білуі;
сөйлемді талдауы;
сөйлем мүшесіне талдауды білуі;
морфологиялық талдауды білуі;
синтаксистік талдауды білуі;
лексикалық талдауды білуі;
Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері:
қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;
сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін,оқылу интонациясын ескеру;
жай сөйлем,құрмалас сөйлемдердің түрлерінің барын анықтау,ондағы екпін,тыныс белгілеріне көңіл бөлу;
сызықша,тырнақша тәрізді белгілерді қолдану жүйесі;
егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе,онда олар тақтаға жазылады.
Мәтінді мәнерлеп оқып шығып,содан кейін жеке сөйлемді оқып жаздыра бастайды.Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады.Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады.Диктант мәтінін қайтадан көшіруге болмайды.
Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері есептеледі.
Жалпы екі баға қойылады, бірінші баға сауаттылыққа,екінші баға грамматикалық тапсырмаларға қойылады.
Оқу өлшемі.
Сынып
|
Қанша сөз саны
|
Таңба саны
|
1
|
15-20
|
45-90
|
2
|
20-25
|
180-225
|
3
|
25-30
|
225-270
|
4
|
30-35
|
270-315
|
5
|
35-40
|
315-350
|
6
|
40-45
|
350-395
|
7
|
45-50
|
395-420
|
8
|
50-55
|
420-465
|
9
|
55-60
|
465-510
|
10
|
60-65
|
510-555
|
11
|
65-70
|
555-600
|
сынып
|
лексика
|
диалог
|
монолог
|
1
|
90-110
|
1-2 сұрақ
|
3-4 сөйлем
|
2
|
160-210
|
2-3 сұрақ
|
4-5 сөйлем
|
3
|
210-230
|
3-4 сұрақ
|
5-7 сөйлем
|
4
|
230-260
|
4-5 сұрақ
|
7-9 сөйлем
|
5
|
260-290
|
5-6 сұрақ
|
9-11 сөйлем
|
6
|
290-310
|
6-7 сұрақ
|
11-13 сөйлем
|
7
|
310-330
|
7-8 сұрақ
|
13-15 сөйлем
|
8
|
330-360
|
8-9 сұрақ
|
15-17 сөйлем
|
9
|
360-390
|
9-10 сұрақ
|
17-19 сөйлем
|
10
|
390-400
|
10-11 сұрақ
|
19-21 сөйлем
|
11
|
400-410
|
11-12 сұрақ
|
21-23 сөйлем
|
Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері.
Мазмұндама- оқушының мемлекеттік тілден алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі.Мазмұндама арқылы оқушының өз ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
Сыныптар
|
Сөйлем саны
|
Мазмұндама саны
|
5
|
4 немесе 5 сөйлем
|
2
|
6
|
5 немесе 6 сөйлем
|
2
|
7
|
6 немесе 7 сөйлем
|
2
|
8
|
7 немесе 8 сөйлем
|
2
|
9
|
8 немесе 9 сөйлем
|
2
|
10
|
9 немесе 10 сөйлем
|
2
|
11
|
10 немесе 11 сөйлем
|
2
|
Мазмұндама мен шығармаға екі баға қойылады:
1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы толық аша білуі;
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.Шығарманы 5 сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6 –сыныптарда үйрету шығарма болып саналады.
5,6 – сыныптарда жоспар беріледі.
Шығарманың екі бағасы болады: екеуі де бір пәнге қойылады.
Әдебиеттен:
Тоқсан сайын шағын шығарма – 1
2 аптада бір рет:
- пікір жазу;
- хабарлама;
- мазмұндама;
- эссе;
- мәтінмен жұмыс;
Ескерту: осы жұмыстың біреуін ғана алу керек.
Қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер.
5-11 –сынып оқушыларынан бағдарламаға сай талап етілетін оқу іскерлігі мен дағдыларының жоба көрсеткіші.
1.Оқу жылдамдығы.
