Жүйелік шина.
Процессор мен жадты ақпараттық кеңарна немесе ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы сегіз, он алты немесе отыз екі сымнан тұратын жинақ болып табылады. Осыған орыай оларды сегіз, он алты немесе отыз екі разрядты шина деп атайды.
Жүйелік шинаға деректер шинасы мен адрестер шинасынан басқа машинаның барлық блоктарына нұсқаулар беруге арналған командалар шинасы мен электроқоректендіру жүйесіне ДК блоктарын қосуға арналған қоректендіру шинасы кіреді.
Жүйелік шина ақпарат берудің үш бағытын қамтамасыз етеді:
микропроцессор мен негізгі жад арасында;
микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу шығару порттары арасында;
негізгі жад пен сыртқы құрылғылардың енгізу шығару порттары арасында.
Барлық блоктар, анығырақ айтқанда, олардың енгізу шы,ару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей немесе контроллер(адаптер) арқылы қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |