Оралбекова Алия Курбановнаның



жүктеу 105 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.05.2018
өлшемі105 Kb.
#17826
түріДиссертация


Оралбекова Алия Курбановнаның 

6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы 

бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғауға 

дайындалған «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш 



сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 

қолдануға даярлау» атты диссертациясының 

 

АҢДАТПАСЫ 



 

Зерттеудің  көкейкестілігі.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.   Назарбаев:   «Болашаққа   бағдар   –   рухани   жаңғыру»    мақаласында 

«Бәсекелік  қабілет  дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық  нарықта 

бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл 

материалдық  өнім  ғана  емес,  сонымен  бірге,  білім,  қызмет,  зияткерлі  көнім 

немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты 

болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен 

айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақстандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ 

ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,  компьютерлік 

сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің 

алға   басуына   сөзсіз   қажетті   алғышарттардың   санатында.   Сол   себепті, 

«Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және 

конфессияаралық  келісім»  сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша 

қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,  -  деп 

көрсетті. 

Елімізде бәсекеге қабілетті білім беруді жоғарылату үшін сапалы білім 

беру  арқылы  адам  капиталын  дамытуға  бағытталған  Қазақстан 

Республикасында  Білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:  «Әлем  жаһандық  сын- 

тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен 

инновацияларды  енгізу,  IT-технологиялардың  қарқынды  дамуы  және  адам 

ресурстарының  ұтқырлығы.  Осы  жағдайда  білім  және  ғылым  өзгерістердің 

алдыңғы  қатарында  тұруы  тиіс...  Адамның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру 

ұлт  жетістігінің  факторы  болып  табылады,  сондықтан  әр  қазақстандықта 

заманауи технологиялар кезеңінде және жаңа мамандықтардың талаптарына 

қажет  функционалдық,  ІТ  сауаттылық,  ағылшын  тілін  білу,  адамгершілігі 

мол тұлға сынды қасиеттер мен құзыреті болуы керек», - деп көрсетілген. 

Мемлекеттік  бағдарламада  арнайы  және  инклюзивті  білім  беру 

стратегиясын  әзірлеу  және  оны  енгізу  қарастырылған.  Бұл  бағдарламаға 

сәйкес,  инклюзивті  білім  беруге  жағдай  жасайтын  мектептердің  үлесін  

жалпы мектеп санынан 70%-ға дейін арттыру (қазіргі уақытта 38%), мүгедек- 

балалар  үшін  «кедергісіз  қол  жетімділікті»  құрайтын  мектептердің  үлесін 

жалпы  мектеп  санынан  20%-ға  арттыру,  инклюзивті  білім  берумен  

қамтылған балалардың үлесін, дамуында арнайы қажеттілігі бар балалардың 

жалпы санынан 50%-ға арттыру  қарастырылған. 



Осындай  келелі  міндеттер  аясында  инклюзивті  білім  берудің  даму 

мәселесі  жүйелі  тұрғыдан  нақты  және  жан-жақты  қарастыруды  қажет  етеді. 

Гуманистік  білім  берудің  тұжырымдарына  сүйенсек,  ондағы  балалардың 

қандайы  болмасын,  қай-қайсысы  болмасын  дамудың  шексіз  мүмкіндіктері 

бар  тіршілік  иесі  екендігіне  сену  және  сол  бағытта  жұмыс  жасау  керектігі 

айқын  танылады.  Педагог  қызметінің  мақсаты  мен  міндеттері  де  соған 

бағдарланып, сол мақсатқа лайық жұмыс жасалуы тиіс. Баланың бойындағы 

сансыз  мүмкіншіліктерді  танып,  тауып,  ашып,  дамытудың  әдістері  мен 

тәсілдерін,  жұмыс  формаларын  практикалық  жолмен  де,  теориялық  жолмен 

де зерттеу керек. 

Инклюзивті  білім  беру  –  гуманизмге,  руханилылыққа,  әлеуметтік 

әділдікке жетелейтін әрі солардан бастау алатын, өзіндік ерекшелігі мол сала. 

Адам  құқықтары  саласындағы  халықаралық  стандарттары  әрбір  адамның 

қоғамдық  өмірге  теңдікпен  және  дискриминациясыз  араласуы  керек  деген 

идеяға  негізделетіні  белгілі.  Сондықтан  да  әлемдік  білім  беру  жүйесінде 

соңғы жылдары жаңашыл идеялар көптеп енгізіліп, олардың діңін ЮНЕСКО- 

ның «Білім барлығы үшін» бағдарламасы қалап келеді. Оқыту мекемелеріне 

инклюзивтік  білім  беруді  енгізу  үдерісі  –  уақыттың  талабы.  Дегенмен,  бұл 

қадам – білім беру жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін 

де атап өту керек. 

Инклюзивтік  практика  білім  алуға  барлық  балалардың  бірдей  қолы  

жетуі тиіс деген идеяны іске асырады. Бұл жерде балалардың жеке басының 

ерекшеліктері,  оқудағы  жетістіктері,  ана  тілі,  мәдениеті,  психикалық  және 

дене  мүмкіншіліктері  білім  алу  жолында  кедергі  болмауы  керек  екендігі 

басты мәселе болып табылады. 

Инклюзивті білім беру жүйесі қазіргі кезде өзінің ғылыми негіздері мен 

әдіснамасын жетілдіруге ұмтылуда. Ол әдіснаманың басты ерекшелігі сонда, 

бұл  сала  бойынша  бала  –  оқытуды  қажет  ететін,  бірақ  түрлі  қажеттілік 

деңгейлері бар жеке тұлға. Инклюзивті білім беру түрлі деңгейде оқи алатын 

түрлі  ерекшеліктері  бар  балаларды  қанағаттандыруға  икемді  болып  келетін 

тәсілді зерттеуде. 

Осыған 


байланысты, 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаев: «...Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек 

көңіл  бөлу  керек.  Олар  үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс. 

Бізде  аз  емес  ондай  адамдарға  қамқорлық  көрсетілуге  тиіс  –  бұл  өзіміздің 

және  қоғам  алдындағы  біздің  парызымыз.  Бүкіл  әлем  осымен  айналысады. 

Мүмкіндігі  шектеулі  адамдар  тұрмыстық  қызмет  көрсету,  тағам  өнеркәсібі, 

ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады», - деп мүмкіндігі 

шектеулі  жандарға  қолдау  көрсетіп,  олардың  оқып-білім  алуына,  еңбек  

етуіне мүмкіндік туғызу керек екендігіне баса назар аударды. 

Арнайы білім беруді қажет ететін балалар туралы мәселесі күні бүгінге 

дейін  қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  ауқымды  түрде  талқыланып, 

арнайы  зерттеу  пәні  ретінде  қарастырылмай  келеді.  Ерекше  топқа  жататын 

балалардың жалпы білім беру ортасына кіріктіру туралы ғылыми зерттеулер 

жеткіліксіз немесе жоқтың қасы. Сонымен қатар, жалпы білім беру 



ұйымдарындағы  ерекше  оқытуды  қажет  ететін  балалар  туралы  мәліметтер 

қорын жасау мәселесіде қажетті дәрежеде қарастырылмай келеді. 

Осы ретте, инклюзивтік білім беру жүйесін  ұйымдастырып,  оның 

міндеттерін жүзеге асыратын оқушымен бірге маңызды орын алатын тұлға - 

мұғалімді  жан-жақты  даярлау  мәселесі  де  өзектілікпен  күн   тәртібіне 

қойылады. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім  беру мен  осы 

жүйеде  қызмет  ететін   педагогтерді  арнайы   даярлау  –  әлі  де  болса 

толыққанды игерілмеген тың сала. Осы саланың тұжырымдамалық негіздерін 

және оны іске асырудың білімдік, ғылыми,  оқу-әдістемелік, практикалық 

және ағартушылық тетіктерін зерттеу - қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. 

Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  балалардың  құқығын  қорғау 

құжаттарының  негіздемесі  болып  «тең  құқылы  білім»  қағидасы  бекітілген. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  ерекше  білім  беруді  қажет 

ететін  тұлғалардың  білім  алуына  берілетін  кепілдіктер,  ҚР  "Қазақстан 

Республикасындағы  бала  құқығы  туралы"  Заңында,  ҚР  "Білім  туралы" 

Заңында,  ҚР  "Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық- 

педагогикалық 

түзеу 


арқылы 

туралы" 


Заңында, 

ҚР 


"Қазақстан 

Республикасында  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы"  Заңында,  ҚР 

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңында бекітілген . 

Аталған Заңдар мен «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім 

берудің       объектілеріне       санитарлық-эпидемиологиялық      талаптарын», 

«Мүгедектердің  өмір  сапасын  жақсарту  бойынша  Ұлттық  жоспарды», 

«Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім  беру  стандартын  (бастауыш, 

негізгі  орта,  жалпы  орта  білім)»  атты  нормативтік  құжаттар  мен  Актілерді 

және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Білім  беру  саласында  арнайы 

әлеуметтік  қызмет  көрсету  стандартын  бекіту  туралы»  Қаулысын  талдай 

келе,  барлық  балалардың  білім  алуға  деген  құқықтарының  кепілдіктері  осы 

нормативтік-құқықтық  Актілерде  бекітілгенін  және  елімізде  инклюзивті 

білім  беруді  дамыту  бойынша  жұмысты  жетілдіруге  мүмкіндік  жасалып 

отығанына көз жеткіземіз. 

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды жалпы білім 

беруге  қосу  нысандары  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17 

мамырдағы  №499  қаулысымен  бекітілген  «Жалпы  білім  беру  ұйымдары 

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» 

баяндалған.  Құжаттың  мазмұнында  арнайы  және  инклюзивті  білім  беру 

барлық  оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  арналған 

психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын 

ескере  отырып  әзірленген  арнайы  және  жалпы  білім  беретін  оқу 

бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатыны айқын көрсетілген. 

Бастауыш  мектепте  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  оқушылар 

психологиялық-медициналық-педагогикалық 

кеңесінің 

қорытындысына 

сәйкес ҚР Білім және ғалым Министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 

бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқып келеді. 



«Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 

тұжырымдамалық  тәсілдерінде»білім  беруге  ерекше қажеттіліктері  бар  білім 

алушыларға мына санаттағы балалар жататыны белгіленген: 

- мүмкіндіктері шектеулі балалар; 

-  мигранттардың,  оралмандардың,  босқындардың,  саны  аз  ұлттар 

отбасыларынан шыққан балалар; 

-  қоғамда  әлеуметтік  бейімделуде  қиындықтары  бар  балалар  (жетім 

балалар,  виктимді  балалар,  девиантты  мінез-құлықты  балалар,  әлеуметтік- 

экономикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  деңгейі  төмен  отбасынан 

шыққан балалар). 

Білім  беру  туралы  ЮНЕСКО  ұйымдастырған  48  Халықаралық 

конференциясында  (Женева,  2008  ж.)  116  мемлекет  өздерінің  еліндегі  білім 

беру  жағдайлары  туралы  Ұлттық  есептер  берді.  Бұл  есептер,  бір  жағынан, 

білім  беру  үдерісінің  бірқалыпты  екенін  көрсетсе,  екінші  жағынан, 

ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  инклюзивті  білім  беру 

жағдайында  қолдану  мүмкіндігі  туралы  қызықты  жаңашыл  шешімдер 

қабылданды. 

Сонымен, 

қарастырылған 

есептерде 

ақпараттық- 

коммуникациялық  технологиялардың  (бұдан  кейін  АКТ)  тиімділігі  туралы 

азқарастырылған.  Осыған  орай,  АКТ-ны  қолдану  -  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды  жалпы  білім  беру  ортасына  кіріктірудің  тиімді  әдісі  ретінде 

мемлекеттердің  стратегиялық  маңызды  міндеті  ретінде  қарастырылмағанын 

атап көрсету керек. 

Дегенмен педагогикалық ЖОО-ның түлектері және жұмыс жасап жатқан 

мұғалімдердің  АКТ-ны  қолдану  жайы  мен  осы  бағыттағы  ғылыми 

зерттеулерді  талдау  барысында  қазіргі  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби 

даярлығы  инклюзивті  білім  беру  үдерісіндегі  дидактикалық  қажеттіліктерді 

қанағаттандыру  мүмкіндігінің  төмен  екенідігін  көрсетіп  отыр.  Нақтырақ 

айтқанда,  қазіргі  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны 

қолдану 


дағдылары  жағынан  дайындық  деңгейі  заманауи  мектеп  талаптарына  толық 

сай келеді деу өте қиын. Осынысымен де бұл тақырып күн тәртібінде тұрған 

өте өзекті мәселе болып табылады. 

Осымен  байланысты,  қазіргі  заманғы  инклюзивті  білім  беру 

саласындағы  өзгерістер  жағдайында,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің 

оқу-тәрбие 

үдерісінде 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны 

пайдалану  мүмкіндігін  жоғарылатудың  өзектілігі  мынадай  қарама- 

қайшылықтар негізінде айқындалады : 

-  қоғамның  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану 

даярлығына  ие  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  деген  жоғары 

сұранысы  мен  бұл  мәселенің  теориялық-әдістемелік  негіздерінің  жеткілікті 

дәрежеде қарастырылмауы арасында

-  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияның 

мүмкіндіктерін пайдалана алмау мен оларды жоғары оқу  орнында 



қолданудың 

жеткіліксіздігі 

арасында 

қарама-қайшылықтар 

анық 


байқалады. 

Бұл  мәселенің  бастауыш  білім  беру  аясында  зерттелінуі  ғылым,  

тәжірибе  үшін  де  өте  қажет  екендігін  айқын  дәлелдейді.  Көрсетілген 

мәселенің  өзектілігі  мен  жеткілікті  деңгейде  зерттелмегендігін  анықтау 

барысы  диссертациялық  жұмысымыздың  тақырыбын  «Инклюзивті  білім 

беру 

жағдайында 

болашақ 

бастауыш 

сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға  даярлау» 

деп  алуға  негіз  болды.  Анықталған  қарама-қайшылықтар  осы  бағыттағы 

жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  шолу  жасау  мен  талдау,  арнайы 

педагогикалық  тәжірибе  жүргізу  арқылы  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерін  кәсіби  тұрғыдан  дайындауда  инклюзивті  білім  беруде 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдануының  теориялық 

тұғырларын және практикалық ұсыныстарын біртұтас жүйе ретінде ұсынуға 

негіз болып табылады. 



Зерттеу мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті 

білім беру жағдайында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 

қолдану даярлығын теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемесін жүйелеу. 

Зерттеу  нысаны:  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерін кәсіби даярлау. 



Зерттеу пәні: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім 

беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 

дайындау үдерісі. 

Зерттеудің міндеттері: 

1.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны 

пайдалану даярлығының теориялық негіздерін анықтау. 

2.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

қолдану 

даярлығының 

психологиялық, 

педагогикалық 

ерекшеліктерін айқындау. 

3.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

қолдану даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделін  жасау. 

4.  Инклюзивті  білім  беру  жүйесінде  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

қолдану  даярлығының  әдістемесін  даярлау  және  оның  тиімділігін 

дәлелдейтін тәжірибе жүргізу, ұсыныстар дайындау. 



Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  балалардың  ерекше  қажеттіліктерін 

және  мектептегі  білім  беру  жүйесінің  талаптарын  ескере  отырып,  болашақ 

бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  инклюзивті  білім  беру  жағдайында 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны 

қолдану 


даярлығының 

нәтижесін  жорамалдауға  болады,  егер  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  пайдалану 

даярлығының теориялық негіздері анықталып, болашақ бастауыш сынып 




мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 

даярлығының  құрылымдық-мазмұндық  моделі  мен  оның  тиімділігін 

бағалайтын,  эксперименталды  түрде  дәлелденген  инклюзивті  білім  беру 

жағдайындағы  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық- 

коммуникациялық  технологияларды  қолдану  даярлығын  қалыптастыратын 

арнайы  курс  бағдарламасы  жоғары  оқу  орнында  педагогикалық  үдеріске 

енгізілсе,  онда  студенттердің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны 

пайдалану  дағдылары  дамып,  кәсіби  шеберлігі  артады,  өйткені  осындай 

модельдегі  болашақ  маманды  дайындау  қоғам  сұранысына  сай 

сәйкестендіріледі. 



Зерттеудің  жетекші  идеясы:  инклюзивті  білім  беру  жағдайында 

болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды қолдану даярлығы жалпы білім беру мен оқыту үдерісінің 

тиімді ұйымдастырылуына ықпал етеді. 



Зерттеу  әдістері.  Алға  қойылған  мәселелерді  шешу    үшін    келесі 

зерттеу әдістері қолданылды: 

1.  Теориялық  әдістер:  зерттеу  мәселесі  бойынша  философиялық, 

психологиялық, педагогикалық, әдістемелікзерттеулер мен әдебиеттердішолу 

және  талдау,  білім  беру  стандарттарын,  білім  беру  бағдарламаларын,  басқа 

нормативтік  құжаттарды  және  педагогикалық  озық  іс-тәжірибелерді  талдау, 

индуктивті-дедуктивті талдау, жинақтау, салыстыру, модельдеу. 

2.  Эмпирикалық  әдістер:  бақылау,  әңгімелесу,  сұрау,  тестілеу, 

педагогикалық 

эксперимент, 

эксперимент 

мәліметтерін 

өңдеудің 

статистикалық әдістері, математикалық статистика әдістері. 



Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:құзіреттілік тұғыр 

(В.М.Авдеев,  Н.А.Бессмертная),  тұлғалық-бағдарлық  тұғыр  (В.А.Сластенин, 

Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко), аксиологиялық тұғыр (Б.С. Гершунский, Ш.А. 

Амонашвили), 

іс-әрекеттік 

тұғыр 


(П.Я.Гальперин, 

А.И.Леонтьев, 

С.Я.Рубинштейн,  Д.Б.Эльконин,  Г.В.Бабина,  Н.А.Чевелева,  Л.А.Черкасова, 

С.Н.Шаховская,  А.Г.Шембель),  контекстік  тұғыр  А.А.Вербицкий,  модульды 

тұғыр  (Т.И.Шамова,  Г.В.Селевко),  жүйелілік  тұғыры  (А.Т.Куракин, 

Л.И.Новикова, В.Н.Садовский); сонымен қатар инклюзивті білім беру жайлы 

еңбектер, АКТ-ны болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлығына 

қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулер мен тұжырымдамалар. 



Зерттеу базасы:  зерттеудің  педагогикалық  эксперименті  бөліміне 120- 

дан  астам  студент  қатысты.  Оның  ішіндеАлматы  қаласындағы  Абай 

атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінен  «5В010200- 

Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығының  60 

студенті,  Шымкент  қаласындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік 

педагогикалық 

университетінен 

«5В010200-Бастауышта 

оқыту 

педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 60 студент  қатысты. 



Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық  маңыздылығы: 

–  «инклюзивті  білім  беруде  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану  даярлығы»  ұғымына 

анықтама берілді; 




–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

қолдану 

даярлығының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері айқындалды

–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  құрылымдық-мазмұндық 

моделі жасалды; 

–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  әдістемесі  жасалып,  оны 

жоғары оқу орындарына оқу үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстар берілді. 



Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы:  зерттеу  жұмысын  жүргізу 

барысында  қол  жеткізілген  ғылыми  және  практикалық  негізгі  нәтижелері 

арнайы курс пен арнайы әзірленген оқу бағдарламасында жүзеге асырылды. 

Білім  берудегі  ақпараттандыру  құралдарын  пайдалануда  болашақ 

мамандарды жүйелендірілген және кеңейтілген түрде дайындау үшін 

«Бастауыш  білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолдану»  атты  базалық  цикл  таңдау  пәндеріне  арналған  арнайы  курсының 

бағдарламасы әзірленді. 



Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 

 



«инклюзивті  білім  беруде  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 

АКТ  қолдану  даярлығы»  бұл  тұлғаның  маңызды  кәсіби  сапаларының 

қалыптасуы  мен  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балалардың 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  ақпараттық-коммуникациялық  білім  беру 

ортасына  кіріктіру  арқылы  инклюзивті  жағдайда  оқытуды,  тәрбиелеуді, 

дамытуды  жүзеге  асыруының  оңтайлы  және  тиімді  етіп  пайдалану  алу 

даярлығы мен қабілеттілігі; 

 



инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің 

АКТ-ды 

қолдану 


даярлығының 

психологиялық 

педагогикалық ерекшеліктері негізделіп, айқындалады; 

 



инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  мотивациялық,  когнитивтік, 

еріктілік  критерийлері  мен  көрсеткіштердің  жиынтығын  құрайды  және 

элементарлық,  функционалдық,  жүйелілік  деңгейлеріне  сәйкес  жүзеге 

асырылады; 

 



инклюзивті 

білім 


беру 

жағдайында 

болашақ 

бастауыш 

сыныпмұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  әдістемесі  (арнайы 

курс бағдарламасы, студенттердің АКТ құзіреттілігін тексеретін жаттығулар, 

тапсырмалар,  тренингтер,  педагогикалық  жағдаяттар)  және  тәжірибелік  – 

эксперимент нәтижелері алынады. 



Зерттеу нәтижелерін апробациялау және енгізу: 

Диссертациялық  жұмыс  тақырыбы  бойынша  барлығы  24  ғылыми  

жұмыс  жарық  көрген.  Оның  ішінде  6  мақала  -  ҚР  БҒМ  Білім  және  Ғылым 

саласындағы  бақылау  комитеті  ұсынған  ғылыми  басылымдарда,  2  мақала  - 

Scopus  базасына  енген  шетелдік  басылымда,  3  мақала  -  шетелдік  ғылыми 

журналдар  басылымында,  4  мақала  -  халықаралық  конференциялар 

материалдары жинақтарында, 5 мақала - алыс-жақын шет елдік халықаралық 



конференция  материалдары  жинақтарында,  1  мақала  -  республикалық 

ғылыми журналда, 1 мақала – ғылыми мақалалар жинағында, 2 – 

«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  оқу-әдістемелік  кешенінде 

(оқулық, оқушы дәптері, әдістемелік нұсқаулық) 

Зерттеу 

жұмысының 

негізгі 

тұжырымдары, 

теориялық 

және 


практикалық нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланды: 

«Институционализация  содержания  и  организации  условий  инновационной 

образовательной  среды  высшей  педагогической  школы»  атты  халықаралық 

ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (Павлодар,  2015); 

«Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты жас ғалымдардың VII 

халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. (Алматы, 2015); 

«Тенденции развития психологии и педагогики» атты халықаралық ғылыми- 

практикалық  конференциясының  материалдары  –  (Уфа,  2015);  «Развитие 

науки среди молодого поколения: теория и практика» атты ХХ халықаралық 

ғылыми-практикалық  конференциясының  материалдары  (Новосибирск, 

2016);  «Информационные  и  компьютерные  технологии  в  дошкольном 

образовании»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясының 

материалдары;  «Topical  Problems  of  Modern  Science  and  Possible  Solutions» 

Proceedings  of  the  III  International  Scientific  and  Practical  Conference  (Dubai- 

UAE,  2016);  «Педагогика  начального  образования:  традиции  и  инновации» 

атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясының  материалдары 

(Мәскеу, 2017). 

 



ғылыми-педагогикалық  басылымдарда:  «Проблемы  интеграции 

информационной и коммуникационной технологии в начальном образовании 

РК»  (Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы  «Педагогикалық  ғылымдар» 

сериясы,  Алматы,  2015),  «Инклюзивті  қоғам  құруда  ақпараттық  және 

коммуникациялық технологиялардың қалыптасуы» (Абай атындағы ҚазҰПУ 

Хабаршысы«Физика-математика» 

сериясы, 

Алматы, 


2015), 

Роль 


информационно-коммуникативных  технологий  в  деятельности  учителей 

начальных  классов(Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы  «Педагогикалық 

ғылымдар»  сериясы,  Алматы,  2015),  «Подготовка  будущих  учителей 

начальных классов к использованию информационных и коммуникационных 

технологий в условиях инклюзивного образования» (Абай атындағы ҚазҰПУ 

Хабаршысы     «Педагогикалық     ғылымдар»     сериясы,     Алматы,     2016), 

«Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда болашақ бастауыш сынып 

мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 

негіздері»  (Гумилев  атындағы  Еуразиялық  ұлттық  университетінің 

Хабаршысы.  «Гуманитарлық  ғылым»  сериясы,  Астана,  2016),  «Инклюзивті 

білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 

ақпараттық-коммуникациялық 

құзіреттілігін 

қалыптастырудың 

педагогикалық 

шарттары» 

(Павлодар 

мемлекеттік 

университетінің 

Хабаршысы,     педагогикалық     ғылымдар     сериясы,     Павлодар,     2016), 

«Аpplication  of  information  and  communication  technologies  by  the  future 

primary  school  teachersin  the  context  of  inclusive  education  in  the  Republic  of 

Kazakhstan»  (International  Journal  of    Environmental  and  Science  Education, 



Turkey, 2016), «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетке 

оқытуды  компьютерлік  технологияларды  қолдануға  дайындаудың 

педагогикалық  шарттарын  айқындау  мәселелері»  («Web  of  Scholar» 

Multidisciplinary 

Scientific 

Journal, 

Ukraine, 

2016), 


«Методика 

использования  информационно-комуникационных  технологий  в  школе» 

(«Tap  Chi  Khoa  Hoc»  Journal  of  Science,  Hanoi,  2016),  «Programme  and 

Summary  of  Research  Work  on  ICT  Competence  Development  for  Future 

Elementary  School  Teachers  in  the  Conditions  of  Inclusive  Education» 

(«Espacios»,Venezuela, 2017). 



Диccepтaцияның  құpылымы  мeн  көлемі:  Диccepтaция  кipicпeден, 

екі  бөлiмнeн  жәнe  қopытындыдaн,  пaйдaлaнылғaн  әдeбиeттep  тiзiмiнeн, 

қocымшaлapдaн  тұpaды.  Диссертацияның  жалпы  көлемі  204  бет  болып 

табылады,  239  дереккөздерде  белгіленген  және  24  кесте  мен  21  суреттер 



қамтиды. 

 

жүктеу 105 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау