ОРЫНДАҒАН; СЕРІКОВА НӘРКЕС
ВМ 101
ТЕКСЕРГЕН; ДЖУМАБАЕВА АЙГУЛЬ
Еңбек Нарығы
Еңбек Нарығы
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
ТҮСІНІГІ
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында
құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар
жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни,
саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы
ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына,
еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек
нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік
ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты
айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы,
оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру
формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі
ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің,
жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы,
құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын
зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың
көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен
шығармау қажет.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ
АНЫҚТАМАСЫ
Еңбек нарығы-бұл тауар болып
табылатын еңбек ресурстарының
нарығы бұлардың тепе-теңдік
бағасы мен саны, оларға сұраныс
пен ұсыныстың бір-біріне етуімен
белгіленеді. Кәсіпкерлер мен
еңбекке қабілетті адамдар
нарықтың агенттері,-еңбек
нарығында өзара қатнаста болады.
Сондықтан еңбек нарығы сұраныс
пен ұсыныс механизмі арқылы
экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің
нәтижесінде жұмыспен қамтудың
белгілі көлемі және еңбек төлемі
дәрежесі орнайтын экономикалық
орта немесе болмыс болып
табылады.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды
өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты
екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен
жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және
жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің
қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық
функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және
пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру
функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне,
тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның
жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына,
мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады. Бәсекелік еңбек
нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды:
фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын
жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның
ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында
субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді
және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында
еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер
ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы
күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі
жұмыскерлер санымен өлшенеді. Икемді нарықтық механизмі баға
арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы
болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер,
жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды:
жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы
конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы
озара әсерлерімен белгіленеді.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ
БӘСЕКЕЛЕСТІК
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке
сұраныстық қисық сызығының еңкеюі
теріс бұрышты болады: жалақының
жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке
сұраныс төмендей түседі. Көлденең
білік — еңбектің саны (Q), тік білік (Р) —
жалақының ставкасы Еңбек ұсынысы
қисық сызығының оң еңкею бұрышы
болады, жалақының жалпы дәрежесінің
өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп
отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс,
жиынтық сұраныспен есептесе отырып,
тауарлар мен қызметтер өндіру үшін,
тиісті квалификациясы бар
жұмыскерлердің белгілі санымен,
жұмыс берушілердің жалдауға
қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы
күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті
жастағы адамдардың өздерінін
қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру
керек қажеттіктермен және жиынтык
экономикалық ұсыныспен есептесе
отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап
тұруға жеткілікті қажеттіктермен
белгіленеді.
Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы
мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе
бірнеше) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы
ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі
дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне
байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі
жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып
ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының
нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл
көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер
тудырады. Бұған жатпайтын — моноп-сониялық нарық. Бұл
нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен
қамту дәрежесін де өсіре алады. Дамыған елдердің көбінде заң
жүзіңде жалақының минимумы белгіленген. Бұның мақсаты —
кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы
жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ — БҰЛ БӘСЕКЕЛІК НАРЫҚ.
Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте
күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен
еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады.
Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс
орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті
арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба
алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу
үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен
бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу
үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-
бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға
бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту
үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы,
баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне
сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық
агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын
алады. Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-
функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек
нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші
құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс
іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс
тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы
жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.
Document Outline - Slide 1
- Slide 2
- Slide 3
- Slide 4
- Slide 5
- Slide 6
- Slide 7
- Slide 8
- Slide 9
Достарыңызбен бөлісу: |