Сыныбы
|
Оқушы
|
Жазу шапшандығы
|
Сөйлеу
|
|
дауыстап
|
іштей
|
|
монолог
|
диалог
|
5
|
120 сөз
|
140-170
|
60 белгі
|
7-8 сөйлем
|
6-8 сөйлем
|
6
|
140
|
170-210
|
70
|
2 минут
|
6-8 сөйлем
|
7
|
150
|
210-250
|
70
|
2 минут
|
6-8 сөйлем
|
8
|
150-ден артық
|
250-270
|
80-100
|
3 минут
|
8-10 сөйлем
|
9
|
150-ден артық
|
270-290
|
100
|
3 минут
|
10-12 сөйлем
|
10
|
150-ден артық
|
290-310
|
100-120
|
4-5 минут
|
10-12 сөйлем
|
11
|
150-ден артық
|
310-330
|
120-дан артық
|
4-5 минут
|
10-12 сөйлем
|
2.Диктант нормалары.
Сыныбы
|
Диктант саны
|
Сөздер саны
|
Орфограмма саны
|
Тыныс белгілері
|
5
|
8
|
90-100 сөз
|
12
|
2-3
|
6
|
6
|
100-110 сөз
|
16
|
3-4
|
7
|
5
|
110-120 сөз
|
20
|
4-5
|
8
|
5
|
120-150 сөз
|
24
|
10
|
9
|
4
|
150-170 сөз
|
24
|
15
|
10
|
4
|
170-190 сөз
|
26
|
18
|
11
|
4
|
190-200 сөз
|
26
|
18
|
3.Мазмұндама нормалары.
Сыныбы
|
Мазмұндама саны
|
Сөздер саны
|
5
|
4
|
100-150 сөз
|
6
|
3
|
150-200 сөз
|
7
|
2
|
200-250 сөз
|
8
|
2
|
250-300 сөз
|
9
|
2
|
300-350 сөз
|
10
|
3-4
|
350-400 сөз
|
11
|
2-3
|
400-450 сөз
|
4.Шығарма нормалары.
Сыныбы
|
Саны
|
Сыныпта
|
Үйде
|
5
|
4
|
3
|
1
|
6
|
4
|
2
|
2
|
7
|
4
|
2
|
2
|
8
|
6
|
3
|
3
|
9
|
7
|
4
|
3
|
10
|
8
|
4
|
4
|
11
|
9
|
5
|
4
|
5.Бағалау нормалары.
Баға
|
Қателер саны
|
«5»
|
1/0 1/0 0/1
|
«4»
|
3/3 2/4 1/5
|
«3»
|
6/5 5/6 3/8
|
«2»
|
9/5 8/9
|
Жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар.
Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы керек десеңіз тіршілік құралы болып келеді.Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Ал атам заманнан қазақ қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға аян.Бабаларымыздың «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек.
Рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы оөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүоекке жылы тиетін, «айнасы теп – тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет қалыптасады.Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады.Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі түрде,бірлікте,бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі,жемісті болмақ.Тіл байлығының ұғымы кең.Әр пәннің өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар.Ал қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:
а/ аз сөзге терең мағына сыйғызу /нақтылық, дәлдік /;
ә/ ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана отырып жеткізу / ауызша да, жазбаша да /;
б/ ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік;
в/ жазба тілдеріндегі жатықтық,сөздерді түрлендіре пайдалану,сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру,қазақ әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен білімдерін әдебиетте пайдалана білу.
Шығарма жазуға үйрету жолдары.
Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады.Шығарма жазу үшін оған жоспар құру әрине оқушылардың ой – қаабілеттерін арттыра түсетіні белгілі.Әдебиет сабағында шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айнаоған нәтижесі табылады.Мұғалімнің педагогтік шеберлігі мен еңбегін айқындау-оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіші.
Мектеп бітіретін оқушылар кәмелеттік аттестат алу үшін жазатын шығарма жұмысына берілген нұсқауда былай делінген:
«Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгі библографиялық – сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің пікірінің өңін айналдырып жазып беру емес.Оқушының көркем әдебиетін оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық І танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген,тағы өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін жетті.Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгіме отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоцианалдық жақтан айқын- анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі делінген.
Арнайы нұсқау:
1.Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты-жөні жазылады.
2.Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады.Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
3.Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.
Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көз қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз.Олай болса шығарманың мақсаты – осы.Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс.Оқушының ақыл – ой дамытып, белседілігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор рөл атқарады.Сондықтан мұндай күрделі ақыл – ой еңбегін «шығарма немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз-ақ.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1.Оқушының өз тәжірибесінде, алған әсеріне байланысты.
2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады.Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт.
Шығарманың құрылысына назар аударғанда мына схемалық жүйені есте сақтау керек:
1.Әңгіме түріндегі шығармалардың схемасы:
1.Кіріспе ( экспозиция)
2.Негізгі бөлім
а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
3. Қорытынды ( эпилог )
2.Талдау түріндегі шығармалардың схемасы:
1.Кіріспе (тақырыпқа жүктелген міндет) бөлімі.
2.Негізгі бөлім.
а) тақырып көтерген мәселе
б) ұсынылған дәлелдер
б) цитат түріндегі мысалдар
в) Өзіндік ойлар
3. Қорытынды.
Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:
1.Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.
2.Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.
3.Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуга сәйкес алынуы керек.
4.Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет.
5.Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.
6.Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау қажет.
7.Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.
8.Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.
9.Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек.
10.Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.
Қазіргі кездегі оқушылардың шығарма жұмысын тексерудің екі түрі:
1.Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді.
2.Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту.
Шығарма жұмысын тексергенде қателерді түрлі шартты белгілер арқылы көрсету керек.Мұның өзіндік бір жүйесі бар:
/- емле қатесі белгіленеді.
V- тыныс белгісінен кеткен қате.
Z- абзац керек деген белгі.
Z- артық қойылған абзац.
?- дүдамал, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.
?!- пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
!- осы жерге ерекше көңіл аудар.
~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
---_ стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.
...- сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
Әріне, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды,мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол.Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін, оқушылардың осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет.Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет.Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді оқушыларға үнемі таныстырып отырса, дұрыс болар еді.Сонда бұл оқушының есінде мәңгі қалады.Бұл шартты белгілер мұғалімге де өте қолайлы.Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді.Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін жеңіл.Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударалық.
1.Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
А) тазалығы;
Ә) әріптердің дұрыстығы.
2.Логикалық жағынан
А) тақырып пен идеяның ашылуын;
Ә) пікірдің молдығын;
Б) дәлелдің дұрыстығы.
3.Пікірдің жүйегілі
А) жоспардың жүзеге асуы:
Ә) әрбір бөлімнің мөлшері.
4.Грамматикалық сауаттылығы
А) емлелік жағынан;
Ә) синтаксистік жағынын.
5.Стилі
А)сөйлемдердің дұрыстығы;
Ә) көркемдігі.
Осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн.Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар.
Тақырыпты оқущының өз ойы және өз сөзі арқылы аша білуі;
Жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну;
Артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
Шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйгызу;
Шығарманның барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір-бірімен байланысты болу;
Шығарманның кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;
Міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;
Шығырмада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына,тарихыи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;
Оқушының жұмысы стильдық біртектілігі мен тіл шеберлегіне қарай бағаланады;
Шығарманы рәсімдеуге қойылатын талаптар.
Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды.Тақырыпқа цитата алынғанда ғана тырнақша қойылады.
Эпиграф парақтың оң жағына тырнақшаға алынбай жазылады.Эпиграфқа алынған жолдардың авторының фамилиясы эпиграфтың астына жақшаға алынбай жазылады.Қай шығармадан алынғанын көрсеткен жағдайда, шығарманың аты тырнақшаға алынып, автордың фамилиясынан кейін үтір қойылып жазылады.
«Жоспар» сөзі бар болса, эпиграфтың астына,эпиграф болмаса шығарма тақырыбынан кейін жол ортасына жазылады. «Жоспар» сөзінен кейін нүкте қойылады.
Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.Әрбір бөлім рим цифрымен белгіленеді, онан кейін нүкте немесе жақша қойылмайды.Негізгі бөлім араб араб цифрларымен (жақшаға алынбай) белгіленген кемінде үш тармақтан тұрады.Әр тармақтың атынан соң нүкте қойылады.Егер шығарма көлемді болса, жоспардың кіріспе, қорытынды бөлімдері де тармақтарға бөлінеді.
Шығарма бөлімдерінің, тармақтарының атауларынан кейін нүкте қойылады.Келесі атау бас әріппен жазылады.Егер тармақ тармақшаларға бөлінсе, тармақшаның алдынан кос нүкте, соңынан нүктелі үтір қойылады.Бұл жағдайда тармақша атауы кішкене әріппен жазылады.Соңғы тармақшаның атауынан кейін нүкте қойылып, келесі тармақ не бөлім атауы бас әріппен басталып жазылады.
Шығарма бөлімнің, тармақтарының атаулары аз сөзге көп мағына сыйғызуы, мазмұны ауқымды болуы қажет.Мәселен, «Абайдың табиғат лирикасы» деген шығарма тақырыбына ұқсас жалпылама атау жоспардың бөліміне атау бола алмайды.Оның орнына «Абайдың табиғат лирикасының өзіндік ерекшеліктері» деген сияқты атау жазған дұрыс.
Жоспар бөлімдерінің атауларында етістік (тұйық райдан басқа) болмайды.Мәселен, «Абай қазақ халқының ұлы перзенті болып табылады деп жазуға болмайды.»Абай- қазақ халқының ұлы перзенті» деген дұрыс.
Жоспар тақырыптары сұраулы сөйлем болмағаны жөн.
Егер жоспарда цитата қолданылса, оны тырнақшаға алып, автордың фамилиясын цитатаның соңынан жақшаның ішіне жазу қажет.
Шығарма жоспарға сәйкес азат жолдар арқылы жазылады.
Шығарма жоспардан кейін жаңа жолдан бастап жазылады.
Шығармада кездесетін мезгіл көрсеткіштері цифрлармен; ғасыр рим цифрларымен; жыл, күн-араб цифрларымен, басқа сандар сөзбен жазылады.Ғасыр атауы араб цифрымен жазылмайды, жазылып кетсе, қате саналмайды, ол үшін бағаны төмендетуге болмайды.
Ескерту:диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.
Цитатаны жазуда тыныс белгілерінің ережелерін басшылыққа аса қажет.Поэзиялық
цитаталар, жыр шумақтары жол ортасына тырнақша алынбай жазылады.
Шығарма таза, ұқыпты әрі анық жазылуы тиіс.
Емтихан жұмысы мектеп мөртаңбасы басылған дәптер парақтары жазылады.Мектеп атауы, мекен- жайы иөртаңбада басылған.Сонымен бір мөртаңбаға емтихан өткізілетін күн жазылады.Мысалы: 2001 жылғы маусым.
Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері.
Мазмұндама- оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білім тексерудің негізгі нысандарының бірі.Мазмұндама арқылы баланың өз ойы жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
Мазмұндама мәтінін көлемі төмендегідей болады:
5- сынып- 100-150 сөз;
6- сынып- 150-200 сөз;
7- сынып- 200-250 сөз;
8- сынып- 250-300 сөз;
9- сынып- 300-350 сөз;
10- сынып- 350-400 сөз;
11-сынып- 400-450 сөз;
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, шеберлігіне назар аударылады.
Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыруы талап етеді.Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынандай талап қойылуы тиіс:
Оқушының өз ойы болуы;
Өз жанына қосымша оқиға қосуы;
Өздігінен қорытынды жасау;
Мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни,1 жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
Қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
Кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
Берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау;
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаш сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді.Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:
1.Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
2.Сурет бойынша мазмұндама;
3.Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой – пікірі,көзкарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері, сонымен бірге материалға баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.
Шығарма көлемі мен уақыты төмендегідей болады.
5 –сынып – 0,5 – 1 бет;
6 –сынып – 1 – 1,5 бет;
7 –сынып – 1,5 - 2 бет;
8 – сынып – 2 - 3 бет;
9 – сынып – 3 – 4 бет;
10 – сынып – 6 – 8 бет;
11 – сынып – 6 – 8 бет (оқушы дәптерінің беті).
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.Бітіру емтиханында 6 сағат.
Шығарманың бағалануы туралы.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
Мазмұндылығы мен идеялығы.
Ой - пікірдің жүйелігі.
Стилі.
Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.Шамамен алғанда, шығарманың идеялығы мен мазмұндылығына оқушылар тақырыпты қалай ашкандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады.Пікір жүйелілігі шығарманың сайкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді қолдана білу, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жағынан грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.Шығармаға екі қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |