Адам үш түрлі қартаяды.
Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік – тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы.
Қалыпты физиологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелімде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.
Рухани қартаю – тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад көмескіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Танымдық сезім тұйықталған осы психологиялық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп түсіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін тіршілік.
Қартайғанда адамның денесі болбырап, қимыл қозғалысы баяулайтыны, іс-әрекеті шектеліп, қоғамдық ортадан қол үзері, жүйке сыр беріп, ой өрістің торығуы, ел өмірі мен төңірегін бұрынғы көзқарасы, дүниетанымен шолатыны және түсінетіні анық. Бұл болымсыздық жеке бастың кемшілігі емес, жалпы ұзақ ғұмыр кешіп қартайғандардың барлығына ортақ көрініс.
Сәнімен қартаю – абырой. Бірыңғай отбасылық өмір қалпына көшкен соң ұлдары мен қыздарының, немерелері мен шөберелерінің, құдалары мен жиендерінің шаршы төрінде маңғаз отыру, кіршіксіз ықыластары мен ақ ниетті қамқорлықтарын сезіну, ешнәрсеге мұқтажданбау, ауыл-аймақтың үлкендері мен жастарының инабатты сәлемі мен арнайы сыбағасын қабылдау, ақ батасын беріп, баршасын ризалау үлкен ғанибет. Өз төрінен төмендемей, сыны мен сыйын қаштырмай, әдемі қартаю өнеге. Ұлық жасын қадірлеу үлгі. Тек осы салиқалықтан жазбағай. Ел өмірінің төрін иеленген қарттық: құрметті этикалық ұғым. Болмысы тұрғысынан екі өлшемді.
XX ғасырда орасан зор демографиялық өзгерістер болды. Ғасырдың басында әлемдегі адамдардың саны 1 млрд.630 млн. адам болса, қазір бүл көрсеткіш кемінде 3,5 есе өсіп отыр. Онын алдындағы үш ғасырда (1600-1900) халық саны небәрі үш есе өскен болса, жоғарыда айтқанымыздай, XX ғасырдың II жартысында халықтың өсімі үдеп кетті. Соғыстан кейінгі
жылдары басқа демографиялық шамаларға қарағанда, халықтың еңбекке жарамды бөлігін, яғни елдің еңбек ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын көрсету.
Дүниежүзілік Денсаулык Үйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас аралығындағылар қарттар , 75-89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар үзақ өмір сүрушілер екен. Бүған коса ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін
халықаралық тағы бір жіктеу бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64), карттар (65-74), кәрілер (75-84) және өте кәрілер (85-тен асқандар).
Дүниежүзілік Денсаулык сақтау үйымының мәліметтеріне карағанда, 61-70 жас аралығындағы адамдардың түтынатын тағамдарының қуаты 20-30 жас арасындағылардың түтынатынының 79 проценті деңгейінде болуға тиіс. Еңбекке жарамды жастағы адамдардың тәуліктік азық қуаты 2800-3200кал. деп есептеледі. Зейнеткер жасындағы жүмыс істейтін адамға тәулігіне 2450 кал. керек болса, жүмыс істемейтіндер үшін бүл көрсеткіш 2200 кал. дейін азаяды.
Мамандардың есебі бойынша үкыпты пайдаланғанда зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Және де әйелдер үшін бүл көрсеткіш 31,1 процентке, ал ерлерге шакканда 26 процентке кеміген. Бүл арада жүмыс істейтін әйелдердің киіміне ерлерге карағанда шығынның 40 процент артық болатындығын ескере кетейік.
Қарттардың жеке басына материалдық шығындар аз жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт адамдарға 31 түрлі (сақал-шашын алу, моншаға апару т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс жүзінде оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24 проценті ыстық тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2 процентіне ғана әкеліп беріледі, түратын бөлмесін жуып-шаюды 88 процент қажет етсе мүның 28 процентіне ғана қызмет көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |